Материалдар / «Өрнек түрлері»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Өрнек түрлері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Халықтық өрнектерді классификациялау және өрнектер құрастыру арқылы өрнек элементін салуды үйрену.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қаңтар 2018
449
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні: Бейнелеу өнері, 6-сынып

Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы,

Сырым аудандық балалар мен жасөспірімдер

шығармашылық орталығының қосымша білім беру педагогі,

бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі

Құнанова Қалампыр Қуанышқалиқызы

Тақырыбы:

Өрнек түрлері (Роспись)

Мақсаты

Халықтық өрнектерді классификациялау және өрнектер құрастыру арқылы өрнек элементін салуды үйрену.

Күтілетін нәтиже

А) Халықтық өрнектердің түрлерін ажырата біледі.

В) Сәндік бұйымдарды ажыратып, салыстыра алады, тарихын біледі.

С) Өрнектерді пайдаланып, өрнек элементінің суретін құрастырып шығара алады.

Сабақтың типі

Жаңа материалды меңгерту, танымдық сабақ

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Ыстық орындық» әдісі, «Салыстыр» ойыны, Топқа бөлу, «Ойлан, бірік, бөліс», тұжырымдамалық карта, 2 жұлдыз, 1 ұсыныс, шеберлік сағаты, венн диаграммасы, рефлексия «Сөйлемді аяқта!», «Ғажайып палитра» әдісімен бағалау

Сабаққа керекті жабдықтар

Интербелсенді тақта, таныстырылым, музыкалық құрылғы, тақтаның безендірілуі: қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің суреттері, орыс өрнектерінің түрлері, орыс өрнегімен безендірілген ыдыстар, Венн диаграммасы жазылған плакат, палитраның суреті, стикерлер

Сурет салуға қажетті жабдықтар

А-4 парағы, түрлі-түсті қарындаштар, акварель, гуащь бояуы, қарындаш, өшіргіш

Музыкалық қатар

Бейне жазба «Дымковская игрушка», физминутка

Пәнаралық байланыс

Еңбекке баулу, тарих, әдебиет, өзін – өзі тану

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

1.Ұйымдастыру кезеңі


Оқушылармен амандасу. Журналға жоқ оқушыны белгілеу. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды қадағалау.

Оқушылардың барлығына бағалау парағы ретінде ақ түсті палитра, қиылған түрлі-түстер.

«Ыстық орындық» әдісі. Өткен сабаққа байланысты сұрақтар қою.

Мұғаліммен амандасады. Ыстық орындыққа кез-келген топтан бірнеше оқушы қатыстырылады.






І.Ой шақыру

(жұмыстың диалогті түрі)


«Салыстыр. Ұқсастық бар ма?» арқа түйістіру арқылы ойын ойнату. Ойын аяқталған соң жаңа сабақта берілетін орыстың өрнектерінің бір-бірінен қандай айырмашылықтары, ұқсастықтары бар екенін ажыратуға дағдыландыру. Жұмбақ қою арқылы суретшілердің өз ойын жұмбақ түрде жеткізе алатындығын, оны көрермендердің түсінетіндігін көруге болады. «Қошеметтеу» арқылы мадақтау.


Топқа бөлу. «Ортаға 4 адамды шақырамыз. Сіз өздеріңізбен бірге табиғат аясына демалысқа кімді алар едіңіз?» Таңдалып алған адамдарға сұрақ «Рюкзакты көтеру үшін кімді бірге аласыз?», «Далада отты жағып, кім тамақ дайындайды?», «Қазанды кім көтереді?», «Машинаны кім айдайды?»

Оқушы ойланып, кез-келген бір суретті бастайды. Көршісі оның не салғанын көрмейді. Бірақ көршісінің жұмбағына қарай отырып, ол оқушы өз жұмысын салады. Екеуі салыстырады. Үздік жұмыстарды мадақтау.





3-3 тен 4 топқа бөлу.


ІІ. Жаңа материалды меңгеру

«Ойлан, бірік, бөліс» әдісі арқылы әр топқа орыс халқының өрнектерін ұсынамын. Өздері оқып танысады. Ойланады, бір-бірінің пікірлерін толықтырады, тұжырымдамалық карта жасап, өз сыныптастарымен бөліседі.

2 жұлдыз, 1 ұсыныс айтады.

«Дымковская игрушка» тақырыбында бейне жазба көрсетіледі.

Берілген ақпаратпен танысады, ойланады. Ойларын біріктіреді, тұжырымдамалық карта жасайды, топтармен бөліседі. Бағалайды.

Бейне жазбада не көрсетілген талқылайды.

3.Машықтық жұмыс

Ой – толғаныс сатысы

А-4 форматына әр оқушы кез-келген ыдыстың суретін салады. Тақтадан «Жидек» городецк өрнегін салу шеберлік сағаты көрсетіледі. Оқушылар бірге орындайды.

«Галерея» әдісі

бойынша жұмыстар тақтаға ілінеді. Тақтадағы жұмыстарды оқушылар жұлдыз қою арқылы бағалайды.

Жидектің суретін шеберлік сағаты арқылы салып үйренеді. Галерея әдісімен бір-бірінің жұмысын стикер жапсыру арқылы бағалайды.

4.Қорытынды


«Венн диаграммасы»

  • Қазақтың ұлттық өрнектері

  • Орыстың ұлттық өрнектері

  • Ұқсастықтары мен ерекшеліктері

DrawObject2 DrawObject1


Венн диаграммасын тақтаға жазады. Салыстырады, талдайды, қорытындылайды.

Бағалау




Кері байланыс жазу

Палитраға бояу түстерін жапсыру арқылы бағалау. Нәтижесінде «Ғажайып палитра» пайда болу керек.


Кері байланыс парағы

«Сөйлемді аяқта!» парағы

Мен бүгін .... күттім.

Сабақта ...... негізгі ....... сәт.

Мен үшін ...................... болды.

Алдағы уақытта ................ қажет деп ойлаймын.



Палитраларын көрсетеді.




Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін қағазға жазып, мұғалімге қалдырып кетеді.







































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!