Орыс тілін үйрену әдістемесі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Орыс тілін үйрену әдістемесі

Материал туралы қысқаша түсінік
ОРыс тілін оқытудағы бірнеше әдіс - тәсілдерді көрсету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қ.А.Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясы

Алматы қаласы

Орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі - Байбусинова Жанар Достановна

Орыс тілін үйрену әдістемесі

Мемлекеттік бағдарламада қарастырылған тіл үйретудің жоғарыда айтылған тізбесінің әр бөлігі бойынша лексикалық минимумдар қабылдануы тиіс деп ойлаймыз. Қазіргі кезде біз алдымен ең болмаса қазақ тілін білмейтін азаматтар үшін бастапқы деңгейдің осындай қажетті минимумын дайындауымыз керек. Бұл қазіргі қалыптасқан жағдайда мектептің бастауыш сыныптарында, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының бірінші курсында және ересек адамдарға арналған тілдік курстардың бастапқы деңгейінде үйретілуі керек. Мұндай тәжірибе әлемде баршылық. Айталық, Жапондарда «Дзёё кандзи», «Кейку кандзи» деген сияқты міндетті тілдік, иероглифтік міндетті минимумдары бар. Білуге тиісті тілдік минимумдарды бекіту Ресейде де қолға алынды.

Ғалымдардың айтуынша, белгілі бір тілде ең қарапайым деңгейде сөйлеу үшін адамға 400-500 сөз білу қажет екен.

Тіл үйренушіге сол тілдің он мыңдаған, жүз мыңдаған сөздерінен бірнеше жүз, бірнеше мың сөз ғана іріктелініп алынып ұсынылады. Бұл тіл үйретудегі ең алғашқы, ең маңызды әдістемелік әрекет. Яғни, мұғалім ең алдымен нені және қаншалықты көлемде ұсынуды біліп алуы қажет болса, екіншіден, сол көлемді қалай үйретуді түйсінуі керек. Осы екеуін жетік меңгерген адам ғана жақсы оқытушы, үздік әдіскер бола алады. Қазіргі кезеңде осындай лексикалық минимумдар анықталмағандықтан күнделікті ауызекі тілде мүлдем қолданылмайтын немесе аса сирек қолданылатын сөздер оқулықтарымыз бен оқу құралдарымызда көптеп кездеседі. 

Ал оры тілі Н.Назарбаев айтқандай: «Орыс тілі - үлкен көршіміздің тілі. Біз орыс тілін ұмытпауымыз керек».

Оқу басталған күннен бастап тілді дамыту жұмыстарының мына түрлері жүргізілуі керек:

мәтін құрату, мәтінді сөйлемге, сөзді буынға, дыбысқа талдату арқылы жүргізіп отыру.

  • Жаңа дыбыс пен оның таңбасын таныстырған кезде сабақты тіл дамытуға бағыттап жүргізіп отыру.

  • Сөйлем құрату - оқушыларды дұрыс та нақты сөйлеуге дағдыландырудың ең тиімді жолы.

  • Оқушылардың ақыл-ойын, санасын дамыта отырып өздігінен жұмыс істей білуіне ерекше көңіл бөлу. Ақыл – ойдың дамуымен тікелей байланысты болады.

Ал білім сапасын арттырудағы әдіс-тәсілдер мыналар болып табылады:

  • жұппен жұмыс,

  • сұрақ-жауап,

  • тестпен жұмыс,

  • суретпен жұмыс,

  • тірек сызбамен жұмыс,

  • синквейн құрастыру,

  • видео көру.

Осындай қарапайым әдіс тәсілдерден бастау алған үйрету бағыты үлкен білімге жол ашары сөзсіз.

Тілдің байлығы бар да оның қызметі бар. Біз сол байлықтың белгілі бір мөлшерін ғана алып тіл үйренушіге ұсынамыз. Тіл үйренуші біз үйреткенді күнделікті өмірде қолдана алса, ол сол тілдің қызметін пайдалана алғаны.  Егер оқытушылар мен әдіскерлер орыс тілін үйретуде ең жиі қолданылатын бастапқы лексикалық минимумға баса назар аударып, оны күнделікті жұмыстарына негіз етсе, тіл үйретудің де сапалық деңгейі артар еді.  


Әдебиет:

  1. https://abai.kz/ сайтының мәліметтері

  2. Baq.kz сайтының мәліметтері

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.04.2020
2166
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі