Материалдар / ОРМАН ӨРТІ ЖӘНЕ ШӨЛДЕНУ ҮРДІСІ

ОРМАН ӨРТІ ЖӘНЕ ШӨЛДЕНУ ҮРДІСІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Тікелей өсімдік жамылғысына қатысты ең басты әлемдік проблемаларға ормандар аумағының қысқаруы мен шөлдену үрдістері жатады. Ормандардағы өрттерге көбінесе адамдар: аңшылар, балықшылар, туристер, орман шруашылығы, тау-кен және басқа да өндіріс қызметкерлері кінәлі болады (шамамен 90%). Ормандар аумағы қысқаруының 70% осындай өрттер себебінен болатыны дәлелденген факт
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1531
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ



Ғылыми жоба

Тақырыбы: ОРМАН ӨРТІ ЖӘНЕ ШӨЛДЕНУ ҮРДІСІ

















Азимова Сайёра география пән мұғаліміБілім беру ұйымының атауы: Б. Наметов атындағы №82 негізгі орта мектеп



Ақсукент 2017ж.Орман өрті және шөлдену үрдісКіріспе. Тікелей өсімдік жамылғысына қатысты ең басты әлемдік проблемаларға ормандар аумағының қысқаруы мен шөлдену үрдістері жатады.Ормандардағы өрттерге көбінесе адамдар: аңшылар, балықшылар, туристер, орман шруашылығы, тау-кен және басқа да өндіріс қызметкерлері кінәлі болады (шамамен 90%). Ормандар аумағы қысқаруының 70% осындай өрттер себебінен болатыны дәлелденген факт.Дегенмен адамзат шөлдену үрдісіне үлкен үлес қосты. Антеропогендік шөлдердің аумағы шамамен 10 млн.км болады деп есептеледы, яғни ол барлық шөлдердың 30% жуығын қурайды.Жұмыстың мақсаты: Орман өрті және шөлдену үрдісін алдын алу жоллдарын қарастыру.Қазақтың жері кең болғанымен, орманы аз, 5 пайыздан астамында ғана ағаш өседі. Ағаштың дені Шығыс Қазақстан (47 пайыз), Солтүстік Қазақстан (18,6 пайыз), Алматы (10,7 пайыз) және Павлодар (8,1 пайыз) облыстарында шоғырланған. Өкініштісі, жердің өкпесіне баланған ормандардағы ағаштар селдіреп барады. Қызылжарда ақ қайыңның 90 пайызы өседі. Ағаштың сұлуы – мың бұралған қайыңның да басына қазір қайғы бұлты үйіріліп тұр. Себебі, ол отын ретінде аяусыз шабылып жатыр. Жалпы, Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегінше, Жер шарының 2 миллиардтан астам тұрғыны ағашты жылыну және тағам пісіру үшін пайдаланып отыр екен. Қазақстан тұрғындарының да жартысына жуығы ауылда тұратынын ескерсек, ит тұмсығы өтпес ну орманның селдіреп кету себебін тапқандаймыз. Бұған орман өрті пен қар көшкіні сияқты табиғи апаттардың кесірін тағы қосыңыз.Жыл сайын планетамыздың 10-15 млн. га ау мағында әртүрлі дәрежелі өрт оқиғасы болып тұрады, кей жылдары бұл көрсеткіш екі есе немесе одан да көп мөлшерге артуы мүмкін. Әр 7-10 жыл сайын өңірлік масштабтағы өрттер болады. Мысалы, Шығыс Сібірде осындай өрттер 1979 және 1987 жылдары болған. 1988 жылы кең аумақтарды қамтыған өрттер Солтүстік және Оңтүстік Америкада да болған.Ормандардағы өрттің зардабы өте ауыр болады: бағалы эканомикалық қор - ағашпен қатар, осындағы барлық тіршілік иелері жойылады. Күлге айналған орындарда зиянкес насекомдардың күрт көбеюіне және саңырауқұлақ ауруларының дамуына қолайлы жағдай туындайды. Күл мен түтін де қоршаған ортаны ластауыштар қатарына жатады.Соңғы онжылдықтарда Қазаңстан ормандары едәуір зардап шекті. Өткен ғасырдың 90 жылдарындағы экономикалық тоқырау қажетті қаржының бірталай қысқаруына және орман шаруашылығын мемлекеттік реттеудің әлсіреуіне әкеліп соққаны белгілі. Сондықтан орман қорғау жұмыстары нашарлап, апатты орман өрттеріне, қаскерліктің көбеюіне, пайдалы орман бөліктерінің заңсыз қолдарға өтуіне, соның нәтижесінде бағалы орман алқаптарының едәуір дәрежеде тозуына әкелген фактілер тіркелді.Әсіресе Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары мен Семей аймағындағы қарағайдың шоқ ормандары көп зардап шеккен. Ақмола,Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында өртенген ормандар көлемі де бірнеше есеге ұлғайған.Қаржының жетіспеуінен ормандарды қалпына келтіру көлемі қысқарды, бұл олардың жас ерекшеліктеріне, биологиялық: құрылымына кері әсерін тигізді, өртенген ормандар мен кесілген ормандар көлемінің өсуіне әкеп соқты.2001 жылдың 17 шілдесінде ҚР үкіметінің №970 Қаулысына сәйкес Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы ұйымдастырылды. Оған көлемі 643,5 мың га Алтайдың бағалы орман сілемдері кіреді. Осындағы қылқан жапырақты ағаштарды және сексеуілді он жылға дейін кесуге тыйым салынып, қоршаған ортаны қорғау жұмыстары белгіленді. Дегенмен, адамзат шөлдену үрдісіне үлкен «үлес» қосты. Осындай антропогендік шөлдердің аумағы шамамен 100 млн. км2 болады деп есептеледі, яғни ол барлық шөлдердің 30% жуығын құрайды.Соңғы жылдары жағдай біршама жақсара бастады. Үкімет шешімі бойынша қатты зардап шеккен Ертіс маңы қарағай орманы аумағында екі мемлекеттік табиғи орман резерваты: «Ертіс орманы» және «Семей орманы» құрылды. Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы ұйымдастырылды. Оған көлемі 643,5 мың га Алтайдың бағалы орман сілемдері кіреді. Қылқан жапырақты ағаштарды және сексеуілді он жылға дейін кесуге тыйым салынды.Жер шарындағы шөл және шөлейт жерлердің аумағы 48,4 млн. км2, немесе тіршілікке қолайлы жерлердің 43% шамасында.Дегенмен, бұл сан тұрақты көрсеткіш емес, шөлдердің аумағы жыл сайын артуда.Алынған мәліметтер бойынша планетадағы көлемі 7млн. км2 Сахара шөлінің шығу тегі антропогендік екені анықталған. Шөлде табылған көптеген петроглифтер осыдан 10 мың жыл бұрын Сахарада ну ормандар мен биік шөптесін өсімдіктер өскенін көрсетеді. Петроглифтерде керіктердің, пілдердің, су пілдерінің, леопард мен антилопалардың суреттері бейнеленген. Кейініректегі ғасырда суреттер өзгерген, енді үй жануарлары мен бақташылардың суреттері бейнеленген. Одан бергі, екі ғасырдан кейінгі петроглифтерде жылқылар мен одан кейініректе түйелерді көруге болады Қазаңстандағы шөлдену үрдістеріне тоқталатын болсақ,еліміз егемендік алғанға дейін, мал басының көп болуына және де жайылымдарды жүйесіз пайдаланудың нәтижесінде осы аумақтарының 60-70% шөлденгенін білеміз. Осы мәліметтерге сүйене отырып, 1997 жылы Қазаңстан Республикасы Біріккен Үлттар Ұйымының «Шөлденумен күресу» конвенциясына мүше болды және осыған бай- ланысты 2005 жылы «Қазақстан Республикасында 2005-2015 жылдар аралығында шөлденумен күресу бағдарламасын» қабылдап оны бекітті.Конвенциядағы «Шөлдену» терминінің мағынасы шөл және шөлейт белдемдердегі жерлердің әртүрлі факторлардың әсерінен деградацияға ұшырауы, ол әсерлерге климаттың өзгеруі мен адамның жүргізетін шаруашылық әрекеттері де жатқызылады. Ал «жерлер деградациясы» дегеніміз егістіктер, шабындықтар, жайлымдар ормандар және т.б. өнімділігінің төмендеуі немесе жойылуы. Бұл бағдарламаның мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында шөлденуді тоқтату және оның алдын алу. Осы шараларды іске асыру жолында, белгілі бір кеңістікте және уақыт аралығында болған өзгерістерді бағалау үшін негізгі көрсеткіш ретінде экожүйелердің ең танымал компоненті, өсімдіктер жамылғысы пайдаланады. Өсімдік жамылғысы тіршілік ортасының аз ғана өзгерісін бірден сезініп, жауап қайтарады да, ол қауымдастықтардың бірін-бірі кезектесе алмастыруын туындатады. Осындай ұзақ мерзімді, өңтайлы мәнге ие өзгерістер үрдісін экологияда сукцессия деп айтады және бұл ұғым тұрақтылық көрсеткіші ретінде танылады.Жер шарындағы шөл және шөлейт жерлердің аумағы -48,4млн. км2 немесе тіршілікке қолайлы жерлердің 43% шамасында. Дегенмен, бұл сан тұрақты көрсеткіш емес, шөлдердің аумағы жыл асқан сайын артуда. Соңғы 50-100 жыл аралығында шөлдену құнарлы жерлердің күйін нашарлатып, қарқындай түсуде. Шөлдену қарқынын тап басып, дәл есептеп шығару өте қиын. Жыл сайын шөлдердің аумағы кеңею үстінде. Шөлдену қаупі 30 млн км2 аумаққа төніп тұр, ол Еуропа ауданынан 3 есе артық. Жердегі көптеген шөлдер адамзат өркениетінен әлде қайда ерте пайда болған.Қорытынды: Атап айта кетерлік жайт, қазіргі таңда еліміздегі барлық орманның 60 пайыздайы қартайған көрінеді, ал, жас ағаштар жалпы ағаштар санының 15 пайызын ғана құрайды екен. Сонда кесілген, өртенген ағаштың орнына еселеп ағаш отырғызу қағидасы қайда?! Демек, бұл міндетті ешкім орындап отырған жоқ. Ең болмаса кесілген ағаштардың орнын жыл сайын жас көшеттермен толықтырып отырсақ мұншалықты дабыл қаға қоймас едік. Осыдан мыңдаған жыл бұрын жердің құрғақ бөлігін тегіс ормандар жауып жатқан екен. Бүгінде оның 31 пайызында ғана ағашты алқаптар қалды. Бұған қарап орманды біз ғана отап жатпағанымызды түсінеміз. Бірақ, өзге елдер қауіпті дер кезінде бағамдап, әрекет етуге кіріскен сияқты. Мысалы, Біріккен Ұлттар Ұйымы таратқан мына бір мәліметте 2005-2010 жылдар аралығында әлемнің 80-дей елінде орманды алқаптар көбейе бастағаны айтылған. Испания, Италия, Норвегия, Уругвай, Чили, Куба, Тунис, Морокко сияқты елдерде орман алқаптарының аумағы артқан. Біздің құрлықта Қытай, Үндістан, Вьетнам мен Филиппин бастаған елдер табиғатты ерекше қорғауға алған көрінеді, соның есебінен оң нәтижеге қол жеткізген. Ендеше, бізге де оталған ормандарымызды қалыпқа келтіріп, жыл сайын тозып бара жатқан, пайдалануға жарамсыз жерге айналған өңірлерімізді қамқорлыққа алатын кез жеткен секілді. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген сөз бар. Еліміздің әрбір тұрғыны тал егуді әдетіне айналдырса кең-байтақ жеріміздің де сәні кіре түсер еді

ТүйіндемеБұл жобада, орман өрттерінің және шөлдену үрдісінің болмысын ашады, биосфераның негізгі компоненты ормандардың рөлін тікелей көрсетеді. Сонымен қатар, осындай процестерге реттеу орман теріс рөлі болып табылады. Ол орман бағыттарын азайтудың негізгі факторы орман өрттері екені анықталды.























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