Материалдар / ӨСКЕЛЕН ҰРПАҚҚА АЗАМАТТЫҚ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ӨСКЕЛЕН ҰРПАҚҚА АЗАМАТТЫҚ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Балада патриотизмді тәрбиелеу оны мәдениетпен таныстырмай мүмкін емес. Баланың мәдени тұлғасын өсіру бір нәрсеге қарапайым қызығушылықтан басталады, содан кейін ғана бұл қызығушылық үлкенірек нәрсеге айналады, өзін-өзі түсінуге және қатысуға ниет болады. Мақалада патриоттық іс-әрекет процесінде тұлғаны қалыптастыру және қалыптастыру негіздері қарастырылады. Патриоттық тәрбие беру жөніндегі білім беру мекемелерінің қағидаттары мен міндеттері жалпыадамзаттық құндылықтардың басымдықтарынан туындайды және оқудан тыс бірлескен қызметте іске асырылады. Бүгінгі күні балалардың патриоттық тәрбиесі патриоттық сананы, өз Отанына деген адалдық пен сүйіспеншілік сезімін қалыптастырады.Еліміздің азаматтарының бойында патриоттық сананы қалыптастыру жөнінде стратегиялық міндеттерді толықтай орындалуға бағытталуда.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Ақпан 2022
545
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МРНТИ 14.25.05


Б.Ф.Солтанбаева, И.А.Искакова


Педагогика жоғары мектебі

Павлодар педагогикалық университеті

Павлодар,Павлодар облысы, Қазақстан Республикасы

e-mail: bibigulay@mail.ru, inara.00.00@mail.ru




ӨСКЕЛЕН ҰРПАҚҚА АЗАМАТТЫҚ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ


Аңдатпа


Балада патриотизмді тәрбиелеу оны мәдениетпен таныстырмай мүмкін емес. Баланың мәдени тұлғасын өсіру бір нәрсеге қарапайым қызығушылықтан басталады, содан кейін ғана бұл қызығушылық үлкенірек нәрсеге айналады, өзін-өзі түсінуге және қатысуға ниет болады. Мақалада патриоттық іс-әрекет процесінде тұлғаны қалыптастыру және қалыптастыру негіздері қарастырылады. Патриоттық тәрбие беру жөніндегі білім беру мекемелерінің қағидаттары мен міндеттері жалпыадамзаттық құндылықтардың басымдықтарынан туындайды және оқудан тыс бірлескен қызметте іске асырылады. Бүгінгі  күні  балалардың  патриоттық тәрбиесі патриоттық сананы, өз Отанына деген адалдық пен сүйіспеншілік сезімін қалыптастырады.Еліміздің  азаматтарының бойында патриоттық сананы қалыптастыру жөнінде стратегиялық  міндеттерді толықтай орындалуға бағытталуда.


Тірек сөздер: патриот, ұрпақ, тәрбие,құндылық,тәрбие,азамат.



КІРІСПЕ


Елбасы  өз сөзінде: «Еліміздің  ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, болашақты білімді ұрпақ айқындайды, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаз қолында»  деп  атап көрсетті.   Қазіргі таңдағы мақсатымыз жаңа кезеңде жас  ұрпақты тәрбиелеудегі актуалды мәселелерді тиімді шешілуін ұйымдастыру.   Еліміздің болашағы — ұрпақ тәрбиесінде. Бүгінгі  таңда оқушыға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігі мен  білімділігін, іскерлігін арттыру әділетті  қоғамның міндеті  болып табылады.

