Материалдар / Өсімдік бөліктері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өсімдік бөліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар өсімдік бөліктерін кең түрде түсінеді.Мұғалімге керек материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2018
1283
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: Жаратылыстану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім Тірі табиғат

1.2 Өсімдіктер

Күні:

Сынып: 1

Мектеп: « № 2 ЖОББМ» КММ

Мұғалімнің аты-жөні: Маханова Ж.Ж

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Өсімдік бөліктері

Осысабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)


1.2.1.2 Өсімдіктердің негізгі бөлігін ажырату.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Өсімдіктердің негізгі бөліктерін біледі, атайды, ажырата отырып сәйкестендіреді.

Көптеген оқушылар: Өсімдіктердің негізгі бөліктерінің атауларын атап отырып сипаттайды, өсімдік бөліктерінің қандай қызмет атқаратынын біледі.

Кейбір оқушылар: Өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырата отырып зерттейді, мысал келтіреді.

Бағалау критерийлері

Өсімдіктердің негізгі бөліктерін біледі, атайды, ажыратады.

Тілдік мақсаттар


Оқытудың тілдік мақсаттары:

өсімдіктердің негізгі бөліктерін атайды,

тұқым,тамыр,сабағы өсімдік бөліктері.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Өсімдік бөліктері, тұқым, тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс.

Диологқа байланысты талқыланатын мәселелер:

Суретте не бейнеленген?

Өсімдіктің қандай бөліктері бар?

Өсімдік гүлінен не пайда болады?

Құндылықтарды дарыту


Ынтымақтастық,ашықтық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары

АКТ

Бастапқы білім


Өсімдіктерді біледі түрлерін ажыратады.



Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

3- минут






Сәлеметсіңдер ме балалар?

Бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл-күймен бастайық

Ширату жаттығуы

Біз еркетай баламыз,

Тату-тәтті тұрамыз.

Достарымды көргенде,

Шырқап әнге саламыз.

Сәлем, сәлем, сәлем!

Деніміз сау болсын!

Ақылды болайық!

Дос тату болайық!

Оқушыларды тұрғызып өздерін өсімдіктер рөлінде елестетулерін сұраймыз қолдарын жоғары көтеріп, саусақтарының арасын ашады. Оқушылардан қандай бөліктері бар екенін сұраймыз. Ендеше бүгінгі тақырыбымыз не жайлы болмақ?

Жарайсыңдар! Өте жақсы !

Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Өсімдіктердің негізгі бөлігін ажырату.




Сабақтың ортасы

8 минут




































6 минут




































10- минут














































10-минут

















Жаңа сабақты түсіндіру.

1-тапсырма

Жұптық жұмыс: Оқулықпен жұмыс 14-бет

-Балалар оқулықтың 14 ші бетін ашып,суретке назар аударамыз.

Өсімдік бөліктері

Суретке қара. Өсімдіктің бөліктерін көрсет және ата. Өсімдік бөліктерін нөмірімен атап, суреттермен сәйкестендіреміз. мысал 1-тамыр

Мұғалім:

  • Суретте нені көріп тұрмыз?

  • Балалар өсімдіктің қандай бөліктері бар?

  • Егер өсімдіктің сабағы мен тамыры болмаса не болар еді?

  • Қалай ойлайсың?

  • Келесі жолы мұндай тапсырма бергенде орындай аласыңба?

Оқушылар жауабы: Тұқымы, тамыры, сабағы,

жапырағы, гүлі, жемісі. Өсімдіктің тамыры болмаса өсімдік өнбейді.

-Бұдан қандай қорытынды шығаруға болады?

Есіңе сақта! Өсімдіктер мынандай бөліктерден тұрады: Тұқым,тамыр, сабақ, жапырақ,гүл,жеміс.

Жарайсыңдар,тамаша!

Бірін –бірі бағалау

«Бас бармақ»әдісі

Келесі тапсырмада (оқулықпен жұмыс)

Тапсырма бетін ашамыз және біздің алдын ала дайындап қойған жемістеріміз керек болады.


Топпен жұмыс

2-тапсырма (Оқулықпен жұмыс 15-бет )

Жеміс –өсімдіктің бөлігі.

Суреттерге қара жемістерді ата?


Оқушылар оқулықтағы суретке қарап, бейнеленген жемістерді атайды.

Балалар сендер қандай жеміс жидектерді жақсы көресіңдер?

Неге?

Оқушылардың жауабы:Алма, алмұрт.

дәмді, тәтті

(Бірнеше жемісті алып ортасынан бөлемін, оқушылырға көрсетемін,топқа таратып беремін)

  • Өсімдіктің жемісінде не бар?

  • Жемістің ішіндегі тұқымның саны қанша?

(Тұқымды санау барысында көмектесемін)

  • Балалар сендерге 2 ші- тапсырмада не қызық болды ?

  • Жемістердің ішінде не болады?

  • Суреттегі тұқымдармен жемістер несімен ерекшеленеді?

  • Өсімдік гүлінің орнында не пайда болады?

Оқушылар жауабы:

Жемістің ішінде дән бар.Өсімдік гүлінің орнында жеміс болады.

Жарайсыңдар балалар өте тамаша!

Әр топ бір-бірін,өзара бағалайды.

Сергіту сәті


Топпен жұмыс

3-тапсырма (зерттейік)

3-топқа бөлемін.

Шағын тәжірибелік жұмыс. Жұмыс барысында оқушылар “Тұқым қалай өнеді?” деген сұраққа жауап берулері тиіс. Бұл жұмыстың нәтижелері біраз уақыт күтуді қажет етеді. Сондықтан мұғалім алдын ала тәжірибе жасап, осы сабақта нәтижелерін көрсетуіміз керек. Кейін оқушылар өз жұмысының нәтижелерін мұғалімнің нәтижесімен салыстыра алады.

Керекті заттар:


үрмебұршақ, кішігірім құтылар, мақта, су, стақан.

-Шағын ыдысты аламыз.

-Түбіне мақта саламыз.

-Мақта ылғалданатындай, бірақ тұқымдардың бетін жаппайтындай етіп, аздап су құямыз.

Егер тұқымдардың бетін су жауып тұрса, олар бөртеді, бірақ өнбейді, себебі су ауаның өтуіне кедергі жасайды.


Бірнеше тұқымды мақтаның үстіне қойып да, қақпақпен жабамыз. Қақпақта ауа өтетіндей тесіктер болуы керек.


Тұқымды жылы жерге қоямыз.


Шамамен үш күннен кейін тұқымдар бөртіп, бір аптадан кейін өнеді. Алдын ала осы екі нұсқаны жасап қоюға болады.


Ойлан! Тұқымдардың өнуіне ылғал қажет, сондықтан олар ылғалды мақтада өнеді. Егер мақта құрғақ болса, тұқым өне алмайды. Егер тұқымды суға батырып қойса, олар өнбейді, себебі тыныс алуға қажетті оттек жетіспей қалады.

-Тұқым қалай өнеді?

-Тұқым ылғал мақтада өсе ме?

Оқушылардың жауабы:Тұқым ылғалды мақтада өнеді,егер тұқымды суға батырып қойса олар өнбейді,себебі тыныс алуға қажетті оттек жетіспейді.

Жарайсыңдар балалар өте тамаша!

Әр топ бір-бірін,өзара бағалайды.

Келесі тапсырмада оқушылар өсімдік бөліктерінің атауын жазатын боламыз.


Дәптермен жұмыс

4-тапсырма 5-жұмыс парағы. Жеке жұмыс Суретке мұқият қара. Көрсетілген өсімдік мүшелерінің атауларын жазамыз,және бояймыз.

Оқушылар өсімдік бөліктерінің атауын

жазады .Жаза алмайтын оқушыларға өсімдік бөлігін оның атауымен қосуды ұсынамыз,тапсырманың дұрыс орындалуын қадағалаймыз .жылдамдықпен ұқыптылығына назар аударамыз.қиналған оқушыларға көмектесеміз.

Сонымен балалар біз

-4-тапсырмада не істедік?

-Өсімдіктің атаулары таныспа?

-Өсімдіктердің қандай негізгі бөліктері бар?

Дескриптор:

Білім алушы - өсімдіктің негізгі мүшелерін анықтайды және жазады, бояйды.

Өзін-өзі бағалау.

Бөлме гүлдері,әр түрлі жемістер, қарандаш,

кітап, дәптер,

жеміс- жидектер.




























1-тапсырма

«Бас бармақ»әдісі































2-тапсырма

«Бес саусақ әдісі» арқылы бағаланады .





















(2-мин)



Сергіту сәті

Бір қадам алға,

Бір қадам артқа.

Айналады,

Айналады,

Біздің паравоз.

Қолмен шапалақтаймыз,

Аяқпен топылдаймыз,

Иықты қозғап,қозғап.

Ал,енді секіреміз.







Зерттеу



С лайд
























3-тапсырма

«Екі жұлдыз бір тілек»







































4-тапсырма

Баспалдақ бағаланады.

Сабақтың соңы

4 минут








Сұрақтар:

Бұл сабақта нені меңгердік?

-Балалар өсімдіктің қандай бөліктері бар ?

-Егер өсімдіктің сабағы мен тамыры болмаса не болар еді? қалай ойлайсың?

-Тұқым қалай өнеді?

-Тұқым ылғал мақтада өсе ме? Неге?

Кері байланыс:

Бүгінгі сабақты «Бағдаршам» әдісімен бағалау.

Қызыл түс- сабақ түсініксіз, түсінбедім.

Сары түс- әлі де көмекті қажет етемін

Жасыл түс- сабақ түсінікті меңгердім.

Саралау


Бағалау




Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралауға берілген

3-тапсырма Қабілеті жоғары оқушылар зерттеу нәтижесінде сипаттайды мысал келтіреді.

Мұғалім көмегімен сұрақтар арқылы қабілеті төмен оқушылар бөлме өсімдіктеріне қарап бөліктерін сипаттап айтады.


1-тапсырма:

Өз ара бағалау

«Бас бармақ» әдісі

2-тапсырма:

Топтардың өзара бағалауы

«Бес саусақ әдісі» арқылы бағаланады .

3-тапсырма:

«Екі жұлдыз бір тілек» әдісімен әр топ бір-бірін,өзара бағалайды.

4-тапсырма: Өзін-өзі бағалау

«Баспалдақ» әдісімен бағаланады.

Бүгінгі сабақты «Бағдаршам» әдісімен бағалау.

Мұғалімнің бағалауы:

( Жарайсың! Өте жақсы! Тамаша!)


-Сергіту сәті

Қимыл қозғалыс арқылы

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!