Органикалық қосылыстардың электрондық теориясы пәнінен электрондық оқулықты құрастыру

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Органикалық қосылыстардың электрондық теориясы пәнінен электрондық оқулықты құрастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Органикалық қосылыстардың электрондық теориясы пәнінен электрондық оқулықты құрастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Органикалық қосылыстардың электрондық теориясы пәнінен электрондық оқулықты құрастыру


Пердешова А.А

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Көкшетау қ.

Сергазина С.М.-х.ғ.к., химия және биотехнология кафедрасының доценті

E-mail: maral.anyarkyzy@mail.ru


Қазақстан Республикасының білімі оқытудың кредиттік нысанына көшкенде электронды оқулықпен жұмыс істеу өзекті болып жатыр, оған арнайы құрастырылған тапсырмалары, олар өз бақылауындағы сұрақтардан басқа қолданбалы сипаттағы ақпараттарды, зертханалық тәжірибелерін, практикалық жұмыстарын, міндеттерді , сондай-ақ оқу процесінде оқушының жүйелі ойлауына ықпал жасай алады. Электрондық оқулықтарды оқушыларға өз бетінше білім алуға мүмкіндік беретін қосымша оқу-әдістемелік құрал ретінде қарастырумыз, көруіміз керек.[1]

Электронды кітаптар оқушыларға ауыр сумка асынып жүруден құтылуға жол береді. Алайда, бұл – басты басымдық етпейді. Олар барынша көп білім алады және анықтамаларды бірнеше рет оқып және тыңдауға, есітуге сондай-ақ тапсырмалардың дұрыс жауаптарын білуге жол ашады.[2]

Педагогикалық білім беру жүйесінің оқу-тәрбие үрдісінде электрондық оқулықты қолдану болашақ мұғалімдердің бойында ізденімпаздық-танымдық, іс-әрекеттік–зерттеушілік қабілеттерді қалыптастыратыны белгілі. Білім беру салаларында электрондық оқулықтарды пайдаланып, оқыту сапасын арттыру, тез модернизациялау және интенсификациялаудың тәсілдерін даярлау жүйесі бойынша ізденістер қарастырылуда. Электрондық оқулықтарды оқу үрдісінде қолдану педагогикалық тәжірибеде оқу үрдісін интенсификациялауға, оқытуды дамыту идеяларын жетілдіруді жүзеге асыратын психологиялық технологиялар жүйесін арттыруға мүмкіндік береді.

Электрондық оқулықтармен оқыту, оларды жетілдіруге қажетті жағдайларды құру, өндеу және өндіру, жаңаны дәстүрлі әдіспен қиылыстырудың жолдарын іздеу психологиялық–педагогикалық, оқу-әдістемелік проблемаларды шешуді талап етеді.

Сабақтар бойынша ақпараттардың бәрі мәтін, суреттер, бейне, аудиожазба, анимациялар және басқа да графикалық құралдар түрінде оқытылатын оқу курстары болып табылады.

Мен құрастырған электронды оқулық «Органикалық қосылыстар» пәніне құрастырылған. Электрондық кітабының негізгі мақсаты «Органикалық қосылыстар». Ол химияның үлкен және жеке бөлігі. Ол көміртегі қосылыстарының химиясын: олардың құрылысын, қасиеттерін, алу жолдарын , іс жүзінде қолдануын қарастырамын. Мен құрастырған электрондық оқулыққа тоқталатын болсақ, оны мен TurboSite арқылы құрастырдым. Программа бүгінгі таңда электрондық оқулық жасауға арналған шағын программа болып табылады. Оның тиімділігі әр оқытушы өздеріне электрондық оқулықтарды және сайттарды оңай және ыңғайлы, жылдам жасауына мүмкіндік береді. Ең оңай , ыңғайлы, қарапайым программа болғандықтан біз осы программаны пайдаландық. Соның арқасында суреттер, анимациялар, электрондық тесттер жасауға болады.[3]

Электронды оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбына арналған бағдарламасы негізінде жасалған, ол мектептерде оқытылатын органикалық химияның барлық курсын қамтитын оқыту және бақылау бағдарламаларынан тұрады. Органикалық химияны мектеп оқушылары тоғызыншы сыныптың төртінші тоқсанында үйреніп, органикалық заттармен танысады. Бұдан әрі органикалық химияны зерттеу он бірінші сыныпта жүргізіледі, онда органикалық қосылыстарды тереңірек зерттеу жүргізіледі. Бұл оқулықтың оқу мәтіндері көп графикалық иллюстрациялар, құрылымдық формулалар және т. б.

Осыны жүзеге асыру үшін электрондық оқулықтарды пайдалана білуімізді қажет етеді. Электрондық оқулықтар оқушының ойлау қабілетін, өзін-өзі реттеуді дамытады, өздігінен оқып үйренуге талпындырады.


Электрондық оқулық студент үшін ақпарат көзі болып саналады. Электрондық оқулыққа төмендегі көрсетілген жүйесі:

  • Титул беті;

  • Мазмұны;

  • Аннотация;

  • Оқу материалының толық мазмұны (графиктер,схемалар, кестелер);

  • Тапсырмалар жүйесі;

  • Бақылау тестік жүйесі;

  • Мәтін бөлігін іздеу жүйесі;

  • Авторлар туралы;

  • Программамен жұмыс істеу тәсілдері туралы нұсқаулар жүйесі қамтылған.

Мен жасаған электрондық оқулығым мына бөлімдерден тұрады.[4]

  • Кіріспе

  • Теориялық бөлім:

  • Органикалық қосылыстар

  • Қаныққан көмірсутектер

  • Қаныққан көмірсутектердің галоген туындылары

  • Қанықпаған көмірсутектер

  • Алканолдар

  • Альдегидтер және кетондар

  • Нитроқосылыстар және аминдер

  • Элементорганикалық қосылыстар

  • Күкірттің органикалық туындылары

  • Карбонқышқылдары және олардың туындылары

  • Оксикарбон қышқылдары

  • Алициклді көмірсутектер және олардың туындылары

  • Ароматты қосылыстар

  • Гетероциклді қосылыстар

  • Практикалық бөлім:

  • Өзін-өзі тексеруге арналған тапсырмалары

  • Тест тапсырмалары

  • Лабораториялық тәжірибелік жұмыстар

  • Қорытынды

  • Пайдаланылған әдебиеттер

  • Қосымшадан тұрады.

Органикалық қосылыстар пәнінен электрондық оқулықта органикалық қосылыстардың , олардың химиялық құрылысы, қызметі мен қасиеттері, органикалық қосылыстардың жалпы олардың химиялық, құрылысы, ұғымдары және түсініктері берілген. Сонымен қатар органикалық қосылыстар адамның өмірі мен оның тұрмыстық іс – әрекетінде үлкен рөл атқарады және біз оны білеміз. Органикалық заттарды немесе органикалық шикізаттарды өңдейтін өндірістің маңызды салалары: каучук, резина, шайыр, пластмасса, талшық өнеркәсібі, мұнай химия өндірісі, тамақ, фармацевтика, бояу өндірісі және органикалық қосылыстардың маңызы зор.[5]

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығы, мақсаты мен міндеттері айқындалып көрсетілген. Бірінші бөлімде он төрт тақырып қарасырылады. Екінші бөлімде өзін-өзі тексеруге арналған тапсырмалары мен лабораториялық жұмыстар қарастырылған. Оқулыққа енгізілген зертханалық жұмыстар студенттерге органикалық қосылыстар пәнінен теориялық білімді бекітуге, лабораториялық тәжірибені, соның ішінде модельдеу тәжірибелер түріндегі экспериментті жүргізуге практикалық дағдыларын алуға септігін тигізеді. Әр тарауда жұмыстың сипаттамасы теориялық бөлімнен және жұмыстың мақсаты, тәжірибелерді жүргізу барысы және оның маңыздылығы көрсетіледі практикалық бөлімнен тұрады.Тест тапсырмалары оқушылардың білімін тексеруге септігін тигізеді.

Бұл электронды кітаптың негізгі мақсаты оқушылардың органикалық қосылыстар пәні жайында қол жетімді анықтамалар алуы. Адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш -білім. Ал жас мемлекетіміздің болашағы - бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту-бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Ол үшін мектеп ұжымдары, әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық, қарым-қатынас жасаулары керек. Оқыту түрлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарын іздестірулері қажет-ақ.








Пайдаланылған əдебиеттер тізімі:

1.Сейтжанов Ə.Ф. Органикалық химия. Алматы2005. -360

2.Артеменко А.И. Органическая химия. «Высшая школа» 2002.-250

3.Тлеуова З.Ш. Нурмуханбетова Н.Н. Сергазина С.М. Органикалық химияның теориялық негіздері Алматы-2017. – 160

4.Аймақов О. Органикалық химияның теориялық негіздері. Көкшетау.2004.-170

5.Химия. Жоғары оқу орындары дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларын арналған оқу құралы.-Алматы: Ана тілі, 2005,- 280

6. .К.Кабдулкаримова, Н. Омарова Органикалық химиядан практикум.- Астана2015. – 192

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.01.2024
336
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі