Материалдар / Өсімдіктерге қалай күтім жасау керек?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өсімдіктерге қалай күтім жасау керек?

Материал туралы қысқаша түсінік
педагогтарға методикалық көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Маусым 2018
490
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: жаратылыстану

Ортақ тақырып: Менің мектебім

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Тірі табиғат

Бөлімше: 2.1 Өсімдіктер

Күні:

Сынып: 1

Мектеп: Т.Есімжанов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Накипбаева Толкын

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Өсімдіктерге қалай күтім жасау керек?



Оқу мақсаты

1.2.1.5 мәдени өсімдіктерге күтім жасаудың тәсілдерін сипаттау

1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: бөлме және мәдени өсімдіктерді күту тәсілдерін сипаттайды,талдайды


Көптеген оқушылар: қоршаған әлемнің құбылыстарына бақылау жүргізеді


Кейбір оқушылар: дерек көздерінен өсімдіктердің күтімі жайлы мәлімет жинақтайды.


Бағалау критерийлері

Оқушылар бөлме және мәдени өсімдіктерге күтім жасау тәсілдерін сипаттайды.

Қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізеді.



Тілдік мақсаттар:

Оқушылар орындай алады: Өсімдіктерді сипаттай алады, түр-лерін ажырата алады.


Пәнге тән лексика мен терминология: тыңайтқыш, арамшөп


Тыңайтқыш - құрамында қоректік элементтер болатын заттар.Өсімдіктердің өсіп, өнім беруі үшін қажет қоректік элементтердің маңызы ерекше.Өсімдіктер жақсы өсуі үшін тыңайтқыш себеміз.

Арамшөп–өсетінжабайы өсімдіктер.Егістік,шалғынды,жайылымды жерлерде,өзен,көл жағалауларында өседі.Арамшөп ылғалды,қоректік заттарды көп пайдаланады.Ол егілген дақылды көлеңкелеп,өсімдіктердің өсуіне кедергі жасайды.


Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  1. Адам оларға қандай күтім жасай алады?

  2. Өсімдіктер жақсы өсуі үшін не қажет?

  3. Күнделікті өмірде тәжірбие арқылы тыңайтқышты қалай жасауға болады?

  4. Өсімдіктерге күтім жасау үшін қандай құрал-саймандар керек?

  5. Мәдени өсімдіктердің өсуіне не кедергі келтіреді?

  6. Арамшөптен құтылу жолдарынан қалай шығар едіңдер?


Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары негізінде көрсетілген«Жалпыға бірдей еңбек қоғамының»-қазақстандықтарды әлеуметтік жұмыспен қамтудың ең маңызды шарттарының бірі еңбек өнімділігін арттыруда ауыл шаруашылығының тиімділігін жетілдіру.


Пән аралық байланыс

Дүниетану, көркем еңбек


АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта,слаид


Бастапқы білім

Табиғаттың жанды және жансыз екенін біле алады.

Өсімдіктер тірі ағзаға жататынын анықтай алады.

Өсімдікдердің негізгі бөліктерін ажырата және топтастыра алады

Жабайы және мәдени өсімдіктерді ажырата алады

Өсімдіктердің тіршілігіне қажет жағдайларды біледі


Сабақ барысы

Сабақтың

Жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы



2мин





















«Психологиялық ахуал»

«Гүл шоғы» оқушылар ортаға шығып қолдарына гүл алып, бір-бірлеріне тілек айтады. Бір тал гүл ізгі ниетпен гүл шоғына айналады.


- Жалпы өсімдіктер туралы не білесіңдер?

- Өсімдіктер неше түрге бөлінеді?

- Өсімдіктердің пайдасы туралы не айтасыңдар?

- Қандай гүлдерді білесіңдер?


«Мозайка» әдісі арқылы суреттер құрап, топқа бөлу.

1.Қызғалдақ

2.Бәйшешек

3.Жауқазын


Shape1 Shape2 Shape3




Гүл шоғы


Shape4









суреттер

Сабақтың ортасы


5мин





























10 мин























































5 мин























































2мин
















8 мин




































































5мин

1тапсырма «Сөзді сипатта» әдісі /ұ/

Себетке тақырыпқа қатысты түйінді сөздер жазылған қағаз қиындылары салынады.Себеттен қағазды алып,сөздің атын атамай сипаттап түсіндіру керек.
Өсімдіктерге қажет құрал-саймандарды ата.

Shape5 Shape6 Shape7 Shape8


Дескриптор:

  1. Өсімдіктерді күтуге қажетті құрал-саймандарды анықтайды

  2. Өсімдіктерге қажет құрал-саймандарды қалай тиімді пайдалануға болатыны жайлы айтады

  3. Өсімдіктерге қажет құрал-саймандарды қалай пайдалану жайлы ереже шығару


Қалыптастырушы бағалау «Жапырақтар сыры»

Shape9 Shape10 Shape11

Түсіндім Сұрақтарым Түсінбедім

бар


2тапсырма «Зертте,бақыла» әдісі /т/


Бөлме өсімдігін (немесе өніп тұрған гүлдерді), 3 құты (пластикалық стақандар), топырақ, қорап және “су, жарық”; “су, жарықсыз”; “жарық, сусыз” деген жазулары бар қағаздарды жабыстырып көрсету.


Shape12


  1. Құтыларға жазулары бар қағаздарды жабыстырып, сол күнді, топтың атауын немесе оқушының атын жазып қоямын.

  2. Құтыларға топырақ салып, әрқайсысына бір гүлдің тамырын отырғызу. Тамырды сабаққа бір тәулік қалғанда сулап қойған дұрыс. Құтыларды терезенің алдына қою.


  1. Бірінші құтыдағы топырақты суарып, қақпағын ашып қою.


  1. Екінші құтыдағы топырақты суарып, қораппен жабу.


  1. Үшінші құтыдағы топырақты ашық қалдырып, суармау.

Оқушыларға нәтижесінде не болатынын болжауды тапсырамын.


Нәтиже:


1.Бірінші құтыдағы гүл жайқалып өседі. Өйткені оның топырағы құнарлы және тыңайтқыш жақсы себілген. Өсімдіктің өсуіне қажет ауа, жарық, жылу бар.

2.Екінші құтыдағы гүл ауа жетіспегендіктен түсі өзгеріп бұзыла бастайды, яғни шіри бастайды. Бұл өсімдіктің өнуі ақырындап баяулай бастайды.

3.Үшінші құтыдағы гүлге жарық түскенмен, су жетіспегендіктен құрғақ тұқымдар өнбейді.


Дескриптор:

  1. Бөлме өсімдіктерінің өсуіне қажетті жағдайларды анықтайды.

  2. Бөлме өсімдіктерінің өсуіне қандай күтім жасау керектігі жайлы айтады

  3. Тәжірбиенің нәтижесін қорытындылай алады.



Қалыптастырушы бағалау «Гүлдер әлемі»


Shape13 Shape14 Shape15

Өте жақсы Жақсы Орташа


3.тапсырма «Ойлан,тап» әдісі /ж/


Ширату жаттығулары жұмбақ жасыру


Топырақтың құнарын,

Дәл тауып құрамын.

Қай жерде,қай дақыл,

Қарап бәрін жүретін,

Кім бәрін білетін?

/ Бағбан/



Shape16

Музыка арқылы «Бағбан қимылы» понтамимика. Көз алдарына елестете отырып, қимыл жасайды.



Дескриптор:

1.Бағбанның кім екенін анықтайды.

2.Бағбанның қандай іс-әрекет жасайтынын көрсетеді

3.Дерек көздерінен қосымша мәлімет жинақтайды.



Қалыптастырушы бағалау «Жемістер шеруі»

Shape17 Shape18 Shape19

Түсіндім Сұрақтарым бар Түсінбедім



Shape20



Қырда шешек гүл атып,

Көк шалғынмен ұласып,

Жауқазындар жайқалды.

Самал желмен шайқалды.


4тапсырма «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі /ж/


Суреттерді салыстыр. Екі суреттегі мәдени және бөлме өсімдіктерін салыстырыңдар. Қандай айырмашылықтарын байқадыңдар? Осы сұрақты жұппен талқылайды.

Тәжірбие арқылы емдік қасиеттерін анықтайды, талдау жүргізеді.


Мәдени өсімдік Бөлме өсімдігі

Лимон Алоэ

Shape21 Shape22


Лимон- цитрустар тұқымдасына жататын көпжылдық мәңгі жасыл өсімдік. Ол қолдан өсіріледі. Жылу, жарық, ылғалсүйгіш.

Алоэ- бөлме өсімдігіне жатады.Ол ылғал мен жарықты жақсы көреді.


Тәжірбие:

1. Лимон мен балды араластырып,суық тигенде ішуге болады.

2.Тістеріңіз мықты болсын десеңіз лимон қабығымен ысқылауға болады.

3.Тырнақтар қаттылығын жоғалтпау үшін,лимон шырынын жағу керек.

4.Алоэ мен балды араластырып ішуге болады.Күйік шалғанда немесе ірің жаралар пайда болғанда алоэны қойып, дәкемен орап тастау керек.


Дескриптор:


  1. Лимон мен алоэны салыстырады және айырмашылықтарын анықтайды.


  1. Тәжірбие жасай отырып емдік қасиеттерін зерттейді.


  1. Дерек көздерді пайдаланып мәлімет жинайды.



Қалыптастырушы бағалау «Саңырауқұлақ теру»


Shape23 Shape24 Shape25


Түсіндім Сұрақтарым бар Түсінбедім



5 тапсырма: «Экологиялық ертегі» әдісі



Сурет желісі бойынша ертегі құрастырып, ат қою. Өсімдіктерге келтірілетін зардаптарды табу,өз ойларынан ертегі құрастыру.



Дескриптор:


  1. Сурет желісі бойынша ертегі құрастырып, ертегіге ат қоя алады және ертегі мазмұнын өз ойларымен толықтыру.

  2. Өсімдіктерге келтірілетін экологиялық зардаптарды анықтайды.

  3. Өз ойларынан ертегі құрастырып,

шығармашылық қабілеттері қалыптасады.


Қалыптастырушы бағалау


Shape26


Шырша – түсіндім

Балқарағай – сұрақтарым бар

Қайың - түсінбедім

Қағаз қиындыларындағы сөздер сусепкіш, күрек, тырма, өсімдік қиятын қайшы


















жапырақтар















Пластикалық стакандар

бөлме өсімдігі, жазуы бар қағаздар,суреттер, топырақ, су










































гүлдер

















Жұмбақ


































Қай жұп жемістерді көп жинайды?


Алма, алмұрт, жүзім











Музык ырғағымен билеу


























Лимон мен алоэ суреттері











Сабақтың соңы


3мин


Кері байланыс «Сөйлемді аяқта»

- Мен бүгін ..........түсіндім.

- Маған сабақта ......... жасаған қызық болды.

- Мен досыма ......... туралы түсіндіре аламын.

- Маған қатты ........... ұнағаны.



Саралау- оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырасыз?


Тапсырма: Барлық: Өсімдіктерге байланысты ырым-тыйымдар құрау.

/тапсырма, қарқын/

Көкті жұлуға болмайды.

Шыбықты сындыруға болмайды.

Көптеген:

Тірек сөздерді пайдаланып өлең құрау.

/тапсырма/

Кейбір:

Өсімдіктердің өсуіне байланысты қызықты деректер табу.

/ дереккөз/

Бағалау - оқушылардың материалдың меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?















Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.











Сергіту сәтін орындауда түрлі қимылдар,жаттығулар жүргізу.

Интерактивті тақтаны пайдалануда қауіпсіздік ережесін сақтау.

бағалау

Өзара бағалау және мұғалімнің бақылауы арқылы бағаланады.

Қалыптастырушы бағалау «Жапырақтар сыры»

Қалыптастырушы бағалау «Гүлдер әлемі»

Қалыптастырушы бағалау «Жемістер жинау»

Қалыптастырушы бағалау «Саңырауқұлақ теру»

Қалыптастырушы бағалау «Орман ағаштары»




Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезендері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі(оқыту турулу да оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да оқу туралы да ойланыңыз)?

1:Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушыларды жетістік қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!