Материалдар / Орта мектептегі биология пәніндегі сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Орта мектептегі биология пәніндегі сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі кезде тәуелсіз еліміздің ертеңі–жастардың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті жас ұрпақ ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Жастарды қоғамның жан-жақты жетілген белсенді азаматтары етіп тәрбиелеу үшін биология пәні бойынша сыныпта өтілетін бағдарлама материалдарын қазіргі өмір талабына сай оқытумен қатар, оқытудың білім беру, тәрбиелік және одан әрі дамыту міндеттерін жүзеге асыруда сыныптан тыс жұмыстардың сапасын жақсартып, рөлін арттыра түсу көзделеді. Оқу жоспарынан тыс, оқушылардың қалауы бойынша ұйымдастырылатын оқу-тәрбие жұмысын сыныптын тыс жұмыстар деп атайды
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Ақпан 2024
70
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады






Жоспары

І. Кіріспе

1. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың маңызы мен мақсаты

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Орта мектептегі биология пәніндегі сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру

2.2. Биология пәнінен ұйымдастырылған сыныптан тыс жұмыстардың түрлері

ІІІ. Қорытынды.

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер.








































Қазіргі кезде тәуелсіз еліміздің ертеңі–жастардың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті жас ұрпақ ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Жастарды қоғамның жан-жақты жетілген белсенді азаматтары етіп тәрбиелеу үшін биология пәні бойынша сыныпта өтілетін бағдарлама материалдарын қазіргі өмір талабына сай оқытумен қатар, оқытудың білім беру, тәрбиелік және одан әрі дамыту міндеттерін жүзеге асыруда сыныптан тыс жұмыстардың сапасын жақсартып, рөлін арттыра түсу көзделеді. Оқу жоспарынан тыс, оқушылардың қалауы бойынша ұйымдастырылатын оқу-тәрбие жұмысын сыныптын тыс жұмыстар деп атайды. Дегенмен , оқушылардың бос уақыттарында білімін дамытуға байланысты жұмыстары әр түрлі мағынадағы терминдермен аталып жүр. Біз баспасөзден «сабақтан тыс» , «мектептен тыс » , «сыныптан тыс» деген термин сөздерді жиі естиміз. Бұл терминдердің кейбір ұқсастық жақтарымен қатар, бірінен - бірінің елеулі айырмашылықтары да бар.

Сыныптан тыс жұмыстар белгілі бір мақсатқа сай жүйелі де нәтижелі болуы керек. Оқу-тәрбие барысында сабақ пен сыныптан тыс жұмыстардың өзара байланыстылығын жетілдіру; мұнымен бірге оқушылардың білімге, жеке пәнге деген құштарлығын дамыту, сондай-ақ оларды қоғамдық пайдалы еңбекке неғұрлым белсенді қатыстырып, белгілі бір кәсіптік мамандықты игеруге әзірлеу мұғалімдердің негізгі міндеті. Сондай - ақ мұғалімнің оқу материалын түсінікті етіп, әсіресе баяндауы, тәжірибелерді шеберлікпен көрнекі көрсетіп, сабаққа танымдық арттырып, қиялын қозғауға әсер етеді. Мұғалім сыныптан тыс жұмыстарды жеке оқушыға ғана әсер ететіндей емес, көпшілік оқушыларды қызықтыратындай етіп ұйымдастыруы тиіс.

