Материалдар / Отбасы- махаббат пен жылулықтың қайнар көзі.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Отбасы- махаббат пен жылулықтың қайнар көзі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасы берекесі жайлы айтылады. Сондай - ақ мектеп оқушыларын осы бастан отбасын қадірлеуге ата-ананы сыйлауға тәрбиелейді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
807
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«ӨЗIН-ӨЗI ТАНУ» ПӘНІ БОЙЫНША САБАҚТың ӘЗІРЛЕМЕСІ


Мектеп: Жамбыл атындағы мектеп – балабақша кешені


Мерзiмі: 9.10.2017. №5


Тақырып: Отбасы – махаббат пен жылулықтың қайнар көзі

Құндылық: Ақиқат. Қасиеттер: махаббат, жауапкершілік, қамқорлық, татулық.


Мұғалім: Акбидаева: К.Т Сынып - 9 оқушы саны - 12


Сабақтың мақсаты: оқушыларға отбасының адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

Білімдік: оқушыларға отбасындағы махаббат, жылулық, қамқорлық, ұғымдарын түсіндіру;

Дамытушылық: оқушыларды отбасы мүшелерінің бір-біріне деген сүйіспеншілікпен қамқорлық жасауға баулу.

Тәрбиелік: оқушыларды отбасындағы парызын жауапкршілікпен орындауға тәрбиелеу;

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)










Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналады. Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздерді ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын алып, шұғыла шаша бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын...Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын...»

Осындай нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.






Белсенді тақта

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

1. М.Әуезовтің «Абай жолы». эпопеясындағы отбасының қарым-қатынасы туралы үзінділерді жинақтап келу.

2. «Отбасы-отанымыздың ошағы» эссе жазу. (эссэені 1-2 оқушыға оқыту, түйін жасау, басқаларын жинап алып тексеру).

Ескертулер




  1. Дәйексөз.

«Адамның адамшылғы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады».             Абай

  • дауыстап бір ұл, бір қыз бала оқиды;

  • оқушылар іштен 5 рет оқиды;

Сұрақтар:

Дәйексөзден не түйдіңдер?

Оқушылардың жауаптарын тыңдаған соң, қорытынды жасаймын.



  1. Әңгiмелеу.

«Абай жолы». М.Әуезов. (үзінді)

...«Семей қаласында үш жыл оқып, жайлаудағы әке үйіне күн кешкіре жеткен, 13 жасар шәкірт, бала – Абай аттан түскен бетте, амандасу үшін, шешеге қарай жүреді. Сонда ақылды да байсалды ана Ұлжан: «Әй, балам, анда әкеңдер тұр, әкеңе барып, сәлем бер!» – дейді. Бір сәтке балалық сезім жеңіп, қателік жіберіп алғанын түсінген жас Абай кілт бұрылып, ортасында әкесі Құнанбай бар шеткерірек тұран оқшау топқа қарай адымдай жөнеледі»...

Мәтін бойынша сұрақтар:

1. Үзіндіде анасы Абайға қандай тағылым берді?

2. Абай осы сәтте қандай күйге түсті?

3. Осыдан Абайдың бойынан қандай қасиеттерді байқауға болады?

4. Отбасы құндылықтарына нелер жатады?

Оқушыларды сұрақтарға жауаптарын тыңдай отырып, қорытындылаймын.


Шығармашылық немесе топтық жұмыс.

Төрт топқа бөліну үшін «Ең қымбат адамдар» ойынын ойнаймыз. Оқытушы «Ең қымбат» адамдар туралы айтады:

Құт береке атаң қымбат,

Мейірімді әжең қымбат,

Асқар тауың әкең қымбат,

Аймалайтын анаң қымбат.

Менің қолымдағы «ата», «әже», «әке», «ана» деп жазылған дөңгелектерді (әр топта бес дөңгелек, сөздерін көрмей алады) оқушылар таңдап алады да жазылған сөздер бойынша топтарға бөлінеді. Уақытты белгілеу. 10 минут. Баяау әуен қосып қою.

Тапсырмалар:

1 топ. «Ата». «Отбасы әлеміндегі рухани құндылықтар». Ассоциограмма құру. (Сызба кестені толтыру).

2 топ. «Әже». Абайдың Зере әжесінің бойындағы қасиеттерді сипатап жазыңдар.

3 топ. «Әке». Отбасындағы менің орным. Шағын топтағы әр студент «Өмір ағашының» суретін салады, ондағы өз орнын белгілеп, сипаттап айтып береді.

4 топ. «Ана». Ы. Алтынсариннің «Ананың сүюі» деген өлеңін талдау. (дәптермен жұмыс немесе таратпа материал арқылы). Ананың бойындағы қасиеттер.

Шығармашалық жұмысты қорғау:

Әр топқа 2 минут уақыт қорғауға беріледі.

Шығармашылық жұмысты түйіндеу.


  1. Топпен ән айту. «Жақсы көру».
    Сөзін жазған Ф.Оңғарсынова.

Әнін жазған. К.Дүйсекеев.

Өмірім таңдай болса арайланған

Қатыгез қараулыққа жолай ма адам

Біреуді жақсы көрген қандай жақсы

Нұрланып кетеді екен бар айналам

Қайырмасы

Жақсы көру жақсы көру

Не деген керемет ең

Өмірді сезінуге қуанып көз ілуге

Адамға жақсы көру керек екен

Дидарың аумайды екен жарық қүннен

Ғашық боп қалғанымды жаңа ұқтым мен

Келбетің көз алдымда ойымдасың

Өзіңді жақсы көріп қалыппын мен

Қайырмасы

Жақсы көру жақсы көру

Не деген керемет ең

Өмірді сезінуге қуанып көз ілуге

Адамға жақсы көру керек екен

Өмірім таңдай болса арайланған

Қатыгез қараулыққа жолай ма адам

Біреуді жақсы көрген қандай жақсы

Нұрланып кетеді екен бар айналам







Белсенді тақта

  1. Үй тапсырмасы

1.Отбасың жайлы көрме дайындау үшін бейне таспа (видио) және фото суреттер түсіру.

2. Оқушы дәптеріне «Отбасы тіршілік-тірегі», «Отбасым-бақыт мекенім» т.б.тақырыптарына эссэ жазып келу).


  1. Соңғы тыныштық сәтi

Бүгінгі сабақ үшін алғыс білдіремін, отбастарыңызға сүйіспеншілк, тыныштық, татулық тілеймін. Сабақта үйренген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге сақтап қойыңыздар.



Тапсырмалар:

1. Фильмнен үзінді көру.

«Ананың қолында тіріліп кеткен сәби»

Фильмді көргеннен кейін оқушыларға өз аналарына 8-10 сөйлемнен тұратын хат жазу тапсырылады.


2. «Отбасы әлеміндегі рухани құндылықтар». Ассоциограмма құру.



І.Блум түймедағы бойынша Рухани адамгершілік қасиеттерді топта


Shape1




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!