400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

орта буынға арнаоган психологиялық тренинг "Жақсылыққа апарар жол"

Материал туралы қысқаша түсінік
орта буын оқушыларына арналған жақсы мінез-құлықты қалыптастыру мақсатында
Материалдың қысқаша нұсқасы

«№3 жалпы білім беретін аралас орта мектеп» КММ


Дөңгелек үстелдің тақырыбы: «Жақсылыққа апарар жол»

Мақсаты:

  • Оқушының өз мінезіне басшылық жасай алуын қалыптастыру; 

  • Көңіл-күйін жағымды арнаға түсіруге баулу; 

  • Көтеріңкі көңіл-күйдің айналасындағыларға әсерін түсініп, сезінуге  тәрбиелеу;

  • Жақсылық адам бойына тән ерекше қасиет екендігін түсіндіру;

  • Әр оқушыны өмірде жақсы жол тауып, жақсы дос бола білуге, жақсы, игі істер жасауға дағдыландыру;

Әдіс-тәсілдер: Әңгімелесу, сұрақ-жауап, тілегін білдіру, жаттығулар т.б.

Құралдар: Суреттер, слайд, әңгіме т.б.

Сабақ барысы : Ұйымдастыру бөлімі

Сабағымызды бастамас бұрын «Бет перделер» жаттығуын орындайық онда  бүгінгі көңіл- күйлерімізді анықтайық. Ол үшін мына тақтадағы берілген үш эмоцияның біреуін таңдау керекпіз. Алдарындағы  көңіл-күйлерді таңдап алып, тақтаға жапсырайық.

1. Жаттығу «Көңілді шаттық шеңбер»

Қане бәріміз ортаға шығайық.  Балалар ең алдымен амандасып, ойымыздағы жақсы тілектерімізді  бір-бірімізбен арнайық.

Сұрақ- жауап

- Өздеріңнің көңіл-күйлерің қалай? Көңілдісіңдер ме?

- Адамның көңіл-күйін қалай байқауға болады екен?

- Бет әлпетінен,көзінен,аузынан қимылынан т.б.

- Ал адамның көңіл күйін көтеріп,жақсартуға болама екен?

- Оған жақсы сөз айтып,сыйлық сыйлауға болады не жақсылық жасауға болады.

2. «Болады, болмайды» жаттығуы.

Мен сендерге сөздер айтамын, ал сендер болсандар болуы мүмкін  болса, онда қолдарын шапалақтайды, егер ондай  мүмкін  болса- онда аяқпен топылдатады. Мысалы: қасқыр орманда кезіп жүреді- алақан шапалақтайды. Қасқыр ағаш басында  отыр – аяқтарын топылдатады. Кастрюлде  кесе қайнап жатыр. Мысық үйдің төбесінде қыдырып жүр. Қыз үйдің суретін салып отыр. Ит  аспанда ұшып жүр. Тышқан атпен шауып бара жатыр.

Енді бәріміз тұрып, серігіп алайық. Сергіту сәті: «Қара жорға» биін билету.

Серігіп алсақ сабағымызды әрі қарай жалғастырайық.

3. «Көңіл- күйді бейнеле» жаттығуы

Берілген сұрақтарға сай әр түрлі көңіл-күйді бейнелендер:

  1. Ойланып тұрған адамның бет-әлпет кескіні;

  2. Ренжіп тұрған адамның  бет- әлпеті;

  3. Қайғылы адамның бет- әлпеті;

  4. Ашулы адамның бет- әлпеті;

  5. Таңданған кейіп көрсету;

  6. Өкініп тұрған адамның бет- әлпеті;

  7. Қуанып тұрған адамның бет- әлпеті.


-                     Осы жаттығуды орындағанда қиын болды ма?

-                     Қандай көңіл- күйде болдындар?

-                     Жаттығу ұнады ма?

Қорытынды: Балалар енді бізде көңіл-күйімізді түсірмейік. Бір-бірімізді ренжітпейік.

4. Жаттығу:  «Жүректен жүрекке»

Оқушылар шеңберге шығып, бір-біріне тілектерін айтып, жақсы көңіл-күй сыйлайды.

Психолог: Жақсы сөз, жарым ырыс дегендей бүгінгі дөңгелек үстелден өздеріңізге жақсы ой түіндедіңдер деген үміттеміз. Алдағы уақытта өздеріне сенімді, жан-жақты қалыптасқан, жақсы тәрбие, үлгілі, жарқын болашағы мақсат қоя білетін тұлға болатындығына үміт артамыз.




Shape1































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
12.04.2021
749
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі