Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ОҚЫТУДЫҢ МОДУЛЬДІ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ОҚУШЫНЫҢ ХИМИЯ САБАҚТАРЫНДА ТАНЫМДЫЛЫҚ ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУШЫ ҚҰРАЛ РЕТІНДЕ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ОҚЫТУДЫҢ МОДУЛЬДІ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ОҚУШЫНЫҢ ХИМИЯ САБАҚТАРЫНДА ТАНЫМДЫЛЫҚ ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУШЫ ҚҰРАЛ РЕТІНДЕ
Елімізде білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы дайындалып, онда білім саласында болып жатқан жаңалықтарды одан әрі жетілдіруге байланысты нақты міндеттер қойылған. Аталған бағдарламада бүгінгі таңда білім берудің мазмұны ерекше мәнге ие болып отырғандығы, оған барынша көңіл бөлу керетігіне мән берілген. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында жүріп жатқан қоғамдық қатынастарды бағдарлаудың өзгерістері, қоғам алдындағы өмірдің өзі тудырып отырған жаңа міндеттер барлық дәрежедегі, оның ішінде жоғары білімді мамандар даярлауға бейімделген жоғары мектептегі қазіргі оқытуды ұйымдастырудың мақсаттары мен міндеттерін қайта қарастыруға, жаңадан ойластыруға алып келіп отырғандығы көрсетілген. Демек, аталмыш мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысында өзінің кәсіби міндеттерін өз бетімен шығармашылық тұрғыдан шеше алатын, кәсіби тұлғасы мен қоғамдық маңызын түсінетін және өз іс-әрекетіне жауап беруге кәсіби жағынан қабілетті, қандайда бәсекеге дайын жеке тұлғаны қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім берудің тиімді жүйесі құрылуы қажеттігі туындайды. Жоғары мектептен сапалы білім алуға дайындық мектеп қабырғасынан басталатыны белгілі. Ендеше мектепте білім беру жүйесінің ойдағыдай болуы - заман талабынан туындап отырған мәселелердің бірі.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я.А.Коменскийдің, И.Гербарттың дәстүрлі объект-субъектілі педагогикасының орнын басқасы басты, ол балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде, өзін-өзі өзектілендіруге, өзін танытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағдайда педагогикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субъектірлер-оқытушы мен оқушының тұлғалық-бағытталған өзара әрекетті болып табылады. Оқушының пәнге деген қызығушылығын артттыру және білім, білік, дағдысын қалыптастыру мектеп қабырғасынан бастау алады, яғни пән мұғалімдері оқытуды нәтижелі болатындай әр түрлі белсенді оқыту формалары мен жаңа технологияларды қолдану арқылы ұйымдастыруға көп көңіл бөледі.
Оқушының тұлғалық дамуына бағытталған технологиялардың бірі- модульді оқыту технологиясы екені анық. «Модуль дегеніміз – қандай да бір жүйенің біршама дербес бір бөлігі» (С.И. Ожегов). Ал, «технология» гректің «шеберлік» деген сөзінен шыққан. Модуль – міндетті түрде оқушының білімі мен біліктерін тексеру элементі бар оқу материалының логикалық аяқталған бөлімі. Модульді құрастырған кезде оның мазмұнының байланыстылығы, логикасы, тақырыптардың бір-бірімен өзара байланыстылығы және олардың бір-бірінен даралануы, ажыратылуы, ерекшелігі негізге алынады [1].
Модульді жүйе бойынша сабақтың сапалы, тиімді өтуі күнтізбелік жоспарды құруға байланысты. Күнтізбелік жоспарды жасау мен оқушылардың өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істеуіне М.О.Т. өте тиімді. Бұл технологияны қолдану білімді демократияландыруға, ізгілендіруге, оқыту сапасын арттыруға ықпал етеді [4].
Модульдік әдіс химия пәнін сапалы оқыту көзі бола отырып, мұғалім мен оқушының өзара ізгілікті қарым-қатынасы негізінде пәнді сапалы меңгеруде игі ықпалын тигізеді. Модульдің дербестігі мен икемділігі оқушылардың жеке мүмкіндіктерінің дамуына, танымдық белсенділігі мен шығармашылық дербестігінің қалыптасуына мүмкіндік береді. Оқытудың дәстүрлі жүйесінде басты орында оқушыға берілетін білім, білік пен дағдыны меңгерту тұрады, модульді оқыту бұған қоса әрбір оқушының өзін-өзі дамытып, тұлғалық танымын қалыптастыру мақсатын көздейді. Химия пәнін модульдік оқыту – уақыт талабына сай ой-өрісі кең, білімді, білікті және өзіндік жол табу үшін оларға бағдар берерлік ғылыми талдаулар жасауға, іс-әрекетінде шығармашылықпен жұмыс істеуге жетелейді [2].
Модульді оқыту технологиясы бұрындары жоғары оқу орындарында жүргізілген әдіс. Ал қазіргі уақытта жаңа технологияның дамуына сай мектеп мұғалімдері оқушыларға да жүргізуде.
Модульдік оқу технологиясы АҚШ пен Батыс Еуропада 1960 жылдары дəстүрлі оқуға балама ретінде ұсынылған білім игеру жүйесі. Бұл технологияның мəні - оқушы модульмен жұмыс орындау барысындағы нақты мақсатқа өз бетінше (не белгілі шамада мұғалім жəрдемімен) жетеді (П.Юцявичене, Т.И.Шамова).
