Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Оқытудың екінші қызметі- тәрбиелеу"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Оқытудың екінші қызметі - тәрбиелеу
Педагогика әуел бастан-ақ балалар тәрбиесі жайындағы ғылым болып қалыптасқан. Тәрбие жайындағы белгілі мәліметтер адам баласының тәрбиесіне сүйенеді. Алғашқы қоғамдағы адамдардың тәрбие жөніндегі таным-мағлұматтары, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары заман ағымына орай бір буыннан екінші буынға ауысып отырады. Адамзат қоғамының, ғылым-білімінің дамуына байланысты тәрбиенің шығуын, оның даму заңдылықтарын ғылыми жолмен түсіндірудің қажеттігі туды.
Қазіргі кезеңде тәрбиенің ықпал жасау өрісі орасан кеңейе түсуде.
Тәрбиелеу ісі ұрпақтар арасындағы сабақтастық байланысты қамтамасыз етеді. Мұнда, тәрбие процесінде жастар өзінің алдындағы ұрпақтар жинақтаған ұжымдық тәжірибе мен білімдерді меңгеруге ғана тиісті емес, сондай-ақ оның бойында өмір алға қоятын, аға ұрпақ шешпеген жаңа міндеттерді шешу үшін қажетті қасиеттер қалыптастыруға тиіс.
Тәрбие жайында осы уақытқа дейін әр түрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені ересек адамдардың балаларға ықпал жасауы деп түсіндірушілер де бар. Бұл жағдайда бала пассивті объект түрінде қарастырылады. Ол педагогикалық процестің субъектісі бола алмайды, яғни, өздігінен ойланып, белсенді іс-әрекет жасау рөлін атқармайды. Бұдан тәрбиеге бір жақты анықтама беру байқалады.
Тәрбие баланың өздігінен табиғи және еркін дамуы үшін жасалатын жағдай деп анықтама берушілер де кездеседі. Бұл жерде балаға толық ерік беру мәселесіне ерекше көңіл аударылып, ал тәрбиенің рөлі бүркемеленіп, елеусіз қалып отыр.
Егер қоғам тәрбиеден қол үзсе, онда адамзаттың мол тәжірибесі мәңгілік елеусіз қалып, тәрбие ілгері баспай, бір жерде тұра берген болар еді.
Тәрбие жайында К. Д. Ушинский: «…мектеп, тәрбиеші және ұстаздар - адамның тіпті жалғыз ғана тәрбиешілері емес, оның сонша күшті, ал мүмкін және әлдеқайда күшті тәрбиешілері: табиғат, үйелмен, қоғам, халық … және оның тілі болады», - деді.
Ушинскийдің түсінуі бойынша бұл факторлардың әсері педагогикалық талаптардан басқа (әр түрлі дәстүр, үйелмен ішіндегі қарым-қатынас және т. б.) себептерге де байланысты.
Педагогикада тәрбие ұғымын оқу-тәрбие мекемелері жүйесінде тәрбие берушілердің мақсат көздеген қызметінің ықпалымен адамның жеке басын қалыптастыру процесі ұғымына дейін тарылта түсу қабылданған. Бірақ, тіпті осы жағдайда да тәрбие ұғымы кең ұғым болып қала береді, өйткені бұл тәрбие берушілердің мақсат көздеген қызметінің екі үлкен саласын: оқыту мен тәрбие беру жұмысын қамтиды. Осы екі саладағы тәрбие беру қызметінің мақсаты мен міндеттері біртұтас, алайда, бұлардың әрқайсысында адамға мақсат көздей отырып, ықпал етуді жүзеге асыру үшін арнайы әдістері қолданылады, ерекше ұйымдық формалары пайдаланылады.
Кең мағынада алғанда, тәрбие деп, оқыту мен тәрбие жұмысы процесіндегі оқу-тәрбие мекемелерінің жүйесінде мақсат көздеген тәрбиешілердің ықпал етуінің әсерімен адамды қалыптастыруды түсінеді.
Тар мағынадағы тәрбие деп, оқудан тыс уақытта көбіне тәрбие берушілер жүзеге асыратын арнайы тәрбие беру жұмысын түсінуге болады.
Тәрбие - педагогтардың басшылығымен әлеуметтік тәжірибені меңгерудегі баланың саналы мақсатты басқарылмалы қызмет әрекеті. Тәрбиенің зор күшін көптеген прогрессивті педагогтар мойындаған. Мысалы, ұлы славян педагогы Ян Амос Коменский табиғат адамға дүниеге келген сәтінде білім игеруге нәр береді, бірақ бұл тек тәрбие мен білім арқасында ғана дами алады деп оқытқан. Белгілі педагог А. С. Макаренко педагогикалық теория мен тәжірибеде «қиын», тіпті «тәрбиесі қиын» балалармен жұмыста тәрбиенің игілікті күшін дәлелдеген болатын.