Елбасының «Қазақстан-2030» басты  стратегиялық жоспарында халықтың рухани жаңа-руына ерекше маңыз берілген.  Сондықтан жан-жақты жетілген, дүниесі бай, белгілі дәреже-де ғылыми білім жүйесін игерген және оны бағалай, талдай алатын, өзге  халықтардың тарихын, мәдениетін, тілін меңгерген, өздігігнен денсаулығын нығайтуға, адамгершілік қасиет-терін, эстетикалық талғамын дамытуға ынтызар, өмірдің қилы кезеңдерінде  дербес еңбек етуге даяр ұрпақты тәрбиелеу- ең басты өзекті мәселе.[3]

Азаматтық тәрбие- балаларды қоғамның саяси өмірінің негіздерімен таныстыру, өзінің азаматтық міндеттерін орындауға дайындығын қалыптастыру. Азаматтық тәрбие жеке тұлғаның азаматтық сана-сезімін, конституциялық, кұқықтық көзқарасын қалыптастыруды қарастырады.
Азаматтық тәрбиенің негізгі мақсаты — адам бойыңда отанға деген сүйіспеншілік сезімін, қоғамның адамгершілік идеалдарын, бейбітшілікке деген ұмтылысын, қоғам мүддесі үшін еңбек ету қажеттілігін тәрбиелейді

ХХІ ғасырдың табалдырығынан аттаған Қазақстан әлемнің дамыған елдерінің қауымдас-тығына жалпы  әлемдік, саяси-қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-мәдени құрылымдарға кіруге бет алды. Сондықтан еліміздің туын биікке көтерер  келер ұрпақтың білімді, білікті, ұлтжанды, жоғары мәдени, биік адамгершілік пен рухани қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу- адамзат алдындағы басты міндет.

Қазақстан Республикасының   білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында оқушылардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеумет-тік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қаси-еттерді қалыптастыру басты назарға алынған. Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы, білім беру және мемлекеттік жастар саясаты туралы заңдардың қабылдануы жастар тәрбиесі  мәселесіне жаңаша ойлаумен қарауды талап етеді. Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасында «Тәрбие үрдісінде қазақстандық патриотизм, гуманизм, адамгершілік  идеяларын қалыптастыру негізінде құру керек» деп баса  көрсетті. Бала бойына адамгершілік тәрбиесін сіңіру мақсатында жалпы педагогтардың іс-тәжірибесінде қолданылып жүргені бәрімізге аян. Өздеріңізге белгілі қазіргі жаһандану үрдісінде елімізде бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу басты назарда болып отыр. Ал адамның жан қазынасын, адамгершілік болмысын қалыптастыру да, кей адамдардың түрлі жағдайлармен бір-бірін түсінбеуі де сіз бен бізді толғанырады.Өйткені біз сол қоғамның ішіндеміз, яғни оның мүшесіміз. Иә, бұның бәрі шындық десек артық болмас. Бәсекеге қабілетті ұрпақты жан-жақты қылып тәрбиелеу үшін алдымен жан қазынасының негіздерінің бірі, сенімділік пен шындықтың бастауына үңілу керек шығар.



НЕГІЗГІ БӨЛІМ


Оқыту, білім беру, тәрбиелеу  —  баланың ішкі жан – дүниесінің біртіндеп дамуына әсер ететін, түрткі болатын, жағдай жасайтын, оларды іске асыратын сыртқы факторлар екені анық. Еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы – бүгінгі мектеп қабырғасында отырған бүлдіршіндер екені мәлім. Олардың қамын ойлау  баршамыздың парызымыз.   Кез келген мектептің мақсаты мен мұраты  өркениетті елдердің қатарынан көріну, жер мен жер байлықтарын ысырапқа салмай игере білетін ұрпақ тәрбиелеу.     Ол үшін бүгінгі жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие бере отырып, елдің өткенін, ұлттың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, табиғат ерекшеліктерін етене таныстыру қажет.   «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, келешекте оның өміріне опат әкеледі,  адамға ең бірінші керегі тәрбие» — деп Әл-Фараби айтқандай, педагогика ғылымының зерттейтін негізгі мәселелерінің бірі- тәрбие

Ұрпаққа берілетін ең өзекті идеясына халықтың адами қасиеттері тұғыр болуы тиіс. Қай халық болсын өзіне ғана дараланып тұратын ерекшелігінің бірі-тәрбие.  Тәрбие- мәңгілік жә-не адамзаттық.. Бұл ерекшеліктер ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа мирасқа қалып оты-рады. Тәрбие – халықтыңғасырларбойы  жинақтап, іріктепалғанозықтәжірибесі мен ізгіқасиеттерінжасұрпақтыңбойынасіңіру, баланыңқоршағанортадағықарым-қатынасын, дүниетанымынөміргедегенкөзқарасынжәнесоғансаймінез-құлқынқалыптастыру.

Тәрбие-халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына  сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру. Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық  сана- сезімі оянған, рухани дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды  тәрбиелеу.   Тәрбиенің негізгісі – ол ғибратты, ғұмырлы, ғасыр бойы бойымызға салт-дәстүрмен беріл-ген–ұлттық педагогика. Небір ғасырлар шектеулі шеңбер аясынан шырмауықтай  шырмалып шыға алмай келген ұлттық тәрбиенің жаңа талапқа сай жаңғыртып, жаңартып өскелең жас ұрпаққа толыққанды тайға таңба басқандай жеткізсек, таптырмас тағлым болары сөзсіз.[4]

Азаматтық, рухани-азаматтық тәрбиені оқушылардың бойына сіңіру қаншалықты маңыз-ды екендігі жөнінде ғалымдарымыз өз зерттеулерінде айтып, ол туралы құнды –құнды ой-пікірлерін қалдырды. Қазақ халқының арғы тарихымен байланысты жеткен жазбаша дерек-тердегі А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Уалиханов, еңбектеріндегі оқу, білім, рухани-адам-гершілік, тәлімдік ой-пікірлер және жазықсыз жапа шеккен зиялылар А.Байтұрсынұлы,М.Дулатов, Х.Досмұхамбетов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов халықтық тәрбиенің ұлттық  негіздері жөніндегі ой-пікірлері, аса құнды еңбектері бар.  Ғасырлар бойы рухани тазалық заңдарын дәстүрлі, шежірелік деңгейде сақтап келген халқымыздың ақыл-ой, есте сақтау қабілеті жоғары болып, сөз қадірін біліп, небір үлкен дастан, жырларды ауыз әдебиеті негізінде ұрпақтан ұрпаққа қағазға  түсірмей жеткізе білген.

Өткен ғасырдағы педагогика тарихына көз жіберсек, Әл-Фараби, Ибн Сина, Фердауси, Ж.Баласағұн, Я.А.Коменский, И.Г.Песталлоций, К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко,

Н.Г.Чер-нышевский, Н.А.Добролюбов, Л.Н.Толстой сияқты ойшыл-оқымысты ғалымдардың бірде-бірі рухани-азаматтық құндылықтарды қалыптастыру мен дамытудың мәні мен маңызына көңіл бөлмей өткен емес.   Аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлы:  «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым  көбейіп жүр.

—   Біріншісі балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқамын.

—   Екінші немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқамын.

—  Үшінші, дәмді, дәстүрдісыйламайтынбалаларөсіпкеледі, соданқорқамын» деген.  Атамыздың осы қорқынышын болдырмайтын, бесік жыры үнінің құдіретіне тәнті болып өсетін баланың тәрбиеленуіне, ертегіні құмартатыңдап, оның қызығына тамсана білетін жеткіншектің көбеюіне, дәстүрімізді сыйлайтын намысты ұл мен қыздың өсуіне тірек болатын тәрбие  ұлттық  мінез, ұлттыққа білетіміздің ажарлануына жол ашады Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тарихтолқында» еңбегіндегі «Мағжанның   жүрек тебірен терлік мөп-мөлдір лирикасы, Мұхтардың эпикалық көркем прозасы, Шоқанның барша әлемді таңқалдырған жаңалықтары, ұлы Абайдың түпсіз терең философиялық толғаулары сияқты осынша мол ұлттық құндылықтарымыз әрбір адамның ішкі жандүниесін рухани байытып, сана-сезімін шарықтата көтеретініне күмән келтіре алмайсың» деген салиқалы сөздер біз көтеріп отырған мәселені шешуде ұлттық құндылықтарды тиімді пайдалану керектігін көрсетеді


ҚОРЫТЫНДЫ


Рухани-азаматтық тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, өзін-өзі заңды, әлеуметтік, ізгі және саяси әрекетке қабілетті сезіну мүм-кіндігін беретін  тұлғалық интегративтік қасиетін, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және қалыптастыруды болжайды.

Елбасы  өзсөзінде: «Еліміздің  ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, болашақты білімді ұрпақ айқындайды, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаз қолында»  деп  атап көрсетті.

Қорыта келгенде, бастауыш сынып оқушыларының рухани-азаматтық қасиеттерін қалыптастыру арқылы толыққанды жетілген адамзат тәрбиелеуге болады. Рухани қасиет пен білім беруде адам дамуының рухани үйлесімділігін түйсінуді қамтамасыз етеді. Сондықтан келер ұрпақты тәрбиелеу мен білім беру өзегі ұлттық құндылықтар негізінде рухани-адамгершілік өсиетін қалыптастыруда жатыр деп түсінеміз және ол кезек күттірмейтін мәселе.

 «Зерттей отырып - тәрбиеле, тәрбиелей отырып - зертте»- бұл педагогиканың басты ұстанымдарының бірі. Әр ата-анаға патриоттық тәрбиенің  негізін  тәрбиелеп  отырған  баласы арқылы қалап, қажет жағдайда талап қоя біліп, ескерту жасау-салауатты да, сауатты ұрпақ тәрбиелеудегі  басты парызымыз болып қала беретіндігіне жауапты екендігін түсіндіру.  Бала әрекеттерінің мазмұнын және оның өсіп - даму заңдарын білуге сүйене отырып, оқу- тәрбие жұмысын ғылыми тұрғыдан ұйымдастырып, оны дұрыс жолға қоюға болады


ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ


  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпыредакциясынбасқарғанэ.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. – 482

  2. Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақэнциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

  3. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6

  4. Кузнецова Л.В. ХХ ғасыр педагогикасындағы "азаматтық" және "азаматтық тәрбие" ұғымдарының мазмұнын дамыту. // Мектепте тарих және әлеуметтік ғылымды оқыту.- 2006.- № 9.

  5. Салихова Р. азаматты тәрбиелеу. // Оқушыларды тәрбиелеу.- 2003. – № 1.














Б.Ф.Солтанбаева, И.А.Искакова

Гражданско-патриотическое

Воспитание подрастающего поколения


Высшая школа педагогики

Павлодарский Педагогический Университет

Павлодар, Павлодарская область,Республика Казахстан




B.F.Soltanbayeva, I.A.Iskakova

Civil and patriotic education

of the younger generation

Higher School of Pedagogy

Pavlodar Pedagogical University

Pavlodar, Pavlodar region, Republic of Kazakhstan





Аннотация

Воспитание патриотизма у ребенка невозможно без приобщения его к культуре. Воспитание культурной личности ребенка начинается с простого интереса к чему-либо, и только тогда этот интерес перерастает в нечто большее, появляется желание разобраться в себе и принять участие. В статье рассматриваются основы формирования и формирования личности в процессе патриотической деятельности. Принципы и задачи образовательных учреждений по патриотическому воспитанию вытекают из приоритетов общечеловеческих ценностей и реализуются во внеучебной совместной деятельности. Сегодня патриотическое воспитание детей формирует патриотическое сознание, чувство верности и любви к своей Родине.Нацеленность на полное выполнение стратегических задач по формированию патриотического сознания у граждан страны.

Ключевые слова: патриот, поколение,воспитание,ценность,воспитание, гражданин.



Summary

Education of patriotism in a child is impossible without introducing him to culture. The upbringing of a child's cultural personality begins with a simple interest in something, and only then this interest develops into something more, there is a desire to understand yourself and take part. The article discusses the basics of the formation and formation of personality in the process of patriotic activity. The principles and objectives of educational institutions for patriotic education follow from the priorities of universal values and are implemented in extracurricular joint activities. Today, patriotic education of children forms a patriotic consciousness, a sense of loyalty and love for their Homeland.The focus on the full implementation of strategic tasks for the formation of patriotic consciousness among the citizens of the country.

Keywords: patriot, generation,upbringing,values,upbringing, citizen.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!