Материалдар / Ортаңғы топ циклограмма
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ортаңғы топ циклограмма

Материал туралы қысқаша түсінік
Циклограмма
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қараша 2024
97
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбиелеу- білім беру процесінің циклограммасы


Білім беру ұйымы: №4 «Балдырған» бөбекжай-бақшасы

Топ: №4 «Құлыншақ» ортаңғы топ

Балалардың жасы: 3 жас

Жоспардың құрылу кезеңі: 25-29 қараша 2024 оқу жылы

Күн тәртібі

Дүйсенбі

25.11.2024

Сейсенбі

26.11.2024

Сәрсенбі

27.11.2024

Бейсенбі

28.11.2024

Жұма

29.11.2024

Балаларды қабылдау

Күй күмбірі -балаларды қабылдау барысында үнемі күй қою, Баланың бүгінгі көңіл күйі, оны не қызықтыратыны туралы сұрау, баланың жеке пікірін білдіруге баулу. Далада қандай ауа райы болып тұрғанын сұрау.

Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру.

Өнегелі 15 минут: -Балалардың ересектермен емін-еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру мобильді кітапханада жұмыс. Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру.

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Дербес ойын «Мозайка» Міндеті:Балалар мазайканың ұсақ бӛліктерін орналастыра алады.

Д/О: «Оң және сол»

Міндеті: үлкен және аз заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ойынның мазмұны: Бір баланы ортаға шақырып, оң қолына үлкен ойыншықты, сол қолына кішкентай ойыншықты ал деп тапсырма береді. Ойын осылай жалғаса береді.

Дидактикалық ойыны «Шаршы құрастыр» Міндеті: Балаларды бӛлшектерден бүтін бір зат құрастыруға үйрету.

Д/О: «Әдемі үйшік»

Міндеті: Балалар өз еріктерімен үйшікті құрастыра алады.

Д/О: «Теңін тап» Міндеті:Балалар екі бірдей заттарды таба алады.

Таңертеңгі жаттығу

Жаттығу №1

Бірінің артынан бірі жүріп, калоннаға тұру.

Шашыла жүгіру.

Шеңберге тәрбиеші көмегімен тұру.

Б.қ:Аяқ иық бойымен.

О: Қолды шынтақта бүгу. Алдыға-артқа «пойыз» тәрізді жүру. 4-5 рет.

Б.қ: Жерге тізені бүгіп, отыру.

О: Үйректер жүреді. 4-5 рет

Б.қ: Аяқ иық бойымен.

О: «Дөңгелектерді тексерейік» ейкейіп, тізеден саусақпен соғу. 4-5 рет

«Қояндар секіреді»

О: Екі аяқпен орында тұрып секіру. 4-5 рет

Терең дем алу.


Жаттығу №2

Ойын: «Маған қарай жүріңдер» топпен бір бағытта жүру.

Шашыла жүгіру-торғай сияқты ұшамыз. Шеңберге тұру- тәрбиеші көмегімен.

Б.қ:Түзу тұру,аяқ иық бойымен.

О: Қолды артқа қою. Тәрбиешінің: «Біздің қолымыз қайда?» деген сөзінен кейін, балалар қолдарын «міне» деп алдыға созады. 4-5 рет.

Б.қ: Түзу тұру, аяқ иық бойымен.

О:Қолды артқа қою, тәрбиешінің: «Біздің аяғымыз қайда?» деген сөзінен кейін, балалар аяқтарын «міне» деп көрсетеді. 4-5 рет

Б.қ:Аяқ түзу, иық бойымен, қол белде.

О: Отырып-тұру. 6-8 рет Аяқ ұшымен баяу жүгіру

Тәрбиешінің соңынан бөлме ішінде айналып жүру.

Тыныс алу жаттығуы

Жаттығу №3

Топпен тәрбиешінің соңынан жүру.

«Құстар ұшады» - жеңіл жүгіріс.

Шеңберге тәрбиеші көмегімен тұру.

Б.қ:Аяқ иық бойымен.

