Материалдар / "Өсімдік шаруашылығының негізгі бағыттары" ашық сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Өсімдік шаруашылығының негізгі бағыттары" ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Технология пәні мұғалімдеріне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
1867
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Сабақтың тақырыбы.

Өсімдік шаруашылығының негізгі бағыттары. Көкөніс және жеміс дақылдарын өсіру технологиясы.
Сабақтың мақсаты.

Білімділігі: оқушыларда өсімдік шаруашылығының негізгі бағыттары туралы білімді қалыптастыру.
Тәрбиелілігі: оқушыларда жеміс-көкөніс өсірудің технологиялары туралы білімді қалыптастыру.
Дамытушылығы: танымдық қызығушылықтарын дамыту, алған біліміндерін іс жүзінде қолдана білуге үйрету.
Күтілетін нәтиже.

-құрал-саймандарды пайдала отырып, практикалық жұмыстарды орындауды,
-тамыр жемістерді қазып алуды,
-мектеп жанындағы учаскілерді көкөністерді қорғау жұмыстарын жүргізуді,
Сабақта қолданылатын материалдар.

Күрек, тырнауыш,айыр,шелек,зембір т.б.

Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу. Сабаққа зейнін аудару.

Жаңа сабақ .

Жеміс-көкөніс дақылдарының көпшілігіне ортақ талап – олардың мөлшерлеріне қарай ұрықтарын жұқа етіп жабу болып табылады (ұрықтарды бастырудың тереңдігі әдетте ұрық диаметрінен 3-4 есе үлкен болады. Бұл егістік топырағының қатпарын (2-4 см) өте тиянақты әзірлеуге ғана қатысты емес, ұзақ мерзім бойы ылғалдылықтың сақталу әдістерін қолдануға да байланысты (ұрық әдетте 2-3 аптадан соң өсіп шығады), еккеннен кейінгі суару қажеттілігі де осыдан туындайды. Көктемде тез қызатын, мейлінше жеңіл (құмдауыт немесе сазды) топырақ пайдалырақ, ал екінші жағынан көкөніс дақылдарының көпшілігі ылғалды жақсы көреді және тұқым өне бастағаннан өнімнің қалыптасуы үшін ылғалдылық аса қажет.

Топырақтың ылғалдылығы басым, жылу жетіспейтін аймақтарда жерді күзде емес көктемде аударған дұрыс (жерді күзде аудару оңтүстіктегі қуаң жерлер үшін пайдалы). Жылу мөлшері өте көп, ылғалдылық жетіспейтін қуаң өңірлерде топырақты күзде өңдеген дұрыс, өйткені жер күзгі-қысқы жауын-шашыннан ылғалды мол сіңіріп, көктемге жеткілікті түрде нығыздалуы керек. Бұлай жасаған уақытта көктемде ылғал аз буланып, топырақ температурасы да тез көтерілмейтін болады.

Қиярлар да біздің елімізде кеңінен тараған көкөніс өсімдіктерінің бірі болып табылады. Оны егу мамырдың бірінші онкүндігінде жүргізіледі, ал уақытша жабында өссе, сәуірдің соңында отырғызуға болады. Олар қатарлап егіледі. Ерте пісетін сорттар үшін қатарлар арасы – 70 см, орташа және кешірек пісетіндері үшін – 90 см. Көктегенге дейін қатарлар арасын қопсытып, арамшөптерден бірден тазартып тұру керек. Қияр өнімін олардың пісіп жетілуіне қарай теріп отыру қажет, себебі піскенерін уақтылы жинамау салдарынан басқа да жемістердің өсуі тежеледі. Шілде айында, жеміс салу күшейген кезде, өнім жинауды әрбір 1-2 күн сайын жүргізу керек. Қияр өнімін жинау барысында жемісті пышақпен кесіп алған жөн, жұлып алу өсімдікке зиянын тигізуі мүмкін, ал ол өз кезегінде өнім беруді азайтады. Сонымен қатар, сабақтарын басып кетпеуге тырысу керек.
Өмірінің ұзақтығына қарай өсімдіктер бір, екі және көпжылдық болуы мүмкін. Біржылдық өсімдіктер бір жылдан да аз уақыт тіршілік етіп, гүлдеп, жеміс беріп, сонан соң бүтіндей тіршілігін жояды. Демек, біржылдық өсімдік те, монокарпты (грек.монос-бір, корпос-тұқым) өсімдіктер, тобына жатады. Бұлар бүкіл тіршілігінде бір-ақ рет жеміс беретін өсімдіктер. Екі жылдық өсімдіктер де (қант қызылшасы, сәбіз және т.б.) монокарптыларға жатады. Көпжылдық шөптесін және ағаш өсімдіктері екі жылдан артық өмір сүреді де, әр жыл сайын өздерінің бүршіктеріннен қайта дамиды. Бұл өсімдіктер тобын-поликарптылар (грек.поликөп), яғни өзінің өмірінде көп рет жеміс беретін өсімдіктерге жат Бірақ табиғатта көпжылдық өсімдіктер қатарында да, монокарптылар кездеседі (агава, бамбуктер). Тек біржылдық өсімдіктерден айырмашылығы вегатациялық кезеңі ұзақ жылдарға созылады. Көпжылдық шөптесін монокарптыларға күрделігүлділер және шатыршагүлділер тұқымдастарының көптеген өкілдері жатады. Бұл өсімдіктер орташа 5-6 жылдай жетаған (дегелек) түрінде өмір сүріп, сосын гүлдеп, жеміс байлап (бір рет) онан соң тіршілігін жояды.

Көкөністер жыл бойынша былай бөлінетіндігі анықталады:

- біржылдық;

- екіжылдық;

- көпжылдық;

Алынатын өнімнің сипатына қарай мынадай топтарға бөлінеді:

- жемісті

- тамыр жемісті

- сабақ жемісті

- жапырақты

- гүлді

- пиязшықты

- көкөніс туралы бұрын білетін білімдерін кеңейту;

- жемісті жапырақты, тамыржемісті және т.б. сияқты көкөніс өсімдіктерін өз бетінше анықтай білуге дағдыландыру;

- оқушылармен бірлесе отырып, сәндік – гүлді өсімдіктердің адам өміріндегі маңызын түсігнуге жаңа шешімдер табу;



Сергіту сәті.Жаттығулар мен сергіту.

Пысықтану.

Сұрақ жауап арқылы бүгінгі сабаққа түсінгендерін сұрау.

1. Тұқым дегеніміз не?

2. Сәбіз неше жылдық өсімдік?
3. Көкөніс шаруашылығының маңызды міндеттері қандай?
Қорытындылау. Жақсы өнім алу үшін көкөніс және жеміс дақылдарын өсіру технологиясының барлық талаптарын орындау қажет. Көкөніс және сәндік гүлді-өсімдіктер адамға күнделікті қорек үшін және біздің өмірімізді безендіру үшін қажет.
Үйге тапсырмасы. Өсімдік шаруашылығының негізгі бағыттары. Көкөніс және жеміс дақылдарын өсіру технологиясы.

М аңғыстау облысы,Қарақия ауданы

Құрық ауылы

«Құрық орта мектеп-гимназиясы» кмм

технология пәні мұғалімі
Серекбаева Күмісай Әлімбаевна





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!