Материалдар / Орта мектеп деңгейінде лексиканы оқыту ерекшеліктері

Орта мектеп деңгейінде лексиканы оқыту ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Орта мектеп деңгейінде лексиканы оқыту ерекшеліктері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Желтоқсан 2020
369
0 рет жүктелген
693 ₸ 770 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Орта мектеп деңгейінде лексиканы оқыту ерекшеліктері

Құрасова Гүлсана Уалитханқызы

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Шет тілдерін меңгеру арқылы, кез-келген адам басқа елдің тарихын, тілін, мәдениетін, бүгінгі күнгі өмірін таниды. Қазір адам өзін мәдениетті, білімді деп санау үшін бір немесе бірнеше шет тілдерін білуі керек. Ал, осы шет тілдерін толық түрде игеру үшін, шет тілін оқытуды кіші сыныптардан бастауымыз керек.

Шет тілі арқылы оқушы әлемді таниды, тілін оқытып жатқан елмен жан-жақты танысады. Оқушы шет тіліне қатынас құралы ретінде меңгеру үшін мұғалім тиімді, оқушыны қызықтыратын әдіс-тәсілдерді қолдануы керек.

Қазақ тіліндегі сияқты шет тілінде де сөз – бұл лингвистикалық, ұғым - лексикалық категория. Тілдегі сөздер мен олардың атаулары жалпы болмаса, адамзат бір-біріне әрі ұқсас, әрі мыңдаған түрлі өзіндік ерекшелігі бар адам, тау, ағаш, өзен, жеміс сияқты ұғымдарға жеке-жеке ат-атау іздеген болар еді, ондайда тілде мыңдаған-миллиондаған сөз пайда болар еді, соншама көп сөзді сол тіл халқы өкілдерінің жадында сақтауда қиын болар еді.

Олай болса, адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасай алмаған, бір-бірімен пікір алысып, түсінісе алмаған болар еді, - тілі қоғам мүшелерінің мүддесін атқарудан қалар еді. Сондықтан, шет тіліндегі сөздердің лексикалық құрамының мәнін түсініп, оны дұрыс қолдану өзекті.

Шет тілінің лексикасы да үнемі даму, баю үстінде болады. Шет тілі өз дамуының заңдылықтары мен ішкі мүмкіндіктері арқылы лексикасын сан жағынан да, сапа жағынан да қорландырып, жаңа сөздермен толықтырып отырады.

Лексика дегеніміз – белгілі бір тілдегі сөздердің жалпы жиынтығы деп аталады. Сөздер заттар мен құбылыстардың аты, түр-түсі, саны мен сапасы сияқты алуан түрлі мағыналарды білдіреді.

Лексиканы оқыту мен оны үйрету туралы айтқанда, ең алдымен лексиканы түсіндіру және оны оқушылардың игеруі туралы айту керек. Әрбір сыныпта бұл сұрақтардың өзіндік ерекшеліктері бар, сондықтан әрбір кезеңде оқушыларға сөзді үйрету әдістемесі әртүрлі болады

Оқушылардың лексикадан білімін игеру негізінде жазбаша сауаттылықты қалыптастыру жаттығулар арқылы қалыптасады. Олар шығармашылық жаттығулар мен көшіріп жазу жаттығулары.

Лексикалық жаттығулар сонымен бірге сөздік жұмыстарын жүргізуді қамтып, оқушылардың сөздік қорын молайту мақсатында көзделеді.

Кез-келген тіл ауызша сөйлеуден басталады. Барлық тілдердің негізі – дыбыс. Сөздер сол дыбыстардан құралады. Сөзді түсіну үшін әуелі оны тыңдау керек. Сөзді дұрыс айта білу оқушының осы сөзді дұрыс тыңдай білуімен тығыз байланысты.

Мектепте үйреілген сөздер мен идиомалардың оқушылар жадында ұзақ сақталу – ең өзекті жағдай. Себебі мектепте ағылшын тілі сабағына бөлінген сағат санының аздығы және де оқушылар арасында өзара сөйлеп жаттығудың жетіспеуі , мектепте ағылшын тіліне арналған лингофон сыныптарының жоқ болуы болып отыр. Мектепте оқушылардың үйренетін сөздерінің саны оқу бағдарламасы негізінде жүзеге асады. Сонымен қатар арнайы үйрету әдістемесіне де байланысты. Соңғы жүргізілген арнайы үйрету бағдарламаларының тәжірибелерінен оқушылардың үйренген сөздерін есте сақтап және оларды сөйлеу, жазу әрекетттерінде дұрыс қолданатынын көруге болады.

Лексиканы үйрету барысында сөздікпен жұмыс жүргізілетінін айтады. Негізгі оқу материалы болып мәтін мен диалог болып саналады. Лексикалық қордың кеңеюі жаңа сөздерді үйрену, сол сөздерден сөйлем қүрау, түрлі лексикалық жаттығуларды орындау (сөздердің синонимдерін, антонимдерін табу, сөйлемді қайта құру, сөздерді қолдану арқылы сұрақтарға жауап беру т.б) арқылы жүзеге асатынын көрсетеді.

Лексикалық дағдының қалыптасуы тек қана шығармашылықпен байланысты емес, сонымен қатар сөзді басқа жағдайларда да қолдана білу қажет. Бұл оқушыеың ерекше қабілеті болып есептелетін – когнитивтік қабілет екендігін көрсетеді. Танымдық мүмкіндіктерінің атуына, оқушының интелектуальдық деңгейінің көтерілуіне байланысты сөйлеу дағдысы мен қабілеттің жетілуіне қолайлыжағдайлар жасалады.

Ағылшын тілінің сөзін үйретудің негізгі түрі – оны туған тілге аудару, оның аудармасын білу.

Аударманы қолданудың басты жетістігі – сөздің туған тілден аудармасын жылдам тауып, оның мағынасын есте сақтауға мүмкіндік беруі, ал кемшілігі кейде сөздің туған тілде баламасының болмауы. Бұл тілдерді білу деңгейінің алуандылығына да байланысты. Кей жағдайда сөздің мағынасын тіке аудармай, сөйлемнің негізгі деңгейінде аударамыз.

Сөздерді үйретудің басқа бір түрі – көрнекілікті пайдалану арқылы түсіндіру. Көрнекіліктердің басты маңызы – бұл оқушылардың ағылшын тіліне деген мотивациясын арттыратын техникалық және техникалық емес деп танылады. Сонымен қатар, көрнекіліктер ағылшын тілін оқытуда мұғалімге баға жетпес көмек көрсетеді.

Мектепте жүргізілетін ағылшын тілі атмосферасы болғандықтан, тек көрнекіліктер арқылы ғана объективті әлем модельдендіріледі. Көрнекіліктердің көмегімен мұғалім оқу процесінің мақсаттарына жету үшін объективті шындықты модельдейді. Сондықтан затты көрсеткеннен кейін оның аудармасын беру керек. Тілдік көрнекіліктер шет тілін оқытуда кеңінен қолданылуы керек.

Тілдік көрнекіліктерге мыналар жатады:

  1. Сөздің мағынасын сөйлем аясында түсіндіру.

  2. Сөздің мағынасын антонимдер, синонимдер арқылы түсіндіру.

  3. Сөздің мағынасын сөз жасау белгілері бойынша түсіндіру to build-builder-building.

  4. Сөздің мағынасын оның шет тілінде берілген анықтамасы бойынша түсіндіру: a book – is a collection of sheets of paper bound together.

Ең бірінші лексикалық дағдыларды қалыптастыруңа арналған сабақтар жөнінде айтатын болсақ, әрбір оқушы ағылшын тілі сабағы курсы аяқталған кезде 3000 сөз білуі тиіс.

Егер оқушы ағылшын тіліндегі бір сөзді кездестіріп оны таныса, бірақ мағынасын есіне түсіре алмаса немесе кейіннен есіне түссе, бұл оқушы сол сөзді біледі деп есептейміз бе? Әрине біледі, бірақ оқу үшін мұндай білім жеткіліксіз. Себебі, мәтінді оқып жатқан кезде,сөздің мағынасын түсініп оқып, әрі қарай жалғастыруы тиіс, сол сияқты сөйлеу кезінде де әрбір сөздің мағынасын есіне тез түсіріп, басқа сөзбен байланыстыруы тиіс.

Оқушылардың лингвистикадан білімін игеру негізінде жазбаша сауаттылықты қалыптастыру жаттығулар арқылы қалыптасады. Сондықтан әрбір шет тілі сөзін нақты игеру керек , яғни лексикалық дағдыны қалыптастыру керек



















Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Жұмабаева А.К. Шетел тілінде түсінуге үйрету/Қазақстан мектептеріндегі шет тілдері.-2007.-№6-47-48б.

  2. Қасымбаева С.С.Ағылшын тілінде жаңа технологияларды пайдалана отырып оқытудың тиімділігі//Қазақ тілі мен әдебиеті.-2008.-№10.-23-25.

  3. Қошқарбаев Т.Шет тілінен өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру.//Қазақстан мек тебі.-2002.-№3.

  4. Мамырбаева С.Шет тілі және оның үйретудің маңызы//Қазақстан мектептеріндегі шет тілдері.-2007.-№12.-4-6б.

  5. Мысекеева А.Б.Сөйлеу тілін дамытудың кейбір тәсілдері//Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы,№4(38),2011ж.

  6. Рысбаева Г. Ағылшын тілінде сөздік қорды арттырудың кейбір жолдары//Қазақстан мектебі.-№4.2006.

  7. Сатыбалдинова М.Шетел тілін оқытудың маңызы//Шетел тілін оқыту әдістемесі.-2007.-№3.

  8. Уасова Ш.Шет тілін үйретудің негіздері//Қазақстан мектептеріндегі шет тілдері.-2007.№10.-10-11б.



Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!