Материалдар / Орыс тілді мектептердегі қазақ тілі сабағында оқушылардың сөйлеу тілін дамыту жолдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Орыс тілді мектептердегі қазақ тілі сабағында оқушылардың сөйлеу тілін дамыту жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Жұмыста ұсынылған амал –тәсілдерді қазақ тілі сабақтарында оқушылардың сөйлеу тілін дамыту үшін қолдануға болады. Жұмыста берілген әдіс- тәсіл түрлері қазақ тілі сабағының сапасын арттыруға, оқушылардың білім деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Мамыр 2018
4930
12 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сипанова Баглан Саттаровна –Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Қ.Ыдырысов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі


Тақырыбы: Орыс тілді мектептердегі қазақ тілі сабағында оқушылардың сөйлеу тілін дамыту жолдары


Зерттеу нысаны:  Орыс тілді мектептердегі қазақ тілі сабағында оқушылардың сөйлеу тілін дамыту жолдарын көрсету

Зерттеу жұмысының қолданбалы маңызы. Жұмыста ұсынылған амал –тәсілдерді қазақ тілі сабақтарында  оқушылардың сөйлеу тілін дамыту үшін қолдануға болады.  Жұмыста берілген әдіс- тәсіл түрлері қазақ тілі сабағының сапасын арттыруға, оқушылардың білім деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.

 

Көкейкестілігі мен жаңашылдығы:

Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде оқушыларға қазақ тілінен үйретілетін сөздер біріншіден, белгілі бір тақырыптарға, екіншіден сөз таптарға қатысты болады, сол себептен қазақ тілі сабағы әрі тілдік, әрі әдебиеттік оқу материалдарын қамтиды. Заман өзгерген сайын әдіс-тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып отыр. Әр түрлі жаңа технологияларды қазіргі мұғалімдер өз тәжірибелерінде қолданып жүр. Орыс тілді мектеп оқушыларын қазақ тілінде сөйлеуге үйрету, оны оқыту әдістемесін жетілдіру-бүгінгі күннің аса маңызды мәселесі. Мектеп тәжірибесінде білім мазмұнын жетілдіру, үшін оқыту процесінің тиімді жолдары, жаңа әдістері жан-жақты қарастырылуда. Қазақ тілін нәтижелі үйрету үшін, оның оқыту әдістемесін жетілдіре түсіну-үлкен мәселе. Жалпы педагогиканың әдістерінен әр пәннің өзіне тән әдістері шығады. Менің жүргізіп жүрген пәнім орыс мектебіндегі қазақ тілі орайында әңгіме болады. Тіл дамыту - ең негізгі жұмыстың бірі болып табылады.


Мақсаты:

Орыс тілді мектептердегі қазақ тілі сабағында оқушылардың сөйлеу тілін тиімді әдіс –тәсілдер арқылы дамыту жолдары.


Міндеттері:

Орыс тілді сыныптарда тіл дамыту жұмысының әдістемесі арқылы оқыту мәселесінің ғылыми-теориясын негізін айқындау;

зерттеуде қолданылған әдістер нақтылығы мәліметтер мен әдебиеттерге бақылау және талдау, баяндау, сипаттау, оқушылардың тілді меңгеру дәрежесін бақылау, тексеру;

Жүйелі және құрылымдық талдау әдісі орыс тілді сыныптардың оқушыларына ана тілімізді оқытып, үйретудің танымдық, амалдық табиғатын зерттеу.

Ғылыми жобаның құрылымы. Кіріспеден, негізгі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшалардан тұрады.





Кіріспе

Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қалыптастыру-заман талабы. Тіл-халықтың жаны, ұлтымыздың құжаты. Тіл құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Орыс сыныптарында оқылатын қазақ тілі пәнінің көздейтін негізгі мақсаты – оқушыларды белгілі дәрежеде қазақша сөйлеуге, өз ойын басқаға жеткізе алатын бірудің сөйлеген сөзін, жазғанын түсіне алатын дәрежеге жеткізу. ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие және білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындау педагогика тәжірибесінің көкейкесті мәселелерінің бірі болып отырғаны анық.

Республикамыздың егемендік алып, тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы ұлттық мәдениетіміздің жан-жақты өркендеуіне негіз болды. Мемлекеттік тіл-халықтың барлық мұқтажын, өнер, мәдениет, радио, дипломатиялық қарым-қатынас, ғылым, өндіріс, шаруашылық, ресми іс-қағаздарды т.б. салаларға дейін қызмет ететін қоғамның қуатты қолданыс құралына айналуы қажет. Оқушылардың тәрбиесі мен білім деңгейінің жоғары болуы, сауаттылығы, қазақ тілін меңгеру, түсініп оқуы мен қатесіз жазуына байланысты екендігін көрсетеді.

Тіл тағдырын жетілдіру көп ретте мектепте атқарылатын жұмыс деңгейіне байланысты. Өйткені, өскелең ұрпақтың балғын санасына бай тіліміздің нәрін сіңдіріп, көкірегіне ұялатуға әр пән мұғалімі ауқымды істер атқаруы тиіс.

Бірақ, оқушының тілін қалыптастыру үшін, мұғалімнің өзі бір құзырлыққа жету керек. Сол үшін оқушы санасына, қазақ-тілі ертеңгі күні үлкен өмірге араласқанда оның қоғамдағы қызметіне көмегін тигізетін, жұмысында, күнделікті өмірінде қажетіне жарайтыны туралы ұғым қалыптастыру керек.

Қазақ тілін оқыту барысында оқушының тілін дамытып, сөз байлығын арттыру - ең маңызды жұмыстардың бірі. Оқу орыс тілінде жүретін сыныптарында оқушылар қазақ тілін оқу барысында мұғалімнің қойған сұрақтарына түсініп, оған жауап қайтаруға, үйренген сөздерін бұзбай айтуға, әсіресе, құрамында қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолданып, сөйлемді дұрыс құруға үйретіледі. Бұл мәселені жүзеге асыру үшін, біріншіден жүйелі түрде, «оңайдан қиынға принципін» басшылыққа сала отырып күнтізбегін жоспар қажет деп ойлаймын. Содан кейін жоспарды басшылыққа ала отырып, оқушылардың тілін дамыту үшін әр түрлі тәсілдер арқылы жұмыс жүргізу. Осы мақсатта оқытушы әр түрлі оқыту әдіс-тәсілдерін пайдаланып, тіл дамыту жаттығуларын, ойын элементтерін және тақырыпқа сәйкес көрнекіліктер қолданады. Басты назар аударатынымыз оқу, сөйлеу, талдау, жазу жұмыстарына мұқият көңіл бөлу.


Негізгі бөлім

Орыс мектептеріндегі қазақ тілін жүргізу мұғалімдерден көп дайындықты талап етеді. Сапалы сабақ оқу тәрбиесінің нәтижелі болуына тікелей әсер етеді.

Тілді оқытып, үйретудің сапасын арттыру әр түрлі жағдайларға байланысты. Орыс мектебінде оқытылатын қазақ тілі пәнінің түпкі мақсаты – оқушыларға қазақ тілін меңгерту, ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыру, қазақ тілінде сөйлеп, жаза білетін дәрежеге жеткізу, қазақ халқының әдет-ғұрпын, тарихын танып талаптандыру, тілін құрметтеуге тәрбиелеу, сонымен қатар Отанды, табиғатты, айналадағы құбылысты, тыныс – тіршілігімен жан-жақты терең таныстыру.

Тіл дамыту-қазіргі мектептің оқу-тәрбие ісіндегі басты проблема-тіл мен сөйлеу процесін жіктей оқыту, оқушының дұрыс сөйлей білуіне көңіл бөлу. Сондықтан, мұғалім қазақ тілі сабақтарында тіл дамытуға, байланыстырып сөйлеуге айрықша көңіл бөледі, тілдік материалдарды дұрыс бере білу, тілдің теориясы мен сөйлеу практикасының бір-бірімен қарым-қатынасы түрлі жаттығу жұмыстары арқылы іске асырылады.

Тілді дамыту дегеніміз – оқушының сөздік қорын дамыту, ойлаған ойын өз еркінше басқа адамға жеткізе алу, оның сөзін түсіне білу, қысқаша айтқанда еркін сөйлей білуге үйрену. Осыдан келіп тіл дамыту жұмысының кең аялы екенін көреміз.

Адам әрқашанда өз ойын ауызша және жазбаша жеткізеді, сол себептен бұл ұғымдар өзара байланысты. Ауызша жеткізу дегеніміз – сөйлеу. Сөйлеу – тілдің көмегімен қарым-қатынас жасау. Әр адам сөйлеу арқылы екінші адамға өз ойын жеткізе алады.

Сөйлеу әрекетінің өз сипатамалары бар. Солардың бірі – сөйлеудің мазмұнды да мәнерлі болып келуі. Егер сөйлейтін сөзде мазмұн болмаса ол сөз мәнін жоғалтуы мүмкін. Ал сөзді мәнерлеп айту – әрбір сөйлемге әсерлі үн, саз береді. Аталарымыз айтқандай, бір ауыз сөзбен адамды дертінен жазуға немесе өлтіруге болады. Демек, сөздің құдіреті өте күшті. Сабақтың пікірлесу кезеңінде оқушылар әрбір сөзді орынды қолданып, әр сөзге екпінді дұрыс қоя білуі керек. Сол жағдайда ғана олардың сөйлеу әрекеттері дұрыс қалыптаса түседі.

Әр мұғалім қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол оқушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне білуіне жағдай жасайды.

Тіл дамыту жұмысы, негізінен, мынадай 4 бағытта жүргізіледі.

Біріншіден, мәдени, әдеби сөйлей білу нормаларына үйрету, яғни орфографиялық дағдыны меңгерте отырып, оқушыға мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.

Екіншіден, лексикалық жұмыстар жүргізу арқылы оқушының сөздік қорын байыту, тілдің лексика және фразеология бөлімдерінен кеңірек білім беру көзделеді.

Үшіншіден, жаңа сөздер үйрету

Төртіншіден, оқушының ойын жазбаша дұрыс, сауатты жаза, әрі сөйлей білуге үйрету мақсат етіледі.

Тіл үйренуде ең басты міндет – оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру. 
- Оқушылардың сөздік қорын дамытуға арналған әдіс –тәсілдер туралы мәлімет беру. 
- Әдіс – тәсілдер туралы теориялық ұғым беру. 
- Әдістерді тәжірибеде қолдана білуге үйрету. 
- Қазақша сөйлеу дағдысын дамыту 
- Жазбаша тілін дамытып, орфографиядан түсінік беру. 
- Сөздікті дамыту. 
- Сөйлеу тілінің граматикасын қалыптастыру. 
- Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету. 
- Диалогтік сөздің қалыптастыру. 
- Түсінгенін айта білу. 
- Көркем шығармамен таныстыру. 
- Сауатты жазуға дағдыландыру.

Қазақ тілі сабағындағы сөздік қорды дамыту жұмыстары мынадай әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асады. Ол-сұрақ-жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме, түсінігін айтқызу, көрнекілік, аударма, кітап пен жұмыс, мәтінмен жұмыс әдістері. Әр сабақ сайын тақырыпқа сай көрнекі құралдар, түрлі суреттер, кестелер, видео кассеталар, тақырыптар бойынша электронды оқулықтар мен сабақты көркемдеп отырса, оқушылардың сөздік қоры біршама толығады деп сенімдімін. Әдіссіз оқыту процесі жүзеге асу мүмкін емес.

Осы оқыту әдісі дегеніміз не? Соған тоқтала кеттейік. 
Оқыту әдісі – дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Оқыту әдістері білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары мен және міндеттерімен анықталады. Оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістемесінің тиімді шығармашылықпен жүзеге асырылуына байланысты. Ол мұғалім мен оқушының бірігіп жұмыс атқаруы. Оның арқасында білім, іскерлік, дағдының қалыптасып, оқушының дүние танымдылығы мен қабілеттілігінің артуы. 
Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде оқушыларға қазақ тілінен үйретілетін сөздер біріншіден, белгілі бір тақырыптарға, екіншіден сөз таптарға қатысты болады, сол себептен қазақ тілі сабағы әрі тілдік, әрі әдебиеттік оқу материалдарын қамтиды. Кейбір грамматикалық түсініктемелер, жаттығу шарттары орыс тілінде берілетіндіктен, салыстырмалы грамматикаға байланысты мәліметтер де қамтылады. Қазақ тілі сабағындағы сөздік қорды дамыту жұмыстары мынадай әдіс – тәсілдер арқылы жүзеге асады. Ол – сұрақ- жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме, түсінігін айтқызу, көрнекілік, аударма, кітаппен жұмыс, мәтінмен жұмыс әдістері. Әр сабақ сайын тақырыпқа сай көрнекі құралдар, түрлі суреттер , кестелер, видеокассеталар, тақырыптар бойынша электронды оқулықтар мен сабақты көркемдеп отырса оқушылардың сөздік қоры біршама толығады деп сенімдімін. Заман өзгерген сайын әдіс – тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып отыр. Әр түрлі жаңа технологияларды оқу процесінде
қолдануда. 
Жаңа технологияны, әдіс - тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын көтереді. 
Мемлекттік тілдің қоғамдағы орнын көтеру үшін бүкіл жүйе болып жұмыс істеуіміз қажет. Бала енді тілі шығып, балабақшаға барып, қазақ сөздерімен танысуы тиіс. Мектеп қабырғасынан күнделікті өмірдегі, қолданыстағы тілді үйреніп шықса, жоғарғы оқу орындарын да мектеп бағдарламасын қайталамай, тілдік категорияны тереңірек оқытылса, болашақта орысша және қазақша тіл білетін маман даярлар едік. Қаншама жазсақ та, айтсақ та ісіміз оңға баспай тұр. Себебі оқушылар тек сабақта ғана қазақша сөйлеп, оны тәжірибеде қолданбайды одан гөрі ағылшын тілінде сөйлегенді ұнатады. 
Осындай күрделі де ауқымды мәселені шешу үшін сөздік қорды байытуға бағытталған әдістер жайлы бағдарламамды ұсынып отырмын. 
Себебі сөздік қордың бай болу маңызды мәселе. Бұған үлкен көмек беретін тақырыптық модульдік бағдарлама. Әр сабақты фонетикадан бастаған жөн болар. Дауысты, дауыссыз дыбыстарға көңіл бөліп, дұрыс айтылуы мен жазылуына, сөз, сөйлем құрастыру процесін бірізді түрде жүргізіп отырса тиімді болады.

Сөздік қорды дамытуға бағытталған әдістердің жалпы міндеті- Сөздің мағынасын дұрыс түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану.

Түсіндіру әдісі - жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде қолданады.Сабақ сайын үйретілетін жаңа сөздер бойынша, яғни сөздік жұмысында іске асады. Сондай – ақ қазақ тілі грамматикасының кейбір ерекшеліктері (алфавит бойынша қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды, дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке, ал дауыссыз дыбыстардың қатаң, ұяң, үнді болып бөлінетіндігі, екпіннің соңғы буынға түсіп, не істейді? сұрағына жауап беретін сөздердің сөйлем соңында тұратындығы, жалғау, жұрнақтардың жуан, жіңішке, екі вариантта болатындығы кім? сұрағының тек адамға қойылатындығы, ма, ме , ба, бе, па, пе деген қосымшалардың бірде жалғау болатындығы,т.б) түсіндіріледі.

Көрнекілік әдіс – сабақ сайын жүргізілетін әдіс. Басқа тілді үйретуде ең нәтижелі және жиі қолданылады. 1- 2 сыныптарда түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтарды көрсету арқылы сөздерді үйретуге болады. Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды яғни эстетикалық жағынан жақсы, ірі екі немесе үш түстен болуы керек. Мысалы : «Ұлттық киімдер» тақырыбын өткен кезде киімдердің суретін көрсету арқылы немесе сыныпқа кәдімгі киімдерді көрсету арқылы жүзеге асып отырады. Әр түрлі тірек кестелер және таблицалармен сөздерді, сөз тіркестерін үйретуге болады.

Ы. Алтынсарин натуралды әдіс туралы былай деген: «балаға айтып түсіндіргеннен гөрі, қолымен ұстап, көзімен көріп, мұрнымен иіскеп түсіндірген сабақ ұғымды » деген. Бұл әдісті сөздік қорды дамытуға бастауыш сыныптарда қолданады. Мысалы: Алма сөзін алманы көрсету арқылы ұғындырамыз. Бұл әдіс – жеміс- жидектер, оқу құралдары, ойыншықтар, тағамдар тақырыптарында жүзеге асады. 
Келесі әдіс сұрақ – жауап әдісі. 
Бұл әдіс балалардың тілін дамыту үшін манызды әдістің бірі. Қай сынып болсын, сабақтың қай кезеніңде болсын қолдануға болады . Өте белгілі де тиімді әдіс. Жас ерекшелігіне байланысты сұрақ дайындалады. Мысалы: 
-Сенің тұратын қалаң қалай аталады? 
-Менің қалам Павлодар деп аталады. 
-Қаланың ортасынан қандай өзен ағады? 
-Ертіс өзені ағып өтеді. 

Қазақ тілі сабақтары тиімді өту үшін диалог,ситуативті

жағдайлар әр сабақта қолдануы керек.

Ситуациялық –рөлдік ойындары.  Мәселен, «Дүкенде»,  «Аялдамада», «Автобуста», «Кітапханада»», «Саябақта» т.б. тақырыптарда диалог түрінде әңгімелесулер өткізу. Әр сабақ үстінде әр тақырыпқа байла-нысты 3-4 жұптан сұрап тұрған артық етпейді. Ол оқушылардың тілдерін жаттықтырып,  оларды жүйелі сөйлеуге  дағдыландыра түседі.

Оқушылардың білімге ықыласын, ынтасын, қызығушылығын арттырудың ең жақсы жолының бірі — сабақта ойындарды қолдану. Ойын - балалардың шынайы және ойлап тапқан шындығына тез, еркін енуіне, өзіндік «Менін» қалыптастыруға және шығармашылыққа, белсенділікке, өзін-өзі дамытуға мүмкіндік береді. («Мен оқушымын», «Мен және менің отбасым», «Мен жолаушымын», «Біз жолаушымыз», «Адамдардың кәсібі», «Мен кәсіпкермін», «Біз қонақтамыз»). Мұндай ойын түрлерінің ерекшелігі  - жоғары көңіл-күйде ойналатын рөлдер шынайы сезімге, ойға, ниетке толы болады және бала үлкендер сияқты дәрігер, эколог, жол көрсетуші болғысы келеді. Бұл ойындарда балалардың мінез-құлықтары мен іс-әрекеттері реттеледі. Ойын іс-әрекетінің мотивациясы еркіндікті, таңдау мүмкіндігін, қажеттілігін, өз-өзіне сенімін, өзін-өзі дамытуын қамтамасыз етеді.

Кейбір педагогтар мен психологтардың мектеп жасындағы балалар, ойын жасынан өтіп кетті, — деуі бекер. Зерттеулер көрсеткендей, дәстүрлі ұйымдастырылған оқу процесіне қарағанда, оқушылар ойынға қатыса отырып, неғұрлым аз шаршайды, оқу қызметінен  жағымды эмоциялар алады.

Орыс сыныптарында айтылымға үйретуде рөлдік ойындарды, диалог, көрініс қою, жұмбақ, сөзжұмбақ шешу, тірек схемасын пайдаланып, жүйелі түрде әңгімелеуге үйретемін (Көрнекіліктер)

Мысалы «Мен қандаймын?» ойынның шарты: Сыныптағы әр оқушы өзінің аты қандай әріптен басталса,оған сол әріптен сын есім сөзін қосып айтады. Мысалы: Дәурен-дарынды, Әйгерім-әдепті, Алма-ақылды.

«Адасқан әріптер» ойыны.

З А Қ А Н –қазан

Р К Ү Қ Ы Й К Е –қыркүйек

Л Е Ж С А Н Т О Қ –желтоқсан

«Шығармашылыққа баулу әдісі»

Балаларға өлең құрастыру үшін, тірек сөздер қолданамын.


........................................баламыз,

.........................................саламыз.

..........................................сабақты,

..........................................боламыз 

Қазіргі кезде оқу үрдісінде жаңа технологиялар кеңінен пайдалануда.Сабақ түріне байланысты технология элементтерін оқу үрдісінде мұқият құра білген жағдайда оқушылардың білім сапасын едәуір арттыруға болады.

«Болжау әдісі» - тақырыпқа байланысты видеороликті көрсетіп, тоқтатады, балаларға сұрақтар қойылады. Сұрақты оқушылар жұппен, топпен талқылайды. Бір шешімге келіп жауаптарын айтады. Постер қорғайды.

1.Балалар қайда келді?

2.Балалар ауылда не істеді?

3.Атасы не оқып отыр екен?

4.Кітап не туралы?

5.Бәйтерек қай қалада орналасқан?

6.Астанада тағы нелер бар?

Қалай ойлайсыңдар, балалар Астанаға барды ма?

Атасы мен әжесі Астана қаласынына барды ма?

«Болжау әдісі»- тілді үйренуге қызығушылықтарын туғызып, ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.

«Ыстық орындық» әдісі. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық. 
«Биографиялық поэма» (Биопоэма)

Тақтаға немесе әрбір оқушыға параққа жазылып, өзі туралы мынандай сауалдарға жауап беру тапсырылады:

Есімім (Өз есіміңізді келтіріңіз)

Мен қандаймын? (Өзіңізді сипаттайтын үш сын есім келтіріңіз).

Сүйікті іс-әрекеттерім (Қол боста айналысуды құмартатын үш әрекетіңіз, хобби)

Неден қорқамын, сескенемін?(Өмірдегі қорқыныш пен қауіптеріңіз)

Өмірлік қағидам (кредо) (Өмірде ұстанатын басты қағидаңыз, ұраныңыз)

Сүйікті ақын-жазушыларым (Қандай ақын-жазушыларды ұнатасыз?)

Сүйікті тағамдарым (Қандай тағамдарды ұнатасыз?)

Менің жетістіктерім (Отбасыңызда, оқуда, жұмыста қандай жетістіктеріңіз бар?)

Менің арманым (Бір арманыңызды атаңыз)

Тегім

Бұл тапсырманы орындауға оқушыларға 4-5 минуттай уақыт берілген соң, олар жазғандарын шағын топ ішінде немесе бүкіл сыныпқа (егерде оқушылар саны аз болып немесе уақыт жеткілікті болса) оқып береді.Биопоэмаларды оқығаннан кейін, оқушылардың бір-біріне сұрақтар қойып, таныстығын тереңдете түскені дұрыс.

Биопоэма сұрақтарын түрлендіріп әрі толықтырып жіберуге де болады. Мәселен, олардың қатарына П. Макдермот «Мен қандай туыспын?»деген сұрақты қосады, оқушылар мұнда өздерін туыс ретінде атайды («Мен әке-шешемнің ұлымын/қызымын, немере, аға/әпке, іні/қарындас не сіңлі,бауырмын» деген секілді). Мұнымен қатар автор сүйікті заттарды, басынан кешкен сезімдерді, қол жеткізген табыстарды, көргісі келген немесе құмартатын нәрселерді (заттарды), туған жерін (немесе тұрғылықты жерін)атауды ұсынады.

Мұндай биопоэмада «Сүйікті гүлдеріңізді (пәндер,түстер, спорт түрлері, машина не ұялы телефон түрлері, есімдер, мұғалімдер,спортшылар, актерлер, әншілер,т.б) атаңыз» секілді тапсырма да беруге болады.

«Біз де»

Ойынның шарты: Әңгімені зейін сала тыңдап, бұрыс пікірге қосылмау керек.

1.Мен өзенге бардым. «Біз де!»
2.Онда үйрек ұстап алдым. «Біз де!»
3. Үйректің жартысын итім жеп қойды. «Бізде!» Осыны айтып қалған оқушылар ойыннан шығады.

«Венн диаграммасы»

Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін нысандардың сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни, салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.

«Диаманта»

Диаманта – жеті жолдан тұратын өлең түрі, бірінші және соңғы жолдары қарама-қарсы мәнде болуы қажет. Мағыналары қарама-қарсы түсініктермен жұмыс істегенде пайдалы.

1,7 – жолдары – антоним-зат есімдер;

2 – бірінші зат есімге екі сын есім;

3 – бірінші зат есімге үш етістік;

4 – зат есімді екі сөз тіркесі;

5 – екінші зат есімге үш етістік;

6 – екінші зат есімге екі сын есім;

Мысалы:

қала

үлкен, көне

салынады, өседі, гүлденеді

танымал қала, кішкентай ауыл

асырайды, дамиды, қалыптасады

әдемі, туған

ауыл

«Ертегі құрастыру»

Бастаушы ертегінің бірінші сөйлемін айтады. Қалғандар бір-бір сөйлемнен өздері қалауынша ертегінің сюжетін құрастырады. Қатысушылардың қиял жүйріктігі, тіл байлығына қарай түрлі ертегі құрастырылып шығады.

«Кейіпкерлер әлемі»

Ойын шарты: оқушылар топқа бөлінеді. Әр топ бір-бірлеріне әңгіме мазмұны бойынша сұрақтар қояды. Сұрақтардың мазмұны шығарма кейіпкерлерімен, орын алған оқиғалармен байланысты болуы керек. Ұтымды сұрақ пен мәнді жауап бағаланады.

«Кейіпкер»

Р/с

Шығарманың атауы

Кейіпкері

Қасиеттері қалай суреттелген

Кейіпкерге берілетін баға

Ой-тұжырым, мақал-мәтел, даналық сөз

1

«.........»






«Кейіпкерлерге мінездеме»

Әңгіме кейіпкерлері

Мінездеме




«Сөзден – сөйлем, сөйлемнен - мәтін»

Шашылған түрлі сөздердің ішінен бір-біріне мағыналық қабыспайтын 3 сөз суырылады. Мысалы, «өзен, қарындаш, аю» деген секілді. Осы үш сөзді кіріктіре отырып, сөйлемдер құрастыру керек. Кімнің сөйлемі қызықты әрі ерекше болатынына көңіл аудару. Былай құрастырылуы мүмкін: «Бала қолына қарындаш алып, өзенде шомылып жүрген аюдың суретін салды.» Немесе шығармашыл: «Қарындаштай ап-арық бала өзен жағасында тұрып, аюдай ақырып, өгіздей өкіріп жылады.»

Бірнеше нұсқаның ішінен біреуін таңдап алып, тақтаға жазып қояды да, келесі 3 сөзді суырып, сөйлем құрайды. Одан да бір сөйлем жазып қояды. Соңында тақтада жазылған сөйлемдерді құрастырып, мәтін жазу керек. Мәтінді әрқайсысы өз дәптерлеріне жазуларына болады.

Қорытынды

Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін, тіл мәдениетін арттыру мен дамыту, сапалы білім беру – қазіргі кезде мектеп мұғалімдерінің, тіл мамандарының алдынды тұрған басты міндеттердің бірі.

Қазіргі заман талабына сай білім беру үрдісі білімді жеке тұлғаға қарай бағыттай отырып, тұлғаны жан-жақты дамытуға, шығармашылықпен айналыстыруға жол ашып отыр. Алайда, осы іс-шаралардың барлығы мұғалімнің ұйымдастыруы мен шеберлігінің нәтижесінде іске асырылады.

«Білім туралы Қазақстан Республикасының Заңында»:

«Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту»-дейтін тұжырымдар бүгінгі білім берудің мақсаттары мен міндеттерін ғана емес, тіл дамытудағы өзекжарды мәселелерді де айқындайды .

 Қазақ тілі сабағында оқушыларды сөзді дұрыс қолдана білуге, өз ойын орнықты жеткізуге, еркін сөйлей білуге жетелейтін тәсілдің бірі – тіл дамыту жұмыстары. Тіл дамыту мақсатындағы жүргізілетін жұмыстар оқушының ойлау қабілетіне, сондай-ақ өз ойын жеткізе білуіне, шығармашылық ізденісіне жол ашады. Оқушының білімі ғана жетіліп қоймайды, қабілетінің, дарын көзінің ашылуына түрткі болады.

Орыс тілді мектеп оқушыларын қазақ тілінде сөйлеуге үйрету, оны оқыту әдістемесін жетілдіру-бүгінгі күннің аса маңызды мәселесі.

Әдіс-тәсілдердің түрі көп,бірақ оларды орынды қолдану

ғана көздеген мақсатқа жеткізіп, білім сапасын арттырады.

Өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді оқытып үйрету талабы

тіл мамандарының алдына үлкен жауапкершілік артып отыр.Сондықтан да, қазақ тілі сабағында оқушылардың сөйлеу тілін мұғалімнен

шеберлікті,ізденушілікті, әр түрлі әдіс-тәсілдерді оқушының білім деңгейіне

қарай тиімді қолдануды қажет етеді. Тіл дамыту - қазақ тілі пәні бойынша әрбір сабақтың ең негізгі мақсаттарының бірі болатындығы осы жұмыста дәлелденді.











































Пайдаланылған әдебиеттер:

А.А. Миролюбова. Общая методика обучения иностранным

языкам в средней школе.1967.

А.Т. Нұржанова «Формирование коммуникативных умений в контексте уровневых программ курсов повышения квалификации педагогов»АОО НИШ ЦПМ, Астана, 2015

А.Х.Әлімов «Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер» Астана «НЗМ»ДББҰ, 2014

Г.Т.Тұрсынова, А.А.Қасымбек «Қазақ тілі әдістемелік нұсқау» «Арман ПВ», 2012

Ж.Н. Садуова . «Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру»

Қ. Қабдықайырұлы. « Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы: Оқу құралы»,Алматы: РБК, 1999.

 Т.А.Акимова, Т.М.Копжасарова, З.Т.Кашкенова, Г.У.Дарменова «Разминки для тренингов» АОО НИШ ЦПМ, Астана, 2015

Т.Н.Ермекова, А.А.Қасымбек, Н.О.Абдижаппапрова, А.Б.Бипажанова «Қазақ тілі мұғалім кітабы» «Арман ПВ», 2016


 

 

 
























Қосымшалар:

І. Орыс сынып оқушылырының сөйлеу тілін дамыту жұмысы ( сайыс)


Мақсаты:

а) Оқушыларға әрбір сабақта үйренген сөздерін ауызекі сөйлеуде, сөйлем құрамында дұрыс қолдана білуге үйрету. Граматикадан алған теориялық білімдерін практикада қолдану.

ә)Оқушылардың ой-өрісін, танымдық қабілетін, қазақша ауызекі сөйлеу дағдысын дамыту.

б) Тілге қызығушылықтарын арттыру, еліміздің тарихын, салт-дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктері:интерактивті тақта,ақын- жазушылардың нақыл сөздері. «Мемлекеттік тілді игеру- әрбір қазақстандықтың қасиетті борышы»


Ұйымдастыру кезеңі

1.Сәлемдесу.

2.Сыныпты екі топқа бөлу.

3.Таныстыру.

Сайыс кезеңдері:

1.Таныстыру.

2.Сен білесің бе?

3.Өлеңмен өрнектейміз өмірді.

4.Білгенге маржан. Грамматикалық тақырыпқа жұмыс жүргізу.

5.Кім көп біледі? Мақал мәтел.

6. Нақыл сөздер.

7.Кім жақсы аудармашы.

8.Қазақ тілін үйрену үшін не істеу керек?

9.Қорытынды.

1.Таныстыру.

Оқушылар өздерін таныстырып өтеді.

2.Сен білесің бе? Сұрақ-жауап.

1.Қазақстан қандай мемлекет?

2.ҚР мемлекеттік туының авторы кім?

3.ҚР әнұраны қашан өзгертілді?

4.Әнұранның сөзі мен әнін жазған кімдер?

5.Елтаңбаның авторы кім?

6.Елмізде Тіл туралы заң қашан қабылданды?

7.Тіл мерекесі күнін қашан тойлаймыз?

8.Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады?

9.Қазақтың бес арысы.

10.Қазақтың үш данасы.

3.Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды.

Себебі,әр ұлттың тілі-оның бақыты, тірегі.

1-оқушы:Әрбір тілде сөйле адамды таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық!

Өсер балаң,байтақ далаң тұрғанда.

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

2-оқушы:Ана тілің-арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

4.Білгенге маржан(Грамматикалық сұрақтар)

Бұл кезеңде интерактивті тақтадағы кестеде сұрақтар жасырылған, әрбір тордың белгіленген саны бар. Егер топтың ойыншылары таңдаған тордағы сұраққа жауап берсе, тордың бетіндегі ұпай саны қосылады. Әрбір санның астындағы жасырылған сұрақтар.

1.Бірінші буыны бұйрық етістік,екінші буыны сұраулы шылау.Екеуінен жемістің аты шығады.

2.Оңға қарай оқысаң да бір- халық.

Солға қарай оқысаң да бір-халық.

3.Мақалды аяқтаңыз.Жеті жұрттың тілін біл………. .

4.Мына сөйлем қандай сөйлем.Сен нешінші сыныпта оқисың?

5.Сөйлемді дұрыс құраңыз; тұрады,ұлттар, Қазақстанда,тату,барлық.

6.Қазақ тілінде, егемендікке,Қазақстаннан сөздері қай септікте тұр.

7.Сөйлемдегі сын есімді айтыңыз.Аняның көйлегі әдемі.

8.Тосын сый.

Берілген сызбалар бойынша сөз тіркесін құрастыру.Дайындыққа уақыт беріледі.

Зат есім/Сын есім Зат есім/етістік

Сан есім/зат есім Есімдік/Зат есім

Зат есім/Зат есім Зат есім/Зат есім

Есімдік/Зат есім Сан есім/Зат есім

Зат есім/Етістік Сын есім/Зат есім

5.Кім көп біледі?» Мақалды жалғастыру.


1.Ана сүті бой өсіреді………..(ана тілі ой өсіреді).

2.Жаман көлдің суы ащы,……….(жаман адамның тілі ащы).

3.Ақыл көркі тіл,……….(тілдің көркі сөз).

4.Ағаны көріп іні өсер,……….(Апаны көріп сіңілі өсер).

5.Ана жақсылығын …………..(Ауырсаң білесің).

1.Бас кеспек болса да,………..(тіл кеспек жоқ).

2.Жақсы байқап сөйлейді………(жаман шайқап сөйлейді).

3.Таяқ еттен………(Сөз сүйектен өтер).

4.Ата-бәйтерек,…….(Бала –жапырақ).

5.Адам досымен мықты,………….(Ағаш тамырымен мықты).

6.Нақыл сөздердің мазмұнын ашу.

1. «Ана тілі жоқ жерде ұлт жоқ».

2.Жүзімнің нәрлі, нәзік сабағындай,

Тіліңді мәпелей біл, ала қылмай.

Аямай арам шөбін отап отыр,

Таза сақтап көзіңнің жанарындай.

3.»Ана тілін ұмытқан адам, өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді».

7.Ойлан тап.(Қазақстандықтармен) сөзінен сөздер құрату.

Үш минут ішінде топтар «Қазақстандықтармен» сөзінен сөздер құрау керек.Әр бір топ қанша сссөз құрайды сонша ұпай беріледі.

8.Аударма жұмысы.

Әр топ кезекпен өз таңдауы бойынша ұпайлары жазылған тапсырмаларды таңдап , белгіленген уақытта жауап береді. Егер жауабы толық, дұрыс болса, кестеде таңдаған ұяшықтағы санды жазамыз.Ал егер жауабы дұрыс болмаса, басқа топтың жауап беруге мүмкіндігі бар. Бұл кезде ұпай жауабы дұрыс болған топтың бағанына қойылады.

1.Книгу «Менің атым-Қожа» написал Бердибек Сокпакбаев.Это очень интересная книга.

2.Абай Кунанбаев поэт казахского народа. У тебя есть сборник его стихов?Какая интересная книга!

3.На уроке казахского языка, составляем диалоги на различные темы;

4.У Жанар есть богатая библиотека.

5.Где находится Национальная библиотека?

IX.кезең. Қорытынды.

Екі топтың жинаған ұпай сандарын санап жариялау.Оқушыларды бағалау.



ІІ. 3 -орыс сыныбына арналған «Сөйлеу тілін дамыту» курсының бағдарламасы

Түсінік хат

Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде оқушыларға қазақ тілін оқыту мәселесі олардың қазақша сөйлей алатын болып шығуына мүмкіндік беретіндей деңгейде болуы тиіс. Оқушылар қазақша ауызекі сөзге түсініп, өздері қазақ тілінде көрген білгенін, ойын айтып, оқып, жаза алатын болуы керек. Бұл үшін олар тұрмыста жиі қолданылатын сөздерді игеріп, қазақ тіліне тән дыбыстардың емлесін біліп, дыбыстарды дұрыс айтуға дағдылануға тиіс.

Қоғамның ертеңі болашағы  жас жеткіншектерді тіл мәдениетіне баулу – бүгінгі күннің басты талабы.  Қазақ тілін үйрену мен үйретудің маңыздылығын бүгінгі таңда өмірдің өзі көрсетіп отыр.

Қазақ тілі – мемлекеттік тіл  болғандықтан, орыс тілді сыныптарда   қазақ тілін оқытуға көп көңіл бөлінуі керек.

Қазақ тілін оқытудағы мақсат – оқушыларды қазақ тілінде ауызекі тілде сөйлесе білуге үйрету, сөздік қорын байыту, жаңадан үйренген сөздерді пайдалана білу, сөйлемді дұрыс айту, мұғалімнің сұрағына түсінікті жауап беру, тәсілдерін меңгерту.

Тіл дамытудың  негізі — оқушылардың сөздік қорын  байыту  және  сол сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Оқушылар сөзді  неғұрлым көп білсе, жұмыстың басқа салалары соғұрлым жедел жүреді.

Бағдарламаның мақсаты:

Қазақ тілін оқытудағы мақсат – оқушыларды қазақ тілінде ауызекі тілде сөйлесе білуге үйрету, сөздік қорын байыту, жаңадан үйренген сөздерді пайдалана білу, сөйлемді дұрыс айту, мұғалімнің сұрағына түсінікті жауап беру тәсілдерін меңгерту.

Оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу дағдыларын ескере отырып, әр сабақта сол сөздермен сөйлем құрату, жаңа сөз үйрету, қазақ тіліне тән дыбыстарды айыра білу, сауатты жазуға үйрету, жеңіл, қысқа мәтіндерді оқытуға машықтандыру, түсінгенің айта білуге дағдыландыру, бір-бірімен сөйлесе білуге үйрету, әр түрлі жазба жұмыстарын ұйымдастыру, өз ойын жүйелі түрде айтып беруге, қазақша сөйлеуге жаттықтыру.

Міндеттері:

  1. Қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту;

  2. Сөйлеуге дағдыландыру үшін, пайдаланылатын басты материал – мәтін. Мәтінді түсініп оқу, мазмұнын айту, сұрақтарға жауап беру.

  3. Сөздік қорын молайтуға, өз ойын дұрыс жеткізуге дағдыландыру үшін мазмұны тартымды, тілі көркем жұмбақ, жаңылпаш, мақал, ертегі, шағын өлеңдер мен қызықты әңгімелер оқу.

  4. Граматикалық тұлғаларды мәтінді оқудан бұрын түсіндіру, мазмұны бойынша сұрақтар қою, жауап қайтара білу.

  5. Мәтінді қазақ тілінен орыс тіліне, орыс тілінен қазақ тіліне аудару.

  6. Жаңа сөздердің, сөз тіркестерінің, мақалдардың сөздігін жасау. 

Күтілетін нәтиже

Осы оқу курсының мазмұнын меңгерген оқушыдан күтілетін нәтиже:

Қазақ тіліне тән дыбыстарды меңгерген, сөз ішінде дұрыс айта білетін, дұрыс жаза алатын, сөздерді орфоэпиялық нормамен  айтуға жаттыққан,  мәтіннің мазмұнын  баяндайтын,  қазақша сөйлеуге жаттыққан,   қазақ тілінде өз ойын жазбаша білдіре алатын, тілі дамыған тұлға қалыптасады.

Пәнаралық байланыс:

Әдебиет,  тарих

 Күтілетін нәтиже:

 

  • сурет мазмұнын қазақша айтуға жаттығады;

  • орын тәртібі ауысқан сөйлемдегі сөздерді дұрыс қалыпқа келтіре біледі;

  • мәтіннен қажетті сөйлемдерді таба біледі;

  • тірек сөздер бойынша әңгіме құрастырады;

  • жоспар, сұрақ бойынша әңгіме айтуға жаттығады;

  • мәтін бойынша сұрақ қоя біледі;

  • мәтінді түсініп, дұрыс мәнерлеп оқуға дағдыланады;

  • мәтінді дауыстап оқу, ішінен оқиды;

  • мәтіннің мазмұны бойынша сұраққа жауап бере біледі;

  • тыңдау, есту арқылы түсінгенін айтады;

  • түрлі жағдайларға байланысты әңгіме жүргізе  біледі;

шағын өлең, мақал, жұмбақдарды жатқа айтады;

  • жаңылпаштарды жылдам оқып, мазмұнына түсінеді.

«Сөйлеу тілін дамыту»   курсы бойынша бағдарлама 

3-орыс сыныбы

Аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат

 

Тақырыбы

Сағат

1

Сөйлеу тілін дамыту жұмыстары түрлері

1

2

Сөздер әлемінде

1

3

Сөйлесу үлгілері

1

4

Мәнерлеп оқуды үйрену

1

5

Мақалдар

1

6

Жұмбақтар

1

7

Жаңылпаштар

1

8

Санамақ өлеңдер

1

9

«Жарыс жалғасады»

1

10

Бала тілі — бал

1

11-12

С. Көбеев «Сауысқан мен қарға» әңгімесі

2

13

С.Көбеев «Екі соқа» әңгімесі

1

14-15

«Алдар Көсе мен бай баласы» аңыз әңгіме

2

16

Мәтінмен жұмыс

1

17

Суреттер бойынша әңгіме

1

18

«Жеті атасын білмеген жетім»

1

19

«Қошақаным қайда екен?» өлеңі

1

20

С. Көбеев «Құстың ұясы»


1

21

А.Байтұрсынов Қоян зары


1

22

Т. Молдағалие в«Менде үлкен боламын»

1



23-24

Қызықты ойындар

2

25

Ертегілер әлемі

1

26

«Шалқан «(орыс халық ертегісі)

1

27

«Түлкі мен қасқыр» ертегісі

1

28

«Eкi қаз, бip бақа»(epтeгi)

1

29

«Құмырсқа» (epтeгi)

1

30

«Ат пен есек» (халық epтeгіci)

1

31

«Түлкі мен қоян» (ертегі)

1

32

Ертегі құрастыру

1

33

Рөлдік ойындар

1

34

Сен не үйрендің?

1

 

 

 

 

Пайдаланылған  әдебиеттер

  1. Қ.Амзеева, В. Қуанышбаева «Қазақ тілі» Алматы 2000 ж.

  2. М. Алимбаев «Әрі оқу, әрі ойын» Алматы 2001 ж.

  3. Ө.Әлімгереев, А.Нұрғалиев «Сырымның шешендік сөздері» Алматы 1994 ж

  4. З. Бейсембаева, А. Сатбекова «Септік жалғаулары» Алматы 1997 ж.

  5. Г.К. Досмамбетова «Книга для учителя казахского языка» Алматы 2002 ж.

  6. Қазақ жұмбақтары Алматы 1993 ж.

  7. Қазақстан халықтарының ертегілері Алматы 1996 ж.

  8. Қазақша – орысша ықшам сөздік. Алматы 2000 ж.

  9. Ж. Мәжитқызы, С. Дүйсебаев «Қазақ тілі» Алматы 2000 ж.

  10. Түсіндірме сөздік











Нәтижелілігі:


































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!