Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Отансүйгіштік және рухани адамгершілік тәрбиені бала дамуына қалыптастыру» (БАЯНДАМА)
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Отбасында адам бойындағы асыл
қасиеттер жарқырай көрініп,
қалыптасады.Отанға деген ыстық
сезім – жақындарына,
туған-туысқандарына деген
сүйіспеншіліктен басталады.
Н. Назарбаев
Ата - бабамыздан бізге жеткен, өткені мен бүгінгісін байланыстыратын баға жетпес байлығымыз асыл қазынамыз – ұлт тәрбиесі. Заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуде салт - дәстүрді пайдаланудың пайдасы зор.Тәрбие үрдісі өте қиын да күрделі, басып өтпеуге болмайтын жол. Қазақ үнемі баласына болашақта елімнің арқа сүйер азаматы, келешектің иесі өмірімнің жалғасы деп қараған. Осы қағиданы берік ұстаған ата - бабамыз қашанда келешек ұрпақты отанын сүйетін және қарапайым бала етіп тәрбиелеуді мақсат тұтады.
Отансүйгіштік – тарихи, әлеуметтік ұғым. Гректің – parties, «Отан» деген сөзінен шыққан.Бұл термин Отанға, елге, туған жерге, халыққа деген сүйіспеншілікті білдіреді.
Отансүйгіштік ұғымы өздігінен қалыптаспайды, ол
үшін бірнеше алғы шарттар қажет:
• Төл тарихымызды білу;
• Ата - тілді ардақтап құрметтеу;
• Ұлттық салт - дәстүрді, әдет - ғұрыпты қадірлеу.
• Отансүйгіштік рухта тәрбиелеу
Отансүйгіштік ұғымын қалыптастыру үшін жасалатын алғы
шарттар:
Төл тарихымызды білу
- халықтың ынтымақтастығы, елдегі, ерлігін,
мемлекеттің күш - қуатын, беріктігін оқып үйрету, отансүйгіштік
рухта тәрбиелеу
Ана тілді ардақтап,
құрметтеу -
Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, ана тілін сүюге, құрметтеуге
үйрету
Ұлттық салт - дәстүрді, әдет - ғұрыпты
қадірлеу -
Бойында ізгілік, қайырымдылық, адамгершілік құндылықтары бар рухани
бай адам қалыптастыру.
Отансүйгіштік рухта тәрбиелеу - азаматтық - патриоттық тәрбие беру. Тұлғалық, азаматтық сана - сезімін қалыптастыру.Бала - елін, жерін қастерлеп, туған халқының мәртебесін жеке пиғылынан жоғары қоятын жан болғаны абзал. Ал, бұл қасиеттер бала бойына тек тәрбие арқылы ғана сіңеді. Оның басты құралы рухани тәрбие. Рухани сезім – ұлттық рух деңгейінің өлшемі. Сол себепті Елбасы өзінің халыққа Жолдауында азаматтардың отаншылдық сезімі мен өз еліне сүйіспеншілігін дамытуды ұлттық қауіпсіздікті сақтаудың негізгі элементтерінің бірі ретінде таниды. Кез - келген жасөспірімге білімді меңгерту ғана емес, оның рухани - адамгершілік қасиеттерін танып, ішкі жан - дүниесіне әсер ету арқылы жас ұрпақтың өзін - өзі дамытуына жол көрсете аламыз. «Өзіңді - өзің танысаң, істің басы»- деген екен Шәкәрім бабамыз. Өзін - өзі тани білу дегеніміз – адамның өзін - өзі тәрбиелеуі. Ал, өзін - өзі тәрбиелеу дегеніміз – адамгершілік мінезді қалыптастыруға бастайтын жол. Адамгершілік бар жерде жақсылық үйлесім тауып тұрады.ХХІ ғасыр табалдырығын аттаған еліміз әлемнің дамыған елдерінің қауымдастығына кіруге бет алды. Сондықтан, еліміздің туын биікке көтерер білімді, білікті, адамгершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеу біздің алдымыздағы басты міндет. Балалардың өмірге қажетті білім, білік дағдыларын тереңдете, молайта отырып, ұлттық әдет - ғұрып пен салт - дәстүрге баулу, адамгершілікке тәрбиелеу, оның ішінде: қазақ халқының қонақжай екенін бала санасына жеткізу көркем шығармалар арқылы жүзеге асып отырады.Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған көркем шығармалар баланы шынайы болмысты, нақты әрекеттерден тысқары тұрған шалқар кеңістіктегі сан алуан құбылыстар мен адамдар әрекетімен таныстыра отырып, оны көркемдеп, баяндап баланың сөздік қорын байытады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мақсаты қоғам талабынан туады. Өйткені елімізге Отанын сүйетін, білімді, моральдық бейнесі жоғары, шығармашылық еңбекке бейім, рухани дүниесі бай, жетілген ұрпақ қажет. Біздің ата - аналарымыз қыз бен ұл баланың тәрбиесіне күнделікті өмірден, салт - дәстүрімізден, аңыз - әңгімелерден мысал келтіре отырып, өнегелі тәрбие бере білген.
