Материалдар / Өскемен қаласының географиялық орны
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өскемен қаласының географиялық орны

Материал туралы қысқаша түсінік
өлкетану вариатив сабағы Өскемен қаласының географиялық орны
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Мамыр 2020
1129
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Мектеп: «Ахмер орта мектебі» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Тусыпова Айжан Толеубековна

Сынып: 6 «Г» Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Өскемен қаласының географиялық орны

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)

6.1.2.1 тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтау;

6.2.6.1 тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыру;

Сабақ мақсаты

  1. Сұрақтар негізінде тыңдалған мәтіннен негізі ойды түсіндіру;

  2. Тірек сөздерге сүйеніп, мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтау;

  3. Сюжетті суреттер желісі бойынша мәтін тақырыбына сәйкес әңгіме құрастыру;

Бағалау критерийі

  • сұрақтар арқылы «Өскемен» мәтінінің негізгі мазмұнын түсіндіреді;

  • тірек сөздер бойынша мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды;

  • сюжетті суреттер желісі негізінде «Менің өлкем» тақырыбында әңгіме құрастырады;

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты терминдер: менің өлкем, туған өлке, туған жер, табиғат, көркем, салт-дәстүр.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Туған өлкеңнің табиғаты қандай?

  • Туған өлке деп нені айтамыз?

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясына негізделген: тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы

  • өз Отанына деген құрметке;

  • туған өлкенің табиғатына құрметпен қарауға;

  • қарым-қатынас жасау қабілетін арттыруға;

  • жауапкершілікті нығайтуға баулу.

Пәнаралық байланыс

Туған жерінің табиғатын танып білу үшін география, тыңдауға арналған аудио мәтінді, АКТ-ны, информатика пәндерімен байланыстырады.

Алдыңғы білім

Туған жер, табиғат, қоршаған орта туралы түсініктері бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері



Ресурстар


Сабақтың басы

10минут



























С. Психологиялық ахуал орнату «Шаттық шеңбері» әдісі арқылы жүзеге асырылады.

Мақсаты: көңіл-күйді көтеру, жағымды психологиялық атмосфера қалыптастыру.

Оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір-біріне бүгінгі күнге сәттілік тілей отырып, бір - бірлеріне жақсы тілектер айтып, сабаққа көңіл бөледі.

Топтастыру

«Молекулалар» әдісі

Орындалу тәртібі: оқушылар араласып жүреді, мұғалімнің айтуы бойынша 2 адамнан, 3 адамнан және 4 адамнан шоғарланады және соңғы 4 адам бойынша топқа бөлінеді.

С. «Сәлемдеме» әдісі арқылы кері байланыс арқылы орындалады.

Мақсаты: алдыңғы білімді еске түсіру, қайталау. Оқушылар жүргізуші берген қағазды бір-біріне береді, әуен тоқтағанда қағаз кімнің қолында қалса, сол қағазда жазылған сұраққа жауап береді.

Мысалы:

ШҚО туралы қысқаша баяндап бер

ШҚО қандай мәдени орындары бар?

ШҚО географиялық орны туралы айт

ШҚО экономикалық аудандарын ата

ШҚО шекаралас елдерін ата


Ынталандыру: «жұлдызша» әдісі

С. «Миға шабуыл»


Өскемен қаласы туралы не білесің?


ҚБ.: Ынталаныдыру. «Жақсы!», «Жарайсың!», «Тамаша!» сөздерін қолданып, ауызша мадақтау.









«Молекулалар» әдісі




«Сәлемдеме» әдісі



«Жұлдызша» әдісі


Сабақтың ортасы

25 минут

























































































1. Топтық жұмыс. Әр топ мәтінді оқып, талқылап, постер жасау.

Өскемен (орыс. Усть-Каменогорск) — Шығыс Қазақстан облысындағы өнеркәсіп, мәдениет және Өскемен қалалық әкімдігі орталығы. Қаланың негізі 172 0ж Ертіс пен Үлбі өзендерінің құйылысында қаланған.

Қазақстанның шығыс бөлігінде Ертіс пен Үлбі өзендерінің сағасында орналасқан, көлемі 54,4 мың га жерді алып жатыр. Табиғаты континенталды. Қала халқы - 320,2 мың адам. Қазіргі күні Өскеменде 76,8 мың зейнеткер (жалпы санының 23,9 %-ын құрайды), оның 2476 –сы Ұлы Отан соғысына қатысқан адамдар.Өскемен қаласы – Қазақстанның көрікті қалаларының бірі. Мемлекеттік билік Қазақстан Конституциясына сәйкес заңдық, атқару және сот билігі принциптеріне негізделген. Қаладағы заңдық билікті Мәслихат жүзеге асырады. Оның құрамында 25 депутат бар. Сот билігін Өскемен қалалық соты және арбитраж соты жүзеге асырады.

Өскемен Қазақстанның шығыс бөлігінде Ертіс пен Үлбі өзендерінің сағасында орналасқан, көлемі 54,4мың га жерді алып жатыр. Табиғаты континенталды. Қала халқын 320,2 мың адам құрайды. Қазіргі күні Өскеменде 76,8 мың зейнеткер (жалпы санының 23,9 % құрайды), оның 2476 –ы Ұлы Отан соғысына қатысқан адамдар.

Қазіргі Өскемен Қазақстандағы түсті металдар орталығының бірінен саналады. Аймақтың жетекші салалары – түсті металдар өндіру, машина жасау. Өскемен қаласы бойынша 6072 шаруашылық субьектісі, 143 акционерлік қоғам, 2335 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 48 шаруа қожалығы, 1333 сауда кәсіпорны тіркелген. Өскемен қаласының ірі және орта кәсіпорындары мен ұйымдарына 78,7 мың адам еңбекке тартылған, оның ішінде 31,4 мың адам өндіріс сферасында, 5,8 мың адам - құрлыста, 16,1 мың. адам – білім мен денсаулық сақтау саласында, 9,7 мың. адам саудада, 10,3 мың адам – көлік пен байланыс саласында т.б. еңбек етеді.

17,7 мың. адам шағын және орта бизнеске қамтылған. Шығыс Қазақстан облысындағы байланыс автомобиль, теміржол, өзен және әуе жолдары арқылы жүзеге асырылады. Көлік желісі автомобиль жолдарына негізделген. Қала аумағында 631 орындық 10 қонақжай, 63 мектеп (52- мемлекеттік түрдегі және 11- жеке), олар 47,1 мың оқушыны қамтиды, 14 жоғары оқу орны (17,1 мың студент), 11 орта оқу орындары (6,3 мың оқушы), 7 кәсіби-техникалық мектеп (3,4 мың оқушы), 26 мектепке дейінгі балалар мекемелері және 29 мәдениет мекемелері бар.

Өскемен қаласы – егемендік алған Қазақстанның көрікті қалаларының бірі. Мемлекеттік билік Қазақстан Конституциясына сәйкес заңдық, атқару және сот билігі принциптеріне негізделген. Қаладағы заңдық билікті Мәслихат жүзеге асырады. Оның құрамында 25 депутат бар. Сот билігін Өскемен қалалық соты және арбитраж соты жүзеге асырады.

2.

3. Өскемен қаласының туы:

Ту Өскемен қаласының елтаңбасы бейнеленген ортасынан шетіне қарай ығысқан ағаштан тұратын тіктөртбұрышты, ақ түсті мата болып табылады.Ағаштың ұлттық оюмен өрнектелген жолағы бар. Матаның қарама-қарсы жақтарында тілше жасайтын екі диагональді жолақтар бірігеді, бұл Үлбі және Ертіс өзендерінің қосылуын көрсетеді.Мемлекеттік ту көгілдір түсті, ою және диагоналды жолақтар қаланың өлкелік тиістілігін бейнелейді. Түстердің (ақ, көгілдір, елтаңбаның көптүрлігі) тіркесімі тазалықты, байлықты, өркендеуді білдіреді. Тудың ені мен ұзындығының қатынасы 1:2

Өскемен қаласының елтаңбасы:

Елтаңбаның негізінде – араларында су кеңістіктері бар тау шыңдары бейнеленген классикалық түрдегі қалқан.ОЛ жасыл жағалаулармен жиектелген Үлбі және Ертіс өзендерін бейнелейді. Елтаңбаның жоғарғы бөлігінде – қаланың аталуы, төменгі бөлігінде қамалдың орналақан жылы жазылған лентамен оралған күзеттік мұнара.

Елтаңбаның түсі: сары – байлық пен күшті, көк – сұлулық пен ұлылықты,жасыл – табиғи байлықты білдіреді. Елтаңбаның ені мен ұзындығының қатынасы 4:3

Үлестірмелі материал


Мәтінмен жұмыс















«Бас бармақ» әдісі





























«Бес саусақ» әдісі









«Бағдаршам» әдісі



Сабақтың соңы

рефлексия

5 минут


Оқушылар рефлексиясы «Чемодан, еттартқыш, себет» әдісі арқылы өткізіледі.

Мақсаты: сабақ барысында нені игерді, нені түсінгендеріне, алдағы уақытта нені өзгертеді, білгісі келетіндері бойынша өзін-өзі бағалау, кері байланыс беру.

«Чемодан» - салып аламын, алдағы уақытта қолданамын.

«Еттартқыш» - алған ақпаратты өңдеймін.

«Себет» - керек емес ақпарат, лақтырып жіберемін.

«Чемодан, еттартқыш, себет» әдісі


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!