Материалдар / "Ордақонған" тауының тарихы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ордақонған" тауының тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
туризм саласы бойынша пайдалануға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Ақпан 2019
646
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ордақонған тауына тауына саяхат»

Мақсаты: Мақсаты: «Балдәурен-Шымкент» РОСО-дағы демалушыларды Төле би ауданында орналасқан «Балдәурен-Шымкент» РОСО-ғының тарихи орнымен және де осы маңда орналасқан Ордақонған киелі тарихи орнымен таныстыру болып табылады.Дайындық жұмысы:

Дайындық жұмысы: 1. Әдебиетпен, қажетті мәліметтермен жұмыс. 2. Сценарий жазу.3. Қажетті жабдықтарды дайындау.4. Балаларға түсіндіру жұмыстары

«Балдәурен-Шымкент» РОСО-ның тарихымен танысу.Түркістан облысы,Ленгер қаласы,Нысанбек ауылында орналасқан «Балдәурен-Шымкент» РОСО-ның орналасқан жері,тарихы.Тау бөктерінің әсем де,табиғаты керемет өлкесінде орналасқан «Балдәурен-Шымкент» РОСО-ның өзіндік сырға толы ерекше тарихы бар.Осы сырға толы тарихи өңірде Нысанбек ауылы орналасқан.Бұл өңірде бұрыннан қапал руы тұрады.Қапал-Дулаттан тараған Жаныстың баласы.Осы жөнінде Шоқан Уалихановтың «Ұлы Жоңғария очеркі» деген еңбегінде мәліметтер беріліп өткен.Орталық территориясы арқылы тарихы тереңде жатқан Тоғыс өзені ағып жатыр.Өзеннің Тоғыс аталуы да тарихтан үлкен сыр шертеді.Тарихына тоқталар болсақ Жаугершілік заманда қазақ пен жоңғар арасындағы шапқыншылық кезінде жоңғар қонтайшысы Қалдан Церенге қарсы осы өзен маңында қазақ әскерлері тоғысып,күш біріктіріп жеңіске жетеді.Жеңіске жетуге үлкен үлес қосқан осы өзен Тоғыс өзені деп аталып кеткен.Өзеннің бірінші бастауы «Қайнар»,екіншісі «Шайдана» деп аталады. Қайталанбас әсем де,көркем табиғатымен талай жанды тамсандырған «Балдәурен-Шымкент» өлкесінде мынадай таулар орналасқан.



Слайд 2: «Балдәурен-Шымкент» РОСО-нан қарағанда мынадай әсем жерлерді көруге болады.Сарқырама,Диірмен(осы жерде тау шаңғысы орналасқан),Ордақонған,Үйген тас,Ақ тас,Қабанбай сай,Күйген арша,Тоғыстың төрі,Үш сала Ал «Балдәурен-Шымкент» РОСО-ның сол жақ беттеріне қарайтын болсақ Тас қара,Сарымсақ сай,Үш темір,Темір аққан,Науыт сай,Ырғайлы,Суық сай,Ұлар тау,Кипник таулары т.б орналасқан Ал оң жақ беттеріне келер болсақ Әмір сейіт,Қайнар,Тамшылы,Доңыз тау,Сарқырама,Сухой балка,Тасқара,Майдан тал т.бТаудың артқы беттеріне келер болсақ Су сіңген,Тотайын көл,Қара тас,Айғыр жыққан,Ақ көйлекті келіншек,Қазан шұңқыр,Теке ойнақ,Иір жол,Аю сай,Баймаштың жайлауы,Ұларлы,Ақ тау,Қақ Слайд 2: тау,Бәйбіше(Бірінші жайлау),Бәйбіше (екінші жайлау),Кіші өгем,Үлкен өгем,Тоған бұрған т.б «Балдәурен-Шымкент» РОСО-на Республика өңірлерінен демалушы балалар келіп жатыр.Орталық балалардың қабілетін шыңдайтын,балалардың бас қосып,достасып келешекте үлкен ғылым әлеміне жол істейтін ізгі арнаға айналған. Слайд 3: Жүргізуші:2.Нысанбек ауылы тарихы «мәдениет және тұрмыс» журналының 1980жылы №8 санында Ә.Жақсылықовтың «Қарапайым ер тұлға» атты деректі мақаласы жарияланды,онда Нысанбек ауылында коллективтендіру кезіндегі шындық оқиға сөз болған-ды. 1930 жылы сол ауылда колхоз құрылды.Оған Иманқұл Нысанбеков деген азамат белсене атсалысады.Ол өзі еті тірі,ақылды,адал жанды адам болыпты.Ауыл адамдары оның әділеттілігіне тәнті болып,жетім-жесірлер оны пана тұтып,сүйеніш көреді екен. Иманқұл әрі бригадир,әрі қойма меңгерушісі болады.Өжет те адал жігіт коллектив мүлкіне жанашырлықпен қарап,қызғыштай қорып,көлденең сұқ көзділерге сақтықпен қарап,ымырасыздық танытып жүреді. Бір күні түн әлетінде тұқымдық бидай құюлы қойманың қасынан бір қаптай бидай көтеріп бара жатқан біреуді ұстайды.Әлгі бойтаса жерге бидай көмгенін айтып қояды.Иманқұл қаптағы бидайды қоймаға кіргіздіріп,өзін атқа міңгестіріп алып кетеді.Сол кеткеннен келмейді.Ауданға хабар беріліп,іздеу салынады.Екі күннен кейін Жылақата жарының жанынан Иманқұлдың өлі денесі табылады.Кейін кінәлілер табылып,тиісті жазаларын алады.Жерлестері ауылға оның аты берілсін деген шешім қабылдайды.Ауыл алғашында Нысанбеков болып аталып,келе-келе Нысанбек болып кетіпті. Жүргізуші. Ордақонған –Ақбұрқан

Нысанбек ауылының оңтүстік-шығысындағы тау жоталары арасында әсем көрінісімен көзтартырлық биік шоқының көне тарихы көптен бері қызықтыратын-ды.Біріншіден,оны не себептен «Ордақонған» деп атаған? Екіншіден,әдебиетшілердің,тарихшылардың еңбектерінде ол туралы неге әр қилы айтылады,жазылады?,үшіншіден,Ордақонған мен Ақбұрқан атаулары үнемі қатар жазылады,айтылады.Оның себебі неде? Екі атаудың шығу төркінін,тарихын зерттеп,талдау жасалық. Ордақонған,Ақбұрқан атаулары әрқайсысы екі түбірден бірігіп,бір атауды білдіріп тұрған біріккен сөздер. Ордақонған-«орда» және «қонған» сөздерінен құралса, Ақбұрқан-«ақ» және «бұрқан» сөздерінен құралған. Орда –түркі және монғол халықтарындағы әскери-әкімшілік ұйымын,мекенін,көшпелілердің тұрағын айтады.Орта ғасырларда Орда термині,негізінен,көшпелі тайпалардың мемлекеттері мен одақтарының атауы ретінде де қолданылған. Мысалы,Алтын Орда,Ноғай Ордасы,т.б «Қон», «қонған»-көшкен ел-жұрттың үй тігіп уақытша мекендеуін,белгілі бір жерде тұрақтауын білдіреді.

Ордақонған тарихы туралы «Алаш» халықаралық сыйлығының лауреаты,Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері,белгілі жазушы Еркінбек Тұрысовтың «Темірлан» (Алматы,1922 жыл) тарихи романында былай жазылады: «Ордақонған-тарихи орын.Қазығұрт тауының батыс сілемін «Кемеқалған» деп,шығыс сілеміндегі жазықтау келген төбесін «Ордақонған» деп атайды. Ел аузындағы аңыздарға қарағанда, осы бір үстірт көне замандардан бері хан Ордасы қонатын орын болған.Шыңғыс хан жорықтары кезінде ханның ұлы Жошының Ордасы қонған деген де аңыз бар.Ал жоңғар басқыншылығы кезінде,азаттық соғыс кезінде Әбілқайыр,Жолбарыс хандардың Ордалары болған деген дерек те бар-деп жазады. Ордақонған мен Ақбұрқан географиялық орындары Ұлы ғұлама Төле би есімімен де тығыз байланысты.Төле би мұнда жаз жайлауы,билік ету ретінде тұрған,осында қайтыс болған деген айғақтар бар. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында («Қазақстан энциклопедиясының бас редакциясы»,Алматы,2006 жыл,8 том,466 бет)



«Төле би Әлібекұлы 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы,Шу өңірі,Жайсан жайлауында туған,1756 жылы қазіргі Шымкент облысы Ленгер ауданы Ақбұрқан-Ордада қайтыс болған»,деп жазылған. Қазақстан Республикасы Білоім министрлігі бекіткен 5-сыныпқа арналған «Қазақ елінің қысқаша тарихы»оқулығында (Т.Т.Тұрлығұлов,Алматы, «Рауан» баспасы,1996жыл,139-140 бет): «Төле би Әлібекұлы 93 жасында қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би (бұрынғы Ленгер) ауданындағы Ақбұрқан-Орда қонған деген жерде қайтыс болды»,-деп көрсетеді.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!