Оқушылар шығармашылығын дамытуда сыныптан тыс жұмыстар үлкен рөл атқарады. Ол үшін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ең тиімді деген түрлері мен әдістерін іріктеп ала білудің маңызы зор. Оқушылардың пәнге деген ықыласы артып, қызыға бастаса, онда пәнді меңгеруге деген құштарлық тереңдей түседі. Қазіргі кезеңде сабақтың мазмұны мен оны түсіндірудің негізгі әдістері оқушылардың өз беттерінше танымдық іс - әрекеттерін дамытатындай, әрбір нақты материалды жүйелі меңгертетіндей етіліп құрылғаны жөн. Осы мәселелердің бәрі оқушылардың жас ерекшеліктерін білуді қажет етеді. Оқушылардың сабақтан бос уақытын пайдалы істерге жұмсауда балалар қайткенде бір нәрсемен шұғылданса болды деген негізде құруға болмайды. Бұл істе кездейсоқтыққа, жоспарсыздыққа, немқұрайлыққа жол бермеген жөн. Бос уақыт ұғымы-күрделі сағат. Бұл уақыт (оқушылар үшін шынында бос болғанымен ) әрқашан мектептің, мектептен тыс мекемелердің бақылауындағы уақыт.

Балалардың бос уақытын қалай ұйымдастыру керек? Оларды қайткенде пәнге қызықтырып, бос уақыттарын пайдалы іспен үйлестіруге болады. Бұл мәселе бүгінде педагогтарды көп толғантып жүр. Оқушылардың пәнге қызығушылығын оқу бағдарламасы шеңберінде қанағаттандыру мүмкін емес, сондықтан да сыныптан тыс әр түрлі ақпараттық жұмыстар жүргізіледі. Мұндай ақпараттық жұмыстар білім сапасын арттыруға септігін тигізіп, кәсіптік бағдар беріп, мамандықты еркін таңдауға көмектеседі.

Бұдан шығатын қорытынды, яғни сыныптан тыс жүргізілетін пәндік жұмыстардың негізгі мақсаты-әр түрлі үйірмелермен қамтылған оқушылардың қоғамдық және шығармашылық белсенділігін көтермелеу. Оқушы өз күші жететін іспен айналысса ғана оның үйірмедегі не бірлестіктегі ісі жемісті болады. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырушылар түрлі үйірмелердің, клубтардың жұмысына оқушылардың жаппай қатысуына көңіл бөлгендері абзал. Биологиядан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың ықыласы мен қабілетін арттырып қана қоймай, мектептегі оқу - тәрбие жұмысын жоғары деңгейге көтеруге көмектесуі тиіс. Ең бастысы оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарға, пәнге деген қызығушылығы мен жауапкершілігі артып,алған білімдерін біріне-бірі үйрететін дәрежеде болады. Сыныптан тыс жұмыстар мынадай түрлерге бөлінеді: жекелеген оқушылармен жүргізілетін жеке - дара, топтық, көпшілік жұмыстар. Мектептен тыс жұмыстар сабақтан бос уақытта оқушылар сарайында, жас натуралистер стансасында, институт зертханалаларында, аудандық, қалалық метептен тыс мекемелерде, зауыт, фабрикаларда, агрохимиялық зертханаларда өткізіледі. Бұған да мектеп мұғалімі басшылық жасайды, оның арнаулы бағдарламасы болады. Орта мектептердегі сыныптан тыс жұмыстар сабаққа байланысты мұғалімнің тапсырмасы бойынша бүкіл бір сыныптың оқушылары орындайтын сабақтан тыс жұмыстар. Бұлар күнделікті сабақпен, зертханалық және сарамандық жұмыстармен және түрлі танымдық ойындарда жатады. Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың ықыласы мен қабілетін арттырып қана қоймай, мектептегі оқу - тәрбие жұмысын жоғары деңгейге көтеруге көмектеседі. .

Қазіргі таңда жалпы орта мектептерінде сыныптан тыс жұмыстарды пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға септігін тигізері анық. Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден–бір жолы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру. Білім беруді жаңарту оқушы білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын, атап айтқанда функционалдық сауаттылығын қалыптастырады.

Функционалдық сауаттылық – мектепте алған білімдерін, іскерлік дағдыларын, адами іс әрекеттердің әр түрлі салаларында сондай-ақ тұлға аралық қарым-қатынастарды өмірлік міндеттерін шешу үшін пайдалану болып табылады.

Функционалдық сауаттылықтың негізгі міндеті – мұғалім баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін, шығармашылық тұрғыда ойлауын қалыптастырып және  баланың өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.

Функционалдық сауаттылық дегеніміз — адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарай ілесіп отыруы, адамның мамандығын әрдайым жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады, яғни оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі Ұлттық жоспардың қабылдануы- оқыту әдіснамасы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту болып табылады.Соның бірі — функционалдық сауаттылықты  дамыту оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Сондай-ақ оқушының жеке тұлға  және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі басты назарға алынады. Оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас түбегейлі өзгерісті керек етеді, яғни дәстүрлі оқулардағы оқытушы мен шәкірт арасындағы көп жағдайлар оқушы көңілін қанаттандыра бермейтін қалыптасқан заңдылықтар ұстаз бен шәкірт арасындағы серіктестік қарым-қатынасқа ауысады. Оқушыға қалай оқу керектігін үйрету, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни ойлай алатын , пікір көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыру. Сыныптан тыс жұмыстардың бір түрі -биология пәніне көбірек қызығатын оқушылармен жүргізілетін жеке-дара жұмыстар. Бұларға теориялық немесе сарамандық жұмыстарды орындауға байланысты тапсырмалар, ғылыми баяндамалар, рефераттар даярлау, кабинетті жабдықтауға қажетті құралдар мен көрнекіліктер әзірлеу, талдауға, синтездеуге байланысты зерттеулер, олимпиадалық есептерді шығаруға дайындық, жарыс кештеріне даярлану, т.б. жатады. Оқушылар ұжымы бір тақырып не бір жоспар бойынша екі - үш адамнан құралған шағын топқа біріктіріліп, бөлініп жұмыс жасайды.

Мұнда да оқушылар сарамандық жұмыстарды бірлесіп орындап, есептерді бірлесіп шешеді, стендтер әзірлейді, көрме ұйымдастырады, конкурстық немесе олимпиадалық есептерді шешеді. Шағын топтағы оқушылар монтаждар мен КВН, Ойлап –тап жарыстарына әзірленеді, қызықты тәжірибелерді көрсетуге дайындалады. Топтық жұмыстардың негізгі түрі - биологиялық үйірме. Үйірме жұмысын ұйымдастыру міндеттерінің бірі – оқушыларға еріктілік беріп, олардың ынтасын көтермелеп отыру, жоспар құруда олардың талап-тілектерін ескеру. Үйірменің факультатив сабақтарға қарағанда уақыт жағынан да, бағдарлама жасау жағынан да елеулі айырмашылығы бар. Ол оқушылардың жеке тілектерін қанағаттандырып, қоғамдық пайдалы жұмыстарға кеңірек тарту мақсатын көздейді. .

Педагогикада окушыларға тәрбие берудегі ойынның рөлі мен маңызын аса жоғары бағалайды. Балалар үшін ойын дегеніміз өмір, еңбек және өзара бір-бірімен араласу құралы. Ойын әрбір пәннің тәрбие жұмысындағы ерекше білім бөлігі болуға тиіс, сонымен қатар онда көпшілік қатысатын ойындарға ерекше көңіл бөлінуі керек. Окушылардың бос уақытын мазмұндырақ етіп пайдалануға танымдық ойындарды таңдап алудың мәні өте зор.Танымдық ойындардың маңызы кейде басқарушыға тікелей байланысты. Басқарушы танымдық ойынға өзімен жақын араласы жоқ окушыларды тартып, оларды ойынға дұрыс қатысуын, ойын ережесін мүлтіксіз сакталуын аныктайтындай жағдай жасай білуі тиіс. Танымдық ойындарды оқушыларға қызықтырытындай етіп насихаттау керек. Сонда ғана танымдық ойындар оқушылардың белсенді іс-әрекетіне айналып, дүниені танып-білу құралы бола алады. Химиялық танымдық ойындар сабақтан және кластан тыс көпшілік окушылар катысатын жұмыстардың бір түрі. Ойын деген сөздің өз мағынасын алсақ, тек еріккен, еңбексіз жандарға ермек сияқты елестейді. Ал шын мәнінде дүние танымдық, білімдік мәні . Дұрыс ұйымдастырылған танымдық мәні бар биологиялық ойындар – биологиялық білімді оқушыларға саналылықпен жеткізудің бір түрі, бірақ әлі толық зерттеліп шешілген, педагогикалық әдебиеттерде әлі де болса өзіне тән орын таппай келе жаткан мәселелердің бірі. Жалпы пәндік ойындар - әлі де зерттей озық- педагогтар: ұйымшылдық дағдыларын қалыптастыруда баланың өз еркімен ойнауының қандай рөл атқаратыны туралы мәселе педагогикалық әдебиетте жеткілікті түрде көрсетілген, ал шындығында бұл – манызды мәселе деп көрсетті. Биологиялық танымдық ойындар ойнау үшін ерекше жағдай керек емес, оларды биология кабинетінде, клуб фойесінде, таза ауада, спорт залында тағы осындай жерлерде өткізуге болады. Биологиялық ойындар екі-екіден оданда көбірек ұжымды болып жүргізілсе, соғұрлым қызықты болып, жаппай сипат алады. Ол ойынның түріне қарай топталады.Ұжымда ойнаушылар кейбір ойында уақытша біріне-бірі карсы екі топқа бөлінеді, бұл топтар бірін-бірі женуді мақсат етеді, ол-ойынның қызықтылығын арттыра түседі. Биологиялық танымдық ойындардың бірнеше түрі бар, оларға:тізбексөз, өрмесөз, шарадалар, анаграмма, биологиялық лото, суретсөз, ойлап тап жұмбақ ойындары, т.б. Бұл ойындарды оқушылар ойнай білу үшін, оларды құрастырудың және шешудің әдістерін білу керек, оны жақсы менгермейінше шеше де алмайды. Сондықтан мұғалім алғаш оқушыларға осы ойындарды құрастырудың және шешудің әдістерін үйретеді.

Мен қәзіргі таңда жаратылыстану және биология пәндерінен сабақ жүргіземін. Мен сабақтан тыс уақытта оқушыларыммен танымдық ойындар, биологиялық кештер, зертханалық жұмыстармен модельдеу жұмыстарын бірге ұйымдастырамыз. Осы орайда оқушылармен жасалған жұмыстардың біразын баяндап өтсем.

«Квест» ойыны балаларға коммуникативтік дағдыларын, физикалық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ достық пен топтық бірлікке деген сезімді  оятады. КВЕСТ –ағылшын тілінен аударғанда ( іздеу, табу деген мағынан*9999999999*+-ы білдіреді). Ойын барасында бірнеше міндеттер шешіледі. Баланың ойлау, танымдық, шығармашылық қабілеттерін, бірлесе әрекет ету іс-қимылдарын, тілдерді үйренуге деген қызығушылығы,ұйымшылдыққа, тапсырмалардың шешімін оңай және жылдам шешуге,топта жұмыс жасауға, өзіндік пікір қалыптастыруға жетелеуге. Сонымен қатар, ойын барысында әртүрлі әдіс-тәсілдерді, тапсырмаларды қолдануға болады. КВЕСТ ойынының ұйымдастыруда алдына белгіленген бір нақты мақсат қойылады, яғни (кейіпкерді құтқару, қазына табу, картамен жұмыс т.б.) Көмекшінің көмегіне жүгінуге болады. Мен биология пәні бойынша 10 «А» сынып оқушыларымен сабақтан тыс уақытта квест ойынын ұйымдастырдым. Мақсаты: ұялы телефон көмегімен берілген сұрақтарға жауап беру және түрлі есептерді шығару арқылы биология кабинетінен шығу. Түрлі тапсырмалар берілді нәтижесінде оқушылар белсене қатысып, таным белсенділіктері артты. Оқушылар ойын барысында өздерін еркін ұстап, ойларн толық жеткізе алды. Менің бір көз жеткізген нәрсем сабақ барысында сабақ айтуға қысылатын оқушыларым, ойын барысында өздерін еркін ұстауы және ойларын жеткізе алуы таң қалдырды. .

«Ауаның ластануының жаһандық мәселелері» сабағы 11 сыныпта биология сабағында қорытынды сабақтардың бірі ретінде өткізіледі. Оқушылар бөлімдерге бөлінген, әр бөлім белгілі бір ластану мәселесі бойынша ақпарат дайындайды. Бөлімдегі оқушылар тапсырмаларды өздері таратады: кім хабарлама дайындайды, мәселені шешеді немесе эксперимент жүргізеді. Бұл ұжымшылдықтың күшеюіне, топта өзара көмекке ықпал етеді.

Сабақ - рөлдік ойын. 7 сынып оқушыларымен «Жүйке жүйесінің бұзылуы және олардың алдын алу». Бұл сабақ барысында рөлдер оқушыларға беріледі (генетик, инфекционист, нарколог, әлеуметтанушы, эколог, невропатолог, лаборант). Балалар спектакль дайындайды, онда алкогольдің, никотиннің, есірткінің, жүйке жүйесіне стресстің зиянды әсері көрсетіледі. Оқушылар салауатты өмір салты, жүйке жүйесі ауруларының себептері мен олардың алдын алу туралы түсініктерін тереңдетеді. Зерттелген сұрақтардың иллюстрациясы зертханалық эксперименттерді көрсету; мектеп оқушыларын тестілеу; кестелер мен графиктер.




Қорытынды




ХХІ ғасыр –бәсекелестік ғасыры. Демек, әлемдік бәсекелестіктің жылдам дамуына ілесе алатындай білімді де тапқыр, дара тұлғаның тағдыры ұстаздар қауымына аманат етіп тапсырылып отырғаны анық. Бүгінгі мектептің басты міндеті-өзіндік ой-көзқарасын ашық айта алатын, өмірге бейім тұлға қалыптастыру болса, оған мұғалім мен оқушының бір-біріне деген сүйіспеншілігі,оны тұлға ретінде бағалауы баланың адамдық қасиеттерінің дамуына басты кепіл болуды көздейді. Ойын еркін айтатын, сын тұрғысынан ойлауға бейім,интеллект қабілеті дамыған, өмірде өз орнын таба алатын жеке тұлғаны қалыптастыру мектеп мұғалімдері үшін жауапты іс деп ойлаймын.       Әр мұғалімнің мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіу, оқушылардың пәнге қызығуын арттыру, ізденуін, таным деңгейін көтеру, осыған байланысты мектеп өміріндегі өзекті мәселелердің бірі сыныптан тыс жұмыстарды жүргізудің тиімдігін артырып үлес қостым. Бірнеше әдістер арқылы сыныптан тыс жұмыстардың мәнін аша білу, оқушылардың пәнге қызығушылығын артырды.











ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.Большой  энциклопедический  словарь  —  2-е  изд.,  перераб.  и  доп.  —  М.:  «Большая  Российская  энциклопедия»;  СПб.:  «Норинт»,  2001. 

2. Қайым Қ. Жануартанудан танымдық ойындар.-Алматы, 1995.

.3. Жикалкина Т.К. Биологиядан ойындар мен қызықты тапсырмалар. – Алматы: Рауан, 2007. – 64 б.

4. Обаев С.Н. Биологияны оқыту әдістемесі (жалпы бөлім) / С.Н. Обаев, А.Кисымова. – Алматы:Абай атындағы ҚазҰПУ баспаханасы,2010. - 80 б.




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!