«Өскелең ұрпақ арасындағы суицидтік мінез - құлықтың алдын алу»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Өскелең ұрпақ арасындағы суицидтік мінез - құлықтың алдын алу»

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылар арасындағы сүицидтік мінез-құлықтың алдын алу жөнінде кеңестер
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бершүгір орта мектебі








БАЯНДАМА


«Өскелең ұрпақ арасындағы суицидтік

мінез - құлықтың алдын алу»

/баяндама/
















Баяндамашы: А.Ж.Абшукирова
















2015-2016 оқу жылы


Тіршіліктегі басты құндылық – адамның өмірі екені белгілі. Бір күннің ішінде сан мыңдаған адам өмірге келіп жатса, сол секілді сан мыңдаған адам бақилық болады. Оның ішінде, талқаны таусылып Жаратушы қалауымен өмірден озатындарын айтпағанда, өз өміріне өздері балта шауып, ажалынан бұрын өмірімен қоштасатындары қаншама. Бүкіл әлемді алаңдатып отырған осынау мәселе соңғы жылдары өршіп келеді.

Бүгінгі күні соғыс пен қанды қылмыстарға қарағанда, әлемде өз-өзіне қол жұмсау салдарынан өмірден өтетіндер көп екен. Бұл қауіпті құбылыстың біздің еліміздегі көрінісі де көңіл қуантарлықтай емес. Десек те, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдарының зерттеулері нәтижесіне сүйенсек, өзін-өзі өлтіру жөнінен Қазақстан үшінші орынға, Орталық Азия елдері бойынша бірінші орында тұр екен. Осыған сәйкес, жалпы әлемде әрбір 40 секунд сайын, елімізде әр сағат бір адам өз-өзіне қол жұмсайды екен. Суицид (латынша: Sui caedere- өзін өлтіру) – адамның өзіне - өзінің қиянат жасап, өз өмірін қиюы.

Шынайы суицид-Адам өмірден түңіліп, үнемі көңілсіз жүреді, өлгісі келеді

Жасырын суицид- бұл түрінде адам өзін - өзі өлтіру жақсы еместігін түсінеді, бірақ қиындықтан шығар жол жоқ болып көрінгендіктен өлімге апаратын істерге бас тігеді. Мысалы: нашақорлық , маскүнемдік т.б.

Жариялық суицид-көбіне өлместен бұрын өзгелердің назарын өзіне аударғысы келеді. Олар біреумен ренжіссе, қолына суық қару, не арқан, жіп алып жүгіріп “өлемін” деп қорқытады

Мына ақпаратқа назар аударсақ

Жыл сайын 10 – 20 миллион адам суицид жасауға бекінеді. Олардың бір миллионға жуығы жарық дүниемен қош айтысады.Алдыңғы қатарлы суицид жасаушылардың отаны ретінде, басқасын айтпағанда көрші мемлекеттер Ресей мен Қытай және Қазақстанды айтуға болады.

Қазіргі кезде Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының дерегі бойынша Қазақстан елдегі азаматтарының өз өмірлерін қиюы бойынша әлемде үшінші орынды алады. Ал осыдан үш жыл бұрын деректер бойынша Қазақстан бесінші орында болған.

Әлемде жыл сайын бір миллиондай адам өзін - өзі өлтіреді. Бір миллион адамның 8 мыңы Қазақстандықтардан тұрады. Бұл дегеніміз әрбір сағат сайын бір қазақстандық суицид жасайды дегенді білдіреді. Бір өкініштісі, суицид жасаушы еліміздің болашағы деп санаған жас буын өкілдері.

Өз өміріне қол жұмсауына себеп болатын факторлар

1. Денсаулығының нашарлығынан – 1,2 %

2. Қаражат қиындығынан - 3%

3. Өмір сүрудің ауырлығынан – 4,4%

4. Құмарлықтан - 6%

5. Отбасы келіспеушілігінен - 18%

6. Рухани дерттен - 18%

7. Жазасын өтеуден жалтарудан - 19%

8. Белгісіз күйі - 41%

Қазіргі қоғамдағы суицидтің себептері

1. Адамның иманының болмауы мен өмірдің қиыншылықтарын дұрыс түсінбеуі.

2. Қаржылық жағдайлардың әсері.

3. Ренжу

4. Қателік

Суицид белгілері:

1.Сыртқы түрі мен мінезінде:

Сағынып, мұңайып жүргендей түр

Баяу қимылдау

Сөйлеудің баяулауы

Қысқа жауаптар

Жауап бермеу

Сөйлеудің жылдамдауы

Екпіндеп сөйлеу

Ұқыптылықтың шектен шығуы

Іс- әрекетсіздік

2.Эмоциялық жағынан бұзылуы:

Зерігу

Ашулы

Қоршаған ортаға өшпенді қарым- қатынас

Өзіне және ортаға салғырттық

Мақсатсыз үрейлену, қорқыныш

Қуанышты сәттерге қуана алмау

Секемшілдік

Ешнәрсеге мән бермеушілік

Қайғылы түр.

3.Психикалық аурулар:

Депрессия

Себепсіз қорқынышты байқататын невроздық

Шизофрения

4.Өз өмірін бағалау:

Өткен өміріне төмен баға беру

Өткеннің жағымсыз сәттерін көп еске алу

Жаңа жағдайларға құлықсыз, төмен баға беру

Болашақ туралы жоспарларының болмауы

5.Қоршаған ортамен араласуы

Ортамен араласудан қашқақтауы

Көмекті қажетсініп ортамен қарым- қатынас жасауға ұмтылыс, қолдау күту

Өзінің қайғысын ешкіммен бөліспеу.

Жасөспірімдер депрессиясының алдын алудағы ата-ана міндеті

  • Жағымды сипатта әңгімелесе отырып, баланың жағдайын сұрау;

  • Түрлі сұрақтар қоя отырып, болашаққа жоспар құруға көмектесу;

  • Балаңызды жаңа істерге жетелеу;

  • Үйдегі міндеттерді орындаудың жаңа тәсілдерін ойлап табу

  • Баланың күн тәртібін қадағалау

  • Үнемі қозғалыстағы спорт түрлеріне қатыстыру

  • Маманның –психологтың,психотерапевтің кеңесіне жүгіну

Балаңыз агрессияға, күйзеліске түспесін десеңіз:

-өз проблемаңызды балаға артпаңыз;

Егер ашулы болсаңыз, онымен қарым-қатынастан аулақ болыңыз;

-егер бала сіз айтқан ережеге көнгісі келмесе, күштемеңіз;

-күш көрсету - баланы түзеу орнына, қарсыластығын арттыра түседі;

-мәселелерді өзіңіз жеке емес, баламен бірігіп шешіңіз;

-егер бала сізбен араласуды қош көрмесе, күшпен көндірмеңіз;

-егер қиын жағдайда не істеріңізді білмесеңіз, оны тезірек шешуге тырыспаңыз, асықпай ойланып кірісіңіз.

Балаларда суицид болмас үшін мұғалімдер жасайтын іс-әрекет

  • Баланың өз күші мен мүмкіндігіне сендіру;

  • Белсенділігін арттыру

  • Түсіністік және жанашырлық таныту;

  • Баланың тәртібін қадағалау,оның өз қатарындағылармен қарым-қатынасын сараптау

  • Мектеп әкімшілігінің мұғалімдер мен оқушы арасындағы қарым-қатынас стилін қадағалап, мән беріп отыруы

Мектептегі тұлғаралық қарым-қатынасты жандандыру

  • Мәдени іс-шаралар жоспарлау

  • Спорт сайыстарын өткізу

  • Өнер байқауларын ұйымдастыру

  • Ғылыми – шығармашылық жұмыстарға тарту

Сынып жетекшілер сынып сағаттарында балалардың өмірге деген қызығушылығын, құлшынысын арттыратын «Мен өмірді таңдаймын», «Өмір құндылықтары», «Өмір неткен ғажап», «Өмірім менің таңдауым», «Өмір қымбат –сый», «Өмір сен маған қымбатсың» т.б. тәрбие сағаттарын өткізу қажет.

Қалай десек те, тілге тиек етіп отырған бұл проблеманың себебі өте көп. Дегенмен, мұсылман баласы үшін өзіңе-өзің қол жұмсау ауыр күнә. Өз өмірін қию – аманатқа жасалған қиянат. Әрбір қиындықтан кейін, жеңілдіктің келетініне рас. Ендеше өзін-өзі өлтірудің себептерін өмірдің қиындықтарынан іздеу дұрыс емес. Мұндағы басты себепті «сенім» деп білген жөн.

Суицидтің алдын алу үшін бірінші кезекте күнделікті қарым-қатынастағы жақын адамдарымызға жылы шырай танытып, ішкі жандүниесін түсінуміз қажет. Осы арқылы ғана жақсы жағынан ықпал етіп, үлкен нәтижеге жетеріміз хақ.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.06.2018
696
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі