Материалдар / Орыс және қоқан билігіндегі қазақтардың өзара қатынасы және отаршылдарға қарсы күрес.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Орыс және қоқан билігіндегі қазақтардың өзара қатынасы және отаршылдарға қарсы күрес.

Материал туралы қысқаша түсінік
Орыс және Қоқан биліктері арасындағы текетірес
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Мамыр 2023
248
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Орыс және қоқан билігіндегі қазақтардың өзара қатынасы және отаршылдарға қарсы күрес.

Жетекші: Аға оқытушы, тарих магистрі Альдибаева А.Б.

Студент: Орынбек Асемай

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті



XIX тасырдың ортасына қарай Ресей қоластындағы болсын, Қоқан қоластындағы болсын қазақ руларының арасындаты өзара талас-тартыстар тоқтамай, одан орі жалтаса берді. Қазақ феодалдары арасындағы дау- жанжалдар күшейді. Бұлардын барлығы қарапайым қазақ шаруаларының жағдайларының нашарлай түсуіне алып келді. Мысалға алатын болсақ, Іле өзенінің бойындағы Орта жүз бен Ұлы жүз қазақтарының арасындағы көптен келе жатқан, бітпейтін барымта қазақтың қарапайым шаруаларына ) қатты тиді. Бір-бірінің малын тартып алып кетумен тынбай, адамдардын, қатты жаралануына, тіпті адам өліміне дейін алып кедді.

1952 жылдың ақпанында Ақмешіт бекінісінің бастығы Якупбек өзіне қарайтын Ақмешіт, Жөлек, Күмісқорған, Шымқорған, Қосқорған бекіністеріндегі әскерлері мен сол төңіректерде көшіп жүрген қазақтар мен хиуалық Қожанияз бекінісінің маңындағы хиуалық қазактарды жинады. Олардын жалпы саны 1200 адамға жетіп, 3-наурыз күні орыс қоластындағы Айгерікке жетіп, сол өңірдегі жүздей қазақ ауылдарын шапты, малдарын айдап окетіп, адамдарын соққыга жықты.

Арал бекінісінің бастығы Энгманга бұл жөнінде хабар жетіп, ол қаруланған жүз әскермен бекіністен шыкты. Жолай оған зардап шеккен қазақтар қосылып барымталаған малдарын айдап, бейгам кетіп бара жатқан Якупбек адамдарын Ақшабұлақ деген жерде қуып жетті.

Әрине қоқандықтар артынан котерілген шанды көргенде алгашқыда одан қаймыга қойған жоқ еді. Өйткені ол ауылдарга тиген ауыр сокі;ыдан кейін үлкен күшпен келе қояды деп ойламай, байлардың жалшылыры, ары кеткенде мал иелері болар деп шамалады. Сөйтіп, кезекті шайқасқа әзірлене бастады. Бірақ, қаптаған қара шаң өз бауырлары жобір көрген қазақтардікі емес, қолына атылатын кару үстаған орыстардікі екенін білмеді. Ақырында, жақын келгенде барып орыс әскерлерінің жарқ-жүрк еткен қаруларын көріп не істерін білмей сасқан олар мылтықтың алғашқы даусынан-ақ “қайдасың ауыл!” - деп, аттың басын бос жіберді.

Қолында шоқпары бар қазақтар орыстардың атылатын қаруы алдында дорменсіз болып шықты. Алғашқы ксзде ет қызуымен орыстарға шоқпар көтеріп қарсы шыққан қаншама әумесер жігіттер оққа үшып, енді бірі казактардың жалаң қылышына тап болып, атының жалын құшты.

Ұлы жүздің Ресей құрамына жаңадан қосылған қазақтары патша әкімшілігінен қазақтарды обден шаршатқан ішкі өзара тартыстарды токтату үшін бірқатар шаралар қолдануды, ел ішіндегі орын алған келеңсіз жайларды басып отыру үшін тіпті әскери отрядтарды орналастыруды сүранған болатын. Патша әкімшілігі мүны орине куана қарсы алды.

1860 жылы 26-каңтарда Орынбор және Самара генерал-губернаторлығы басқармасы Батыс Сібір генерал-губернаторлыгына хат жолдап, онда 1848 жылдан бері Бағаналы руларының қазактары Сырдария шебіндегі қыпшак ауылдарына шапқыншылық жасап тыныштық бермейтіндіктерін жазады.

Қазақтар өзара, бір-біріне барымталық жасап жатқан кезде екінші жағынан қоқандықтардың тарапынан қаналудың ауыр азаптарын да тартып жатты.

