Материалдар / "Өрт - тілсіз жау"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Өрт - тілсіз жау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ. Мақсаты:Балаларға өрттің қаншалықты қауіпті екендігі туралы түсіндіру, оттың тілсіз жау екенін ұқтыру. Өрттен, оттан сақтану жолдарын өрт өшіретін қүралды пайдалануды, адам өміріне өрттің зиянды екенін біле отырып сіріңкені, тұрмыстық-техникалық заттарды пайдалану кауіпсіздік ережелерін айтып үйрету. Балаларды өрттің алдын алуға ынталандыру, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Наурыз 2022
437
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы: «Өрт -тілсіз жау»

Мақсаты:Балаларға өрттің қаншалықты қауіпті екендігі туралы

түсіндіру, оттың тілсіз жау екенін ұқтыру. Өрттен, оттан сақтану жолдарын өрт өшіретін қүралды пайдалануды, адам өміріне өрттің зиянды екенін біле отырып сіріңкені, тұрмыстық-техникалық заттарды пайдалану кауіпсіздік ережелерін айтып үйрету. Балаларды өрттің алдын алуға ынталандыру, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Тәрбиеші: От өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От - өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса, тамағымызда піспейді, үйімізде жылымайды. Ал тамақ ішпесек бойымызға қуат бітпейді. Бойымызда қуат болмаса өмірге деген қызығушылығымыз жоғалады. Сонымен от - өміріміз десек те, оның әлемі жайлаған алапаттың бірі - өрт қаупін шығаратынын да естен шығармағанымыз жөн. Өзіміздің ұқыпсыздығымыздан немесе байқампаздығымыздан кейде өрттің қалай күш алып кеткенін де байқамай қаламыз.

Тақпақтар:

РусланОт жақпа, күйерсің,

Өртеніп жүрерсің.

Сіріңкені үстасаң,

Бәлеге сен түсерсің.

ШұғылаОттың ісі қуырмақ,

Желдің ісі суырмақ.

Қазір жанған жалынды,

Алып - үшып қуаламақ.

Топқа сіріңке мен өрт сөндіруші қонаққа келеді.

Өрт сөндірушінің тапсырмасы:

Өрт сөндіруші: Олай болса, балалар мен сендермен «Қателеспе» деген ойын ойнау арқылы білімдерінді анықтағым келіп тұр.

 Ойынның шарты: отта жанатын заттарды айтқанда қолды жоғары көтереміз, отта жанбайтын заттар айтылғанда қолымыз төменде болуы шарт.

Сөздер: қағаз, терезе, жапқыш, дәптер, киімдер, жиһаздар, шөптер, бензин, жапырақтар, ағаштар, кітаптар, шеге, әйнек, қасық, металл, мұз, қар, тас, су.

Тәрбиеші: Балалар сендермен тағы да бір ойын ойнап, от, өрт туралы қаншалықтыбілетіндеріңді тексерсем деймін.

Ойын: «Кім шапшаң?»

Ойын шарты: Берілген сүрақтарға жылдам жауап беру керек.

Өрт сөндіретін адамды қалай атайды? (өрт сөндіруші)

Өрт сөндірушінің адамдарға қандай көмегі бар? (олар үйдегі, ормандағы өрттерді сөндіреді)

Олардың жүмысы қандай? (адамдарға қажет, өте ауыр, қиын)

Өрт сөндірушілер қандай болу керек? (батыл, өжет, щапшаң, епті)

Олар неге батыл, шапшаң болу керек? (өйткені өрт кезінде адамдарды, т.б. қүтқарады)

Өрт болған кезде қандай нөмерге телефон шалу керек? (101)

Өрт сөндірушіге телефон шалған кезде қандай мағлүматтар беру керек? (не болғанын, мекен - жайын айту).

Қимылды ойын: «От пен су»

Өрт болғанда 101 нөміріне қоңырау шалуға

Жанып түрған сіріңкені тастауға

Үлкендерді айқайлап көмекке шақыруға

Өрт шыққан жерде қалуға

Өрт кезінде керует астына, шкаф ішіне тығылуға

Өрт кезінде есік, терезені ашуға

Басымызды, бет - аузымызды ылғал сүлгімен орауға...;

Өрт кезінде жарға, еденге су шашуға

Қорықпай өрт сөндірушінің айтқанын тыңдауға

Көршілерден көмек сүрауға

Өрт кезінде газды, жарықты, тоққа қосылатын құралдарды қосуға

Тәрбиеші: Балалар естеріңде болсын, өрт кездейсоқ шықпайды, ол дұрыс пайдаланбағаннан болады. Бүгін сендер оттың дос та, жауымыз да бола алатынына көз жеткіздіңдер. Естеріңде болсын:«Отпен ойнама, күйерсің», «Өрт - тілсіз жау» деген, отпен аса сақ болу керек және үлкендермен бірге қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау керек !




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!