Материалдар / өрт қауіпсіздігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

өрт қауіпсіздігі

Материал туралы қысқаша түсінік
өрт қауіпсіздігі туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Мамыр 2023
273
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп:

Сүйінбай атындағы орта мектеп Үшбұлақ бастауыш мектебімен КММ

Пәні:

Сынып сағаты

Сабақтың тақырыбы

Өрт қауіпсіздігін алдын алу шаралары және ұйымдастыру

Сынып жетекшісі

Жұмеке З.О:

Күн реті

06.03.2023 ж.

Мақсаты:


Өрт қауіпсіздігі мен өрттің алдын алу шараларын ұйымдастыруды уйретіп өртті сөндіру дағдыларын қалыптастыруды үйрету.

Маман ретінде жауапкершілікке тәрбиелеу

Электр қондырғыларында өрт қауіпсіздігін сақтай өз қабілеттерін дамыту

Өткізілу формасы

Әңгіме, сұрақ — жауап плакат, бейнеоролик.

Көрнекілігі

Түсіндірмелі – иллюстрациялық әдіс,сұрақ-жауап

Әдісі:

Ой қозғау және сайыс түрінде

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған тапсырмалар

ресурстар

Басталуы

5 минут

































15 минут







































10 минут

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңберіне тұрып : «Сені көргеніме қуаныштымын...» жаттығуы

Мақсаты: Қатысушылардың жағымды жақтарын анықтау.

2.Сабақтың мақсатын хабарлау

Өрт қауіпсіздігінде пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар. Өрт сөндіруге қолданылатын материалдар мен құралдар, технологиялық процестерді ұйымдастыру, өртті алдын алу шаралары және өрт қауіпсіздігін жетілдіру жолдарымен объектіні өрттен қорғауды ұйымдастыру.

1. Өрт қауіпсіздігі

2. Өрттің шығу себептері

3. Өрт дегеніміз

4. Өрт сөндіргіш құралдары

5. Өрт сөндіргіш

4. Жаңа сабақтың тақырыбы мен оқушылар алдында тұрған мәселелерді хабарлау

1. Өрт сөндіру қалқанының құрамы

2. Өрттің алдын алу шаралары

3. Жануды тоқтату әдістері

4. Терминдермен анықтамалар

1. Өртті сөндіру құралдары өрт сөндіру қалқанында орналастырылады. Өрт сөндіру қалқанының құрамына кіреді: екі көбікті өртсөндіргіш, бір көмірқышқылды өрт сөндіргіш, бір жәшік құм, асбест матасының орамы, екі лом, үш багра, екі балта. Өрт сөндіру қалқандарының саны өндіріс тери-ториясының әр бір 5000 м2. бір өрт сөндіру қалқаны орналасатындай етіп алынады.

Өндірісте өрт бола қалған жағдайда, автоматтандырылған өрт сөндіру құралдарын қолдану қажеттігі жоқ, себебі цехта барлық уақытта да жұмысшылар болады, оларға өртті сөндіру міндеті жүктеледі. Өрт дабылы бірнеше техникалық құралдар жиынтығынан тұрады (қорғалатын объектте орналасатын және өрт бола қалған жағдайда оны анықтауға арналған өрт хабарлағыштары, байланыс желілері, арнайы ақпарат түрлері, қабылдау станциясы және т.б.). Өрт хабарлағыштар электрлі емес физикалық шамаларды (жылулық сәулелену және жарық энергиясы, түтін бөлшектерінің қозғалысы) электр сигнал түрінде, арнайы формат бойыша байланыс желілері арқылы қабылдаушы станцияға жібереді.

Апатты және өрт туа қалған жағдайлар үшін: ашық көрінетін жерлерге өрт қауіпсіздік ережелері, жұмысшылар мен мүлікті эвакуациялау жоспары, шығу жолдарын көрсететін бағдарша тақтайлар ілінуі керек. Цехтің ішінде кем дегенде екі аппатты шығу жолдары болу керек.

Жану дегеніміз- жанатын заттын оттегімен, жылу және жарық шығаратын химиялық реакциясы

сұрақтардың шешімін тап:

1. Негізгі көп пайдаланылатын сөндіргіш зат Су

2. Балдарға ойыншық емес Сіріңке

3. Отты сөндіргенде не пайда болады Түтін

4. Өрт сөндіруге арналған қурал Өртсөндіргіш

5. Бақылаусыз жану процесі Өрт

6. Тауға шыққан кезде, жылу беру ошағы Жалын

7. Тұтандырғанда жанады От

8. Балдар онымен ойнайды, ал сен онымен отты сөндіресін Құм

9. Қыстың күні қандай затпен, отты сөндіруге болады Қар

2. Өрттің алдын алу шараларын ұйымдастыру және техникалық шаралар деп екіге бөлуге болады.

3. Жанып жатқан затты салқындату.

Отты сөндіру үшін от сөндіргіш заттар пайдалнылады. Олар: су, көбік, көмір қышқылы, инертті газдар, құм, ұнтақтар және түрлі жапқыш құралдар: брезент, киіз, асбест.

Су- өрт сөндіру үшін көп қолданылатын зат. Судың ағыны жалынды бөліп, тұншықтырады. Сондай ақ, су жанып жатқан затты салқындатып, отты сөндіреді.

Су отқа тигенде буға айналып, ол жерге отегінің қатысуына жол бермейді, сөйтіп жануды тоқтатады.

Бірақ суды барлық уақытта пайдалануға болмайды. Ол ток өткізгіш, ол арқылы адамды ток ұруы мүмкін. Қатты қызған темірге тигенде су сутегі мен оттегіне бөлініп, қопарлыс пайда етеді. Сондай ақ, су кальций карбидіне тигенде ацеталин бөлінеді, әқтасқа тигенде жоғары жылу бөлінеді. Мұның бәрі адамның денесін күйдіру мүмкін.

Судың салмағы жанармайдан ауыр. Сондықтан су жанып жатқан майды сөндірудің орнына оны ұлғайтып жіберуі мүмкін. Су төмен температурада қатаып қалады.

Көбік жақсы от сөндіргіш зат. Көбікті қысылған ауамен немесе химиялық жолмен алады. Қысылған ауамен алыныатын көбік ауаның түйіршіктерінен тұрады, ал химиялық жолмен алынатын көбік қышқыл газдан тұрады. Көбік жеңіл болады, оны жанар жағармайларды сөндіру үшін пайдаланады. Көбік бензиннің бетінде қалқып жүреді және отқа ауаның, будың, газдың баруына жол бермей, сөндіреді.

Көбікпен еріткіш сұйықтар, электр тоғы жүріп тұрған желілерді, адамның үстіндегі киімді сөндіруге болмайды. Ол үшін түрлі жапқыш заттарды пайдалану керек(киіз, брезент,асбест).

Көмірқышқыл газын турлі отты сөндіруге пайдалануға болады. Ол ток өткібейді, ауаны келтірмейді.Оған қоса көмірқышқыл газының қар сияқты массасы -72Стемпературасымен

отты салқындатады. Ол ауадан 1,5 есе ауыр. Демек, ол оттың арасына кіріп, тұншықтырады.

Көмірқышқыл газымен этилді спиртті, целлулиодты, термитті сөндіре алмаймыз. Өйткені олар оттегінің қатысуысыз жанады.

Отты сөндіруге, сондай ақ, инеррті газды(азот), өрт сөндіргіш ұнтақтарды( кальцилендірілген сода графит, тальк, т.с.с.) пайдаланады

Құм да отқа оттегіні келтірмей салқындатады.





















Суреттер

































































Бейне -ролик




Рефлексия

5 минут


Қорытындылау:

Сұрақ - жауап ретінде қорытындылау.

1. Өрттің алдын алу үшін не істейміз

2. Ұйымдастыру шараларына нелер жатады

3. Техникалық шараларына нелер жатады

4. Жануды тоқтатудын қандай әдістері ба қолданылады








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!