Білім беру деп - табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Білім беру барысында жеке адамның таным іс-әрекеттері дамиды, ой-өрісі кеңіп, еңбекке дұрыс көзқарасы және мәдени деңгейі артады.
Оқыту - білім берудің негізгі жолы. Оқыту оқытушы мен оқушылардың біріккен іс-әрекеттері, сондықтан да ол екі жақты біртекті процесс: біріншіден, оқытушы оқушыларға білім беріп, іскерлікке, дағдыға үйретеді, екіншіден, оқушы таным міндеттерін жете түсініп, дағдыны игереді және оларды өмірде қолданады.
Педагогикада тәрбие, білім беру ұғымдары бірыңғай және тұтас процесс болып қарастырылады. Оқыту барысында білім беру мақсаты іске асырылады.
Оқыту процесінің бірінші қызметі - оқушыларға білім беру болса, екінші қызметі - тәрбиелеу болап табылады. Оқыту барысында оқушыларды теориялық білімдер жүйесімен қаруландырып, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып дамытады. Сонымен бірге оқыту барысында тәрбиенің мақсат, міндеттері және мазмұны мен тәсілдері анықталады. Оқытуда тәрбие мен оқытудың байланысы біржақты қарастырылмайды, керісінше біртұтастық принципке негізделіп, бірлікте қолданылады. Демек, тұлғаға білім бере отырып, оны тәрбиелейміз, тәрбиелей отыра білім береміз. Сөйтіп, тәрбие процесі дұрыс ұйымдастырылған жағдайда оқытудың барысына қолайлы ықпал етеді, соның негізіне тұлғаның танымдық қызметі мен оқуға деген қызығушылығы артады.
Тәрбие жеке тұлғаның тәрбиелілігі нәтижесінің белгілі бір эталонының болуын талап етеді. Тәрбие мен білім беру адамның қоғамдық қажетті білім, білік, дағдыларының белгілі бір жиынтығымен қарулануын, оның қоғам өмірі мен еңбегіне дайындығын, осы қоғамдағы нормалар мен мінез-құлық ережелерін сақтауын, адамдармен қарым-қатынасын, оның әлеуметтік институттармен ара қатынасын қарастырады. Қазіргі жағдайларда адамның ұзақ та арнайы ұйымдастырылған білім-тәрбиесіз өмірге араласуы өте қиын. Тек тәрбие ғана жеке тұлғаның дамуының әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асыратын, оның бейімділігі мен қабілеттілігін жетілдіретін шешуші күш.
Баланың дамуы дегеніміз күрделі қайшылақтары бар процесс, бұған үш негізгі фактор - тұқым қуалаушылық (ішкі жағдайлар саласы), орта және тәрбие (сыртқы әсерлер саласы) ықпал етеді.
Осы үш фактор баланың дамуына қалай әсер ететіндігі, бұлар өзара қандай қарым-қатынастарда болатындығы, бұлардың қайсысы және қашан жетекші болып шығатындығы туралы мәселенің өте зор ғылыми және практикалық маңызы бар. Сондықтан осы үш факторлар өзара тығыз әрекеттестікте болып, дамуға бірігіп ықпал еткенімен әрбір фактор мен олардың көрсететін ықпалын жеке алып қарастырған пайдалы болады. Сондықтан дамудағы тәрбие рөліне тоқталайық.
Тәрбие дегеніміз - баланың дамуына ықпал ететін үшінші фактор. Орта сияқты, бұл да дамып келе жатқан адамға сырттай ықпал етудің формасы болып саналады. Сан алуан сыртқы факторлардың, негізінен алғанда, стихиялы түрде ықпал етуінен көрінетін ортаның ықпалынан айырмашылығы тәрбие дегеніміз адамның дамуына әрқашан мақсат көздеп, ықпал ету болып табылады.
Тәрбие беруде алға оның бағдар-бағыты, ал нәтижелері алдын-ала көріп білінетін белгілі бір мақсат қойылады. Тәрбие белгіленетін мақсаттары бар адамдардың қызметін арнайы ұйымдастырады, әрі алға қойылған мақсаттарды мейлінше нәтижелі жүзеге асыру үшін құралдарды, әдістер мен ұйымдық формаларды таңдап алуды қарастырады.
Тәрбие дамумен күрделі өзара қатынастарда болады. Даму, егер бала тіршілік ету үшін құралдармен қамтамасыз етілсе, мақсат көздеген тәрбиесіз-ақ өте алады. Егер де мұның үстіне ол әлеуметтік ортаның ықпалына ұшырайтын болса, онда мұның адамдық тіршілік иесі ретіндегі қалыптасуы тек ортаның стихиялық әсерлерінің ықпалымен қайсы бір арнаулы тәрбие беретін мекемелерсіз-ақ өте алады.
Рас, бұл соңғы жағдайда тәрбие мүлдем жоқ деп айтуға болмайды. Адамды ол араласып жүрген адамдар тәрбиелейді, олар мұның сұрауларына жауап береді, өзінің өмірлік тәжірибесі негізінде баулиды және тағы басқаларға үйретеді, яғни адамның әлеуметтік қалыптасуы жүзеге асырылады. Сонымен бірге отандық және шетелдік психологтардың толып жатқан зерттеулері көрсетіп отырғандай, тәрбие дамуға белгілі бір ықпал жасайтындығы сөзсіз.
Алайда, бұл мәселе жөнінде түрлі елдер мен бағыттардың психологтары, физиологтары мен педагогтары арасында елеулі алшақтықтары бар. Мәселен, атап айтқанда, тәрбиенің ролі шектеулі, ол даму заңдарына бағынады, сондықтан да тәрбие мен оқытудың жағдайлары өзгерістерінің қандайы болса да табиғи жетілу мен баланың дамуының барысын өзгерте алмайды деген қағиданы жақтап қорғайтын ғалымдар тобы бар. Бұл бағыттың басында әйгілі швейцар психологы және педагогы Жан Пиаже тұр.
Педагогика тарихында тәрбиенің жетекші ролін мойындаған, оның құдіретті күшіне сенген теориялар мен көзқарастарды ұшыратуға болады. Тәрбие арқылы баланың бойындағы кез келген кемшіліктерді түзетіп, оны тәрбиеші көргісі келетіндей етіп шығаруға болады, қандай да болсын қалыпты бала тәрбиеші анықтаған бағытта тәрбиеге көнеді деген пікірлер айтылды.
Ұлы чех педагогы Ян Амос Коменский (ХVІІ ғ.) былай деді: «Қалай болған күнде де бет-бейнені әйтеуір бір көрсете қоймайтын соншама ластанған айна жоқ шығар, өзіне қалай да бірдемені, әйтеуір, жазуға болмайтын соншама кедір-бұдыр тақта да жоқ шығар». Сондай-ақ ол адамның бойында туған кезінен-ақ білім ұрығы болады деп санады. Осы білімді дамыта беруге білім беру мен тәрбие жол ашады.
Ағылшын педагогы мен философы Джон Локк (ХVІІІ ғ. ) баланың жан дүниесін тәрбиеші өзі нені қажет деп санаса, соны жазуға болатын таза тақтамен салыстырады.
Осыған жуық пікірлерді ХVІІІ ғасырлардағы француз ағартушыларынан да кездестіруге болады.
Республикалық деңгейдегі әлеуметтік тапсырмалардың бірі - жеке адамды қалыптастыру. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» жаңа заңында: «Білім жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау», - делінген. Бұл әлеуметтік тапсырманы мектепте әрбір сабақта жүзеге асыруға әр мұғалім ат салысады.
Тәрбиенің тиімді болуының аса маңызды шарттарының бірі - мақсатты нақты етіп қою. Тәрбиенің мақсатын ойдан шығаруға немесе өз еркімен алға қоюға болмайды.
Жалпыадамзаттық тұрғыдан қарағанда тәрбие мақсаты - әрбір тұлғаны әржақты және жарасымды етіп тәрбиелеу.
Егер тәрбие мақсатының қалай өзгеріп отырғанына көз жіберсек, тәрбие мақсатын белгілеудің қаншалықты маңызды екенін айқын байқауға болады. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз ешбір қоғамның өмірі ілгері дамуы мүмкін емес. Тәрбие қоғамның пайда болуымен бірге пайда болады, онсыз қоғам жоқ, ол өмір сүруін тоқтатады, ілгері дамымайды.
Тәрбиенің құрамды бөліктерінің бірлігі мен өзара байланысының нәтижелі болуы ең алдымен мұғалімнің шеберлігіне, жалпы дайындығына байланысты. Сондықтан ол өзін-өзі дамытып, барлық іскерлігі мен білімін баланың бойына қоғамда өмір сүру үшін және оның істерін басқару үшін қажетті адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге және қалыптастыруға әрқашан да дайын болуы қажет. Міне, сонда ғана мектептегі тәрбие жұмысының жемісті болуы мүмкін.
Айнур Каканова,
Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектептің
математика пәнінің мұғалімі
Шардара ауданы