Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері
Сипанова Б.С. - Қ.Ыдырысов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.
Орыс мектебінде қазақ тілін үйрететін ұстаз үшін басты мақсат-өзге ұлттың баласын мемлекеттік тілде сөйлету.
Осы жауапкершілікті іске асыру үшін мынадай міндеттер қойылады:
— орыс мектептеріндегі балаларға тілді үйрену жеңілдеу болу мақсатында тілдің күнделікті практикалық жағын қарастыру;
— Қазақ тілі сабағында оқушының айтылым дағдысын қалыптастыру, сөз
байлығын молайту;
— Шығармашылықпен жұмыс істеуге, үнемі өз бетімен ізденуге дағдыландыру;
—Оқушылардың тілді үйренуге қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың мемлекеттік тілді сөйлеу дағдыларын қалыптастыру
барысында дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтуға үйрету,дұрыс сөйлеу
дағдыларын,сөйлеу тілінде жаттықтыру, өлеңдер мен әндерді жаттату, көркемшығармалардың өз түсінігі бойынша мазмұнын айтқызу секілді жұмыстардың маңызы зор.
Әдіс-тәсілдер мұғалімнің сабақ үстіндегі іс-әрекетінің құралы болып, оқушының оқу әрекетін белгілейді.Әдіс-тәсілдің таңдалуы оқылатын материалға байланысты болуы керек.
1.Сөздік әдістер( әңгімелеу, әңгіме, баяндау, кітаппен жұмыс)
2.Көрнекілік әдістер(демонстрация,бейне әдістер, бақылау әдістер)
3.Практикалық немесе машықтық әдістер(лабораториялық, практикалық,графикалық жұмыстар,өзіндік оқу жұмыстары, жаттығулар,іскерлік,танымдық ойындар, ситуациялық, дискуссиялық әдіс)
Қазақ тілін оқытуда білім сапасын арттыру үшін,ең алдымен, бұл пәннің ерекшеліктерін анықтап алу керек.Қазақ тілін басқа ұлттарға оқыту үрдісінде бөлінбейтін екі мақсат бар: танымдық біліктілікті дамыту және тілдік материалды меңгерту.Бұлардың екеуі де практиканы, жаттығуды талап етеді.Сондықтан қазақ тілін оқытуда білім сапасын арттыру үшін қолданылатын негізгі әдістердің бірі-практикалық немесе машықтық тәсілдер болып келеді,соның ішінде негізгісі- жаттығу тәсілі.Жаттығулар тілдік біліктікті дамыту үшін,тілдік материалды меңгеру үшін, бастапқы біліктіктерді меңгеріп, олардыдағдыға айналдыру үшін қызмет етеді.
Оқушыны сөйлеуге жаттықтыру жұмысы тілдік материалдан тұратын жаттығулар арқылы жүргізіледі.Жаттығулардың түрі де,мақсаттары да әр түрлі.Оларды грамматикалық,лексикалық және фонетикалық
жаттығуларға бөлуге болады. Жаттығу жұмыстары белсенді, жүйелі түрде және белгілі мақсатпен орындалуы керек.Тіл дамытуға арналған жаттығуларды құрастырған кезде, келесі жүйені пайдаланған жөн:тыңдау-қайталау-сөйлеу.
Жаттығу жұмыстарының ішіндегі ең тиімді де,оқушы үшін
қызықтысы да, ол- суретпен жұмыс.Суретпен төменде берілген түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізуге болады.
-Әңгіме құрастыр;
-Берілген тірек сөздермен сөйлем құрастыр.
-Сурет бойынша сұрақтарға жауап бер;
-Суретке қарап сұрақтар құрастыр;
-Суретке ат қой;
-Суретті әңгімеле;
-Суреттегі сөздерді жатқа жаз;
Мұндай жұмыстарды орындағанда оқушылардың есте сақтау
қабілеті арта түседі, тілі жаттығады.
Түсіндіру тәсілі- жаңа грамматикалық тақырыпты не болмаса
грамматикалық форманы меңгерту үшін қолданылатын тәсіл.Түсіндіру әдісі
мұғалімнің сөзі, баяндау арқылы орындалады. Мұғалім дайын материалды баяндап қана қоймай, оны оқушы санасына жеткізуге, оқушының оны жақсы түсінуіне көңіл бөледі.Түсіндіру тәсілі әдіс ретінде жаттығу және көрсету тәсілдерін толықтырып отырады.
Қазақ тілі сабақтары тиімді өту үшін диалог,ситуативті
жағдайлар әр сабақта қолдануы керек.
Ситуациялық –рөлдік ойындары. Мәселен, «Дүкенде», «Аялдамада», «Автобуста», «Кітапханада»», «Саябақта» т.б. тақырыптарда диалог түрінде әңгімелесулер өткізу. Әр сабақ үстінде әр тақырыпқа байла-нысты 3-4 жұптан сұрап тұрған артық етпейді. Ол оқушылардың тілдерін жаттықтырып, оларды жүйелі сөйлеуге дағдыландыра түседі.
Қазіргі кезде оқу үрдісінде жаңа технологиялар кеңінен пайдалануда.Сабақ түріне байланысты технология элементтерін оқу үрдісінде мұқият құра білген жағдайда оқушылардың білім сапасын едәуір арттыруға болады.
«Болжау әдісі» - тақырыпқа байланысты видеороликті көрсетіп, тоқтатады, балаларға сұрақтар қойылады. Сұрақты оқушылар жұппен, топпен талқылайды. Бір шешімге келіп жауаптарын айтады. Постер қорғайды.
1.Балалар қайда келді?
2.Балалар ауылда не істеді?
3.Атасы не оқып отыр екен?
4.Кітап не туралы?
5.Бәйтерек қай қалада орналасқан?
6.Астанада тағы нелер бар?
Қалай ойлайсыңдар балалар Астанаға барды ма?
Атасы мен әжесі Астана қаласынына барды ма?
«Болжау әдісі»- тілді үйренуге қызығушылықтарын туғызып, ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.
Көрнекілік әдіс – сабақ сайын жүргізілетін әдіс. Қай сыныпта болса да, түрлі суреттерді көрсету арқылы сөздерді үйретуге болады. Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды яғни эстетикалық жағынан жақсы, ірі екі немесе үш түстен болуы керек.
Мысалы : «Ұлттық киімдер» тақырыбын өткен кезінде киімдердің суретін көрсету арқылы әр түрлі тірек кестелер және таблицалармен сөздерді, сөз тіркестерді үйретуге болады.
Келесі
әдіс сұрақ – жауап
әдісі.
Бұл әдіс балалардың тілін дамыту үшін манызды әдістің бірі.
Сабақтың қай кезеніңде болса да қолдануға болады . Өте белгілі де
тиімді әдіс. Жас ерекшелігіне байланысты сұрақ қойылады.
Мысалы: мақал-мәтелдер тақырыбын өткен кезінде мақал-мәтелдерді тез
есте сақтау үшін оқушыларға мақалдардың негізіне құрылған сұрақтар
қойылады. Мысалы: -Әдепті бала қандай
бала?
- Әдепті бала арлы бала.
-Әдепсіз бала қандай бала?
-Әдепсіз бала сорлы бала.
Сонда балалар, бұл мақалды тез жаттап алады.
Орыс сыныптарында айтылымға үйретуде рөлдік ойындарды, диалог, көрініс қою, жұмбақ, сөзжұмбақ шешу, тірек схемасын пайдаланып, жүйелі түрде әңгімелеуге үйретемін (Көрнекіліктер)
Мысалы «Мен қандаймын?» ойынның шарты: Сыныптағы әр оқушы өзінің аты қандай әріптен басталса,оған сол әріптен сын есім сөзін қосып айтады. Мысалы: Дәурен-дарынды, Әйгерім-әдепті, Алма-ақылды.
«Адасқан әріптер» ойыны.
З А Қ А Н –қазан
Р К Ү Қ Ы Й К Е –қыркүйек
Л Е Ж С А Н Т О Қ –желтоқсан
«Шығармашылыққа баулу әдісі»
Балаларға өлең құрастыру үшін, тірек сөздер қолданамын.
........................................баламыз,
.........................................саламыз.
..........................................сабақты,
..........................................боламыз
“ Ыстық орындық” әдісі. Берілген
тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек,
себебі, орындық ыстық.
«Биографиялық поэма»
(Биопоэма)
Тақтаға немесе әрбір оқушыға параққа жазылып, өзі туралы мынандай сауалдарға жауап беру тапсырылады:
Есімім (Өз есіміңізді келтіріңіз)
Мен қандаймын? (Өзіңізді сипаттайтын үш сын есім келтіріңіз).
Сүйікті іс-әрекеттерім (Қол боста айналысуды құмартатын үш әрекетіңіз, хобби)
Неден қорқамын, сескенемін?(Өмірдегі қорқыныш пен қауіптеріңіз)
Өмірлік қағидам (кредо) (Өмірде ұстанатын басты қағидаңыз, ұраныңыз)
Сүйікті ақын-жазушыларым (Қандай ақын-жазушыларды ұнатасыз?)
Сүйікті тағамдарым (Қандай тағамдарды ұнатасыз?)
Менің жетістіктерім (Отбасыңызда, оқуда, жұмыста қандай жетістіктеріңіз бар?)
Менің арманым (Бір арманыңызды атаңыз)
Тегім
Бұл тапсырманы орындауға оқушыларға 4-5 минуттай уақыт берілген соң, олар жазғандарын шағын топ ішінде немесе бүкіл сыныпқа (егерде оқушылар саны аз болып немесе уақыт жеткілікті болса) оқып береді.Биопоэмаларды оқығаннан кейін, оқушылардың бір-біріне сұрақтар қойып, таныстығын тереңдете түскені дұрыс.
Бұл тәсілді бастары жаңадан қосылған оқушылармен ғана қолданбай, бұрыннан бір-бірін білетін топ ішінде де қолдануға тиімді, өйткені көп жағдайда келтірілген сұрақтар оқушыларды бұрын ескерілмеген жаңа бір қырынан ашады.
Биопоэма сұрақтарын түрлендіріп әрі толықтырып жіберуге де болады. Мәселен, олардың қатарына П. Макдермот «Мен қандай туыспын?»деген сұрақты қосады, оқушылар мұнда өздерін туыс ретінде атайды («Мен әке-шешемнің ұлымын/қызымын, немере, аға/әпке, іні/қарындас не сіңлі,бауырмын» деген секілді). Мұнымен қатар автор сүйікті заттарды, басынан кешкен сезімдерді, қол жеткізген табыстарды, көргісі келген немесе құмартатын нәрселерді (заттарды), туған жерін (немесе тұрғылықты жерін)атауды ұсынады.
Мұндай биопоэмада «Сүйікті гүлдеріңізді (пәндер,түстер, спорт түрлері, машина не ұялы телефон түрлері, есімдер, мұғалімдер,спортшылар, актерлер, әншілер,т.б) атаңыз» секілді тапсырма да беруге болады.
«Біз де»
Ойынның шарты: Әңгімені зейін сала тыңдап, бұрыс пікірге қосылмау керек.
1. Мен өзенге бардым. «Біз
де!»
2. Онда үйрек ұстап алдым. «Біз де!»
3. Үйректің жартысын итім жеп қойды. «Бізде!» Осыны айтып қалған
оқушылар ойыннан шығады.
«Венн диаграммасы»
Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін нысандардың сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни, салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.
«Диаманта»
Диаманта – жеті жолдан тұратын өлең түрі, бірінші және соңғы жолдары қарама-қарсы мәнде болуы қажет. Мағыналары қарама-қарсы түсініктермен жұмыс істегенде пайдалы.
1,7 – жолдары – антоним-зат есімдер;
2 – бірінші зат есімге екі сын есім;
3 – бірінші зат есімге үш етістік;
4 – зат есімді екі сөз тіркесі;
5 – екінші зат есімге үш етістік;
6 – екінші зат есімге екі сын есім;
Мысалы:
қала
үлкен, көне
салынады, өседі, гүлденеді
танымал қала, кішкентай ауыл
асырайды, дамиды, қалыптасады
әдемі, туған
ауыл
«Ертегі құрастыру»
Бастаушы ертегінің бірінші сөйлемін айтады. Қалғандар бір-бір сөйлемнен өздері қалауынша ертегінің сюжетін құрастырады. Қатысушылардың қиял жүйріктігі, тіл байлығына қарай түрлі ертегі құрастырылып шығады.
«Кейіпкерлер әлемі»
Ойын шарты: оқушылар топқа бөлінеді. Әр топ бір-бірлеріне әңгіме мазмұны бойынша сұрақтар қояды. Сұрақтардың мазмұны шығарма кейіпкерлерімен, орын алған оқиғалармен байланысты болуы керек. Ұтымды сұрақ пен мәнді жауап бағаланады.
«Кейіпкер»
Р/с |
Шығарманың атауы |
Кейіпкері |
Қасиеттері қалай суреттелген |
Кейіпкерге берілетін баға |
Ой-тұжырым, мақал-мәтел, даналық сөз |
1 |
«.........» |
|
|
|
|
«Кейіпкерлерге мінездеме»
Әңгіме кейіпкерлері |
Мінездеме |
|
|
«Сөзден – сөйлем, сөйлемнен - мәтін»
Шашылған түрлі сөздердің ішінен бір-біріне мағыналық қабыспайтын 3 сөз суырылады. Мысалы, «өзен, қарындаш, аю» деген секілді. Осы үш сөзді кіріктіре отырып, сөйлемдер құрастыру керек. Кімнің сөйлемі қызықты әрі ерекше болатынына көңіл аудару. Былай құрастырылуы мүмкін: «Бала қолына қарындаш алып, өзенде шомылып жүрген аюдың суретін салды.» Немесе шығармашыл: «Қарындаштай ап-арық бала өзен жағасында тұрып, аюдай ақырып, өгіздей өкіріп жылады.»
Бірнеше нұсқаның ішінен біреуін таңдап алып, тақтаға жазып қояды да, келесі 3 сөзді суырып, сөйлем құрайды. Одан да бір сөйлем жазып қояды. Соңында тақтада жазылған сөйлемдерді құрастырып, мәтін жазу керек. Мәтінді әрқайсысы өз дәптерлеріне жазуларына болады.
Қазақ тілі сабағында оқушыларды сөзді дұрыс қолдана білуге, өз ойын орнықты жеткізуге, еркін сөйлей білуге жетелейтін тәсілдің бірі – тіл дамыту жұмыстары. Тіл дамыту мақсатындағы жүргізілетін жұмыстар оқушының ойлау қабілетіне, сондай-ақ өз ойын жеткізе білуіне, шығармашылық ізденісіне жол ашады. Оқушының білімі ғана жетіліп қоймайды, қабілетінің, дарын көзінің ашылуына түрткі болады.
Орыс тілді мектеп оқушыларын қазақ тілінде сөйлеуге үйрету, оны оқыту әдістемесін жетілдіру-бүгінгі күннің аса маңызды мәселесі.
Әдіс-тәсілдердің түрі көп,бірақ оларды орынды қолдану
ғана көздеген мақсатқа жеткізіп, білім сапасын арттырады.
Өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді оқытып үйрету талабы
тіл мамандарының алдына үлкен жауапкершілік артып отыр.Сондықтан да, қазақ тілі сабағында оқушылардың білім сапасын арттыру мұғалімнен
шеберлікті,ізденушілікті, әр түрлі әдіс-тәсілдерді оқушының білім деңгейіне
қарай тиімді қолдануды қажет етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Т.А.Акимова, Т.М.Копжасарова, З.Т.Кашкенова, Г.У.Дарменова «Разминки для тренингов» АОО НИШ ЦПМ, Астана, 2015
Қ.Әбдезұлы, С.Ч.Тұрсынғалиева «Қазақ әдебиеті әдістемелік нұсқау» «Арман ПВ», 2012
А.Х.Әлімов «Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер» Астана «НЗМ»ДББҰ, 2014
Т.Н.Ермекова, А.А.Қасымбек, Н.О.Абдижаппапрова, А.Б.Бипажанова «Қазақ тілі мұғалім кітабы» «Арман ПВ», 2016
А.Т. Нұржанова «Формирование коммуникативных умений в контексте уровневых программ курсов повышения квалификации педагогов»АОО НИШ ЦПМ, Астана, 2015
Г.Т.Тұрсынова, А.А.Қасымбек «Қазақ тілі әдістемелік нұсқау» «Арман ПВ», 2012
А.А. Миролюбова. Общая методика обучения иностранным
языкам в средней школе.1967.
М.М.Жанпейісова. Модульдік оқыту технологиясы(оқушыны
дамыту құралы ретінде). 2002