Материалдар / Орыс халқының городец, хохлома, жостова және гжель өрнектері. Дәстүрден тыс тәсілдермен сурет салу
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Орыс халқының городец, хохлома, жостова және гжель өрнектері. Дәстүрден тыс тәсілдермен сурет салу

Материал туралы қысқаша түсінік
Орыс халқының городец, хохлома, жостова және гжель өрнектері. Дәстүрден тыс тәсілдермен сурет салу
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Бейнеу экономикалық колледжі» МКҚК














«Жас мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру: әдістер мен үдерістер» колледжішілік тәлімгерлер семинары


АШЫҚ САБАҚ


Тақырыбы:

Shape1



















Пәні: КМ03 Білім беру процесін әдістемелік қамтамасыздандыру/Технология оқыту әдістемесі

Оқытушысы: Алдабергенова Балзада Сұлтанқызы

Мамандығы: 01120100- «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»



Біліктілігі:4S01120102 –«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешісі»

Тобы: 4-курс, МБ-20





Бейнеу-2023ж

«Бекітемін»

Директордың оу- ісі жөніндегі

орынбасары

___________Мектепова Л

«___» __________ 2023ж.

«Бейнеу экономикалық колледжі» МКҚК

Сабақтың тақырыбы: 2.6- тақырып. Қазақ халқының қолданбалы өнер түрлерін меңгеру

Модуль/ пән атауы: Арнайы білім беретін пәндер/Технология оқыту әдістемесі

Дайындаған педагог: Алдабергенова Б.С

1. жалпы мәліметтер:

Курс, топ: 4. Мб-20

Сабақтың типі: Тәжірибелік сабақ, саяхат

2. Мақсаты, міндеттері: 1)Қазақтың қолданбалы өнері туралы түсінік. Қазақтың ұлттық бұйымдарының түрлері: киіз, тұскиіз, текемет, сырмақ, қоржын, алаша, аяққап, тұтқыш және т.б. ағаш бұйымдары: сандық, кебеже, адалбақан т.б. 2)Зергерлік бұйымдар: сырға, білезік, сақина, бойтұмар т.б. Қолданбалы өнер түрлерін өңдеу материалдары мен құрал- жабдықтары.

2.1. Күтілетін нәтижелер: 1)Қазақтың қолданбалы өнері туралы түсінік. Қазақтың ұлттық бұйымдардыының түрлері: киіз, тұскиіз, текемет, сырмақ, қоржын, алаша, аяққап, тұтқыш және т.б. ағаш бұйымдары: сандық, кебеже, адалбақан т.б. 2)Зергерлік бұйымдар: сырға, білезік, сақина, бойтұмар т.б. Қолданбалы өнер түрлерін өңдеу материалдары мен құрал- жабдықтары.

3. Қажетті ресурстар:

1) М.С.Мұқашев, А.Ғ. Сейтімов, Н.А.Хамзин «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» «Фолиант» баспасы Астана 2008ж

2) Қ . Болатбаев. Бейнелеу өнері бойынша өз бетімен жұмыс істеуге үйрету. А., 1992

Қажетті құрал жабдықтар: сәнді қолданбалы өнер бұйымдары, ою стикерлері, технологиялық карта, слайд, видеоролик;

студенттер үшін: фетр, қарындаш, циркуль, қайшы, қағаз, ыссы желім, үкі, мақта.

4. Әдіс- тәсілдер: Сұрақ- жауап, Ой қозғау

5. Үй тапсырмасын теусеру: -Алдыңғы сабақта біз «Әртүрлі материалдардан бұйымдар жасау технологиясы негіздері» деген тақырып өткен болатынбыз. Түрлі материалдардан ойыншық жасап, аяқтап келу тапсырылды. Енді соны тексеріп бағалаймын. Бүгінгі сабағымызды бағалау ою стикерімен жүзеге асады.

Үй тапсырмасын тексеріп, бағалау мақсатында өткен сабақ тақырыптарына байланысты сұрақтарға жауап береміз. Сұрақтар:

  1. Іс машинасында тігу жібінің номері (№40. №80)

  2. Саусақтарды ине кіруден қорғайтын құрал. (оймақ)

  3. Инені қалай, қайда сақтау керек? (арнайы жастықшаларға қадап қою керек)

  4. Оймақтың қандай түрлері болады? (Оймақтардың 8, 10, 12 нөмірлері ер адамдарға арналған, ал 3, 4, 5 нөмірлері әйелдерге арналған)

  5. Өлшем алуға арналған құрал. (сантиметрлік лента)

  6. Киім пішуге, бөліктерді қиюға, жіпті кесуге арналған құрал. (қайшы)

  7. Жүн маталарды өңдіруге кажетті шикізатты атаңыз. (мал жүні)

  8. Кағаз неден жасалады? (ағаштан)

  9. Түкті маталар тобына қандай маталар жатады? (мақпал, барқыт)

  10. Қолғап тоқу құралдарын ата. (бес ине, тоқу жібі)

6. Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: (3-5мин.) сабақтың мақсат- міндеттерімен, сабақ барысында орындалатын тапсырмалар мен бағалау критерилерімен таныстыру.

Бағалау критерийлері:

65-70 ұпай «3»

71-85 ұпай «4»

86 ұпайдан жоғары «5»

Жаңа сабақ: - Бүгінгі «Жас мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру: әдістер мен үдерістер» коледжішілік тәлімгерлер семинарында өткелі тұрған сабағымыздың тақырыбы «Қазақ халқының қолданбалы өнер түрлерін меңгеру» деп аталады.

Қазақ халқы мұқтаждықты жою үшін, баршылықты молайта беру үшін, үй жиһаздарын тиімді, қолайлы, сәнді де ұнамды етіп жасады. Соның нәтижесінде біздің бабаларымыз бен аналарымыз кейінгі ұрпақтар үшін көптеген өнер мұраларын қалдырды. Халқымыз от пен судың тар жол тайғақ кешулерінен өтіп, өрнектерінің мұрасын қалдырды. Ол қолөнер туындыларын қазіргі музейлерден көруге болады.

Қолөнер шеберлері байлыққа қосып, молшылық жасаумен қатар, сол баршылықты байыпты етуге тұрмыстық жиһаз-мүліктерімізді сәндендіре түсуге үлкен үлесін қосты. Қолөнердің әсем туындылары рухани азық болатын эстетикалық талғамын қанағаттандыратын сұлу да әдемі, тиімді де ұнамды ұлттық киімдер мен жасау- жабдықтар жасады.

Қазақтың қолөнерін зерттеу мәселесі ерте кезден көптеген саяхатшылар мен коллекционерлердің ғана емес, ғалым – этнографтар, археологтар мен суретшілердің де көңілін аударып келген. Қазақ қолөнерінің өткендегісі мен бүгінгі жағдайын, оның өзіне тән методологиясын зерттеу, қазірдің өзінде де мәселелердің бірі болып табылады.

Халықтың қолөнері өзінің тарихы мен кейбір ұйымдастыру мәселелерінің жеткілікті зерттелмегеніне қарамастан, күнделікті тұрмысқа қажетті қоршаған затты, көпшілік тұтынатын бұйымды әсемдеуге бейім өнер ретінде, жалпы мәдени дәрежені жоғары көрсетуге тән дамып келе жатыр.

Геродот: «Олардың барлық заты алтын мен мыстан жасалған. Жайдың металдан істелген бөлшектері, оғы, айбалталары мыстан жасалған. Бас киім мен белдік әшекейлері түгелдей алтыннан жасалған. Сондай- ақ ат омырауындағы өмілдіріктерн де мыстан соғылып, жүген-сулығыв, ауыздығы, т. б. бөліктері түгелдей алтынмен әшекейлендіріліп, безендірілген » – деп жазады.

М. А. Леванский: «Қазақтың қандай кәсіпке болмасын табиғатынан қабілеттілігіне тек сүйсінесің, қарапайым құралдармен тамаша ер қапталдарын жасап, алтын, күмістен әсем бұйымдар шығаратындығына таңданбасқа болмайды. Қазақтардың тіккен аяқ киімдері өте берік, киюге ыңғайлы » деп жазды.

Қазақтың өрнекті әшекеймен істелетін қолөнерінің түрлері де, атаулары да өте көп. Солардың ішінде халық арасына көбірек тарағаны –ою өрнек өнері. Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келеді.

Халық қолөнерінің тағы бір түрі жүннен жасалатын бұйымдар. Төрт түлік малдың жүні қазақ халқының өмір тіршілігінде үлкен роль атқарған және оны ұқсатуды ел бұдан мыңдаған жылдар бұрын білген. Жүннен бау-шу, арқан-жіп, киім кешек, қазақ үйдің киізін, әр түрлі төсеніштер мен қап, шекпен сияқты ең қажетті мүліктер жасалған.

