Материалдар / Отанға қызмет ету және оны қорғау
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Отанға қызмет ету және оны қорғау

Материал туралы қысқаша түсінік
Жастарға Патриоттық тәрбие беру және оны қастерлеу. Елжандылыққа, отанға қызмет етуге тәрбиелеу және өскелең ұрпақты елін, жерін сауатты түрде қорғауды үйрету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қазан 2021
584
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Отанға қызмет ету бесіктен

Алматы облысы Сарқан ауданы Сарқан қаласы

Абай атындағы мектеп гимназия

АӘД пәннің оқытушысы

Давлеткенов Жүзік Нұрланұлы

Патриотизм –Отанға, туған жерге, өзінің мәдени ортасына деген сүйіспеншілік. Патриотизм – дегеніміз (гр.patriotes – отандас, patrio – отан, туған жер) Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш қуаты мен білімін Отан игілігі мүддесіне жұмсау, туған жерін,ана тілін, елдің әдет ғұрпы мен дәстүрін құрмет ету сияқты патриотизм элеметтері ерте заманнан қалыптаса бастайды»,- деп атап көрсетеді. «Патриотизм» ұғымының мазмұнын түсіндіруде саяси сөздіктерде әр түрлі өлмемдер қабылданған. Патриотизм әлемметтік, тарихи, саяси құбылыс болғандығында жатыр және заманына орай әр түрлі әлеуметтік мәнге ие болуына байланыстылығында. Кеңестік патриотизм Отанына, халқына сүйіспеншілікпен қатар интернационализмді, Кеңес одағы халықтары мен бүкіл дүниежүзі ұлттарына деген достықты қамтыған.Тотолитарлық режим құлап, саяси құндылықтар өзгерген тұста «патриотизм» ұғымын жанаша ұғындыру саясатану ғылымының басты мәселесіне айналып отыр.Мұндай үрдісті қазақстандық сөздіктерденде байқауға болады. Онда патриотизмге адамгершілік, саяси принцип, әлеуметтік сезім, Отанның өткені мен бүгінгісі мақтан тұту, өзіндік және топтық мүддені елдің ортақ мүддесіне бағындыру ,Отанға қызмет ету және оны қорғау өлшем біліктерінің негізінде анықтама берілген. Алайда патриотизм өлшемдері бұнымен ғана шектелмейтіні белгілі.

Отан деген – сүйіспеншілік, өзінің бар болмысынды елімнің мүддесіне арнап, бойындағы қабілет пен күш-қуатт, білім мен білікті, ақыл-парасатты ел игілігіне жұмсау патриотизмнің басты ерекшілігі ретінде сипатталады. Бұл қасиет қоғамдық ой-сана қозғалысының ерекше бір бөлігі іспеттес болғандықтан, ол қоғамдық ортаның даму үрдісіне сай әр түрлі мазмұнда көрініс береді. Сондықтан патриотизмнің тарихи кезеңдеріне назар аударып, табиғи тамырларына тереңірек үңілуіміз керек. Патриотизм табиғатының тіні саналатын патриоттық сана ерекшелігін, оның қалыптасу үрдісіне назар аудара отырып, бұдан «патриотизм» ұғымының тарихи эволюциясы қандай үрдістерден өткенін көреміз.

Өзіндік салт-санасы қалыптасқан әр тайпаның осы үрдістегі әлеуметтік құндылықтары олардың қолөнерлік, көркем өнерлік дәстүрінен көрініс тауып отырған. Патриоттылық ұғымының бастауы болған алғашқы қауымдық құрылыстағы, патриоттық сана болмысын үш негізге бөліп қарастырамыз, олар: тайпалық дәстүрдегі патриоттық, сананың экономикалық негізі, әлеуметтік негізі және рухани негізі.

Экономикалық негізге – жерге және өндіріс құралымына деген жалпы тайпалық меншік алынса, әлеуметтік негіз жекеленген тайпа көсемдерінің бедел-билігі мен адамдар арасындағы қауымдастық қатынастар ерекшелігімен сипатталады. Ал рухани негіз бастауына тайпалық мифологиядан басқа адамдардың туған жерге деген сүйіспеншілігі, аруақтарды ардақтау, тайпа көсемдеріне шексіз берілгендігі, қауымдастықты өзгелерден қорғау, түйінді мәселерді әділ шешуге күш салу секілді ерекшеліктерін жатқызамыз.

Тайпалық дәстүрдегі патриоттық сана сипаты ұжымдық пікірлердің ұқсастығынан көрініс тауып және ол интегративті, нітижелі қызметін атқарғандықтан, қоғамдық прогрестің өрістеуіне себеп болды. Яғни алғашқы қауым өкілдері бұл кезеңнің өзінде-ақ, тайпалары, жері үшін жанын пида етуге даяр болған. Өз тайпаларына деген мақтаныш сезімін бойларына ұялатқан тайпаластар арасында жауынгерлік рух басым болған. Олар соғысқа әзірлік алдында би-билеп, тайпа көсемдерінің алдында ерік-жігер дәлелдегі күштігін көрсетуге тырысты.

Қоғамның дамуына, техникалық прогрестің өріс алуына, капиталистік қатынастардың орнығуына, өндірістік қатынас ара салмағының өзгеруіне байланысты қоғамның болмысына сай патриоттық сана да жаңа деңгейге көтеріліп, жаңа деңгейге көтеріліп, жаңа мазмұнға ие болды. Бұдан бай қоғамымыз, кез келген мемлекеттегі үстемдік етуші саясат пен идеология патриотизмнің мазмұнынан, санасынан көрініс тауып отырды. Адамзатты өркенитке жетелейтін, ізгілікке үндейтін, елжандылыққа баурайтын патриоттық сана қашанда жоғары бағаланып отырған. Сонымен қоса патриотизмді, билікті барынша нығайтудың құралы ретінде шебер пайдалана білген тоталитарлық жүйелердің мысалын тарихтан көптеп кездестіруге болады. Ал қазақ халқының патриотизмі, қазақстандық патриотизм мәселесіне келетін болсақ, ата – бабаларымыздың аманат еткен жерін қорғау, туған жерді сүю халықтық болмыстан бойға дарыған, ой-сананы жетідіретін құбылысқа айналып отыр. Елжандылық, отансүйгіштік қасиетті сақтай білу және ел, халық, мемлекет мүддесі үшін қызмет етіп, оның дамуына үлес қосу – исі қазақтың, Қазақстан азаматтарының басты парызы.

«Патриотизм» ұғымының мәнің ашып, оның Қазқстан тарихынан алар орны хақында зертеулер жүргізген ғалымдар елімізде аз емес.Бұл кезекте қазақстандық ғалымдар А:Айталының, Р.Айткалиевтің, Л.Ахметованың, Б.Әбдіғалиевтің , Р.Әбсатаровтың , А.Бижановтың, Б. Берлібаевтің, К.Ғабдулинаның, Ә.Қалмырзаевтың, С.Қозыбаевтың, Ғ.Меңлібаевтың, Д.Раевтың, тағ басқалардың еңбектерін тілге тиек етпей, кете алмаймыз.

Осы мәселемен шұғылданып жүрген ғалымдардың бірі Ә.Қалмырзаев былай дейді:

«Патриотизм, отаншылдық сезім априорлық құбылыс емес, ананың құрсағынан даритын биологиялық құбылыс емес, бұл психологиялық саяси-әлеуметтік құбылыс. Қазақстандық патриотизм туралы айтар болсақ, ол тек қазақтардың ғана өз Отанына сүйіспеншілігі емес, онда мекендеген бүкіл ұл пен ұлыс өкілдерінің бәріне қатысты дүние». Оның тұжырымы бойынша, патриоттық сезім адамның туа біткен қасиеті емес, ол белгілі бір әлеуметтік, саяси, тарихи ортада ұзақ жылдар бойында қалыптасатын құбылыс. Өйткені ешкімді де осы елді сүй деп мәжбүрлеп, қолдан патриотизм жасай алмайды. Саяси – әлеуметтік, экономикалық негіздері толық қаланбаған жасанды отансүйгіштіктің ғұмыры қысқа, ертеңі бұлынғыр. Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру процесінде осы ерекшеліктерді есте ұстай отырып, «Қазақстаным – қара шаңырағым!» деген ұғымның мәніне терең бойлауымыз керек. Бұл сөз ел иесі қазақтардың ғана емес, жерімізді мекендеген барлық ұлттар мен ұлыстардың айтар сөзі болуға тиіс. Бұл тұрғыдан келсек, қазақстандық патриотизм сөз бен істің ажырамас диалектикалық бірлігінің баламасы болуға тиіс. Үлкен мінберлерден сөз алып, уәдені үйіп-төгіп, кейін сол уәдеден тайқып шығатындардан париоттық қасиет күту бос әурешілік. Олардың осындай іс-әрекеті халық патриотизміне кері ықпал тигізуі. Қазақстанның дамуы жолында әркім өз мүмкіндігіне қарай үлес қосып, іс-әрекет етсе, онда нағыз патриот деп қабылдағанымыз дұрыс болады.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!