Өсімдіктер дүниесін қорғау. Қызыл кітапқа енген өсімдіктер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өсімдіктер дүниесін қорғау. Қызыл кітапқа енген өсімдіктер

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға қажет деп есептеймін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың атауы

Өсімдіктер дүниесін қорғау. «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер. Аралық бақылау (тест)

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Өсімдіктер дүниесін қорғау туралы түсінік беру.
Әңгімелеу, сипаттау, талдау, тәжірибе жасау, бақылау қабілеттері дамиды, белсенділіктері дамиды , табиғатты қорғауға тәрбиеленеді.

Сілтеме

Дүниетану оқулығы Алматы «Атамұра» 2014 ж.

Авторлары: К.Жүнісқызы, Ә.Бірмағамбетов, Н.Жапанбаева

Жүру барысы:

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Жер ана саған мың алғыс!
Бар байлығын беріп тұрған.
Шуақты күн саған мың алғыс!
Жан жылуын төгіп тұрған.

Оқушылар мұғаліммен бірге өлеңнің шумағын айтады.


Үй тапсырмасын пысықтау

Оқушыларға үй тапсырмасын пысықтау мақсатында тест сұрақтарына жауап береді.

Тест

1. Емен неше жыл тіршілік етеді?

а) 1000 жыл;

ә) 150 жыл;

б) 50 жыл.

2. Бидай, күнбағыс, қызанақ неше жылдық өсімдіктер?

а) екіжылдық өсімдіктер;

ә) біржылдық өсімдіктер;

б) көпжылдық өсімдіктер

3. Пияз, орамжапырақ неше жылдық өсімдіктер?

а) екіжылдық өсімдіктер;

ә) біржылдық өсімдіктер;

б) көпжылдық өсімдіктер

4. Өсімдіктер нешеге бөлінеді?

а) 4;

ә) 3;

б) 2.

5. Қойбүлдірген, қазтабан, қоңыраубас сияқты өсімдіктер қай жерде жақсы өседі?

а) көшеде;

ә) орманда;

б) саябақта.






Оқушылар тест сұрақтарына жауап береді.

Қызығушылықты ояту

Жұмбақ жасыру.

Үйі де жоқ, күйі де жоқ.

Бірақ жауыннан да, дауылдан да

Қымсынбайды.

Ыстыққа да суыққа да

Шын шыдайды.

Шешуін айта ғой

Балалар білсін жайды.

(Өсімдік)

Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.




Жаңа сабақ

Ой қозғау.

Өсімдіктер туралы оқушылардан сұрау.

Ғалымдардың есептеуі бойынша, біздің елімізде 6 мыңнан астам өсімдік түрі кездеседі. Өсімдіктің тіршілік етуіне жылу, жарық, ылғал, ауа, қоректік зат керек.Біржылдық, екіжылдық, көпжылдық өсімдіктер кездеседі. Біржылдық өсімдіктерге бидай, күнбағыс, қызанақ ж.е т. б жатады. Екіжылдық өсімдіктерге пияз, орамжапырақ жатады. Көпжылдық өсімдіктерге емен, қайың, сарықараған жатады.
«Қызыл кітап» туралы видео көрсетіледі.

Оқушылар мұқият тыңдайды.

Оқулықпен жұмыс.

Дауыстап, тізбектеп оқыту.
Ерекше қорғауды қажет ететін өсімдіктер қайда тіркеледі?

Берілген сұрақтарға жауап береді.


Топтық жұмыс

1 топ: «Өсімдіктердің дүниесін қорғау» туралы эссе жазу.

2 топ: Өздері қалаған өсімдіктің суретін салу.

3 топ: Семантикалық карта

Берілген тапсырманы орындайды.

Қорытынды

Ақиқат” немесе “Жалған”

1. Ерекше қорғауды қажет ететін өсімдіктер Қазақстанның Қызыл кітабына тіркеледі.

2. Ағаш, бұталарды орынсыз кесіп әкетушілерден өрттен сақтап қорғау үшін орман-тоғайларды арнайы адамдар-орман бағбандары аралап, бақылайды.

3. Қураған ағаштарды, бұталарды кесіп, орман алаңдарын басқа да қоқыстанудан тазартуды орманшы күзетшілер жүргізеді

Ақиқат немесе жалғандығын айтады.

Үйге тапсырма

Өсімдіктер дүниесін қорғау. Қызыл кітапқа енген өсімдіктер.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқушыларды бағалау.



Кері байланыс

Білім қоржыны

Қағазды өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.05.2018
800
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі