Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Орталық Қазақстан
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Уақыты: 18.01.18 |
Мұғалімнің аты-жөні: Кощжанова Ш |
|
Сынып: 6 Ә |
Қатысқан оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы |
Ерте темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан |
|
Сабақтың мақсаты |
Адамның темірді ойлап тауып, одан құрал жасаған кезеңі – темір дәуірімен танысқандарын еске түсіріп, осы дәуірдегі Орталық Қазақстан аймағының Сарыарқа деп аталу себебін, орналасқан аймағын картадан көрсету, оның табиғаты, қола дәуірінен бастап, ең бір өркендеген мәдениеттің орталығы болғандығын естеріне сала отырып, Тасмола мәдениеті, шаруашылығы, ерте темір дәуірінде осы аймақты мекендеген тайпалар туралы түсініктерін қалыптастыру. |
|
Күтілетін нәтижелер |
Оқушылар өз беттерімен білім алуға дағдыланады. Жаңа білімді иегереді. Ерте темір дәуіріндегі орталық Қазақстан мәдениеті туралы қажетті білім алып, оны тест жұмысы кезінде іске алады. |
|
Пәнаралық байланыстар |
География, музыка |
|
Сабақтың әдісі: |
СТО технологиясының стратегиялары, категориялық топтастыру, өзара оқыту, семантикалық карта. |
|
Сабақтың көрнекілігі: |
ҚР картасы, «Мұртты» оба, Сарыарқа даласы бейнеленген суреттер, сызбалар, слайдтар. |
|
Сабақ барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. |
І. Оқушылармен амандасу, назарын сабаққа аудару. Топқа бөлу: әр топтан 1 оқушы шығады (І Дарий, Томирис, Кир, Шырақ суреттері арқылы)
ІІ. 1. Тұлғаны таны (шыққан оқушы) 2. Суреттегі тапсырма ( сақ тайпаларының қайда орналасқанын көрсету), басқа топ мүшесі орындайды |
Сабаққа назарын аударады, топқа бөлінеді Картадан сақ тайпаларын тауып көрсетеді. Сұраққа жауап береді |
Білу Мағынаны тану |
Құрманғазы Сағырбайұлы деген кім? Оның қандай күйлерін білесіңдер? Құрманғазының «Сарыарқа» күйінен үзінді орындалады. Оқушылардан бұл қандай және кімнің күйі деген сұрақтар қойылып, жауап алынады. |
Оқушылар күйді тыңдап, кімнің күйі екенін анықтайды және жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды |
Түсіну Қызығушылығын ояту. Жаңа сабақ жоспарымен танысу. |
Бұл өлке ... Қазақстанның көпшілік жерін алып жатыр. Ол батыста Торғай үстіртімен, шығыста Сауыр-Тарбағатай тау жүйесімен, солтүстігінде Солтүстік Қазақ жазығымен, оңтүстік-батысында Тұран ойпатымен шектеседі. ... өлкесі негізінен мүжілген және тегістелген қыраттардан, ұсақ-шоқылы аласа таулардан тұрады. Орналасқан таулары: Қызыларай, Қарқаралы, Кент, Баянауыл, Шыңғыстау, Ұлытау, Көкшетау. (мұғалім түсіндірмесі) Бұл –Сарырқа өлкесі. Сонымен, Қазақстанның қай аймағында орналасқан екен? Содан соң тақтаға бүгінгі сабақтың тақырыбы жазылып, жоспарымен танысады. 1. Сарыарқа – ұлы дала. 2. Сарыарқаның тұрғындары. 3. Шаруашылығы. 4. Ерте темір дәуірі ескерткіштері. |
Картамен жұмыс жасайды, танысады. Сабақ жоспарын дәптерге жазады |
Қолдану |
Әр топқа тақырып бөліп беріледі, оқушылар оқып танысады. Мәтінмен жұмыс жасайды |
Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырманы өздері талқылап , өз ой-пікірлерімен санаса білу Топпен жұмыс жасау |
Талдау Ойлан тап |
Әр топқа берілген тақырып бойынша тапсырмалар таратылады. Тапсырмаларды постерге орындау арқылы тақырыпты қорғап, таныстырады. |
Әр топ тапсырмаларды қорғайды. |
Жинақтау |
1. «Ия»-«Жоқ» ойыны: 1. Орталық Қазақстанның тарихи-географиялық ауданын Жетісу деп атайды. 2. Темір дәуірінде Орталық Қазақстанды Исседондар, Аргиппейлер, Аримаспылар мекендеген. 3. Көктемгі жайылым күзеу деп аталады. 4. Орталық Қазақстанның ескерткіштеріне «мұртты» обалар жатады. 5. Сарыарқаның ерте темір дәуірі ескерткіштері Андронов мәдениеті деген атпен белгілі. 2.Әр оқушыға семантикалық карта үлестіріліп, толтырылады. Тексеріліп, қателері болса түзетіліп, тағы толықтырылады. |
Берілген тапсырмаларды орындайды. Семантикалық картаны толтырып, қатемен жұмыс жасайды. |
Бағалау |
Бағалау шкаласы арқылы оқушыларды бағалау |
|
Рефлексия |
Сұрақтары бар қорап: оқушылар сабақтың соңында өз сұрақтарын немесе тілектерін қалдыра алады. Қойылған сұрақтар келесі сабақтың басында талқыланады. |
Оқушылар кері байланыс арқылы өздерінің сабақтан алған әсерлерін, ұсыныс, тілектерін жазады. |
Үйге тапсырма |
§34-35 оқу. «Сарыарқа – ұлы дала» атты шағын әңгіме жазып келу |
Үй тапсырмасына дайындалып келеді |
1 тапсырма. Сұрақ-жауап:
Қазақстанда шығыстан батысқа қарай бөліп жатқан аласа таулар желісі –
а. Сарыарқа в. Мұғалжар с. Маңғыстау
2 тапсырма. Сызбаны жалғастыр:
Орталық Қазақстан жерінде өркендеді
Қола дәуірінде Ерте темір дәуірінде
3 тапсырма. Сәйкестендір.
Шығыс Торғай ойпаты
Батыс Тарбағатай таулары
Солтүстік Аягөз, Қаратал, Жәмші, Мойынты, Сарысу, Сарыкеңгір өзендері
Оңтүстік Өлеңті, Сілеті, Есіл, Нұра, Құлантас өзендері
2. Сарыарқаның тұрғындары.
1 тапсырма. Сұрақ-жауап:
Орталық Қазақстандағы ежелгі тұрғындар туралы жазба мәліметтерді қалдырған –
а. Геродот в. Сыма Цянь с. Гумилев
2 тапсырма. Сәйкестендір.
Солтүстік-батыс Исседондар
Орталық Аргиппейлер
Шығыс Аримаспылар
3 тапсырма.
Сарыарқаның ерте темір дәуірі ескерткіштері: ... мәдениеті.
Ерте темір дәуірі ескерткіші Тасмола мәдениетінің табылған аудан:
Тасмола мәдениетін қалдырған тайпалар:
3. Шаруашылығы.
1 тапсырма. Сұрақ-жауап:
Жазғы мал жаю қанша уақытқа созылған?
а. 3-6 ай в. 5-8 ай с. 6-9 ай
2 тапсырма. Сызбаны жалғастыр:
Дала тұрғындары өсірген
3 тапсырма.
Көктемгі жайылым мен жазғы жайылымдардың бір-бірінен айырмашылығы?
4 тапсырма.
Көшпелілер қандай жұмыстарды ұжымдасып атқарды?
4. Ерте темір дәуірі ескерткіштері.
1 тапсырма. Сұрақ-жауап
Орталық Қазақстанның ерте темір дәуірінің ескерткіштері: ... обалар
Кейбір ғалымдардың пікірінше - ...
«Мұртты обалар» көп тараған аймақ: ... Қазақстан.
2 тапсырма.
107 беттегі А әрпі маңындағы суретті және мәтінді пайдаланып, «мұртты» обалардың бірінші түрін түсіндір.
107 беттегі Ә әрпі маңындағы суретті және мәтінді пайдаланып, «мұртты» обалардың екінші түрін түсіндір.
3 тапсырма.
107 беттегі Б әрпі маңындағы суретті және мәтінді пайдаланып, «мұртты» обалардың үшінші түрін түсіндір.
107 беттегі В әрпі маңындағы суретті және мәтінді пайдаланып, «мұртты» обалардың төртінші түрін түсіндір.
V. Қорытынды.
«Ия»-«Жоқ» ойыны:
1. Орталық Қазақстанның тарихи-географиялық ауданын Жетісу деп атайды.
2. Темір дәуірінде Орталық Қазақстанды Исседондар, Аргиппейлер, Аримаспылар мекендеген.
3. Көктемгі жайылым күзеу деп аталады.
4. Орталық Қазақстанның ескерткіштеріне «мұртты» обалар жатады.
5. Сарыарқаның ерте темір дәуірі ескерткіштері Андронов мәдениеті деген атпен белгілі. (бірдене таратып кою)
Әр оқушыға семантикалық карта үлестіріліп, толтырылады. Тексеріліп, қателері болса түзетіліп, тағы толықтырылады.
|
Исседондар |
Ұлы дала |
Аримаспылар |
Бағдаршам |
4 түрі бар, екі жерлеу орны |
«Мұртты» қорғандар |
Тасмола мәдениеті |
Екібастұз |
Аргиппейлер |
Орталық Қазақстан |
Сарыарқа |
|
+ |
|
|
|
|
|
|
|
|
Сарырқаның шығысында мекендеген тайпа |
|
|
+ |
|
|
|
|
|
|
|
Тасмола мәдениеті қай тайпадан шыққан? |
+ |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
«Мұртты» обалардың неше түрі бар, неше жерлеу орнынан тұрады? |
|
|
|
|
+ |
|
|
|
|
|
«Мұртты» обалар қандай рөл атқарған? |
|
|
|
+ |
|
|
|
|
|
|
«Мұртты обалар» көп тараған аймақ |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
+ |
Сарырқаның солтүстік-батысында мекендеген тайпа |
|
|
|
|
|
|
|
|
+ |
|
Сарыарқаның ерте темір дәуірі ескерткіштері: |
|
|
|
|
|
|
+ |
|
|
|
Орталық Қазақстанның ерте темір дәуірінің ескерткіштері: |
|
|
|
|
|
+ |
|
|
|
|
Тасмола мәдениеті табылған аудан |
|
|
|
|
|
|
|
+ |
|
|