400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өрнек

Материал туралы қысқаша түсінік
1 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы



САБАҚ:


Өрнектегі ырғақ және тоқыма дегеніміз не?


Күні:

Оқытушының аты-жөні: Таурбаев А.Р.

СЫНЫП: 1 сынып



Сабақ негізделген оқу мақсаты

Шығармашылық идеялар мен сезімдерді көрсету және дамыту


Сабақтың мақсаттары

1.1.3.1

Нақты материалдар мен техникалардың негізінде, өз идеялары мен сезеімдерін шығармашылық деңгейде ұсыну

Жетістік критерийлері

Білім алушы

Идеяны шығармашылық жолмен ұсынады.

Өз идеясын/сезімін нақты материалдар мен

техникалар арқылы көрсетеді.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай білуі тиіс:

тоқыма заттардың ерекшеліктері мен сапасын және олар жемістер мен көкөністердің текстурасын қалай бейнелейтіндігін сипаттау


Мыналарды қамтиды:

текстура, фактура, тегіс, қатты, қатаң, жұмсақ, кедір-бұдыр, тікенді, жылтыр;

баспа, қайталау, дайындау, көлденең, тік, диагональ, тура, толқынды, көп қабатты, үстінен жабу, біріктіру;

пішін, дөңгелек, шеңбер, сопақ;

түс, жарқын, көмескі, жеңіл, қара, ақ, қара-қоңыр;

кеңістік, өлшем, үлкен, кішкентай, таңдап алу;

сыру, тігу, кестелеу, аппликация, бисермен әшекейлеу, жіппен жұмыстар.

Алдыңғы оқу

Алдыңғы бөлімдердің мазмұнынан оқушылар жасалған дүниені (адамның қолымен жасалған) зерттеу барысында білім мен тәжірибелерін жинақтады, сонымен қатар көркем шығармашылық саласы бойынша дағдыларын әрі қарай дамытты.


Жоспар

Жоспарланған уақыт



Басталуы

5-7 минут


















Ортасы

17-22

минут


















Аяқталуы

3-6 минут


Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз)

Өрнектегі ырғақ және тоқыма дегеніміз не?

(С) Сабақты жеміс/көкөніс-гүл-жапырақ тақырыбындағы құрақ, жастықтар мен киім, алжапқыш, асүй сүлгісі, дастарқан сияқты түрлі тоқыма бұйымдарды көрсете отырып бастаңыз.


Оқушыларға матадан жасалған бұйымдарды ұсыныңыз: асүй ормалы, алжапқыштар, перделер, сулықтар. Олардың назарларын бұл бұйымдардың қалай безендірілгеніне аударыңыз. Қандай өрнектерді қолданған?

Өрнектер мен оюларды не үшін қолданған? Оқушылар матаға салынған ою белгілі бір тәртіппен қайталанып отыратынын өздері түсініп, оюдың осы екенін айтып бере алатындай болу керек.

(Ж,\Ө,) Оқушыларға анасының алжап-қышының және асүй орамалының суретін салып, оны ою-өрнектермен безендіруін сұраңыз. Жұмыстың кезеңдерін түсіндіріңіз. Суретті орналастырудан бастаңыз. Оқушыларға егер олар алжапқышты таңдаған болса, онда қағаз парағын тігінен, егер орамал таңдаса, онда көлденеңнен орналастыру керектігін түсіндіріңіз.

Ою-өрнектерді орналастыру үшін, бұйым бөліктерінінің орнын анықтау керек.Оқушыларға оюдың жемістерден, көкеністерден, жидектерден, гүлдерден, жапырақтардан құралу керектігін ескертіңіз.Өрнектегі ырғақты көрсету керек.



ОЮ-ӨРНЕК УЗОР PATTERN

Рефлексия:

Бүгін не үйрендің?

Қандай қиыншылықтармен кездестің?

Не қызықты болды?

Ресурстар








Жемістерден және табиғи пішіндерден шабыт алған тоқыма бұйымдар – қазақстандық дизайншылардың және басқа мәдениеттер мен кезеңдердің дизайншыларының еңбектері








Альбомдар мен түрлі түсті қарындаштар, қаламсаптар, өшіргіш







Ырғақ ою құру үшін жемістер мен көкөністердің шаблондары



















Қосымша ақпарат

Саралау –

Көбірек қолдау

көрсетуді қалай

жоспарлайсыз?


Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді қалай

жоспарлайсыз?


Пəнаралық байланыс


Деңгейлік тапсырмалар,үлгілер

Смайликтер,

Рефлексия:

Сұрақ-жауап

Дүниетану,музыка,

ресурстар

Рефлексия

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары сəтті болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде

үлгердім бе?


Өз сабағыңыз туралы рефлексияны төмендегі бос орынға

жазыңыз. Сол жақтағы бағанада келтірілген сұрақтардың

арасынан Сіздің сабағыңызға сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

1.

2.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
17.12.2017
1107
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі