Материалдар / Отанды сүю құқықтық -азаматтық борыш
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Отанды сүю құқықтық -азаматтық борыш

Материал туралы қысқаша түсінік
Құқық негіздері және гуманитарлық пәндер бойынша сабақ беретін оқытушыларға арналған мақала
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қараша 2020
379
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Отанды сүю құқықтық -азаматтық борыш.


Түркістан жоғары аграрлық колледжі

«Әлеуметтік-экономикалық пәндер» кафедрасының

құқықтану пәнінің бірінші санатты оқытушысы

Бурбекова Гүлвира Бархыбаевна



Түйін

Мақалада жастарды тәуелсіз Қазақстанның патриотизмін қалыптастыру құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелейді. Онда басты парыз - ұлтты сүю, жерді сақтау, тілді құрметтеу . Отанға деген сүйіспеншілік - үлкен жауапкершілік және абырой екенін түсіндіру.

Summary

The article educates young people to respect the values ​​of the formation of patriotism of independent Kazakhstan. It says that the main duty is to love the nation, preserve the land, respect the language. Explain that love of country is a great responsibility and honor.


Тарих және патриотизм. Қоғам дамуын қалыптастыру мемлекеттің басты мәселесі десек білім беру жүйесінің алдына қойып отырған мақсаттарының бірі – болашақ ұрпақты жас жеткіншіктерді елжандылық пен тұрақтылыққа, білімділікке және елімізде тұратын халықтардың ұлтаралық ынтымақтастығын сақтауға тәрбиелеу болып табылады. Қазіргі жаһандану жағдайында бұл мәселенің көкейкестілігі мен жауапкершілігі артып отыр.

Патриоттық тәрбие беру ұлттық бірегейлікті сақтаудың басты жолдарының бірі халықтың мәдени мұрасын зерделеу пайдалану болып отыр.

Патриотизм ұғымы жан-жақтылықты қамтиды және түрлі мазмұн береді. Патриотизм дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік, әр азаматтың өз елі алдыңдағы борышын жанқиярлықпен өтеуі. Сол жолда жанын пида етуін айтамыз.

Қазақстандық патриотизм рухының қалыптасуы тереңде жатыр ол тек отанды сүю деген сөзбен шектелмеу керек. Отанды сүю ата бабамыздан мұра болған тілді қорғау, жерді қадірлеу, оның табиғатын сақтап, экологиялық мәселелерді сақтау, өндірістік дамуына қызмет ету. Әрбір азаматтың өзін осы елдің төл баласы, азаматы ретінде сезінгенде ғана қалыптасады.


Shape1

Қазақстан Республикасының Конституциясын , заңдық құрылымын құрметтеу .



Shape2

Қазақстан егемендігі мен тәуелсіздігін құрметтеу



Shape3

Қазақстанда тұрып жатқан халықтардың бірлігін сақтау бір-бірі құрметтеуі






Shape4

Shape5

Қазақстандық патриотизмнің қалыптасу ерекшеліктері




Shape6 Shape7





Shape8

Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін құрметтеу




Shape9

Туған ел, ата қонысын және тілі мен жерін сақтау .



Shape11 Shape12 Shape10




Shape13

Қазақстанның құқықтық жүйесін құрметтеу.




Қазақстан Үкіметі құжаттарында және Елбасы Жолдауларында жастардың адамзаттық, патриоттық қасиеттерін қалыптастыру мәселесіне мән берілген. Елбасы Жолдаулары «Өз тарихымызбен ерекше жағдайларымыз негізінде дұрыс жолды таңдап алу мүмкіндігіміз бар» деп тарихымызды, дінімізді, ұлттық қасиеттерімізді алдыңғы қатарға қойды. Президенттің патриоттық сезімге толы осы ой-пікірі Қазақстан Республикаснының «Білім туралы заңында» ең маңызды міндеттер ретінде өз Отаны Қазақстанды сүюге, азаматтық пен патриотизмге тәрбиелеу, мемлекет рәміздері мен халықтарның салт-дәстүрлерін құрметтеу» ата заң мен қоғамға қайшы келетін көріністерге төзбеу, әлемдік және Отандық жетістіктерді игеру, Қазақстанда тұратын басқа да халықтардың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін, тарихын жете білу деп атап көрсетеді. Халық педагогикасында салт-дәстүрлердің әдеп ғұрыптардың дамуы ұлттың патриоттық сана-сезімнің қалыптасуына тікелей ықпал ететін озық дәстүрдің тағылымдық мүмкіндіктерін пайдалануға үлкен мән беріледі. Ұлттық дәстүрлерге, идеяларға назар аудару, білім мен тәрбиені бағдарлау – көптеген мемлекеттер мен халықтардың нақты бір тарихи кезеңдерінде жиі кездесіп отыратын мәселе.

Ұлттық патриотизмнің негізгі құндылықтарына жататын ұғымдарды айтар болсақ: «Отан», «Атамекен», «Жер ана», «Ел-жұрт», «Азаматтық», «Азаматтық борыш», «Абырой» «Ар-намыс», «Әділдік», «Азаматтық парыз», «Қанағатшылдық», «Борыштылық».

Осы құндылытарды талдап, екшеп баға беріп қарайтын болсақ :

  • Отан киелі ұғым, отаны бар халық бақытты деп зор сеніммен айта аламыз және кеудеңді мақтаныш сезім кернейді. Оны тілмей айту өте қиын жүрекпен ғана үнсіз сезінесің. Керісінше отаны жоқ қаншама халық бар жер бетінде, оларда өз ұлттық құндылықтарын сақтауға күш салып келеді. Қазақта мақал бар «Отан оттанда ыстық» - деген әркімнің өз отаны ыстық ұясы, сол ұяда өсесің ұрпақ жалғайсың . Сондықтан әрбір адам өз отанын қадірлей білуі керек.

  • «Атамекен», «Жер ана», «Ел-жұрт» бұл ұғымдар егіз ұғым. Әрбір адамның өзі сүйетін туып өскен ауылы, сол ауылда қадір тұтатын ел-жұрты бар. Қасиетті жер анадан нәр алып өзіндік болмыс қалыптасады.

  • «Азаматтық», «Азаматтық борыш», «Абырой» «Ар-намыс», «Әділдік», «Азаматтық парыз», «Қанағатшылдық», «Борыштылық» бұл ұғымдар халықтың қанында бар тектілік, адамдық қасиеттермен болатындығын айтуымызға болады. Азаматтық ұғымы әрбір адамның бойында болуға тиіс қасиет. Сол қасиет абырой, ар-намыс, әділдік , қанағатшылдық ұғымын одан әрі дамыта отырып осы елдігіміздің сақталып ұлттық болмысымыздың дамып отырғандығының көрнісі. Борыштылық – әрбір адамның өзіне жүктелген істі орындауға жауапкершілігін мойындауы. Осыдан ар-намыс келіп шығады. Біз борыш ұғымының субъективтілік сипаты қойылған талаптар мен жүктелген үміт, қызмет, міндеттерді түсіну, оны атқаруға рухани әзірлігі мен мәдениетіне байланысты анықтаймыз.

Әдебиетіміз ұлттық патриоттық орта. Сан ғасырлардан бері ұлттың зиялылары отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырып, дамытудағы ұлттық тәрбиені бірінші орынға қойған. Олар біліммен ғылымды және тәрбиені өркениетке жетудің нақты жолы деп кесіп айтқан. Алаштың аяулы ұлдарының бірі Жүсіпбек Аймауытов «Тәрбиеге әсер беретін өскен орта, ата-ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара – бара адамды замандас, жолдастың азғырып, не түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі»1,-деп жазған даналық ойын біз ұстаздар қауымы жасөспірімдер мен жастардың бойын сіңіре білуіміз керек. Сонымен қатар ақын жазушыларымыздың өлеңдерін, шығармаларын оқытып санасына сіңіру үлкен жауапкерщілік деп білемін.

Осы жолда Қазақ әдебиетінің майталман ақыны Несіпбек Айтұлының «Отан» деген өлеңінен үзінді келтірейік. Онда:

Біздер үшін Отан жалғыз, Ту жалғыз,
Қорғамасақ несін ұл боп туғанбыз?!
Кіндігіміз тар қапаста кесіліп,

Ит көйлекті қанды жаспен жуғанбыз.

Туған жұртқа тірек болу ерге – сын,

Құлдықты енді құдай басқа бермесін.
Атаң өлсе, өзің ата боларсың,
Ешқашанда Отан өле көрмесін!
Жас азамат, бұл Отанның қадірін,

Отансыз боп көрген біздер білеміз!


Керек қылса, жолында оның құрбанбыз,
Бәріне де белді бекем буғанбыз.

Бір кеудеге екі жүрек сыймайды,

Қазақ үшін Отан жалғыз, Ту жалғыз -

деп Отанға деген сүйіспеншілігін жүрек жарды жырымен жеткізген. Біз ұстаздар өз шәкірттеріміздің бойына патриоттық сезімді ұялата білсек одан артық бақыт болмауы керек.

Құқықтық жүйе тәрбие бастауы. Қоғамда құқықтық жүйеніңде ұлттық патриотизмді қалыптастыруда атқаратын қызмет орасан деп айта аламыз. 2

Shape14

Қоғамдық және құқықтық тәртіп ұғымын олардың байланысын жүзеге асыру қоғамдағы адамдардың жауапкершілігімен өлшенеді.







Shape15

Shape17 Shape16

Shape20 Shape18 Shape19

Қоғамдық тәртіп өмір салты сияқты, қалыптасып қалған қоғамның мүшелері арасындағы тұрақты қарым-қатынас жүйесі.

Тәртіп – бүкіл қоғамның қызығушылығына жауап беретін тұрақты қатынас секілді қатынастыңнығайған үлгісі

Құқықтық тәртіп - қоғамдық тәртіптің бір бөлігі, құқықтық нормаларды реттеу нәтижесінде құрылады.










Ұлттық патриотизмнің негізгі құндылықтарында «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауып әкеледі»,- деп шығыстан шыққан екінші ұстаз Әбу Насыр әл-Фараби айтқандай, өскелең ұрпаққа жан-жақты тәрбие беруді жетілдіріп отыру басты парызымыз. Жасөспірімдердің тәрбиесіне құқықтық білімнің қосар үлесі жоғары болмақ.

Қорыта айтқанда патриотизмнің негізгі мағынасы әр азаматтың ұлтын жерін, тілін, Отанын сүюден туындайды. 2012 жылы желтоқсанда Елбасы Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан-2050" Стратегиясы - Жолдауында «Жаңа Қазақстандық патриотизм – біздің көп ұлтты және көп конфессиялы қоғамымыздың негізі» 7 тарауында Елбасы: «Қазақстан патриотизмінің іргетасы – барлық азаматтардың тең құқылығы және олардың Отан намысы алдындағы жалпы жауапкершілігі». Біз өзіміздің және балаларымыздың бойынша жаңа Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуміз керек. 2050 жылға қарай біз Қазақстанның кез келген азаматы ертеңгі күнге болашаққа өте сенімді болатындай саяси жүйе құруымыз қажет. Біздің балаларымыз бен немерелеріміз шетелде өмір сүргеннен гөрі- өз Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуы тиіс. Тәуелсіздік алғаннан кейін, небір тар жол жайғақ кешулерден сүрінбей өтіп, Қазақстан бүкіләлемдік Қауымдастықта өз орны бар абыройлы мемлекетке айналып, еліміз үшін жаңа жетістіктер мен өршіл міндеттердің уақыты туып отырғанда, Қазақстан әлемдік бәсекеге қабілетті алдыңғы қатарғы елдердің қатарына қосылуы тиіс. Бұл үшін Әлемдік бәсекеге төтеп беретін, күшті рух пен білімді, өз Отанын шексіз сүйетін патриотты тәрбиелеуіміз қажет. Елдің әрбір азаматы өз елінің дамуына, оның өркенеп жетілуіне, ұлттық салт-сананың сақталуына ат салысса ғана нағыз қазақстандық патриотты тәрбиелеп отырмыз деп айта аламыз»3-деген болатын. Елбасының Жолдауда айтылған азамттық ойы бүгінгі қазақ жастарының ұраны мен мақсаты болу керек. Қазақстанның кең өркен жаюы осы елдің жаны қазақ әрбір азаматы үшін сын және жауапкершілік және адамгершілік қасиетімен өлшенбек.




Пайдаланған әдебиеттер


  1. Қазақ әдебиеті порталы

  2. Адам қоғам құқық Алматы Мектеп 2015 жыл

  3. Егемен қазақстан газеті 2012 жыл желтоқсан.

  4. Р.Н.Кенжебаева «Оқыту үрдісіндегі халық педагогикасы арқылы оқушылардың атамекенге сүйіспеншілігін қалыптастыру» Шымкент 2005 жыл.

  5. А.А.Сарсенов. Патриоттық тәрбие. Қазақстан мектебі . 2008 жыл №7







1 Қазақ әдебиеті порталы

2 Адам қоғам құқық Алматы Мектеп 2015 жыл

3 2012 жыл желтоқсан Егемен Қазақсатан гезеті.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!