Материалдар / "Отан - қуат, обтасы - шуақ" ата-аналарға арналған семинар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Отан - қуат, обтасы - шуақ" ата-аналарға арналған семинар

Материал туралы қысқаша түсінік
"Отан - қуат, обтасы - шуақ" ата-аналарға арналған семинарда ата-аналармен бала тәрбиесі туралы ой бөліседі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Желтоқсан 2021
550
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БЕКІТЕМІН

Директордың тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары _________А.Батырханова



«Отан – қуат, отбасы – шуақ» тақырыбында ата-аналарға арналған семинардың

бағдарламасы


Мақсаты:  Ата - ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау, 
өзін-өзі тануына бағыт беру, тәрбие жайлы пікір бөлісу. 

Міндеті: Ата-аналарды өздерінің балаларының жан-дүниесін түсінуге шақыру.

Көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты нақыл сөздер жазылған слайд , маркер, үлестірме қағаздар.

Барысы:

Жүргізуші: Саламатсыздар ма, құрметті ата-аналар! «Отан – қуат, отбасы – шуақ» тақырыбында ата-аналарға арналған семинарымызға қош келдіңіздер!

Өмірде Ана алақанының қызуы мен Әкенің асыл тәрбиесін ең жеңсік ас та, аста-төк байлық та, шипасы күшті дәрі де алмастыра алмайды. Отбасында мейірім көрмеген бала рухани ұстанымнан ада болып өсуі, өзін ұлттан саяқ ұстап, өзге жандарға өшпенділікпен қарауы ықтимал. Мұндай жандардың кеудесінде не сенімі, не жігері болмай әртүрлі жат ағымдар мен экстремистік топтар үшін әлеуетті күшке, дайын материалға айналып кетуі ғажап емес. «Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбенен көрген малдан неміз артық», - демей ме дана Абай.

Жасыратыны жоқ, қазіргі қоғамда көңілге түйткіл орнатар жайлар көбірек етек алуда. Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған, қарттарын қазына деп білген халықпыз біз о баста. Ал қазір ше? Балалар үйі, қарттар үйі деп дабыл қағуда тілшілеріміз. Ананың махаббатына зәру сәбилер мен баланың мейіріміне зар болған қариялар. Бірі терезеге телмірсе, бірі бесікке емес есікке телмірген қос шарасыздар. Бұл - біздің қоғамның ащы шындығы. Осындай жайсыз оқиғалардың негізгі бастауы неде дегенде, менің ойыма отбасы жылылығының аздығынан емес пе деген ой келеді. Үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетер кішіліктің азайғаны ма деп қаламын кейде. Кішілік азайған жерде кісілік те болмайды-ау осы. Сондықтан да отбасында үлкен-кішінің тілін тауып, олардың көңілінен шығуды әркім міндетіне алып, жүзеге асырса, ол отбасына бірлік ұялары сөзсіз. Ал бірлігі бар отбасының тірлігі бар. Өйткені отбасы- бақыттың кілті, ал бақыттың кілті – бірлікте. Жанұядағы тұтастық, бірлік – таптырмас байлық.

Жүргізуші:

Тәрбиесіз бала білім ұғар ма?

Олай болса, уысыңнан шығарма.

Ұл мен қызын шолжаңдатса бетімен,

Тартар күйік, ет кескендей етінен.

Бұл қанатты сөздерді Жүсіп Баласағұн ХІ ғасырда айтып кеткен. 


Құрметті ата-аналар, сіздерге бала тәрбиесіне байланысты мына бір әңгімені оқып бермекшімін.

Жас ана данышпанға келіп:

-Ұлы данышпан, менің балам бір айлық болды. Оны қалай тәрбиелегенім дұрыс: қаталдықпен бе, әлде әлпештеп, еркелетіп, мейіріммен бе?-депті.

Данышпан әйелді баққа ертіп барып жас жүзімнің сабағын көрсетіпті:

-Мына жүзімнің сабағына қарашы. Егер сен жүзімнің сабағын аяп, оның артық бұтақтарын кесіп отырмасаң, сабақтың өсуін қадағалай алмасаң, мол өнім ала алмайсың. Ал егер сабақты күннен қорғап, тамырын дұрыс суармасаң, ол солып қалады. Екеуін де дұрыс пайдалана білсең, мол өнім алып, тәтті дәмін татасың!- депті.

Міне, құрметті ата-аналар, бала тәрбиесінде қаталдық пен мейірімділікті орынды қолдана білу – өз жемісін беретінін естен шығармайық.

Жүргізуші:

"Балаға жаның ашыса, оны аяма" дегеннің мәні беталды қаталдық емес, ата-ана тарапынан белгілі бір талаптың қойылуы деп ұққан жөн. Баланың бар қалауы ешбір сыни көзқарассыз жүзеге асуы – бақылаудың жоқтығынан, мұның соңы жақсылыққа апармайды.

Ата-ана жағдайға қатысты баламен түрлі формада байланыс жүргізуі тиіс. Тыйым да – вакцина, қажет тұсында!

Баланың алдында өтірік айтуға, теріс қылық жасауға, біреуді балағаттауға, жамандауға, арақ-темекіге жолауға, ұрсысуға, пара беруге, кісіге қиянат жасауға, заң бұзуға, тағы басқа теріс әрекет жасауға болмайды. Керісінше, жақсылықтарды балаға көрсетіп жасаған ләзім. Америкалықтар айтады, "барлық бала жақсы компьютер болмауы мүмкін, бірақ барлық бала керемет "ксерокс" деп. Өзің рөлде белдік тақпай, телефонмен сөйлесіп келе жатып, балаңа "балам, заңды сыйла" деп қалай ақыл айтасың?

Бейнеролик.

Бейнеролик бойынша ата-аналардың пікірлерін тыңдау.

Жүргізуші:

Енді сіздермен бала тәрбиесіне байланысты «Бала-бәйтерек» тақырыбында ойын жүргізбекшіміз.

Ортаға үш әке мен үш ана шығады. Ағаштың тамыры, діңі, жапырақтары бөлшектеп, бөлінген. Сол бөлшектерді құрастырып, түзу ағаш жасап шығару керек.

Әкелер мен аналардың ағаштары салыстырылады (түзу, мінсіз).


Сұрақтар:

  1. Тәрбиенің тамыры неде деп ойлайсыз?

  2. Бала-бәйтерек дейміз, сол бәйтерек түзу болып өсу үшін ата-ана не істеу керек?

  3. Жапырақ – көгеріп өскен сіздің балаңыз, келешекте сіздің берген тәрбиеңіздің нәтижесі қандай болғанын қалайсыз?

Бала – бәйтерек, оны қалай баптасаң, солай өседі.

Жүргізуші:

Біз бүгін сіздермен ең қымбатты бала жаны жайлы ой бөлістік. Ол маңызды,өйткені ол енді ғана өмір деген ұзақ жолға сапарын бастады. Бұл жол - оны рухани байлыққа бастайтын таза және негізгі жол. Бұл жолды барлық нәрсенің басы болып табылатын үлкен әріппен жазылған МАХАББАТТАН бастау керек. Бала ата-ана өмірінің жалғасы. Сол үшін ата-ана құдайдан перзент тілеген. Перзент көргенде, жүрегі жарылардай қуанған. Содан кейін «Баламның табанына кірген шеңге менің маңдайыма кірсін»,- деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып, не басқа бір қатер төнгенде «Өзімді алып, баламды аман қалдыр»,- деп құдайға жалбарынған. Перзентсіз ананың ой-қиялы сұрқай, күзгі бақтай көңілсіз, сұрғылт түздей жабырқау. Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл — қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет. Бала тәрбиесінде шыдамды болып, өз балаларыңызға жылуыңызды бере біліңіздер! Сіздің өсірген балаларыңыз сіздерді ылғи да қуантып, қуанышқа бөлей берсін! – дей отырып, біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше қош, сау болыңыздар!







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!