Материалдар / "Орта білім берудегі ерекшеліктер" тақырыбындағы әдістеме
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Орта білім берудегі ерекшеліктер" тақырыбындағы әдістеме

Материал туралы қысқаша түсінік
"Орта білім берудегі ерекшеліктер" тақырыбындағы әдістеме
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қазан 2018
353
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы

Бұл не?

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

1-сынып

Сабаққа қатысқан оқушылар саны

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.1.1. Сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым мен ишираны қолдану, іс-әрекет жасау).

1.1.2.1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.1.3.1. Тыңдаған мәтінде (баяу қарқында) мұғалімнің көмегімен иллюстрациялар/суреттер/сызбалар орналастырып, сұрақтарға жауап беру.

1.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.

1.3.3.1. Мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, әңгіме және т.б.) ажырату.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Не? сұрағына жауап беретін сөздер қатарын (доп, текше, кітап, дәптер, қалам, қарындаш) атай алады, аталған заттарды сұрап ала алу үлгісін қолдана алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Озімен қатарлас баладан немесе жасы үлкен адамнан қажетті заттың бірін сұрап ала алады.

Кейбір оқушылар:

  • Өтініш үлгілерін өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады, не? сұрағына жауап беретін басқа да сөздер қатарын атай алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы (2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.


Сабақтың ортасы

(6-40 минут)

(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген сойлесу үлгісіне аударады. Осы диалог арқылы оқушылар Бұл не? деген сұрақ үлгісімен танысады. Оқушылармен диалогті тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Содан кейін оқушылар осы диалог негізінде кітап сөзінің орнына доп, текше, дәптер, қалам, қарындаш сөздерін қолдануға жаттығады.

(Ж) Оқушылар үйренген сөйлесу үлгісін жұптық жұмыста бекіте түседі. Ол үшін мұғалім осы заттарды (доп, текше, кітап, дәптер, қалам, қарындаш) үстелдің үстіне қояды. Бірінші оқушы бір затты көрсетіп, сұрақ қояды (Бұл не?), екінші оқушы жауап береді. Содан кейін екінші оқушы сұрайды, бірінші оқушы жауап береді.

(МК, Ұ) 2-тапсырмадағы сурет арқылы мұғалім оқушыларды өтініш үлгісімен таныстырады:

- Маған кітап берші.

- Міне, ал.

Сондай – ақ осы үлгі бойынша кітап сөзін басқа сөздер қатарымен (доп, текше, кітап, дәптер, қалам, қарындаш) алмастырып қолдануға жаттығады. Сыныптағы оқушылар бір-бірінен қандай да бір затты сұрай алуды үйренеді. Осыдан кейін мұғалім оқушылардың назарын осы үлгінің сыпайы түріне (беріңізші, алыңыз) аударады.

(ОТ) Мұғалім оқушылардың берші, беріңізші, ал, алыңыз сөздерінің қолданысын толық түсінуі үшін, озінің қасына бір оқушыны тұрғызады. Өзі бір затты, оқушы бір затты алады. Содан кейін бір оқушы мұғалімнен және қасында тұрған оқушыдан осы заттарды сұрап алуға тырысады. Осы арқылы берші, беріңізші сөздерін дұрыс қолдана алуға жаттығады. Сондай – ақ мұғалім мен бір оқушы сыныптағы басқа бір оқушыдан қандай да бір затты беруін өтінеді. М ұнда оқушылар ал, алыңыз сөздерінің қолданысына мән береді.

(МК, Ұ) 3-тапсырмада оқушылар белсенді сөздік қор қайталанатын тақпақпен танысады. Оқу мақсатына сәйкес тақпақ, өлең туралы түсінік беріледі. Оқушылар оны тыңдайды, хормен және жеке-жеке қайталайды. Оқушылардың есте сақтауына жеңілірек боолуы үшін қайталату кезінде кітап, дәптер, қаламды қолданылуына қарай көрсетіп тұруға боолады. Сондай – ақ диалог түрінде жаттатуға болады (екі оқушы немесе мұғалім/оқушылар болып бөліп айта алады).

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай – ақ АКТ-ны қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.


Оқулық


Аудиодиск:

1.3.1.; 1.3.2.;

1.3.3.










Доп, текше, кітап, дәптер, қалам, қарындаш




















1 жұмыс дәптері

Қосымша тапсырма: 1.3.

Сабақтың соңы 41-45 минут

(Қ)Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.

Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1:

2:



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!