Модуль арқылы оқыту идеясы педагогикаға тек 20 ғасырдың 60-жылдары енді. Модуль арқылы оқытумен айналысқандар: (С.Н.Постлевейт) оқушының өзіне қолайлы қарқында жұмыс жасауына, нақ өзіне сай оқу тәсілін таңдап алуына мүмкіндік беруге тырысты. Енді біреулері (Я.Л.Клиндштат) – студенттердің білімді меңгеру мүмкіншіліктерін өздері анықтауына көмектесуге, үшіншілері (В.Б.Закорюкин. В.И.Панченко, Л.М.Твердин және т.б.) оқытудың қалыптасқан бірліктерінен оқу мазмұнын икемді етіп құру деп пайымдады. Ал И.Прокопенко, П.А.Юцявичене, К.Вазина сияқты ғалымдардың пікірінше модульмен оқыту арқылы болашақ мамандардың кәсіби дайындығын жоғары деңгейге жеткізуге болады. Модульдік оқыту технологиясының міндетті шарттарының бірі – оқытуды ойын түрінде және түрлі белсенді оқыту формалары арқылы ұйымдастыру. Бүгінгі таңда ойын оқыту үрдісінің тиімді тәсілдерінің бірі деп есептеледі. Ол сабақта табиғи тілдік қатынас жағдайын құруға әсер етеді, оқушыларды оқу үрдісіне белсенді қатысуға еріксіз тартады, ынталандырады, пәнге деген қызығушылығын тудырады [3].
Модульді технология төмендегідей мүмкіндік береді: оқушының іс-әрекеті атқару кезіндегі қызығушылығы арттырылады, бұл мақсат пен міндетті толық көрсетіп, оған жету жолының маңыздылығын көрсетеді. Модульді технология идеясы, оны оқу үрдісіне енгізу оқушылардың оқу материалын өздіктерінен игеруіне мүмкіндік туғызады. Үрдістің технологиялылығы берілген материалдың мазмұнын модуль нәтижесінде меңгеру арқылы оқушылардың дербестік деңгейі артатындығымен түсіндіріледі. Модульді технологияны 10 сынып химиясын оқытуда енгізудің бірінші кезеңі модульдік бағдарламаны құруға әкелді. Ол «Металдар және олардың қосылыстары» тарауына құрылды.
Оқулық, беті |
Модуль құрылымы |
Модульдің нөмірі |
Модульдің қысқаша оқу материалы |
Уақыты |
Нұрахметов Н.Н және т.б. 71-73 б.
|
Кіріспе |
М 1 |
Мақсаты: оқушыларға жалпы металдар жайлы білім қалыптастыру. Сілтілік металдар жайлы сипаттама беру. Осы білімді басқа топ элементтерін қарастырғанда пайдалану. Негізгі қарастырылатын сұрақтар:
|
45 мин |
73-85 б. |
|
М 2 |
Мақсаты: Сілтілік металдар жайлы түсінік қалыптастырып, білімдерін одан әрі жетілдіру. II топтың негізгі топша металдарына жалпы сипаттама беру. Сілтілік металдардың маңызды қосылыстарын атап көрсету. Негізгі қарастырылатын сұрақтар:
|
45 мин |
|
Сөйлесу |
М 3 |
Мақсаты:II топтың негізгі топша металдарына сипаттама. Металдардың жалпы қасиеттеріне байланысты жаттығу жұмыстарын жүргізу. Негізгі қарастырылатын сұрақтар:
Ca(OH)2→CaCO3→Ca(HCO3)2→CaCO3→CaO→CaCl2
|
45 мин |
86-89 б. |
|
М 4 |
Мақсаты: Алюминийдің атом құрылысы, физикалық және химиялық қасиеттері жайлы түсінік қалыптастыру. Өткен тақырыптар бойынша химиялық диктант. Негізгі қарасытырылатын сұрақтар:
|
45 мин |
89-93 б. |
|
М 5 |
Мақсаты: Темірдің атом құрылысы, қасиеттері және маңызды қосылыстары, табиғатта таралуы жайлы түсінік қалыптастырып, білімді жетілдіру. Негізгі қарастыратын сұрақтар:
Fe→FeCl2→Fe(OH)2→FeO ↓ FeCl3→Fe(OH)3→Fe2O3 |
45 мин |
93-96 б. |
|
М 6 |
Мақсаты: Металлургия жайлы түсінік қалыптастыру. Металдардың алу әдістер түсіндіру. Негізгі қарастырылатын сұрақтар:
|
45 мин |
|
Қорытынды |
М 7 |
Мақсаты:Бейметалдар және олардың қосылыстары тарауы бойынша білімдерін бекіту. Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын қорғау және бағалау. |
45 мин |
1-кесте Металдар және олардың қосылыстары тарауына арналған оқу модулінің үлгісі
Модульді бағдарламаны құру М.М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы негізінде жүзеге асырылды. Оқытудың осындай дәстүрлі емес технологиясын қолдану оқушының ауызекі сөйлеу дағдысын, ауызша және жазбаша сауаттылығын, өз бетімен жұмыс жасау іс-әрекеттерінің нәтижесін көру, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Модульді бағдарлама бойынша оқушылардың білім деңгейі рейтингті бақылау формасы арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін әр оқушы үшін бақылау парағы құрылып, әр сабақтың алдында таратылып беріледі. Осы параққа оқушы жиналған ұпай негізінде өз өзіне баға қояды.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
Қамзина М. «Модульдік оқыту технологиясы».//Тәрбие құралы. 2005 жыл, №4
-
Искакова Р. Жаңа технологияны пайдалану әдістері // Р. Искакова, З. Ерназарова. – Қызылорда, 2004 жыл.
-
Жақсылықова К. Қазақ тілінен орыс тілді бөлімдерде модульмен оқытудың ғылыми-теориялық негіздері.
-
Жанпейісова М.М. «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде». Алматы 2006 жыл.
-
Химия. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық // Н. Нұрахметов, Қ. Бекішев, Н. Заграничная. – Алматы: “Мектеп” баспасы, 2010.