Н. Назарбаев өзінің дәстүрлі Жолдауында: «Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу – мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы» - деп көрсеткен. Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, «ұлтжандылық», «отансүйгіштік», «патриотизм», ұғымдары сол заманның ақиқаты – наным-сенімінен туындайды. Еліміз егемендік алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы – қазақстандық патриотизм болып есептелген. «Қазақстандық патриотизм» ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз болып, еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді. Елімізде жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілі өмір сүруде. Қазақстан олардың көпшілігінің туған Отаны және бұдан былай да мәңгі тұрақтап қалар мекені болмақ.
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік – рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырым дылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші роль атқарады. Еліміздің болашағы жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік – отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік – білім беру ұйымы. Сонымен, мектепке дейінгі жастағы балаларды патриоттық тәрбиелеу мақсаты – қоғамның әлеуметтік даму жағдайында балаларға патриоттық тәрбие берудің жүйесін айқындай отырып, ұлтаралық қатынас мәдениетін, еліміздің бейбітшілігі мен егемендігін сақтауға, экономикасын дамытуға ықпал ететін тұлғаны қалыптастыруға бағытталды.
Патриоттық тәрбиенің міндеттері төмендегідей:
- білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту;
- балалар мен жастарды отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу;
- өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гуманистік дүниетанымын қалыптастыру және т. б.
Өз отбасына, балабақшасына, туған қаласына, көшесіне сүйіспеншіл ікпен, қамқорлықпен қарау;
- табиғатқа қамқорлықпен қарау;
- еңбексүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу;
- қазақ халқының салт-дәстүріне қызғушылықпен қарау;
-мемлекеттік рәміздермен таныстыру.
Отанға деген сүіспеншілікке тәрбиелеу. Балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады.
Қоғамның сұранысына сай «Қазақстан Республикасының жаңа әлеуметтік даму жағдайында тұлғаға патриоттық тәрбие берудің тұжырымдамасы» дайындалды.
Патриоттық тәрбие беру тұжырымдамасына талдау жасай отырып:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясына, мемлекеттік рәміздеріне, Қазақстанды мекендейтін барлық халықтардың тарихына, дәстүрлеріне, мәдениетіне және ұлттық ерекшеліктеріне құрметпен қарау.
2. Мемлекеттік тілге, әлемдік тілдерге және ұлтаралық тіл болып есептелетін орыс тіліне, Қазақстанды мекендейтін басқа халықтардың тілдеріне құрметпен қарау.
3. Халықтар арасында сүйіспеншілік пен достықты, дін аралық қатынастар бойынша түсінушілікті қалыптастыруға ықпал ету.
4. Қазақстан Республикасының бейбітшілігі мен тұтастығын, Отанның экономикалық байлығын дамытуға, Отанды қорғауға және жалпыадамзаттық тыныштықты сақтауға әрқашан дайын болу.
5. Жалпыадамзаттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық өркениеттілікті бағалау, құрметтеу (бейбітшілік, тыныштық, қауіпсіздік, еркіндік, ізгілік, тұлғаның еркіндігі мен құқығын қамтамасыз ету).
6. Мектепке дейінгі жастағы балаларға патриоттық тәрбие берудің жүйесін негіздей отырып, ұлттық және әлемдік білім нәрінен сусындаған ғылыми- техникалық прогресс көшіне ілесе алатын патриот тұлғаны қалыптастыру.
7. Мектепке дейінгі жастағы балаларға патриоттық тәрбие беруде балабақшадағы қызметкерлердің өзіндік атқарар міндеті бар.
Әр мектепке дейінгі білім беру мекемеде
отансүйгіштікті тәрбиелеу келесі бағыттарда жүзеге асырылады:
- рухани-адамгершілік,
- әлеуметтік,
- эстетикалық,
- өлкетану,
- еңбек,
- интеллектуалдық,
- отбасылармен жұмыс істеу және т.б.
Осы жұмысты жүзеге асыру үшін отансүйгіштікке тәрбиелеу бағдарла масы шеңберінде жүйелі жұмысты ұйымдастыру қажет.
Осыған орай келесі міндеттер кешенін орындау керек, олар:
- балаларды өз отбасын, балабақшаны, көшені, қаланы сүюге,
табиғатты аялауға тәрбиелеу;
- балаларды мемлекеттік рәміздермен таныстыру (елтаңба, ту,
әнұран);
- елінің, қаласының жетістіктерін мақтан тұтан ету, жауапкершілік
сезімін дамыту;
- басқа халықтарды сыйлау, олардың дәстүрлерін сыйлау сезімін
қалыптастыру;
- еңбекті құрметтеуге тәрбиелеу;
- қазақ халқының дәстүрлерін, қолшеберлікті білуге қызығушылықты
қалыптастыру;
- адам құқықтары жөнінде бастапқы білімдерді қалыптастыру;
- Қазақстан қалалары туралы білімдерін кеңейту.
Осы міндеттер балалармен жұмыс істеу барлық түрлерінде шешіледі,
олар: ойындар, еңбек ету, тұрмыстық жағдаяттар.Балаларды
отансүйгіштікке тәрбиелеу қоғамның қазіргі даму кезеңінде мектепке
дейінгі білім беру мекемелерін Отанға деген сүйіспеншілік сезімін,
Отанның тарихи-мәдениет рухани мұрасына тану қызығушылығын
дамытуға міндеттейді.
Өз тарихын білмеген, болашағы жоқ адам, дегендей, өз шығу тегін,
халқының дәстүрін білмеген адамды отбасын, елін, халқын сүетіндей,
басқа халықтарды құрметтейтіндей тәрбиелеуге болмайды. Азаматтықты
тәрбиелеу оның кіші еліне деген құрметтеуден басталады. Мектепке
дейінгі жастағы бала отансүйгіштікке жолды туыстарға, айналасына,
балабақшаға, қаласына деген сезімдері арқылы бастайды.
Бүлдіршін өзін ел азаматы ретінде сезіну үшін айналасындағы жақсы
үлгілерді көру керек. Осыған орай балабақшадан бастап мемлекеттік
рәміздерге, халықтық салт-дәстүрлерге көзқарасы қалыптасады. әрине
осы мәселені шешуде халық ертегілері өзінің орнын алады. Бүлдіршін
ертегілердің кейіпкерлерін үлгі ретінде қабылдап, өз жүрегінен
өткізіп, эмоция арқылы сезімін білдіреді. Нәтижесінде олар өздерін
кейіпкерге ұқсатып, бүлдіршін жасынан бастап адамгершілікке,
отансүйгіштікке, әдептілікке бағытталып, балалар өздері жақсы
қасиеттерге тартылады.
Қазақ халқының ерекше өз ертегілер әлемі қалыптасқан.
К.Д.Ушинскийдің пікірі бойынша : « ...тәрбие әлсіз болмаймын десе,
халықтық болу керек». К.Д.Ушинский педагогикаға «халықтық
педагогика» ұғымын енгізген. Зерттеушінің пікірі бойынша, халықтық
салт-дәстүрлерге үйрету, фольклор арқылы халықтың жанын білуге,
рухани байлық құндылықтарды бағалауын көруге болады.
Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде кеңінен халық ауыз
әдебиетінің материалдары қолданылады. Бірақ осы әдісті бір жүйеге
келтірген жөн. Мысалы, мақал-мәтелдерді жай жаттаумен қатар оларды
түсіндіріп, белгілі жағдайда орынды болуын көрсету керек.
Бүлдіршіндерді отансүйгіштікке тәрбиелеуде өлкетану негіздерін
қолдануға болады.
Балалар арасында «Менің көшем», «Менің қалам» атты көркем сурет көрмесін ұйымдастыруға болады. Осында жіберілетін бір қателік балаларды ң жұмыстарын іріктеуге болмайды, себебі баланың суреті оның ішкі сезімін білдіреді.Балабақшадағы тәжірибеге келсек, бүлдіршіндерді адамгершілік-отансүйгіштікке тәрбиелеу жұмыстарын олардың өз туған қаласының тарихы, оның көркем жерлері, мәдениеті, қаһармандары туралы білімдерін диагностикалаудан бастадым.
Диагностикалау нәтижелері бойынша келесі
мәліметтерге ие болдық:Бүлдіршіндер 1941-1945 Ұлы Отан соғыс туралы
білмейді. Ал Ұлы Отан соғысқа қатысқан жерлестеріміз туралы мүлдем
бейхабар. Кейбір балалар қалада орнатылған ескерткіштерінің
мағынасын білмейді. Өз көшелерінің аталуы неге байланысты екені
жөнінде бейхабар екен.Орын алған мәселелерді шешу үшін
отансүйгіштікке тәрбиелеу жұмысын келесі тақырыптаға бөлдік:
«Қаламыздың тарихы», «Павлодар қаласының көріністері»,
«Жерлестеріміз – халық қаһармандары».
Отансүйгіштікке тәрбиелеуде қойылған міндеттерді шешу мақстатында
топта мәндік-дамыту орта қалаптастырылған. Қалыптастырылған орта
арқылы туған өлке тарихын және дәстүрлерін тереңінен білуге жағдай
жасалған. Жұмыс мазмұның жүзеге асыруы түрлі нысандар бойынша
өтеді: балалармен әңгіме құрастыруда, кітаптарды оқып, талқылау,
Ұлы Отан соғысы туралы әңгіме құрастыру, қаланың көріністеріне жаяу
экскурсия жасау, әскери-патриоттық ойындарды ұйымдастыру. Сонымен
қатар жоспарға Ұлы Отан соғыс ардагерлерімен кездесулердің,
тақырыптық көрмелердің, мерекелік шаралардың ұйымдастырылуы
енгізілген. Мысалы, Жетінші мамыр – Халық қаһарманының күні.
Осындай түрлі жұмыстарды қолдану арқылы балаларға білім беру
үдірісінің тиімділігіне әсер етіп, отансүйгіштік сезімге
тәрбиелеуге жағымды әсер етіледі. Отансүйгіштікке тәрбиелеу
отбасынан басталады. Бүлдіршін өз отбасының да тарихын білу керек.
Бала өз отбасын мақтан тұтса, өзін де сыйлай бастайды, жоғары
бағалайды. Арнайы отансүйгіштікке мәжбүрлеуге болмайды, нәтиже
болмайды.
Сондықтан бүлдіршіндерді туған өлкесімен таныстыруда ата-аналармен
тығыз қарым-қатынас арқылы жұмысты ұйымдастыру керек. Осы бағытта
да перспективтік жоспар құралған. Жоспарға ата-аналар
жиналыстарының, әңгімелердің, кеңес берулердің, түрлі шығармашылық
сайыстардың және көрмелердің ұйымдастырылуы енгізілген. Топта
ата-аналарға арналған әдістемелік кітапхана жиналған. Отансүйгіштік
сезім өзінен өзі пайда болмайды. Отансүйгіштікке тәрбиелеу балаға
жастайынан үздіксіз мақсатталған адамға әсер ету үдерісін
ұйымдастыруының нәтижесі болып табылады. Баланы туған өлкемен
таныстырып, туған өлкенің тарихи-мәдени ерекшеліктерімен таныстыру
арқылы балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеуге болады.
Жастайынан туған өлкесіне деген сүйіспеншілік сезімі адам есінде
өмір бойы қала береді.Мектепке дейінгі білім мекемелерінде
рет-ретімен, жүйелі түрде ұйымдастырылған жұмыс нәтижесінде
бүлдіршіндерді болашақта жауапкершілігі жоғары, белсенді азаматтық
ұстанымы бар, туған өлкесіне қатыстығын сезінетін, халқын, Отаның,
отбасын, сүйетін, өз азаматтық парызын әрдайым өтеуге дайын болатын
тұлға ретінде тәрбиелеуге әкеледі.
Отансүйгіштікке тәрбиелеудің басты бағыты – Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы мен еліміздің мемлекеттік нышандарын: Әнұранын, Туын, Елтаңбасын оқушыларға үйрету және орындату мәселелері. Еліміздің Конституциясын бұлжытпай орындау, мемлекеттік нышандарға құрметпен қарап орындау, құқықтық – саяси және этикалық әдет-ғұрып мәдениетін тәрбие беруді оқушы бойына сіңіруді қалыптастырады.
Тіл дамыту пәнінен «Туған өлкем» тақырыбында өтілген сабақта оқулықтағы берілген сұрақтарға балалардан жауап алып, балалардың ойын қорытындылау үшін «Туған жерді гүлдендір» ойынын ойнаттым.Балалар алдын ала суреттері жапсырылған түрлі түсті гүлдерді алып, әуен ырғағымен жүріп Қазақстан картасына апарып гүлдерін орналастырады.
- Балалар туған жерді гүлдендірер ұл-қызы міне, сендерсіздер.
Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең ететін сендер. Ол үшін терең әрі жан-жақты білімді болу – міндеттерің.«Туған жер – алтын бесік» демекші, балалар бүгінгі сабақта айтылғандарды өнеге етіп, елді, жерді сүюді, қадірлеуді өмірлік мақсат етейік- сабақты аяқтаймын.«Менің Қазақстаным» тақырыбында өтілген сабақта мен бала бойына ертеңге деген сенім ұялату. Отанын сүйе білуге, ұлттық патриотизмге тәрбиелеу. Отанға, мемлекеттік рәміздерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Тілін, әдет-ғұрпын құрметтейтін тұлға қалыптастыру. Сөздік қорын молайту.
Қорыта келгенімде, Отанды сүю отбасынан басталады екен. Отан баланың үйі, өскен жері, ауылы, қыстағы яғни оның кіші отанынан бастау алған. Отанға деген, өз халқына деген махаббат біртіндеп оянады, ол өздігінен немесе үлкендердің сөзбен айтуымен қалыптасуы мүмкін емес. Мұндай сезімді қалыптастырушы алғашқы баспалдақ - баланың ең алдымен туған жанұясына, туыстары мен жақындарына деген сүйіспеншілігінен басталып, “Кіші Отанына” деген мақтанышпен ұласады. Бүгінгі күні біздің басты байлығымыз от жүрегі Отан деп соғатын азамат тәрбиелеу.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Бала тәрбиесі № 8 2011 ж
2. 3.Әдістемелік құрал Нүсіпбекова М.И Арғымбаева Ә. Б 2007 ж
3.Бастауыш мектеп №9 2005 ж