О: «Құстар ұшады» қолдарымен құс тәрізді ұшу. 4-5 рет.

Б.қ:Аяқ иық бойымен.

О: «Буратино» керілді. Қолды кезек-кезек созу. 4-5 рет

Б.қ: Түзу тұрып, аяқты иық бойымен қою, қолды арқаның артына тығу.

О: «Құстар су ішіп жатыр» ейкейіп, тізені саусақпен тоқылдату. 4-5 рет

Түзу тұрып, аяқты бірге ұстау

О: «Құстар секіреді», «құстар ұшады». 4-5 рет

Терең дем алу.

Таңғы кешен

Қара жорға - қазақ ұлттық би түрі.

Қара жорға – бiртұтас желiге құрылған, бiрнеше бөлiмнен тұратын, берiк композициялы, нағыз буын биi. Қара жорға – қазақы тұрмыстың, ұлттық болмыстың төл туындысы. Атап айтқанда, қазақ бұл бидi шаруадан қолы босаған кездерiнде тамашалайтын болған. Ол үшiн бiр қарулы мығым жiгiттi ортаға қара жорға ретiнде шығарып, атқа ұқсатып төрт аяқтатып тұрғызып қоятын. Сонан кейiн бидi жақсы билей алатын бiр бозбаланы ортаға шығарып, қол соғатын. Домбырашы дәстүрлi “Қара жорға” би әуенiн тарта бастағанда бишi атқа, яки қара жорғаға билей жүрiп жақындап, алдымен аттың кекiлiн, құлағын, жалын сипап барып ноқта, сонан соң жүген са­лу рәсiмiн жасайды. Бұдан кейiн арқасын, сауырын сипап жүрiп, атты ерттеуге кiрiседi. Мұ­ның бәрi би арқылы орындалады.


Жаттығу №4

Жүру: Бірінің артынан бірі жүру.

Шашыла жүгіру.

Шеңберге тұру.

Б.қ: «Тауықтар су ішеді»

О: Басты төмен, жоғары көтеріп, қозғалыс жасау.. 3-4 рет.

Б.қ: «Қояндар» қояндарша тұру, аяқ бірге.

О: Қоян сияқты орнында тұрып секіру. 3-4 рет

Б.қ: Тік тұру, аяқ иық бойымен, қолдары белдерінде.

О: Оңға және солға иілу. 3-4 рет

Б.қ: Тұру, аяқ иық бойымен қол белде

О:Белді оңға және белді айналдыру.

Терең тыныс алу



Таңғы ас

Үнемді тұтыну мақсаты: берілген асты толық ысырапсыз жеуге, өз орнына дұрыс отырып тамақтануға, тамақ ішкенде сөйлеспеуге, мәдениетті тамақтану және асхана құралдарын еркін қолдану дағдыларын жетілдіру.

Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық

Ойын: «Қуыршақты тамақтандыр».

Міндеті: Балалардың ойынға деген қызығушылығын арттыру.

Қимылды ойын:

«Аңдар жүрісі»

Міндеті: Балалар аңдардың жүрісін салып, санай алады.

Ойын: Суреттік боямалар «Кім,қайда өмір сүреді»

Міндеті: Балалар суретті таза бояп, туған жеріндегі жан жануарлардың мекендерімен таныса алады.

Ойын: «Ұшты - ұшты» Міндеті:Балаларды жылдамдыққа, байқампаздыққа тәрбиелеу.

Еркін ойындар.

Ойын: «Менің үйім» Міндеті: Түрлі түсті ағаштардын биік үй құрастыру.

Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған

іс-әрекет

9.30

Дене шынықтыру

Міндеті Домалату, лақтыру, қағып алу. Заттарды оң және сол қолмен қашықтыққа лақтыру (2,5-5 м қашықтық) жүгіруге дағдыландыру,

Қимылды ойын: «Аюдың апанында»

Міндеті: балалардың сөздік қорын дамыта отырып,қимыл-қозғалыс іскерліктерін жетілдіру. Ойын шарты :Бір бала бөлме ортасында орындыққа отырады.(аю)Қалған балалар бөлме ішінде ақырын жайлап басып,төмендегі өлең жолдарын қайталайды: Әне аюдың апаны,жатыр онда дәу аю. Жайлап басып барайық,саңырауқұлақ,бүлдіргенді, Білдіртпей біз алайық. Ұйықтап жатқан аюды,оятып біз алмайық. Соңғы өлең жолдарын айтқан кезде аю,оянып кетіп балаларды ұстау үшін қуады.


09:00 Музыка

Музыка тыңдау

Міндеті: Балаларды ән айтуға үйрету.Сөздерін жаттау,қайталау

Ән айту: «Ойыншықтар»


Ойын: «Мен және менің достарым»

Міндеті: Өзінің есімін,тегін атай білуге жаттықтыру.Адамдармен өзар түсініп,қарым қатынас жасай білуге үйрету.

9:00 Дене шынықтыру Дене шынықтыру Міндеті: төменнен екі қолмен көлденең нысанаға, оң және сол қолмен (1,5–2 метр қашықтықтан) допты кеуде тұсынан лақтыру.

Қимылды ойын: «Көлеңке»  Міндеті: балалардың қимыл-қозғалыс, ойлау қабілетін дамыту

Ойын шарты: Көлбең-көлбең көлеңкем, Көлбеңдеген көлеңкем. Аю қалай жүреді, Кім көрсете біледі? Айнұр шығып сен көрсет. Тәрбиеші балаларды кезектеп атап,ортаға шығарып түрлі жануарлардың жүрісін салып көрсетуді сұрайды.


Қазақ тілі

Тақырыбы: «Қалай дыбыстайды?»

Міндеті: жануарлардың дыбыстарын ажырата алады аңдармен (аю, қасқыр, қоян) және құстармен таныстыру.

Шарты: жануарлардың дыбыстарын тыңдатып, ненің дыбысы екененін тапқызу




Ойын: «Үй және қақпа»

«Міндеті: Балаларды құрылыс материалдарымен жұмыс жасауға, олардың түсін, пішінін, көлемін ажырата алуға дағдыландыру, құрылыс материалдарын кеңістікте орналастыра отырып көпір құрастыра білуге үйрету

Ойын: «Біреу және көп»

Міндеті: Заттардың түсі, көлемі, өлшемі бойынша әр текті байланыс орната білу және заттардың көлемін, түсін және пішінін білдіретін сөздерді түсінуг арқылы кеңістікті бағдарлауға үйрету, қағаз бетінде жұмыс істеуге жаттықтыру. «Біреу және көп» ұғымын ажырата алуға үйрету.



(танымдық, әлеуметтік, шығармашылық)

Қимылды ойын:

«Арқан тарту»

Міндеті: Балаларды ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, шымырлыққа тәрбиелеу. Ойын ережесін түсініп ойнауын және ойын ережесінің бұзылмауын ескеру. Аяқтың өкшесін алға қою. Аяқтың бақайларын қимылдату (отырып).

Шарты: Бұл екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады. Арқанның екі жағынан екі бала немесе екі топқа бөлінген балалар тартысады. Қай топ арқанды өз жағына тартып, алып, кетсе сол топ жеңіске жетеді.


Ойын: «Жаңбыр» Міндеті: балалармен бояулар мен, қылқаламмен және альбоммен таныстыру. Бояуларды қолдана білуді ұсақ қол қымылдарын дамыту.

9:00 Дене шынықтыру

Міндеті: қолдарын алдына немесе басынан жоғары, артқа апарып шапалақтауға үйрету.

Қимылды ойын: «Көжектер мен түлкі»

Міндеті: балаларды шапшандыққа,ұйымшылдыққа үйрету.

Ойын шарты: Бір бала түлкі болып сайланады, қалған балалар көжек бет пердесін киіп, дөңгелене отырады. Ойын жүргізуші: Көжектерім тұршы, беттеріңді жушы Ну орманға барайық, тамақтанып алайық. Қоян:Жалмандаған қу түлкі,келіп қапты орманнан. Көжектерім қайда?-деп,еріп келеді соңымнан. Көжектер ән ырғағымен секіріп, қаша жөнеледі, түлкі қуады.



Ойын: «Менің сүйікті ойыншықтарым»
Міндеті: Ойыншықтар туралы әңгіме құрасты ру,аттарын атай білуге, сипаттап айтуға үйрету. Ойын: «Аталған ойыншықты тап»


(Танымдық іс-әрекет, зерттеу іс-әрекет, қарым-қатынас, әлеуметтік, шығармашылық)



Серуенге дайындық

Балаларды ауа-райына сай киіндіріп шығу. Дұрыс киінулерін қадағалау. Қатармен жүруді, қатарды бұзбауды үйрету.

Серуен









Картотека №15

Бақылау: Күздегі өсімдіктердің түсін бақылау.

Мақсаты: Күзде өлі табиғатта болатын құбылыс өсімдіктерге деәсер ететіндігін түсіндіру.

Қимылдық ойын:

«Айгөлек-ау, айгөлек »

Мақсаты: Қимыл-қозғалысын дамыта отырып, шапшаңдыққа, ептілікке баулу.

Еңбек : Біздің ойын алаңы

Мақсаты: Ойын алаңындағы сарғайып түскен жапырақтарды жинау.Еңбекқорлыққа баулу.

Жеке жұмыс : Жел тынымсыз гуілдеп,

Болып кетті тым бұзық

Шуылдайды тал терек,

Жапырағын жұлғызып.

Мақсаты: Тақпақ үйрету арқылы балалардың есте сақтау қабілетін дамыту, тілдегі дауыс ырғағының мәнерлігін сезінуге үйрету..

Еркін ойындар:

Қуаласпақ.

Тығылыспақ.

Тренинг: « Киіз үй » .


Картотека №16

Бақылау: Кемпірқосақты бақылау .

Мақсаты: Күз ерекшеліктерін түсіндіре отырып , жаңбырдан кейін аспанда әшкейленген кемпірқосақ шығатыны туралы түсінік беру. Түстерін ажыратып айту.

Еңбек: Біздің аула Мақсаты: Ауладағы ағаш бұтақтарын жинау .Балаларды еңбексүйгіштікке баулу. Қимылдық ойын: «Тышқан мен мысық». Мақсаты: Балалардыептілікке , шапшаңдыққа үйрету Жеке жұмыс:

Жұмбақ: Алдымдар түрінен жібек жіптің , Аспанғаәшекейлеп Кесте тіктім. (Кемпірқосақ) Мақсаты: Түстерді ажырата білу. Балалардың ой–өрісін дамыту, есте сақтау қабілетін арттыру.. Дербес ойындар: 1.Әткеншек тебу. 2.Ирек жолмен жүру

Картотека №17

Бақылау: Ауа-райын бақылау.

Мақсаты: Күннің қанша градусқа төмендегенін бақылау. Күзгі табиғат құбылыстарын түсіндіру.

Қимылды қойын:. «Доп пен ұрып алу». Ойын барысы:Балалар дөңгеленіп тұрады.Тәрбиеші жүргізушіні таңдап алады да , допты береді. «Бір, екі , үш» дегенде балалар жан жаққа қашады. Жүргізуші доппен ұрады.Кімге тисе сол ойыннан шығады:Ойын осылай жалғасады.

Еңбек: Гүл тұқымдарынжинау. Мақсаты: Гүлдің тұқымнан өсетінін түсіндіру, көктемде тұқымды гүлзарларға себетіндігіміз, тұқымнан гүл өсетіндігін түсіндіру. Жеке жұмыс: Сипап өткен самалға, Тербеледі сарыалма. Көз салып едім бақшаға, Қауын біткен сары ала. Дидактикалық ойын: «Жемістер мен көкөністер».

Мақсаты: Жемістер мен көкөністерді ажырату.Олардың адам ағзасына тигізер пайдасынтүсіндіру. Еркін ойын: «Қуыршақты киіндіреміз». •«Отбасы» Тренинг:«Біз көңілдібалалар».