Қоқан билеушілері Шымкент, Түркістан, Әулиеата, Ақмешіт өңірін қоластына алып, бағындырғаннан кейін-ақ қазақ халқын ауыр салықтың астына алған болатын. Зекет, харадж мөлшері барған сайын өсті, қазақ ауылдарын тонауды күшейтті. Олар өз қоластындағыларды былай қойғанда тіпті Ресей қарамағындағы қазақтардан да салық алды.

Қоқан билеушілері Іле, Алатау өңіріндегі қазақ ауыддарына да алым- салықты күшейтті. Тіпті, 1857 жылы Lie Алатауы, Жетісуда көшіп жүрген Ресей қоластындағы казақтарға да алым-салықтар салды. Қазақтар бүған қарсылық көрсетті. Осыған ерегісксн қоқандықтар өpшeJІeнiп, енді сол жақтағы Крқан хандығына қарайтын қазак шаруаларына салықты үдетті.

Жалпы, Қоқан хандығы жаулап алған халықтарды тек қарудың күшімен ғана ұстап түрған артта калған феодалдық мемлекст болғаны белгілі. Мүның өзі қоқан билеушілері мен қазақ, қьфғыз еңбекшілерінің арасында қайшылық тугызып, отар болған халықтардың бірлесе отырып шетелдік билеушитерге қарсы күресуіне әкеліп соқты .

Қоқан билеушілірінің шектен тыс озбырлығына қарсы қазақ шаруалары тағы да бас көтерді. 1857 жылы Ташкент құсбегі Түркістан билеушісіне халықтан кезектен тыс салык жинауды тапсырды. Халықтың қолында салыққа төлейтін ештеңесі жоқ еді. Бірақ салық төлемесе қоқандықтардың аямайтындығын білген кей қазақтар өздерінің мекендерін тастап, жақын мандаты орыс қамалдарына қарай көшіп кетті.

Халықтың салық төлеуден бас тартқанын, кейбіреулерінің орыс қоластына көшіп кеткснін естіген қоқандық билеушілер қатты састы. Бірақ қашанда аяусыз саясат жүргізітін олар көшігг кетпеген, немесе үлгірмеген ауылдарта келіп ауыр алым-салықтар сала бастады. Бұл жағдай 1857жылдың бүкіл бойына созылды. Келесі жылы да қазақ шаруалары ауыр салықтың астында қалды.

Осыған байланысты 1858 жылдың басынан қоқан билеушілеріне, салық жинаушыларына қарсы қазақ шаруаларының наразылықтары тағы да өсе бастады.

1858 жылдың көктемінде Жаңақорған маңында көшіп жүретін шамамен 1000 үйлі Қыпшақ руларының адамдары қоқандықтардың ауыр салығынан қашып Перовский фортына қарай өтіп, Қоқан езгісінен құтылуды ойлады. Бірақ мүны біліп қалтан Қоқан үкіметі адамдары олардың қайтадан Түркістанға қарай көшуін бұйырды. Сейтіп олар қоқандықтар талап еткен 10 ділләға дейін салық төлсуге мәжбүр болды.

Дегенмен, қанау зардабын обден басынан кешірген қыпшақтардан бірнеше үй қоқандықтардың тарапынан басқа жаққа жібермеу үшін болған қырағылыққа қарамастан 1-сәуірде Перовск фортына қарай жасырын түрде өтіп кетті. Олар ол жаққа өткеннен кейін қалып қойған өзге қазақ ауылдарының орыс әскерлерінің ертерек келуін күтіп отырғанын, тездетіп патша өкіметінің кдрамағына өтуге можбур екендіктерін жеткізді.

1858 жылдың мамыр айында Түркістан өңіріндегі Қоңырат, Найман, Қыпшақ, Арғын тайпалары ауылдарынан келген қазақтар Түркістан қаласын қоршауға алды. Бірақ бір орталықтан басқарылмаған көтеріліс үйымдастырылуы жағынан нашар болды. Келіспей, әрқайсысы оздерінше шабуыл жасап, қоқандықтар дер кезінде оларға жеке-жеке тойтарыс беріп отырды. Соның салдарынан көтерілісшілердің күші барған сайын нашарлады. Біртіндеп, көтерілген түрлі рулар арасында келіспеушіліктер шықты. Осыны пайдаланған Мырза Нияз көтеріліске қатысқан озбектер арасынада жік туғызды. Сөйтіті, оларды көтерілістен кетіруге орекет жасады.

Түркістан қаласын қоршау одан орі жалғастырылды. Бірақ олардың қалаға кіруге жасаған бірнеше орскеттері бірінен соң бірі тойтарыдды. Көтерілісшілер үйымдаспаған түрде жүрді. Олардың араларында бірлік болмады, тәжірибе жоқтығын көрсетті. Тіпті олар көтеріліс барысында бейгамдык жасады. Соның саддарынан 17-мамырда қоқандықтар қамалдан шығып бірден лап қойғанда, ондай болады деп күтпеген олар не істерін білмей асып-састы. Қоқандақтар болса қаннен қаперсіз болған көтерілісшілердің біразын ұстап алып, қамалдың ішіне алып кеткен.

Көтерілісті бастап алып, енді оны қалай жүргізуді білмеген қазақтардың арасындағы болып жатқан келеңсіз жайларды жақсы білген Мырзанияз қорықпай, тіпті қоршауда қалып көмек сғраған солтүстік жағындағы Жаңақорған бекінісіне көмекке өзінің 80 адамнан түратын қарулы отрядын сол жаққа шүғыл түрде жіберіп, көтерілісшілердің енді қала бекінісін алута шамалары келмейтінін түсінген еді.

Дегенмен, қаланы қоршап, бірақ ала алмай үнжырғалары түсіп, енді не істеу керек екенін түсінбей тұрғанда оларға жан-жақтан жаңа күш келіп қосылды. Көтерілісшілердің коңілі көтеріліп, қаланы қоршауды қайтадан бастады.

Түркістан қаласын алуға үлкен күрес жүріп жатқан кезде Қаратаудың арғьт бетіндегі Созақ қаласынан қоқандықтар үшін суыт хабар келді. Ондағы көтерілген қазақ рулары қамалды қоқандықтардан тартып алған еді. Осыдан соң қоқандықтар үрейленіп, көтерілісшілер қайтадан күш алды. Енді Түркістан қаласын тез арада басып алу үшін қазақ руларының басшылары кездесті.

Жан-жақтан көтерілісшілерге көмек келіп, олардың күшінің өсіп бара жатқанынан қорыққан Мырзанияз 3-маусым күні енді Ташкенттен көмек келмейтініне көзі жетіп, әскерлеріне қақпаны ашқан бойда көтерілісшілерге лап қойып, бірден жарып өтуге бұйрық берді. Бірақ қала қақпасы ашылып олардың сыртқа шығуы мұң екен, өткен жолы қапы қалған қазақтар қоршап алған ілгері жүрулеріне мүмкіндік бермей шайқаса түсті. Осы жерде болған қиян-кесті шайқас кезінде қоқандыктар жүздеген адамынан тек өлідей айрылды.


Түркістан өңіріндегі көтеріліс басылды. Дегенмен Қоқан ханы Ташкенттегі Мырзахмед күсбегіні орнынан алуға мәжбүр болды. Оның орнына хан бекляр-бегі қызмстіне өзінің інісі Мұрат аталақты тағайындады.

Бүкіл оңтүстік қазақтарын, қырғыздардың біразын қамтыған бұл көтеріліс осы өңір қазақтарының қоқан хандығының езуіне ғана қарсы емес, сонымен бірге оларга қарсы ұлт-азаттық та көтерілісі болатын.

Сонымен, бүкіл оңтүстік өңірін қамтып, Қоқан хандығын дүр сілкіндірін, тобасына келтірген көтеріліс кейбір жеңілдіктер алумен ғана аяқталды. Бұл көтеріліске қатысқан негізгі күш — қазақтар, өзбек дихандары, қырғыз еңбекшілсрі арасында өзара ынтымақ болмады. Оның үстіне бір жагы Әулиеата, Меркі, екінші жагы Түркістан, Жаңақорған арасындағы осынша кең аймақты қамтыған көтерілістің алдарына қойған мақсаттары да айқын емес еді. Бір өңір мен екінші өңір арасында байланыстың жоқтығы, басшылықтың болмауы айтарлықтай нәтижесіз аяқталуына алып келді.

1856 жылдың желтоқсанында, N1 форттың төңірегінде көшіп-қонып журген қазақтар осы төңіректегі бидай егуге қолайлы жерлердің барлығын бекініс комендантының қоныс аударушыларға тартып алып беруіне байланысты қазақтардың жасы келіп қалған осы өңірдегі белгілі батыр Жанқожа НүрмағамбетҰлы бастаған Кіші жуз қазақтарының наразылығы туды. Қазақтар бекіністі жан-жағынан қоршап, шайқас кезінде үш казакты өлтіріп қазынаның шөбін өртеп жіберді.

Сырдария шебінің қолбасшысы барон Фитенгоф бул жөнінде хабар естігсн бойда оларға комек беру үшін Перовский фортынан 2 зеңбірек, 1 ракеталық қондыргысы бар 265 адаммен N1 фортқа келді. Мұнда оларга

  1. казак және 200-дей жаяу әскер қосылды. Оларда да 2 зеңбірек болатын. Сөйтіп, барлығы жиналған соң наразылық жасап, қалың қолмен фортты шапқан қазақтардың ауылына қарай жақындады.

Қазақтардың соңына түскен орыс әскерлері Сырдың арғы бетіне өтіп және Кіші Борсыққа дейін іздеп барып, олардың көптеген түйе, сиыр, қой т.б. малдарын тартып алды. Жанқожа Нүрмағамбетұлының Хиуа иелігіндегі жерге өтіп кетіп, Хиуа ханынан және шекті батыры Есет Көтібарұлынан N1 фортты алуға көмек сүрады. Бірақ Хиуа ханы түркмендермен соғысып жатуына байланысты көмек беруден бас тартты, ал Есет батыр болса орыстарға қарсы күресуге көмектесуге уәде берді.

Ал 1855-1858 жылдары Сыр бойындағы шаруалар соғысының бірін бастаған Есет Кәтібарұлынң да негізгі мақсаты бірссе жерін, біресе малын тартып алып қазақ шаруаларыка тыныштық бермеген орыс отаршылдарына қарсы өздерінің бостандығын алу үшін болған еді. Шектен тыс қысым көрсеткен отаршылдардың жасаған адам төзгісіз орскеттері бейбіт жатқан Сыр бойының қазақтарын көтеріліске шығуға мәжбүр етті.

Патша әкімшілігі Сырдарияның төменгі бойына казак отбасыларын Орынбор мен Орал бекініс шептеріне әкеліп қоныстандыра бастады. Мысалы, 1849 жылы орыстар үшін өте сенімді деп ессптелетін Райым бекінісі маңында Орынбор казактарының 26 отбасы түрды. Бұл өңірге қоныс аударушы казактардың саны жыл өткен сайын көбейе түсті.

Қоныс аударып келген казак әскерлері Сыр өзснінің бұрыннан игерілген құнарлы жерлерге ие бола бастады. Бұл жерлер, орине бұрын бос жатпаған, қазақтардың жақсы жайылымы болатын. Бұрыннан келе жатқан шүрайлы жерлерінің орыстардың қолына өтуіне байланысты енді қазақтар ыгысып, бұрын игерілмеген, кобіне шаруашылық үшін онша қолайлы емес жерлерге көшуге мәжбүр болды. Енді біреулері күнкөріс үшін қоныс аударып келгендер мен шенеуліктеріне жалданып жұмыс істей бастады.

Патша өкіметінің жергілікті орындары басқа да жерлердегі сияқты Орынбор генерал-губернаторлыгына қараған қазақтар арасында орыс билеушілеріне қарсы пікірлер туғызатындардьщ болмауына ерекше көңіл бөлді. Осы мақсатта шеттен келетін қазақ, өзбек саудагерлеріне ерекше сезіктеніп қараудың қажеттігін үнемі айтылып отырды.

Патша үкіметінің жергілікті әкімшіліктері осымен бірге қоластындағы қазақ руларының көшіп-қонып отыруын өте жіті бақылап отырған. Атап айтқанда, көктем шыға қазақ руларының қайсысыларының қай жайлауға кететініне, ол жерге қай уақытта баруы керектігі, сондай-ақ олардың бір орыннан екінші орынға жылжуы, бір сөзбен айтқанда осы өңірдегі қазақтардың барлығының көшіп-қонуы алдын ала жасалынған кесте бойынша жүруі тиіс болды. Сөйтін жергілікті әкімшілік қай ауылдың қайда екендігін үнемі біліп, бақылап отырады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Кенеcapыұлы Ахмет сұлтан. Кенесары және Сыздық султандар. Алматы: Жалын, 1992. - 48 б.

  2. Бөкейханов Ә. Тандамалы. Алматы: К^зақ энциклопедиясы Бас редакциясы. 1995. 478 б.

  3. Дулатов М. Қазағым менің, қалың елім. Хазрет сұлтан. Шығармалары. Т.2. Алматы: Ғылым. 1997. - 344 б.

  4. Мәшімбаев С. Патшалық Ресейдің отарлық саясаты. Алматы: Санат. 1994. - 136 б.

  5. Койгелдиев М. Алаш қозғалысы.- Алматы: Санат, 1995. - 368 б.

  6. Бекназаров Р. Оңтүстік Қазақстан тарихының очеркі (XV1II-XIX ғғ.). Алматы: Ғылым. 1976. - 329 б.

  7. Мұхаметханұлы Н. Шың патшалығы кезіндегі казақ халқы. Үрімжі: Шыңжиаң халық баспасы. 1997. - 198 б.

  8. Наливкин В. Краткая история кокандского ханства. Казань. 1886.

  • 215 с.

  1. Набиев Р.Н. Ташкентское восстание 1847 г. и его социально- экономическое последствие. Ташкент. 1950. - 80 с.

  2. Бекназаров Р. Оңтүстік Қазақстан тарихының очеркі (XVIII-XIX гг.). Алматы: Ғылым. 1976. - 329 б.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!