Материалдар / Отбасы -бақыт ұясы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Отбасы -бақыт ұясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып сағатының мақсаты 1 сынып оқушыларына отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу. 2.Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту. 3.Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қазан 2021
1053
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Атырау облысы

Махамбет ауданы

Қ.Ахмедияров атындағы орта мектептің

Бастауыш сынып мұғалімі

Курмангалиева Бактыгул



Отбасы күніне орай 1 «а» сыныбында өткізілген

«Отбасы- бақыт ұясы» сынып сағаты



Сынып сағатының тақырыбы: «Отбасы – бақыт ұясы».

Мақсаты:

1.Оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.

2.Оқушылардың  есте сақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

3.Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы  құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: сыныптан тыс шара.         

Әдісі:әңгімелеу, топтастыру, сұрақ-жауап.

Көрнекі құралдар: интерактивті тақта,отбасы туралы мақал-мәтелдер, нақылсөздер, суреттер.



І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу , психологиялық ахуал туғызу.

Психологиялық сәт.

«Еркелету» жылулық шеңбері.

(Ата-аналарыңның өздерін еркелеткен сөздерін айту.)

1 .слайд



ІІ. Негізгі бөлім.

Жұмбақ жасыру.

Маған да, саған да,

Жақын, туыс адамдар.

Бәрі де өз жұртың,

Айтыңдар, олар, кім ? (Отбасы)

- Ия балалар, бұл жұмбақтың шешуі отбасы екен.
- Олай болса бәріміз тақтаға назар аударайықшы.
Бұл суретте кімдердің суретін көріп тұрсыңдар?

- Жарайсыңдар! Бұл суретте сүйіспеншілігі мол, бір - біріне ыстық ықыласпен, аялы сезіммен қарап отырған дастархан басындағы отбасы мүшелерін көріп отырмыз.

Отбасы туралы әңгімелеу.(балалар отбасы туралы білетіндерін айтады)
-Оқушылар жалпы отбасы деген ұғымды сендер қалай түсінесіңдер?
-Отбасы деген не?
-Отбасы құрамы деген кімдер?
-Отбасының адам өміріндегі маңызы қандай? .

(балалар отбасы туралы білетіндерін айтады)

2.слайд. Мұғалімнің сөзі

Отбасы – адамзаттың алтын ұясы. Адам баласы дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп, ықпалына көніп, ер жетеді. Отбасы - адамзат баласының түп қазығы, алтын ұясы. Бала тәрбиесiнде отбасының алатын орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзгi қызметі баланы өмiрге келтiру ғана емес, оның бойына көне заманнан келе жатқан ұлттық тәрбиенің  тағылымдары мен аға ұрпақтың тәжiрибесiн сiңiру, қоғамға пайдалы жеке тұлға етiп тәрбиелеу болып табылады. Ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы – үлкен тәрбие мектебi. Осылайша, адамға тән рухани-адамгершілік сапа-қасиеттерді қалыптастырып, дамытудың негізі ең алдымен отбасында қаланады.

Бала отбасында әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке - тірек, ана – жүрек, бала – тілек. Осы бір ғажап тұжырым әке, ана, бала отбасы шағының үш тағаны іспеттес.

Ендеше үш топқа бөлінейік.

Топтық жұмыс ережелерін есте сақтау.

1.Тыңдай білу.

2.Өзара сыйластық.

3. Белсенділік.

4. Қол көтеріп сөйлеу.

5.Уақыт үнемдеу.



Бейнеролик көрсету.

«Бақытты отбасы үлгісі»

Бейнеролик бойынша сұрақтар қойылады. (Балалар өздерінің түсінгендері бойынша айтады)

Ендеше балалар,біз өзіміздің «Бақытты отбасымыздың» үлгісін құрастырып көрейік

Ол үшін бақытты отбасының құрамын анықтап алайық.

Ойын: " Бұл кім?"
Мақсаты: Балаларды тапқырлыққа, есте сақтау қабілетін дамытуға баулу.
Шарты: отбасындағы мүшелердің атын атап, жасырынған отбасы мүшесін табу.

1. Айтары мол ғұлама,

Көп жасасын бұл адам,

Әкесі ол әкеңнің

Білер оны сұраған. Ол кім? Атаның суретін іледі.

2. Ертегі айтып береді,

Күнімен саған ереді.

Әкешіңнің анасы,

Әкең оған баласы. Ол кім? Әженің суретін іледі.

3. Атаңның баласы,

Кей кезде таласып.

Қаласың әжеге

Білгенің асады кәдеге.

Ол кім? Әкесінің суретін іледі.

4. Бала бала, бала деп,

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған.

Бұл кім? Ананың суретін іледі.

Қасымызда әрқашан осы ата –әжеміз,әке –шешеміз,аға-әпкелеріміз болса бақытты отбасы болады екенбіз.





Жұптас,ойлан (сұрақ-жауап минуты)

1. . Отбасын кімдер құрайды? ( Ата, апа, ана, әке, аға, қарындас, әпке, сіңілі,

іні.)

2. Ұл мен қызды жасына қарай қалай атайды? ( қарындас, әпке, сіңілі, аға, іні)

3. « Үлкенге көмек» дегенді қалай түсінесің? ( Үлкендердің заттарын көтеріп,

айтқандарын істеу керек.)

4. Отбасының ұйтқысы кім? ( Ана)

5. Отбасының басшысы кім? ( Әке)

Қорытындылау.
- Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек. Бәріміздің отбасымыз берік, бауырымыз бүтін болсын. Отбасы мүшелері аман – сау болсын!





































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!