Картотека №18

Бақылау: Көгершінді бақылау.

Мақсаты: Балаларға көгершінің немен қоректенетіні, қайда мекендейтіні , тұмсығы дене пішіні түсі, қалай дыбыстайтынын үйретіп , оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Қимылды қойын: «Ұстаушы лентаны ал».

Мақсаты: Допты қатты тебуге, оны ұстап алуға үйрету.Ептілікке, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа , тапқырлыққа , жылдам шешім қабылдауға үйрету. Ойын барысы: Ойнаушылар шеңбер жасап тұрады, ұстаушыны таңдап алады.Ұстаушыдан басқасы түсті матаның немесе лентаның қиындысыналадыда, онымойынынан айқараайналдыра байлайды. Ұстаушы шеңбердің ортасында тұрады.Тәрбиешінің «Жүгір» деген сигналы бойынша балалар бет-бетімен алаңға кетеді.Ұстаушы ойнаушылардың соңынан жүгіріп, біреуінің лентасын суырып алуға тырысады.Лентасынан айрылғандар уақытша бір жаққа шығып тұрады.Тәрбиешінің: «Бір, екі, үш, тездете шеңберге жүгір!» деген сигналы бойынша балалар шеңбер құрып тұрады. Ұстаушышы алынған ленталардың санын есептеп, оны балаларға қайтып береді.Ойын жаңадан ұстаушы қайталанады. Еңбек:Ауладағы құстарға жем беру. Мақсаты: Табиғатты аялай білуге , құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.

Жеке жұмыс: Жылы жаққаұшпайтын Біздің жақта қыстайтын Құстаржүрсежуықта, Жем шашудыұмытпа! Мақсаты: Балаларға тақпақ жаттата отырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту, тілдегі дауыс ырғағының мәнерлілігін сезінуге мүмкіндік туғызу. Еркін ойын «Шымшық доп».

«Құс болып ұшайық»

Картотека №19

Бақылау: Күзгі көріністі бақылау. Мақсаты: Күз ерекшеліктерін айыра білуге ; күннің салқындауы, жаңбырдың жиі жаууы, жапырақтардың сарғаюы, адамдардың жылы киінуі туралы түсінік қалыптастыру. Қимылды қойын: «Жүгіріп өтуге үлгер».

Мақсаты: Ептілікке, шапшаңдыққа , батылдыққа тәрбиелеу, тез секіруге үйрету. Ойын барысы: Тәрбиеші балалардың біреуімен жіптің екі ұшын (ұзындығы 3-4м.) ұстап, оны жүгіріп келе жатқан балалардың бағытына қарай жайлап айналдырады.Балалар бірінен соң бірі, жіп жоғарыкөтерілген кездежіптің астынан жүгіріп өтугеүлгеруіқажет. Тәрбиешібалалар қимылын реттеп отырады.Олар бір жүргізушіге: «Жүгір!» деген сигнал береді.Әрі қарай жіптің өтуге тырысулары қажет. Еңбек:Ойын алаңы. Мақсаты: Ойын алаңындағы ағаш бұтақтарын жинау. Балаларды еңбексүйгіштікке баулу. Өз алаңдарын таза ұстауға үйрету. Жеке жұмыс:

«Күз» өлеңі. Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшелігін айтып, тақпақ жаттатқызып, сөздікқорынмолайту, есте сақтау қабілетін дамыту. Көрінеді шалғайдан, Бел-белестер сарғайған. Сарыжапырақтар төгілген, Тоғайдыда көрдім мен.

Қимылды қойын:«Қашпа,доп». Мақсаты: Ойын шартынсақтай отырып, топ болып ойнауға, қимыл қозғалысындамытуға, ептілікке, шапшаңдыққа үйрету.

Дербе сойындар: •Қуаласпақ •Қояндарсекіреді. Тренинг:«Қолшатыр».

Серуеннен оралу

Үнемді тұтыну барысы: су температурасын біртіндеп төмендете отырып, қарапайым шараларды өз бетінше жүргізуге дағдыландыру.

Тазалық

Сылдыр-сылдыр-сылдыр-су,

Беті қолды әркез жу.

Жуынсаң сен әрдайым,

Аппақ бетің маңдайын.

Түскі ас

Үнемді тұтынудың мақсаты: Мәдениетті тамақтану және асхана құралдарын еркін қолдану дағдыларын жетілдіру.

Ас ішерде күнде біз,

Сөйлемейміз күлмейміз.

Астан басқа өзгені,

Елемейміз білмейміз.

Күндізгі ұйқы

Ұйықтар алдында киімдерін шкафка ұқыпты бүктеп қоюға үйрету.

1. Жазира Байырбекова «Әлди - әлди»

2. Нұрлан Әлімжан «Балапаным»

3. Қарақат Әбілдина «Келші, келші»

4. Мейрамбек Бесбаев «Бесік жыры»

5. Мөлдір Әуелбекова «Балапаным»


Біртіндеп ұйқыдан ояту, сауықтыру шаралары





1. Ояну

Көзімізді ашайық Аунап, қунап алайық , Самал жел бізге желпісін, Ұйқымызды ашайық

-« Самал жел»

- шалқадан жатып, қолдары дене бойында. Бастарын сәл көтеріп, жел соққан бейнені көрсету

-«Желдің желпуі»

- іште жатып, қолдары дене бойында, қолдарын екі жаққа созу.

-«Жел бұлттарды айдайды» - тізені құшақтап жату. аяқты құшақтап денемен адына-артына тербелу.

2. Гимнастикалық жолдан жүру. Сәби шақтан бастап біз, шынығуды сүйеміз. Ұйқымыздан тұрған соң, жалаңаяқ жүреміз.

Қыста, жазда әрдайым, шынығамыз қашпаймыз Шынықтырып денені мықты болып өсеміз. Бүдірлі тақтай үстімен жүру.

3. Тыныс алу жаттығулары

Шарларды мен сүйемін Онымен ойнап жүремін Қызыл, жасыл шарларды Үрлеуді мен білемін. «Шар үрлеу»

4. Жуыну жолдары

Су – тіршілік негізі

Онсыз өмір сүрмейсің Гигиена егізі

Су деп және білгейсің

1. Ояну

Күнге қарап күлімдеп Көзімізді ашамыз

Бойды түзе, көтер басты Сергіп ұйқы ашамыз "Құстар оянды"

- қолдарды жан-жаққа созу, былғау

«құстар қанат қағып жатыр».

-«Құстар достарын іздеп жатыр»

- Оң жаққа, сол жаққа бұрылу, «шип-шип» деп айту.

-"Құстар көңілденіп жатыр"

қолды шапалақтау

2. Гимнастикалық жолдан жүру

Әдемі ирек жолдармен Лақтарша біз ойнақтап Тастан-тасқа секіріп Жалаң аяқ жүреміз. Табанға біз нүктелі Массаж жасау білеміз. «Ирек жолдар»

3. Тыныс алу жаттығулары Шарларды мен сүйемін Ойнап ылғи жүремін Қызыл, жасыл, шарларды Үрлеуді де мен білемін. «Шар үрлеу»

4. Жуыну жолдары

Су – табиғат байлығы Өзен – көлден көресің Тазаланып күнде сен

Суға түсіп жүресің


1.Ояну

Ұйқымызды ашайық Қолымызды созайық Енді қане бәріміз, Жаттығуды жасайық.

-Күн шықты, гүлдер жайлап ашылып өсіп келеді (қолдарын созады). Кенеттен баяу жел соға бастады, гүлдер желмен жан - жаққа шайқалады (қолдарын жанға созу, сермеу)

-аспанға бұлт төніп, жаңбыр жауа бастайды, гүлдер тоңып, бүрісіп жабылады (қолдарын тізелерінің үстіне қойып бүрісіп отырады).

- күннің көзі күлімдеп шыға бастады, гүлдер , құлпырып, жайнап ашыла бастайды (балалар қолдарын жоғары созып бұлғау)

2. Гимнастикалық жолдан жүру

Әдемі журеміз Шынықсын өкшеміз Түзіліп тұрайық Шаттанып ойнайық «Губка жолмен жүріп өту» 3. Тыныс алу жаттығулары

Гүл араға бал берер,

Гүл далаға сән берер Жұлып алып искесең

Хош иісті гүл берер

«Гүл иәскеу»

4. Жуыну жолдары

Суым, суым, суым-ай Бетімді менің жудың-ай Алмадай бетім қызарды Таза болдым шіркін-ай.

1. Ояну

Балапандар тұрайық Көзімізді ашайық

Жан-жаққа біз қарайық

Бір күлімдеп алайық. Төсекте жатып жасайтын жаттығулар ( 2-3 минут) Созылу. Б.қ. арқада жатып қолымызды жоғары көтеріп басымыздан асырап төсекке түсіреміз, көзімізді ашып жұмамыз ( 2- 4 рет)

2. Гимнастикалық жолдан жүру

Алашадан жүрейік

Жүрісті біз түзейік

Шымыр болып шынығып Тез-тез басып өсейік

3. Тыныс алу жаттығулары Қолға шарды аламыз,

Қатты, қатты үрлейміз.

Уф-ф-ф, Уф-ф-ф...

Қатты үрленген шарларды Кейде жарып аламыз

«Шар жарылды»

4. Жуыну жолдары Сылдырлайды мөлдір су Мөлдір суға қолың жу Жуынсаң сен әрдайым Аппақ бетің маңдайың

1.Ояну

Ұйқымызды ашайық Қолымызды созайық Енді қане бәріміз, Жаттығуды жасайық.

-Күн шықты, гүлдер жайлап ашылып өсіп келеді (қолдарын созады).

Кенеттен баяу жел соға бастады, гүлдер желмен жан - жаққа шайқалады (қолдарын жанға созу, сермеу)

-аспанға бұлт төніп, жаңбыр жауа бастайды, гүлдер тоңып, бүрісіп жабылады (қолдарын тізелерінің үстіне қойып бүрісіп отырады).

- күннің көзі күлімдеп шыға бастады, гүлдер , құлпырып, жайнап ашыла бастайды (балалар қолдарын жоғары созып бұлғау)

2. Гимнастикалық жолдан жүру

Әдемі журеміз Шынықсын өкшеміз Түзіліп тұрайық Шаттанып ойнайық «Губка жолмен жүріп өту»

3. Тыныс алу жаттығулары

Гүл араға бал берер,

Гүл далаға сән берер Жұлып алып искесең Хош иісті гүл берер

«Гүл иәскеу»

4. Жуыну жолдары Суым, суым, суым-ай Бетімді менің жудың-ай Алмадай бетім қызарды Таза болдым шіркін-ай.

Бесін ас

Үнемді тұтынудың мақсаты: Мәдениетті тамақтану және асхана құралдарын еркін қолдану дағдыларын жетілдіру.

Ас ішерде күнде біз,

Сөйлемейміз күлмейміз.

Астан басқа өзгені,

Елемейміз білмейміз.

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары,

бейнелеу әрекеті, басқа әрекеттер)

Ү/ү ойын: «Түсін тап!»

Міндеті: ойыншықтардың түсін атай отырып, қысқышпен өз ыдысына салу.

(танымдық, коммуникативтік дағдыны дамыту)

«Әдемі үйшік»

Міндеті: Балалар өз еріктерімен үйшікті құрастыра алады.

Дәйек сөз:

«Ақыл азбайды,
Білім тозбайды».

«Мен дәрігер боламын» Міндеті: Балалар бір -бірімен ойнау арқылы өздерін дәрігер сезіне алады.

Дидактикалық ойын «Менің үйім»

Міндеті: Түрлі түсті ағаштардын биік үй құрастыру.

Балалармен жеке жұмыс (Баланың жеке даму картасы)

«Допты қуып жет»

Міндеті: Әр түрлі бағытта қарқынды өзгертіп жүруді, жүгіруді үйрету








«Пішіндерді орналастыр»

Міндеті:Көлемі, пішіні, түсі бойынша ұқсас біртекті заттарды топтастыруға үйрету.

«Тез тап!»

Міндеті: кітаптарда берілген таныс жануарлардың атын атай отырып, төлін жылдам табуға қалыптастыру.

«Сипаттамасы

бойынша тап»

Міндеті: Үлгі мен ауызша нұсқауға сүйеніп, тапсырмаларды орындай алуға үйрету.

«Сиқырлы қапшық»

Міндеті: Заттарды және олармен әрекет етуді білуді, оларды суреттен тануды үйрету.

Серуенге дайындық, серуен

Балалардың өзіндік қозғалыс белсенділігі үшін жағдай жасау. Ретімен киіну( ауа-райына байланысты), дұрыс киінуді бақылау.

Серуен

«Табиғатта қандай өзгерістер болды?» Міндеті: Балаларға жыл мезгілдерін қайталату. Жанды және жансыз табиғат туралы түсіндіру.



Қимылды ойын: «Соқыр теке»

Міндеті:Балаларды жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Ережесі:

Ойыншылар дөңгеле-ніп тұрады. Бір баланың көзін байлап, ортаға шығарады. Айнала тұрған балалар «Соқыр теке» тиіп, қашып жүреді. Оның қолына түскен бала ойында ары қарай жалғастырады.


Ұлттық ойын-ұлт қазынасы

Қимылдық ойын: 

Тақия тастамақ» Міндеті: балалардың зейінің дамыта отырып,жылдамдыққа үйрету. Ойын шарты: Тәрбиеші балаларды шеңбер бойына тұрғызады ,әуен ойнап тұрады. Тәрбиеші тақияны алып балалардың артында жүреді.Әуен тоқтағанда екі баланың ортасына тастайды.Балалар орнынан тұрып,шеңбер бойымен бір-біріне қарама-қарсы жүгіреді.Тақияны кім алса,сол женімпаз.

Ойын: «Кім көп сөз біледі?»

Міндеті: Балалардың ой-өрісін дамыту. Ойлау, есте сақтау қабілетін арттыра отырып жылдамдыққа, ойлампаздыққа тәрбиелеу

Ережесі:

Балалар дөңгелене отырып көрсеткен суреттер жайында жылдам, тез әңгіме құрайды. «Жел» суреті болса желдің пайдасы мен зиянын айтады.



Ойын: «Күзгі орман»

Міндеті: Күз мезгілі туралы жалпы білімдерін қалыптастыру. Күзгі орман туралы түсініктерін әрі қарай толықтыру.

Кешкі ас

Үнемді тұтынудың мақсаты: Мәдениетті тамақтану және асхана құралдарын еркін қолдану дағдыларын жетілдіру. Устел басында дұрыс отыруға дағдыландыру.

Балалардың дербес әрекеті (аз қимылды, үстел үсті ойындарды, бейнелеу іс-әрекеті, кітаптарды қарау және басқалар)



«Не артық»

Міндеті: Суретте көрсетілген артық суретті алып тастап, дәрігерге керекті заттардың суретін қоя алады.

Еркін ойындар

еркін ойындарды ұйымдастыру.

Мақал мәтел:

Туған жер - алтын бесік

Міндеті: балаларға мақал мәтел жаттатқызуға машықтандыру.


«Теңін тап»

Міндеті: Балалар екі бірдей заттарды таба алады.

Ойын:

«Мені қайтала» Міндеті: ересектердің сөзін қайталай отырып, сөздік қорын молайту, тілін жаттықтыру, сөздерді іс-қимылмен көрсету.

Балалардың үйге қайтуы

Өнегелі 15 минут- Балалардың жетістіктері туралы әңгіме, баланың тәрбиесі мен дамуы туралы ата-аналардың сұрақтарына жауап беру, кеңестер беру


Тексерілді:_____________













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!