"Отбасы - тәрбиенің алтын бесігі"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Отбасы - тәрбиенің алтын бесігі"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Отбасы - тәрбиенің алтын бесігі" тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мұғалімнің аты-жөні

Сұлтан Ж.И.

Күні:


Сынып: 3

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие сағатының тақырыбы

Отбасы - тәрбиенің алтын бесігі

Сабақтың мақсаты

«Әке» мен «ана» деген қасиетті ұғымды түсінеді. «Отбасы» мәнін ұғынуға және қастерлеуге үйренеді. Отбасындағы тәрбиенің маңыздылығын ұғынады.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

Ана сая болар бағың болса,

Әке асқар тауың дейді қазақта.

Бір күн бар, жылатар күн, жұбатар күн.

Бір күн бар, мұңайтар күн, қуантар күн.

Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын.

«Жақсыдан жаман туады,бір аяқ асқа алғысыз, Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз» дейді халқымыз, бүгінгі тәрбие сағатымызда әке, ана туралы ой қозғалады. Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл-береке, ынтымағы үшін отағасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор. «Әке – асқар тау», «Әке – балаға сыншы» дейді халқымыз.


Слайд

Сабақтың ортасы

25 мин


































Ертеде бір үлкейген қарт қатты сырқаттанып жатса, жалғыз ұлы келіп:

- Әке, мен сені айшылық жерде аты шыққан тәуіпке апарып, емдетемін, - депті.

Сөйтіп, әкесін арқасына салып, жолға шығыпты. Олар ұзақ жүріпті, қас қарайған кезде алдан қарауытқан сұлбаны көрсетіп, әкесі:

- «Балам, анау не?» деп сұрапты.

- «Ол – түйе» - деп жауап беріпті. Сәлден кейін әкесі әлгі қарайған нәрсенің не екенін тағы сұрапты. Бала әуелгі жауабын қайтарыпты. Әкесі осы сауалын үш рет қайталап сұрағанда, баласы:

- «Ол – түйе, түйе!» Өзім шаршап келе жатқанда неге сұрай бересің? – деп ренжіпті.

Сонда әкесі:

- «Балам, кішкене кезіңде мен ауыр тірліктен шаршап келіп отырсамда, сенің «Анау не, мынау не?» деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын, жігері жасымасын деп үнемі жауап беретінмін. Бұл аурудан емделейін деген ойым жоқ еді, тек бетіңді қайтармайын деп көнгенмін, енді сенен сөз естігенше, үйіме барып, ажалға мойын ұсынғаным артық, мені жерге түсір» депті.

1. Әке баласына неге ренжіді?

2. Сен әкеңе қалай жауап берер едің?

3. Әкемді ренжітіп алдым деген сұрақ мазалайды ма?

Отбасының ұйтқысы, берекесі, мейір-шапағат көзі – әкесі. Әкенің бұл рөлі бала-шағаның әкеге, анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас қабағынан, жанарынан танығыштықпен нығайа биіктей береді. Мына көрініске назар аударайық.

Мұғалім: 1. Әкеден қандай тәрбие күтуге болады?

2. Бұл отбасындағы баланың тәрбиесі қандай болмақ?

1. Жанұяда бала тәрбиесіне кім жауапкершілікпен қарайды?

2.Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектеп жауапкершілігі басым ба?

3. Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па, әлде қатаң тәрбиелеген дұрыс па?

4. Қазақтардың баланы еркелеткен кезде жиі айтылатын «сөзі»?

5. Балада өзімшілдік мінездің қалыптасуы неден?

Әке туралы тәлім-әңгіме.

Баласы:

-Әке сенің бір сағаттық

еңбегің қанша тұрады?

Әкесі:

-500

-маған 300 берші.

-Оны не қыласың ,бар жат.

Бала бөлмесіне кетіп қалады

Әкесі ашуы басылғасын

баласына келіп

сұраған ақшасын береді,

бала қуанып кетіп, бас жағынан

басқа ақшаларын алып

санай бастайды .Мұны көрген

әкесі тағыда ұрса бастайды

Сонда баласы әкеге:”Әке мынау

Сенің бір сағаттық еңбегіңнің ақысы.

Ертең үйге бір сағат бұрын келіп, бізбен бірге отырып ас ішші “дейді.

Баланың бұлай деуіне не себеп?

Балаға не жетпейді?

Мақал-мәтелдер сайысы.

1. Әке балаға ........(сыншы)

2. Ата-атаның қадірін .........(балалы болғанда білерсің)

3. Әке көрген оқ жонар, ........(шеше көрген тон пішер)

4. Атаға қарап ұл өсер, ...........(шешеге қарап қыз өсер)

1. Балалы үйдің ........(ұрлығы жатпас)

2. Бала – ананың ..........(бауыр еті)

3. Балалы үй базар ............ (баласыз үй қу мазар)

4. Баланың жақсысы қызық ............(жаманы бұзық)

Сұрақтарға жауап береді




















Мақалдың жалғасын табады














Слайд, сұрақтар



Сабақтың соңы

5 мин

Оқушылар шығармашылығы. Мен ата-анаммен біргемін. (Отбасылық фотосуреттер)

Өмірде не жетім?

Өмірде ата-анасы жоқ болса, бала жетім.

Суы жоқ құдық жетім.

Досы жоқ жігіт жетім.

Шәкіртсіз ұстаз жетім.

Ата-ананың ақылы жерде қалса, бәріненде сол жетім.


Отбасылық фотосуреттерін көрсетеді

Суреттер


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.02.2024
722
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі