Сабақтың
тақырыбы:
Өсімдіктердің жынысты көбеюі. Тозаңдану мен
ұрықтану
Мақсаты:
Өсімдіктің жынысты көбею, тозаңданудың түрлері
жайында білімдерін
кеңейту. Оқушыларға
Тақырыпты
тереңдей ашып, шапшаң ойлануға, ұтымды жауап беруге баулу,
сыни тұрғыда ойлау қабілеттерін ұштау, биология пәніне деген
қызығушылығын дамыту.
Міндеттері:
1.өсімдіктердің тозаңдануы
туралы жалпы сипаттама беру;
2.өзара пікір алмасуға ықпал
ету;
3.оқушылардың бағалай
білуіне ықпал ету;
Қолданылған
модуль:
«Оқыту мен
оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» «ОүБ және
ОБ», «АКТ ны қолдану»
Күтілетін
нәтиже
1.
Сөйлеу мәдениетін қалыптастырады;
2.
Оқушылар тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік
алады;
3.
Оқушылар өз идеяларын дәлелдеуіне мүмкіндік
алады.
Көрнекілігі: 6 сыныптың «Биология» оқулығы,
Интербелсенді тақта
Өтілетін
уақыт: 45
минут
Сабақтың
барысы
Ұйымдастыру (2
минут)
Оқушылармен сәлемдесу, оқу
құралдарының әзірлігін тексеру, топқа бөліну: интербелсенді тақтада
көрсетілген гүлшоғырлар бойынша бөлінеді.
Қызығушылықты
ояту
Үй тапсырмасын сұрау
мақсатында гүлшоғырлар бойынша топтарға
бөлінеді
-
топ.
Шоғырбасгүл.
-
топ. Жай
шатыргүл.
-
топ.
Собықгүл.
-
топ. Жай
шатыргүл.
1. топтарға тапсырма
беру.
І топқа
тапсырма:
-
Гүлшоғыр дегеніміз
не?
-
Күнбағыс гүлшоғыры қалай
аталады?
ІІ топқа
тапсырма:
-
Жай гүлшоғырлары, олардың
орналасуы.
-
Гүл мен гүлшоғырдың маңызы
қандай?
ІІІ топқа
тапсырма:
-
Собықгүлге қайсысы жатады?
Оның үлгісін сыз.
-
Қарақат гүлшоғыры қалай
аталады?
IV топқа
тапсырма:
-
Күрделі гүлшоғырлар қалай
орналасқан?
-
Гүлшоғырдың негізгі бөлімдерін
ата? Бұтақтануына қарай нешеге бөлінеді
ата.
Топ мүшелері кластер жасап,
топтың бір мүшесі оны қорғайды, яғни топтың атынан ортақ пікір
жариялайды.
Үй тапсырмасын
қорытындылау:
Жай гүлшоғырлар және күрделі
гүлшоғырлар айырмашылығы мен ұқсастығы бойынша венн
диаграммасы.
Мағынаны
тану
Жаңа сабақ бойынша топқа
бөліп мәтінмен жұмыс беру.
1
тапсырма
1.топ.
Тозаңдану
2 топ. Бунақденелілер арқылы
айқас тозаңдану.
3 топ. Жел арқылы айқас
тозаңдану.
4 топ.
Ұрықтану.
Әр топ өзіне берілген мәтінмен
танысып, оны талдап, түсіндіреді. Бір — бірімен
ақылдасып кластер арқылы ойын жеткізеді. Бірлесіп талдау
жасап, дәптерлеріне жазады, топтан бір оқушы тақтаға шығып
қорғайды.
2
тапсырма
Биологиялық диктант.
Тапсырмалар топтарымен бірлесе отырып
орындайды
І
топ
............... – аталық
тозаңының аналықтың ауызына түсу. Тозаңдану ................. және
................ тозаңдану деп екіге бөлінеді. .................
тозаңдану – бір гүлдің өз аталық тозаңының сол гүлдің аналығының
аузына түсуі. ....................... тозаңдану – бір гүлдің аталық
тозаңының екінші гүлдің аналығының аузына
түсуі.
ІІ
топ
...........................
арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктердің гүлдері ашық реңді, хош
иісті, тозаңдары өте ірі және тәтті шірне бөледі. Бунақденелілер
қорегін іздеп, бір гүлден екінші гүлге қонғанда денесіне
.................. жабысады. Екінші гүлге қонғанда
...................... тозаңдар аналықтың аузында қалып,
............... себепші болады.
ІІІ
топ
......... арқылы айқас
тозаңданатын өсімдіктердің тозаңдары өте ........... , жеңіл, көп
болады. Гүлдің аталықтарының .................... өте ұзын әрі
төмен қарай иіліп тұрады. .................... ауызы қауырсын
тәрізді үлпілдеп, ..............тез қабылдауға лайықтанған.
Тозаңдануы .......................
байланысты.
IV
топ
...............- аталық және
аналық жыныс жасушаларының қосылуы. Ұрықтану ..................
кейін болады. Аналықтан .................... сұйықтық бөлінгенде
аналық .............. түскен тозаң жіңішке түтікше шығарып өнеді.
Тозаң түтікшесі ұзарып, .................... жатынына
жетеді.
3 тапсырма сәйкесін
табады.
Төменде дұрыс
жауабы
Белгілері
|
Тозаңдану
әдісі
|
Тозаңдары майда, жеңіл,
құрғақ.
|
Жел
арқылы
|
Гүлі ашық
реңді.
|
Бунақденелілер
|
Тозаңдары өте ірі,
жабысқақ.
|
Бунақденелілер
|
Гүлдің аталық жіпшелері өте
ұзын, тербеліп тұрады.
|
Жел
арқылы
|
Гүлдері реңсіз,
ұсақ.
|
Жел
арқылы
|
Гүлдері хош иісті, өсімдік
топтасып өседі.
|
Бунақденелілер
|
Гүлдердің шірнеліктері
болмайды.
|
Жел және
өздігінен
|
Сергіту
сәті.
Бейнебаяннан көрген дене
қимылдарын қайталайды.
Бағалау.
6.Топ жетекшілері
бағалау кестесі арқылы топ мүшелерінің білімін, белсенділігін
сараптап бағалайды. Оқушылар бір-біріне әділ баға
береді
Рефлексия (5
минут)