Материалдар / Оралхан Бөкей. «Тортай мінер ақ боз ат»

Оралхан Бөкей. «Тортай мінер ақ боз ат»

Материал туралы қысқаша түсінік
"Тортай мінер ақ боз ат"
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітілді

Қазақ әдебиеті пәнінен қысқа мерзімді жоспар


Бөлім

«Мен – балаң, жарық күнде сәуле қуған»

Педагогтіңаты-жөні

Коленкина Г.К.

Күні

09.02.23

Сынып 6 «В»/6 «Г»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Оралхан Бөкей. «Тортай мінер ақ боз ат»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

6.1.1.1 әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау;
6.2.2.1 эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау;

Сабақтың мақсаты

- әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтайды;
- эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтайды;

Құндылықтарды дарыту


- ұлтжандылық, елжандылық тәрбие, ынтымақтастық, бір-біріне құрмет көрсету;

-жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу;

- саналы да ерікті еңбек адамды бақытқа кенелтеді деген ойды санасына сіңіру;

- өз ұлтын, халқын құрметтеу және мақтаныш сезімін қалыптастыру;

- адамгершілік, сыйластық, құрмет сезімдерін тәрбиелеу.

Сабақтыңбарысы

Сабақтың кезеңі/

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастырукезеңі

(5минут)

-Амандасу;

-Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру.

-Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

Қызығушылықты ояту

Терминдерді естеріне түсіру.

Әңгіме дегеніміз - оқиғаны қарасөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры.

Әңгімеге тән белгілер:

1) Көлемі  жағынан шағын.

2) Кейіпкерлер саны аз.

3) Автордың шеберлігін талап етеді, онда адам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, тәтпіштеп баяндауға, ұзақ суреттеуге орын жоқ. Әңгіме жанры аз сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айрықша көркемдік шеберлікті талап етеді.

4) Сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады.

5) Оқиға көбіне бірінші жақтан баяндалып, әңгімешінің оқиғаға тікелей қатыстылығын көрсетеді.

Әңгіме белгілерін сынып оқушылары бір-бірімене түсіндіреді.

Бағалау «Мадақтау»







Оқушылар теориялық ақпаратты бірлесе естеріне түсіреді.Мұғалім сұрақтарына жауап береді











Мұғалімнің бағалауы

Мұғалімнің мадақ сөздері











З.Қабдолов «Сөз өнері» оқулығы.


Сабақ басы

(10минут)

Мағынаны тану. Автор туралы қысқаша видеоролик көрсетіледі (Оқулықтағы автор биографиясымен танысады)

«Раунд–Робин » әдісі арқылы барлық оқушы бір-бірлерін қайталамай, түсінген, есінде қалған ақпаратты айтып шығады.

О. Бөкей

Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Қатон-Қарағай ауданына қарасты Шыңғыстай ауылында туған. 1963 жылы қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне сырттай оқуға түседі де, оны 1969 жылы тамамдайды. 1970 жылы Алматы қаласындағы «Жазушы» баспасынан шыққан «Қамшыгер» атты алғашқы жинағы қаламгер ретінде танытты. Осы баспадан оның «Үркер» (1971), «Қайдасың, қасқа құлыным?» (1973), «Мұзтау» (1975) әңгімелері мен повестері шығарылды. Оралхан Бөкейдің «Ән салады шағылдар» (1978), «Үркер ауып барады» (1981), «Біздің жақта қыс ұзақ» (1984) әңгімелері мен повестері «Жалын» баспасынан жарық көрді. 1986 жылы оның «Құлыным менің» драмалық шығармасы «Өнер», ал 1987 жылы «Ұйқым келмейді» деп аталатын әңгімелері «Жазушы» баспасынан шықты. «Құлыным менің» (1974), «Текетірес» (1976), «Қар қызы» (1982), «Çымырайды поездар» (1984), «Жау тылындағы бала» (1985), «Мен сізден қорқамын» (1987) пьесалары қазақ және орыс тілдерінде республикалық, облыстық, сондай-ақ бұрынғы одақтас республикалар театрларында қойылған.

Оралхан Бөкей – есімі дүниежүзіне танымал жазушы. Оның шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне (орыс, ағылшын, француз, неміс, жапон, араб, қытай) аударылған. Оралхан Бөкейдің туын дыларынан «Кісікиік» (1985, режиссері М. Смағұлов), «Сайтан көпір» (1986, режиссері Д. Манабаев) көркем фильмдері қойылды.


ҚБ: Мұғалімнің мадақ сөздері. Жұппен өзара бағалау.

«Раунд–Робин » әдісі арқылы барлық оқушы бір-бірлерін қайталамай, түсінген, есінде қалған ақпаратты айтып шығады.

Мұғалімнің мадақ сөздері















Ортасы

(20 минут)

(оқу тапсырмаларын орындау)


Оқылым. (Түсіну және жауап беру ) Шығарманы оқушылармен бірлесе оқимыз. Әңгіменің желісі бойынша жоспар құрамыз.

Жоспар:

1.     Салықсалған ауылы

2.     Соғыстан кейінгі бейбіт өмір

3.     Тортай

4.     Ертегіші Тортай

5.     Тортай мінер ақ боз ат...

Мәтіннен бейнелі сөздерді табу.
Эпитеттер - жаймашуақ сәт, төңкеріліп тұрар аспан, бейбіт күннің шуағы, тас үңгір, көк мұнар дүние
Теңеулер - табанға кілемдей жұмсақ тию, ұлардай шулап, ұядай қылып жинау, Алтайдың шолпысындай жарқыраған Бұқтырма
Мақал - мәтел - Аш бала тоқ баламен ойнамайды. Ораза - намаз тоқтықта ғана.
Фразеологизмдер - Қой аузынан шөп алмас, ит басына іркіт төгу.

Эпитет - заттың айрықша белгілерін, қасиеттерін білдіретін сөздер. (жаймашуақ сәт, көкпеңбек болып көмкеріліп тұрар аспан, бейбіт күннің шуағы, тас үңгір, жұмақты өмір, көк мұнар дүние, қоңыр үн)

Теңеу – заттың, не құбылыстың қасиет-сапасын ашу үшін екінші бір затпен, құбылыспен салыстыру. (табанға кілемдей жұмсақ тию, ұлардай шулап, лаулаған жалын бақсыдай тілін жалаңдатып, ұядай қылып жинау, көк күмбезіне найзадай кіріп, ой-етек алақандағыдай көрінеді, Алтайдың шолпысындай жарқыраған Бұқтырма, ай мен күндей қос ару) Мақал-мәтелдер – Мақалда ой ашық, нақты, тура айтылады, мәтелде – ой тұспалдап, астарлап меңзеп жеткізеді. (Тоқ бала аш баламен ойнамайды, «Ораза-намаз тоқтықта ғана») Тұрақты тіркестер – екі немесе бірнеше сөздің тіркесуі арқылы бір мағына беретін сөз тіркесі. (қой аузынан шөп алмас – момын, жуас, ит басына іркіт төгілу- молшылық, қыздың жиған жүгіндей – сәнді, жинақы, тақымы қотыр тайға тимеу – ештеңеге қол жеткізбеу, келді-кетті деп сөге жамандамаңыз – тез келді де кетті деп ойламаңыз, сәл мүкісі бар- құлағы аздап естімейді, ұядай қылып жинау – тап-таза, сәнді қылып жинау

 Әңгіме мазмұнын талдау (кестемен жазбаша жұмыс)

Сатылай кешенді талдау
1. Авторы – Оралхан Бөкей-сан қырлы талант, көркем сөздің зергері.
2. Тақырып – Соғыстан кейінгі жетімдік тауқыметін тартқан балалардың өмірі мен тағдыры.
3. Әдеби жанры – Әңгіме
4. Идеясы - Автордың Тортайдың « ақ боз ат мінер» арман-мүддесінің символдық бейнесін шынайы жеткізуі
5. Шығарманың композициялық құрылысы
Сюжеттің басталуы- Салықсалған ауылының көрінісі
Сюжеттің байланысы- Тортай мен Ораштың достығы
Сюжеттің шиеленісуі- Тортайдың үйінен кетуі
Сюжеттің шегі- Тортайдың түсі
Сюжеттің шешімі- Тортай мінер ақ боз ат... Менің тақымымда кеткендей еді...
6. Шығармадағы кейіпкерлер бейнесі – жағымды кейіпкер – Тортай, Ораш жағымсыз кейіпкерлер – Тортайдың туыстары
7. Әдеби теориялық ұғымдар:
Теңеу - кілемдей, ұлардай, бақсыдай, ұядай, қыздың шолпысындай, найзадай.
Эпитет - (жаймашуақ сәт, көкпеңбек болып көмкеріліп тұрар аспан, бейбіт күннің шуағы, тас үңгір, жұмақты өмір, көк мұнар дүние, қоңыр үн)
Тұрақты тіркестер- қой аузынан шоп алмас, бас алмай, ит басына іркіт төгілді, көз байлана бастады ( идиома), міз бақпай, қыздың жиған жүгіндей, тақымы қотыр тайға тимеу – ештеңеге қол жеткізбеу, келді-кетті деп сөге жамандамаңыз – тез келді де кетті деп ойламаңыз, сәл мүкісі бар- құлағы аздап естімейді, ұядай қылып жинау – тап-таза, сәнді қылып жинау)
Мақал-мәтелдер: Ораза-намаз тоқтықта, Тоқ бала аш баламен ойнамайды.
8. Тәрбиелік мәні: Оқушыларды адамгершілікке, достық қарым-қатынасқа, өз арманына жетуге тәрбиелеу.
2-тапсырма. Сәйкестендіріңіз

Әңгіменің композициялық құрылысына талдай отырып,сәйкестендірініздер

Сюжеттің басталуы


Тортай мінер ақ боз ат... Менің тақымымда кеткендей еді...

Сюжеттің байланысы

Тортай мен Ораштың достығы

Сюжеттің шиеленісуі

Тортайдың түсі

Сюжеттің шегі

Салықсалған ауылының көрінісі

Сюжеттің шешімі

Тортайдың үйінен кетуі



Қолдану,

талдау


«Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі мазмұнымен танысады. Бірлесе талдау жүргізеді.














жинақтау



Дескриптор арқылы өзара бағалау жүргізеді



Дескриптор:

-Автор өмірі мен шығармашылығымен танысып, өзара қажетті ақпаратпен бөліседі-1

-Әңгіме желісі бойынша жоспар құрады-1

-Әңгіме мазмұнына тірек сөздер мен суреттер арқылы талдау

жасайды-1

-Әңгімеге сатылай кешенді талдау жасайды-1

- Әңгіменің композициялық құрылысына талдай отырып,сәйкестендіреді-1

-Көріктеуіш құралдарды тауып, мағынасына қарай ажыратады-1




Мұғалімнің мадақ сөздері, дескрипторға сай бағалауы





Жалпы білім

беретін мектептің

6 -сыныбына арналған «Қазақ әдебиеті» оқулығы




Соңы

(5 минут)

Бекіту сұрақтары: - Не себепті әңгіме «Тортай мінер ақ боз ат» деп аталған? -Әңгімені басқаша қалай атауға болады?

1. Тортайдың таудағы үңгірде жалғыз қалуының себебі не? 2. Тортай қандай кітаптарды оқыды? Ол кітаптар туралы не айтты? 3. Тортай кім болғысы келді? Арманына жете алды ма? 4. Ораш неге ұялды? Ол Тортайды көруге неге шыға алмады?

Кері байланыс: «Мендік пікір»

Оқушылар аталған сөз оралымдарын өз ойларымен жалғастырады.

Мені таңдандырғаны:

Мені күйіндіргені:

Мені ойлантқаны:

Мені қуантқаны:

Мені мойындатқаны

Үй тапырмасы: «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесін оқу, мазмұндау.







Пысықтау сұрақтарына жауап береді
























Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!