Қазақтың ұлттық қолөнерінде ағаштан көптеген заттар жасалады. Балташылар, ағаш ұсталары, ершілер қайыңды, үйеңкіні, үйшілер, ағаш ойып, шыбық өріп тоқушылар талды пайдаланады. Балташылар үй борайды, еден төсеп, арба, шана, жақтау, қақпа, тіреу сияқты ірі заттарды істейді. Ағаш ұстасы стол, шкаф, сөре, орындық, кебеже, асадал, рамалар жасайды. Ағаш оюшылар оны жонып күйдіреді де бояулап өрнкетейді. Шыбық өрушілер, тоқушылар қамыстан, шиден қорап, шыпта, орындық, шарбақ сияқты заттарды өреді.

Ағаш шеберлері балта, пышқы, үстірік (сүргі), бұрғы, ағаш түрпісі, тез, қысқы, үскі, қашау сияқты аспаптарды пайдаланады. Ағаштан бұйым жасайтын шеберлер: емен, қайың, самырсын, үйеңкі, қызыл қарағай, шынар, қара ағаш, ырғай, шырғай, тасжарған, мойыл, қайыңның түбі (безі), жөке, тал, арша, жаңғақ ағашы, май қарағай сияқтыларды пайдаланады.

Қазақ қолөнерінің бір түріне зергерлік өнері жатады, ол өте ерте заманнан келе жатқан өнер.

Оларға: шолпы, шашбау, білезік, сақина, жүзік, сырғаларды асыл тастармен әшекейлеудің асқан шебері болған халық.

Сәндік-қолданбалы өнер ( лат. deco — сәндеймін) — бейнелеу өнерінің бір бөлімі, тұрмыска кажетті көркем, жиһаздық заттарды жасайтын шығармашылық түрі. Негізінен, түрлі үй жиһаздарын (жиһаз, зергерлік ою-өрнекпен әшекейленген заттар, тіршілікке қажетті сәндік құрал-жабдықтар, сувенирлер, құмыра, сый кеселер, т.б.) жасайды. Сән және қолданбалы өнерінің материалдары - металл, керамика, ағаш, қыш, шыны, асыл тастар, сүйек, былғары, т.б. Негізгі техникалық әдістері көркем оймыш, шекіме, көркем жазба, кесте, құйма, т.б. Ол сүйек, ағаш, тері өңдеу, бедерлеу, зергерлік, инкрустация, фарфор, фаянс, кілем тоқу секілді салаларға бөлінеді. Сән және қолданбалы өнер келелі өндірістік, технологиялық міндеттерді атқарғанымен, өз дәуіріндегі өнер мен мүліктік мәдениеттің даму дәрежесіне тәуелді болып, дәстүрлі, жергілікті этникалық ұлттық ерекшеліктің негізінде дамиды.

Сәнді қолданбалы өнер бірнеше түрге бөлінеді: киіз үй жабдықтары, төсеніштер, киімдер, жиһаздар, аспаптар, зергерлік бұйымдары, қару-жарақ.

Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Ә.Кекілбаев атындағы Маңғыстау облыстық тарихи- өлкетану музейі" МКҚК Бейнеу аудандық филиалы экскурсаводы- Көпбергенов Қуанышбек Көлбайұлымен бірге "Қазақтың қолөнері" бөліміне саяхат жасаймыз.(видеоролик)

7. Машықтық жұмыс: Енді осы қол өнер бұйымдарының ішінен сәукелемен тереңірек танысайық. Сәукеле – ұзатылатын қыздың бас киімі, ол қазақтың бай тарихи-мәдени мұрасы, өткен ғасырлардағы әдет-ғұрып, салт-дәстүрінен хабар береді. Қазақтың ұлттық киімі өзіндік қасиетке толы, себебі ол сол халықтың табиғат төсінде өсіп, еркін ғұмыр кешуіне байланысты қалыптасқан.

Ертеректе ұзатылатын қызға арнап сәукелені алдын ала тіктірген. Тіпті сәукеленің сәнді болуына, құнына аса мән берген. Сәукеле де басқа ұлттық киімдер секілді халықтың ақыл-ойының, эстетикалық талғамының жемісі. Ондағы қымбат бағалы тастар, матасы мен ою-өрнегі қыз баланың қоғамдағы статусын көрсетеді.

-Сіздерге сәукеле туралы қызықты мәліметтер жинап келу тапсырылды. Кім айтып береді?

-Енді сәукеле жасауға кірісеміз. Ол үшін бізге мына материалдар мен құралдар керек. Олар: қайшы, қарындаш, киіз мата (фетр), қағаз, ыссы желім, үкі, мақта т.б.

-Осы технологиялық картаны қолданып, сәукелемізді жасаймыз.

Технологиялық карта: 
1.Сәукеленің конус тәрізді екенін ескеріп, оның биіктігі мен диаметрін анықтаймыз. Биіктігін 20см, диаметрін 40 см деп алып, қатты қағаз бетіне сәукеле пішінін түсіреміз. Қатты қағазды түсірілген сызық бойынша қиып желімдейміз. Қатты қағаздан жасап алған конусымыз сәукеленің негізі болады.
2. Қиып алынған сәукеленің қалып үлгісін ақ түсті мата (фетр) бетіне орналастырамыз. Жиегінен тігіске 1 см-дей қалдырып, бормен сызамыз.Сызық бойынша матаны қиып аламыз.
3.Қиып алынған матаның теріс бетінен көктеп тігеміз. Сонан кейін оң бетіне аударып, сәукеленің қатты қағаздан жасалған негізіне кигіземіз.
4. Сәукеленің оюын жапсырамыз.

5. Сәукеленің төменгі бөлігінің жиегіне биіктігі 3см мақта желімдейміз.
5.Үкісін сәукеленің төбесіне қадаймыз.

Қауіпсіздік  ережесін сақтау.

  1. Жұмыс орнын артық заттардан тазарту;

  2. Қайшыны абайлап қолдану;

  3. Қайшының жүзін жұмыс істеп болған соң жауып қою;

  4. Матаны қиғанда мата мен қайшы көзден 30-40см ара қашықтықта болуы керек;

  5. Қатырма қағазды қиғанда саусақтарыңды абайла.

  6. Инені ине шаншығышқа қадап қой;

  7. Жұмыс аяғында жұмыс орынын жинастыру.

Сәукелеміз дайын болғаннан соң, оюын қиып, жапсыруға кірісеміз. Қазақтың ұлттық ою- өрнегін 4 түрге бөліп қарауға болады. Олар: өсімдік тектес, жануар тектес, космогендік, геометриялық ою өрнектер. Кезінде өнертанушы В. Чепелев «қазақтар тек ою – өрнек әлемінде өмір сүрген сияқты»,- деп атап көрсеткен. Яғни барлық қолдан жасаған бұйымдарының барлығы ою- өрнекпен әшекейленген.

8. Үйге тапсырма беру: Үйден сәукелені әшекейлеп, аяқтап келіңдер.















Технологиялық карта:


1.Сәукеленің конус тәрізді екенін ескеріп, оның биіктігі мен диаметрін анықтай-мыз. Биіктігін 20см, диаметрін 46 см деп алып, қатты қағаз бетіне сәукеле піші-нін түсіреміз. Қатты қағазды түсірілген сызық бойынша қиып желімдейміз. Қатты қағаздан жасап алған конусымыз сәукеленің негізі болады.
2. Қиып алынған сәукеленің қалып үлгісін ақ түсті мата (фетр) бетіне орналастырамыз. Жиегінен тігіске 1 см-дей қалдырып, бормен сызамыз.Сызық бойынша матаны қиып аламыз.
3.Қиып алынған матаның теріс бетінен көктеп тігеміз. Сонан кейін оң бетіне аударып, сәукеленің қатты қағаздан жасалған негізіне кигіземіз.
4. Сәукеленің оюын жапсырамыз.

5. Сәукеленің төменгі бөлігінің жиегіне биіктігі 3см мақта желімдейміз.
5.Үкісін сәукеленің төбесіне қадаймыз.











«Жас мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру: әдістер мен үдерістер» колледжішілік тәлімгерлер семинарыда өткелі тұрған ашық сабағымның тақырыбы: Қазақ халқының қолданбалы өнер түрлерін меңгеру деп аталады.




Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Ә.Кекілбаев атындағы Маңғыстау облыстық тарихи- өлкетану музейі" МКҚК Бейнеу аудандық филиалы экскурсаводы- Көпбергенов Қуанышбек Көлбайұлымен бірге "Қазақтың қолөнері" бөліміне саяхат жасаймыз.(видеоролик)


10 20-10 35 жана сабак

10 35-11 00 буйым жасап болу

11 00-11 05 кортынды

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!