Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Өсімдікке ауа, жылу, су керек
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақтың тақрыбы: «Өсімдікке ауа, жылу және су
керек.»
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік: Өсімдікке қажет жағдайлардың ішінде ауа мен жылудың
алатын орны ерекше. Өсімдікке қажет жағдайдың бірі болмаса,
өсімдіктің өсу маңыздылығын ұғындыру.
Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту,
танымдық белсенділігін арттыру, өздіктермен жұмыс істеп қорытынды
шығаруға машықтандыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды байқағыштыққа, еңбексүйгіштікке бір – бірін
құрметтеуге, жолдасының шешімін сыйлауға
тәрбиелеу.
Сабықтың типі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың
әдісі: сұрақ – жауап,
түсіндіру, топпен жұмыс.
Сабақтың
түрі: аралас
сабақ
Пәнаралық
байланыс: әдебиеттік оқыту
Көрнекілігі: суреттер, сызба, оқулық кесте.
Сабақтың
барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі.
Сәлемдесу: Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Сәлем бердім сіздерге
Құрметпенен біз.
ІІ. Психологиялық дайындық.
Біздер тату баламыз
Күннен жылу аламыз
Тауға қарап есейіп
Сауық сайран саламыз!
ІІІ. Үй тапсырмасын
пысықтау.
Су және топырақ. Үй тапсырмасын сұрақ – жауап арқылы
пысықтау. Әр топқа 3 сұрақтан беру.
1. Өсімдіктің өсуі үшін не керек? (Топырақ)
2. Топырақтың құрамын ата. (Ауа, су, саз, құм, шірінді)
3. Қандай топырақта өсімдіктер жақсы өседі? (Құнарлы топырақта
жақсы өседі)
4. Құнарлы топырақ деген не? (құрамында шіріндісі мол топырақ)
5. Шірінді қайдан пайда болады? (Түскен жапырақты жинап топыраққа
көміп шірітеді)
6. Өсімдік өсуге жарамайтын топырақ қалай аталады? (құнарсыз)
7. Құнарлы топырақтың құнарлылығын арттыру үшін не істейді?
(Тыңайтады)
8. Тыңайту деген не? (Тыңайту дегеніміз – өсімдікке керекті
қөректік заттарды топыраққа қосымша араластыру)
9. Тыңайтқыштарға не жатады? (Құстардың саңғырығы, көң
т.б.)
IV. Үй тапсырмасын
қорытындылау.
Яғни, өсімдіктің ең маңызды тіршілік көзі – топырақ болып
табылады. Өсімдік қоректік заттарды топырақтан алады, сонымен
топырақ – тіршілік белгісі.
Балалар, Гүл алаңына қарайық
Күлтелеріндегі сөздерді дұрыстап
Жасырын сөзді табайық.
V. Дәптермен жұмыс.
Өсімдікке: ауа, су, жарық
қорек, жылу.
VІ. Мағынаны ашу.
Бүгінгі сабағымызда өсімдікке ауа, су және жарық керек тақырыбын
оқи отырып, білімді тереңдетеміз.
Кітаппен жұмыс. 69 бет.
– Мұғалімнің оқу.
– Тізбектей оқыту
– Суретпен жұмыс
VІІ. Сергіту сәті.
Дауыл тұрды, жел соқты
Жаңбыр жауды найзағай соқты
Күн ашылды, сабақ басталды
VІІ. Сабақты қорытындылау.
І нұсқа.
1. Өсімдіктер немен тыныс алады. (ауа)
2. Өсімдіктің тыныс алатын және суды буландыратын мүшесін ата.
(жапырақ)
3. Күн бізге не береді. (жарық)
ІІ нұсқа.
1. Қандай топырақта өсімдік жақсы өседі? (құнарлы)
2. Өсімдіктің алатын және суды буландыратын мүшесін ата.
(жапырақ)
3. Күн бізге не берді? (жарық)
ІХ. Үйге тапсырма: 69
– 70 бет оқу.
Х. Бағалау.
Сабақтың тақрыбы: «Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі».
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың тік
төртбұрыштың (шаршының) қабырғаларын өлшейді және оның
ұзындықтарының қосындысын табады, периметрін табу жолымен
таныстыру,екі амалмен шығарылатын есептерді құру,шешу,
бекіту.
Дамытушылық: Жазбаша, ауызша есептеу
дағдыларын арттыру,ойлау қабілетін , шығармашылығын
дамыту,компьютермен жұмыс істеуге
дағдыландыру.
Тәрбиелік: Дәптерге таза, сауатты
жазуды, бірлікке,ынтымақтыққа, шапшаңдыққа,ұжымдыққа,
еңбексүйгіштікке
тәрбиелеу.
Сабақ типі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап,өзбеттік жұмыс,топтық,жеке,ұжымдық, компьютермен жұмыс.
Көрнекіліктер: Фигуралар, сызбалар, Мультимедия, Электрондық оқулық, Бағалау бетшесі
Қолданылатын құрал:
Интерактивті тақта, кесте
1.Ұйымдастыру.
Оқушылардың назарын сабаққа
аудару.Оқушыларды екі топқа бөлу, әр топтың топбасшыларын
таныстырады.
1 – топ:
Үшбұрыш.
Үшбұрыштың қабырғалары нешеу?
2 – топ:
Төртбұрыш. Төртбұрыштың
қабырғалалары нешеу?
ІІ. Үй тапсырмасын
тексеру:
Үшбұрыштың периметрін
табу
ІІІ. «Ой
қозғау»
1-Тік төртбұрыш дегеніміз
не?
-Қарама-қарсы қабырғалары тең фигураны тік төртбұрыш
дейміз.
2- Шаршы дегеніміз
не?
-Барлық қабырғалары бірдей фигураны шаршы
дейміз.
І V. Жана
сабақ
Оқулықпен
жүмыс
№ 1 Топпен жұмыс
І
топ:
Тік төртбұрыштың қабырғаларын
өлшеу. Не байқадың? Тік төртбұ-рыштың периметрін
тап. Тіктөртбұрыштың
периметрі 2см+2см+3см+3см
=10 см
ІІ топ:
Шаршының қабарғаларын өлше.Не байқадың? Шаршының периметрін тап.
Шаршының периметрі 2см+2см+2см+2см =8 см
Шығармашылық есеп
Үстелдің 4 бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастағанда неше бұрышы болады.
№2 Есеп қрастыр және шығар:
Шырша ойыншығы – 30 теңге
Қоңырау- ? 6 теңге қымбат
Шешуі: 30+(30+6) =66
Ж. 66 теңге
Зырылдауық – 90 теңге
Құрастырғыш--? 10 теңге арзан
Шешуі: 30+(30+6) =66 Шешуі: 90 – 10=80
Ж. 80 теңге
Сергіту: «Кел, ойнайық:» Кестеге өрнектердің мәндерін өсу ретімен орналастыр.Олардың астына тұсындағы әріптерді жаз.
30 – 1 = 29 Р 8 + 8 = 16 П 18 – 9 = 9 А 14+5= 19 Ы
74 – 70 = 4 Қ 13 – 6 = 7 А 4 + 7 = 11 М 17 – 9 = 8 Л
3-есеп. Өзбеттік жұмыс Өрнекті жаз және оның мәнін тап.
І. а мен 30 санының қосындысы, мұндағы а =27; 8
ІІ. а мен 6 санының айырмасы, мұндағы а = 76; 89
27 + 30 8 + 30 76 – 6 89 – 6
Шығармашылық есеп
Барлық қабырға тең
екен,
Бұрыштары тік
болса,
Өлшеп көрсем төрт
екен.
Қабырғасы
төртеуден.
Табуды біз
үйрендік,
Ұзындығы 3
болса,
Ені оның 2ге
тең.
Есептеп сен айта
ғой,
Периметрі нешеге
тең?
V .Қорытынды:
Не үйрендік? Не
білдік?
V І. Үй
тапсырмасы: 99
беттегі № 6 есептер
V
ІІ.Бағалау.
Сабақтың
тақрыбы: «Есімдік.»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімдік: есімдік туралы жалпы түсінік. Мағыналық, тұлғалық
жағынан білім беру. Ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе
отырып, оқушылардың білімдерін толықтыру.
2.
Дамытушылық: оқушылардың қабілетін дамытуда, оқушы сезіміне әсер
ететіндей, сабаққа ынтасын дамыту үшін таблица, карточка, т.б.
құралдар мен әдістерді пайдалану. Ой қорытып, нақты шешім жасауға
үйрету.
3. Тәрбиелік: сауатты жазуға, ұқыптылыққа баулу,
бір-бірін тыңдай білуге үйрету, сөйлеу мәдениеттерін
қалыптастыру.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой
қорыту, ізденіс, тест
Сабақтың
түрі:
жаңа тақырыпты меңгеру
Сабақтың
көрнекілігі: есімдік туралы кестелер, карточкалар, оқулық, тест
сұрақтары
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру. а) сәлемдесу, ә)
түгелдеу; б) сабаққа оқушылардың даярлығын
тексеру.
II. Есіңе түсір.
Жаңа сабақты түсіндіруде қойылатын кіріспе сұрақтар:
- Сөз таптары дегеніміз не?
- Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
III Жаңа сабаққа түсінік
алу.
Есімдіктер – заттың атын, сынын, санын, я олардың аттарын
білдірмейтін, бірақ солардың орнына жұмсалатын сөз табы. Есімдіктер
жіктеледі, септеледі тәуелденеді және көптеледі. Мағыналарына қарай
есімдіктер мынадай топтарға бөлінеді:
1) Жіктеу
есімдіктер – белгілі бір жақ түрінде қолданылатын есімдіктің
түрі. Мен, сен, сіз,
ол,біз,сендер, сіздер, олар деген сөздер жатады.
2) Сілтеу есімдік – нұсқау және көрсету мағыналарын көрсетеді: бұл,
мынау, анау, сол, мына, міне.
3)Сұрау есімдігі – жауап алу мақсатында қойылған сұрақтар. Қазақ
тіліндегі барлық сұраулы сөздер жатады: кім? неше? қайда? неге?
4) Өздік есімдігі – әр түрлі тұлғадағы өз деген бір ғана сөз: өз,
өзім, өз-өзіне, өзіміз.
5) Жалпылау есімдігі – жалпылау, жинақтау мағыналарын білдіретін
есімдіктің түрі: барлық, бәрі, тегіс, түгел, күллі.
6) Белгісіздік есімдігі - белгісіз мәнде айтылатын сөздер.
Жасалауына әр, бір, әлде деген үш сөз ұйтқы болып қызмет атқарады:
әркім, әлдекім, әрқалай, бірнеше, бірдеме,кейбір, әрқалай.
7) Болымсыздық есімдігі – болымсыздық мағынаны білдіреді. Негізінде
еш деген сөзбен кейбір есімдіктердің бірігуі арқылы жасалады:
ешкім, ешқайда, ештеме, ешқашан, дәнеңе.
IV Жаңа тақырыпты
пысықтау.
1-тапсырма: Көп нүктенің орнына тиісті
есімдіктерді қойып жаз. ... ата- анаңызбен тұрасыз ба? Мұрат ...
әңгімені айтты. Ауа райы ... тамаша! Әр халықтың ... ұлттық тағамы
бар. ... үйде жақын досым тұрады. Университеттің ... корпусы бар. Отанын қорғау – ...
азаматтың борышы. ... өтірік айтпа. Мына хат ... келген?
Есімдіктер: сіз, қандай, өзінің, бұл, бірнеше, әрбір,
ешқашан,кімнен, бізге
2-тапсырма: Семантикалық картамен жұмыс - есімдіктерді топқа
ажыратыңдар - таңдаған есімдіктермен сөйлем құрастырыңдар р/с
Мысалдар жіктеу сілтеу сұрау өздік белгісіздік болымcыздық жалпылау
1. Барлық + 2. Олар + 3. Мыналар + 4. Өздері + 5. Ешқашан + 6.
Қайда? + 7.. Бәрі + 8. Кейбіреу + 9. Ешқайда + 10. Әлдеқайда + 11.
Өзіміздің +
ІV.Сабақты
бекіту:
Тест
жұмысы
VI Сабақты
қорытындылау: Мен не білдім,
не түсіндім? - Бүгінгі сабағымызда қандай сөз табымен таныстық? -
Есімдік дегеніміз не? - Мағынасына қарай есімдіктің неше түрі бар?
- Бүгінгі сабағымыз сендерге ұнады ма?
VII. Үйге
тапсырма: Есімдіктерді қатыстыра отырып, « Табиғатты аяла! »
тақырыбында әңгіме жазу
VIII.
Оқушыларды
бағалау.
|
Әдебиеттік оқу |
2 сынып |
Сабақтың тақырыбы: |
Мұзафар Әлімбаев. «Кім жомарт? Не жомарт?» |
|
Сабақтың мақсаттары: |
1. Білімділік: Оқушылар мейірімділік, қайырымдылық, турашылық жайында әңгімелей келе өлең мазмұнын түсініп айта білуге, мәнерлеп оқуға үйренеді. Оқушылардың ойын жүйелеп баяндай білу шеберлігі артады. 2. Дамытушылық:Диалог түрінде берілген өлеңді оқуда дұрыс дауыс ырғағын келтіруді басшылыққа ала отырып, оқу дағдылары қалыптасады..Ойын жүйелеп баяндай білу шеберлігі артады. 3. Тәрбиелік: Өзіндік пікір, көзқарастар қалыптастыра отырып, оқушылардың бойында әділдік сезім, жолдастық, адамгершілік қасиеттерін дамыту. |
|
Сілтеме: |
Әдістемелік нұсқаулық, 2-сыныпқа арналған Әдебиеттік оқу оқулығы |
|
Күтілетін нәтиже: |
Адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді ажырата білуі, тақырыпты өмірмен байланыстыра білулері |
|
Сабақта қолданылатын материалдар: |
Интерактивті тақта, А3, түрлі-түсті маркерлер, стикерлер, смайликтер |
|
Оқыту әдістері: |
Сұрақ- жауап, АКТ, сыни тұрғысынан ойлау |
|
Оқытудың түрлері |
Жұптық, топтық, өзіндік жұмыстар арқылы өткізу |
|
І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу |
Топқа бөлу. «Адам болам десеңіз» бөліміне байланысты 3 топқа бөлу. 1-топ Талапты 2-топ Еңбекқор 3-топ Ойшыл Таңдау, бөліну, отыру |
|
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау |
Үй тапсырмасын тексеру: М.Гумеров. Көк кептер Жоспар: 1. Бейтаныс балалар 2. Арашашы 3. Нүсіпбектің досын іздеуі 4. Үйге келгендегі іс-әрекеті 1-топ. Әңгімені мазмұндайды 2-топ. Нүсіпбек пен Аймағанның қасиеттерін Венн диаграммасына салу.Нүсіпбек (аңқау, адал, сенгіш) пен Аймағанға (сатқын, арам, қу) ортақ нәрсе ? (дос балалар) 3- топ. Мәтін кейіпкерлерін және олардың іс-әрекеттерін бағалау: Мәтін кейіпкерлері не істеді? Сендерің пікірлерің |
|
ІІІ. Жаңа сабақ |
Сөзжұмбақ шешу: 1. Төрт түліктің бірі не малдың қасқасы ? (жылқы) 2. Еңбек етуге ең керекті не? (қол) 3. Не өмір шырағы? (білім) 4. Тіршіліктің тірегі кім? (ана) 5. Кездескенді тақырға отырғызып кететін кейіпкер кім? (Алдаркөсе) 6. Не тас жарады, Тас жармаса бас жарады. (тіл) |
|
IV. Сергіту сәті |
Бейнеролик көрсетіліп, сергіту жаттығуын орындайды. |
|
V. Оқулықпен жұмыс |
1.- Ендеше, бүгін біз “Жомарттық”туралы оқимыз. Күнді, тақырыпты жазғызу. Өтетін тақырыптың мазмұнын, мақсатын айту. Жомарттық деген не? Жомарт адам уәдесінде тұрады, әділ, қайырымды болады. -Кабуснама деген не? - Оны кім жазды? Қайқауыс туралы түсінік беру. Оқулықта берілген мақалды оқу. Жомарт сөзіне қарама –қарсы сөз – сараң сөзі. 2. М. Әлімбаевтің суретін көрсетіп, мағлұмат беру. Мұзафар Әлімбаев – Қазақстанның халық жазушысы. 1923 жылы Павлодар облысы Шарбақты ауданы Маралды аулында дүниеге келген. Әлімбаев балалар әдебиетіне ерекше еңбек сіңіріп келеді. Оның «Бал дәурен, шіркін балалық», «Ақсерек пен Көксерек» т.б. сондай кітаптары оқырмандар қауымына кеңінен танымал. Әлімбаев дүние жүзіндегі 70 елдің мақал-мәтелін жинап, оларды ана тілімізге аударды. 3.Оқулықтағы өлеңді оқып, диалог түрінде оқу жолдарын көрсету. -Диалог деген не ? Пысықтату. Оқушыларға рөлге бөліп кезекпен оқыту. |
|
VI. Тапсырма |
Топтық жұмыс 1-топ ”Кім жомарт? Не жомарт?” сөзіндегі кім? не? сұрақтары қай сөз табына қойылады? (зат есімнің ережесін еске түсіру) 2-топ Өлеңде ақын кімдерді және нелерді жомарт дейді? Осы сұрақтарға өз беттеріңше жауап беріп, өлеңді жалғастырып көріңдер 3-топ Өлеңді сурет түрінде бейнелеу. |
|
VII.Бекіту |
-Батырды неліктен жомарт дейміз? (Халық үшін жанын бергендіктен) -Ұстазды неліктен жомарт дейміз? (Бар балаға тәлім бергені үшін) -Жерді неліктен жомарт дейміз? (Адамзатты асырағаны үшін) -Күнді неліктен жомарт дейміз? (Жерге нұры шашырағаны үшін) |
|
VIII. Үйге тапсырма беру |
Өлеңді жаттап келу. Жомарттық туралы “Қабуснамадан” берілген үзіндіні жаттап келу. |
|
IX.Қорытындылау |
– Жомарттық дегеніміз не? – Қабуснамада жомарттықтың неше белгісі бар делінген? – Бірінші белгісі не? – Екінші белгісі не? – Үшінші белгісі не? – Жомарттық деген сөзге мағынасы қарама-қарсы сөзді ата. – Мұзафар Әлімбаев қай жерде дүниеге келген? – Мұзафар Әлімбаевтің қандай шығармалары бар? – Біз қандай болуымыз керек? |
|
X. Бағалау |
Формативті бағалау. Екі жұлдыз бір тілек арқылы |
|
XI. Рефлексия |
Сабақтан алған әсерлерін смайлик арқылы көрсету тапсырылады. |