Материалдар / Ортағасырлық батысеуропалық философия
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ортағасырлық батысеуропалық философия

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Орта ғасырдағы Батыс Еуропа 2.Апологетика ілімі 3. Патристикалық ілімі 4.Схоластикалық кезең
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Философия пәнінен «Ортағасырлық батысеуропалық философия» тақырыбына ашық сабақ


Жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі (5 минут)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (25 минут)

Тақырыбы: Антика философиясы

Жоспар:

  1. Антикалық философияның қалыптасуы мен өзіндік сипаты.

  2. Сократқа дейінгі философиялық кезең – Милет мектебі, Гераклит, Атомистік мектеп, Элей мектебі.

  3. Софистер және Сократ ілімі, Платонның объективті

  4. идеализміАристотел философиялық ілімі.

  5. Эллинистік дәуір философиясы.

1 -тапсырма.

2 -тапсырма.


ІІІ. Жаңа сабақ (30 минут)

Тақырыбы: Ортағасырлық батысеуропалық философия

Жоспар:

1. Орта ғасырдағы Батыс Еуропа

2.Апологетика ілімі

3. Патристикалық ілімі

4.Схоластикалық кезең

ІV. Бекіту (20 минут)


1- тапсырма:

2- тапсырма:

3- тапсырма:



V.Бағалау (5 минут)


VІ.Үйге тапсырма беру (3 минут)


VІІ.Пайдаланған әдебиеттер (2 минут)






Сабақтың тақырыбы: Ортағасырлық батысеуропалық философия


Сабақтың мақсаты: Ортағасырлық батысеуропалық философия


1. Білімділік: Мінез-құлық этикасымен эстетикасы туралы түсінік  беру, 

оның  ерекшеліктерін  ұғындыру,  мінез-құлықтың   психикалық 

қасиеттермен  байланысын  түсіндіру.


2.Дамытушылық: Оқушыларда темпераментке байланысты дұрыс көзқарастарын қалыптастыра отырып, жан-жақты және үйлесімді етіп дамыту.

3.Тәрбиелік: Оқушыларға мінез-құлық және оның түрлерін түсіндіре отырып, өз мінездерін дұрыс анықтай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, плакат, стикер, бейнежазба, смайликтер

Сабақтың түрі: Теориялық

Сабақтың әдісі: түсіндіру, слайд қолдану, сұрақ-жауап, Ой қозғау, Ой

сергіту

Пәнаралық байланыс: Тарих , философия

Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сәлемдесу

2.Оқушыларды түгелдеп, журналға белгі соғу

3.Оқу құралдарын реттеу

4.Жаңа сабаққа зейінін аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Shape1 Shape2

Тақырыбы: Христиан және ислам өркениеті

Жоспар:

  1. Христиан өркениетінің тарихы мен дінінің маңыздылығы

2.Ислам өркениетінің түсінігі және діннің ерекшелігі

1-тапсырма: Хаттар сыры (айырмашылықтары)

(Хатта жасырылған сөздердің айырмашылығымен ұқсастығын айтады)

1. Дін және мәдениет

-Мәдениет – ішкі күйдің сыртқы суретті бедері, ол шектеулі адамның қолынан шыққан, жасалған 

- Дін –  рухани өмірдің кілті, ол реттеуші күшке ие, дін – Аллаһ Тағаладан. мәдениет – адамнан.

2. Құран және інжіл

-Інжіл-Христиандықтың (Исауиліктің) киелі кітабы

-Ислам дінінің негізгікиелі кітабы

3. Дәстүр және сенім-наным

- сенім-наным дүниеге көзқарастың құрамдас бөлігі.

-дәстүр әлеуметтік-мәдени мұраның ұзақ уақыт бойына адамдар атадан балаға қалдыратын әдетке айналған құндылықтар жүйесі

4. Христиан және ислам

- Христиан ең көп таралған дін

-Ислам бейбітшілік діні

5. Пасха және айт

-Пасхы- христиан дінінің ежелгі әрі ең маңызды мейрамы. Бұл күні православ сеніміндегілер шіркеуге барып, туған-туыстары мен жақындары үшін құдайға сыйынады.

-Айт- мұсылмандардың ұлы мейрамы. Екі айт мерекесі бар-құрбан айт және ораза айт.

6. Политеизм мен монотеизм

-политеизм –көп құдайға сенушілер

-монотеизм-бір құдайға сенушілер

2 -тапсырма. Христиан, Ислам дінін ұстанатын мемлекеттерді топтастыру

1-Христиан

-2,2 млрд адам ұстанады. Германия, Франция, Испания, Аустрия, Италия Чехия, Словакия

2-Ислам

-1,62 млрд адам, әлем жұртының 23 пайыз құрайды Ауғанстан, Алжир, Әзірбайжан, Бангладеш Комор аралдары, Мысыр, Иран, Ирак, Қазақста

Shape3

ІІІ.Жаңа сабақ:

1. Адамның мінез-құлық ерекшеліктері. (бейне баян)

2. Сыртқы келбет және мінез-құлық

3. Қоғамдық орындардағы мінез-құлық

4. Жеке өмірдегі өзара қарым-қатынас

«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің

бәрі де – ақымақшылық.»

А.Құнанбаев

2.Сыртқы келбет және мінез-құлық

Мінез – саналы өмір жүйесінде нәзік болмыспен қабаттас дарыған, адамның табиғи қалпы, сыр-сипат, іс-әрекет, бет-бағдар ерекшеліктерінің психологиялық жиынтығы. Көркем мінез – адамның эстетикалық-этикалық сәні мен мәні. Бұл ретте әдептілікті, ұяттылықты, намыстылықты және маңғаздықты ерекше атаған жөн.

Кез келген адамды бір көргенде-ақ оның көзі, қасы, беті, құлақ-мұрны, аузы-мойны, дене бітімі саған әр қилы әсер етеді. Онымен танысып, әңгімелесіп, араласып кетпей тұрып-ақ ол қандай адам, сол жөнінде өзіндік пікір де қалыптастырып үлгіресің. Бұл адамды адамның сыртқы келбеті арқылы-ақ танып, білу қасиеті. Содан, әлдекімді бір көргенде-ақ «Әлем-жәлем киінуді ұнататын сәнқойсымақ екен», «Күлкісі қандай жасанды», «Түрі қандай тұрпайы, өзі арсыз жан шығар», - деп те жатамыз. Әйтеуір, адамның сыртқы келбеті не сүйсіндіреді, не одан жиіркендіреді, тіпті, таң-тамаша да қалдырады.

Сыртқы келбет (түр) дегеніміз не?

Shape4 Shape5

Адамның сыртқы келбетіне кіретін дене, заттар, жаратылыс: киім, фигура (латын сөзі, аударғанда: «сыртқы түр» деген мағынаны білдіреді), келбет, бет-әлпетінің өзгерісі, дене құрылысы, бойы, салмағы, мүсіні.           

Адамның қадір-қасиеті, көпшілік жағдайда, мінез-құлқына қарай бағаланады. Талай-тағдырға да оңды-солды әсер етеді. Келісті мінез өмір кеңістігінің төріне шығарады, теріскейлігі қазан-ошақ басынан асырмайды. Демек, мінезді еркінсітпей, әманда, ақылға жүгіндіру қажет.

Әбден қалыптасқан және өмір қалпына үйлесімділік тапқан мінез-құлық «адамның екінші табиғаты – әдетке» айналады. Ол, жинақтап айтқанда, күнделікті тіршіліктегі жөн-жосық, жол-жоралғы. Тұрмыстық қағидалы дағды. Үйреншікті тәртіп. Ұлттық негізді тәлім-тәрбие тәжірибелері.

«Келбеті мен мінезі жақсы адам тозақ отына жанбайды» - деген  қазақ халқының иманды сөзін есімізде ұстағанымыз жөн.

3.Қоғамдық орындардағы мінез-құлық

Бұл өмірде адамдардың жан-дүниесін танып-білудің, әрқайсының сана-сезімімен санаса келіп, олардың жеке-дара өзгешеліктерін түсіне білудің маңызы айрықша. Ол әрине, өзара қарым-қатынас жасау, сыйласу барысында анықталатын қасиеттер. Тек есте болатын бір жағдай, жеке адамның әртүрлі ерекшеліктерінің дамып, қалыптасуы оның өзі өмір сүріп отырған ортасына, ондағы қоғамдық қатынастарға (экономикалық, саяси) тәуелді. Өмірдің бір орында тұрмайтыны белгілі. Адамның айналасындағы жағдайлар үнемі өзгеріп отыратындықтан, оның әртүрлі психикалық өзгешеліктері де біртіндеп өзгеріске түседі. Соған қарамастан, адам тану бойынша зерттеу жүргізушілер адамның сыртқы кескін-келбеті, жүріс-тұрысы, сөйлесу, сәлемдесу әдебі, ұйықтау, отыру мәнері арқылы-ақ оның қандай мінезді, ақыл-парасатының, ерік күшінің, белсенділігінің қаншалықты екенін аңғаруға болады деп есептейді. Бәрі мүмкін.

Адам тану-даналықтың қайнар көзі. Ағат айтқан бір сөзі, жаңсақ басқан бір қадамы, өтініш, тілегіңді кешеуілдетуі – асығыс шешім қабылдауға, ол кісі туралы теріс пікірде болуға негіз емес. Өйткені, оның әртүрлі себебі бар болуы мүмкін. Ал адамдардың кейбірі сылтау, себеп айтуға ұялады, тіпті арланады да. Осы есіңізде болсын.

Жүсіп Баласағұни айтқан екен: «Кісі танымақ болсаң, ісіне қара», - деп. Адамның уәдесінде тұра білуі, өзгеге жақсылық жасауы, малға да, жанға да мейірімді болуы, жомарттығы, кеңпейілділігі, қарапайым, мәдениеттілігі, еңбекқорлығы оның қандай адам екенін айтқызбай-ақ танытады, өскен ортасы мен алған тәлім-тәрбиесінен де мол мағлұмат береді. Ал мұның сыртында адамның киген киімі мен үйінің тазалығы, ұстаған құрал-жабдықтарының, көлігінің жағдайы, қатысатын ойын-сауығы, әуес әдет-ғұрыптары да оның жан-дүниесінің айнасы.

4. Жеке өмірдегі өзара қарым-қатынас

Қарым-қатынас – бұл əлеуметтік-психологиялық құбылыс, ол адам өміріндегі көптеген рухани жəне материалдық құндылықтарды қамти отырып, оның өміріндегі ең жоғары қажеттіліктердің бірі. Дегенмен, бір қарағанда қарым-қатынас ұғымы баршаға танымал жəне қандай да мағыналы қиындықтармен байланысты емес көрінеді. «Қарым-қатынас» сөзімен біз кəсіби, жеке, шығармашылық жəне тағы басқа жалпы қызығушылықтардың төңірегінде пайда болған қарапайым түсініктерді, яғни адамдардың бірбірімен байланысын жəне қатынастарын; таныс немесе бейтаныс адамдармен кездесулерін; жеке қатынастарын түсіндіруге тырысамыз. Адам қоғамда, өзін қоршаған адамдар тобында өмір сүреді жəне дамиды, оның талаптарына сай өз пікірі мен мінез-құлқын өзгертеді, топтың өзге қатынасушыларымен бірлескен іс-əрекет ықпалымен түрлі сезімдерді бастан кешеді. Алайда мұның барлығы өзге адамдармен ақпарат жəне толғаныс алмасудан ғана болады, оларды жақсы тани отырып, біздің əрқайсысымыз қалай да болса қатынасқа түсеміз.

Қарым-қатынас психологиясы адамдардың бірлескен іс-əрекеттегі бірін-бірі қабылдауы жəне түсінуі; еліктеуі, иландыруы мен сенімі; ұйымшылдық пен қақтығысқа түсушілігі; бірігіп əрекет ету мен тұлғааралық қатынастар сияқты құбылыстарды зерттейтін сала. Бұл психологиялық құбылыстардың алуан түрлі болуына қарамастан, олардың пайда болуының негізгі көзі – адамдар арасындағы қатынас аймағы.

Қарым-қатынас мəселесінің концептуалды негіздері туралы кеңес ғалымдары В.М. Бехтерев, Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев, Б.Г. Ананьев, М.М. Бахтина, В.Н. Мясищева жəне т.б. қарым-қатынасты адамның психикалық дамуының, əлеуметтенуі жəне индивидуализациялануының, тұлға қалыптасуының маңызды шарты ретінде қарастырды.

Психологтар үшін адамның жоғарғы психологиялық функциясында сөздің рөлі – оның ойлаумен, санасымен, есте сақтауымен, эмоциясымен жəне т.б. қарым-қатынасы өте қызықты болып табылады, мұнда оның жеке тұлға мен шығармашылық құрылысының ерекшелігі өте маңызды.

Сонымен, қарым-қатынас – негізгі психологиялық категориялардың бірі. Адам басқа адамдармен қарым-қатынас жəне өзара əрекеттесу нəтижесінде тұлға болып қалыптасады.


ІV. Бекіту:

1-тапсырма :«Білген сайын келеді біле бергім.» атты ойынында мақалдардың жалғасын табу

1. Жақсы –ай мен күндей, (әлемге бірдей)

2. Арыстан асқынса-айға шабады, ( ақымақ асқынса –анасын сабар)

3.Балаң жақсы болса, сүйеніш, (жаман бала күйініш)

4. Ағаштан ағаш сәнін алады, (адамнан адам тәлім алады)

5. Әрқашан тілектес, (досыңа көмектес)

6.Татулық- ,(достық кепілі)

7.Атаңа не қылсаң, (алдыңа сол келеді)

8.Әдепсіз өскен адамнан, (тәртіппен өскен тал жақсы)

9.Ұяда не көрсең, ( ұшқанда соны ілесің)

10.Ашу – дұшпан , (ақыл –дос)

2-тапсырма: «Тазалық» ойыны

Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған:
1. Чемодан(суреті)
2. қоқыс жәшігі (суреті)
3. Еттартқыш (Суреті)
— Құрметті студенттер, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар).Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)

3-тапсырма. Мұғалімнің сыйы. «Жақсылық пен жамандық туралы әңгіме»

Мәтінге берілген пікір алмасу сұрақтары:

-          Өмірде жақсылыққа қалай қол жеткізуге болады?

-          Түстер нені білдіреді?

Құндылыққа берілген сұрақтар:

-          Өздеріңнің бейтаныс адамдарға қарым-қатынастарың қандай?

-          Бұл сынақтан қандай сабақ алуға болады?

Өздеріңнің жеке пікірлеріңді айтыңдар.


V. Бағалау

Белсенді студенттерді бағалау


VІ.Үйге тапсырма беру:

Дейл Карнеги отбасылық өзара қарым-қатынас мәдениеті туралы мәлімет оқып келеміз


VІІ. Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ш. Нағымұлы. Мәдениеттану «Фолиант» баспасы. Астана-2010 ж.

2. Т.Ғабитов, Ж.Мүтәліпов, А.Құлсариева. Мәдениеттану. Алматы: 2007ж.

3. В. И. Тимошинов. Мәдениеттану. Алматы 2003 ж.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!