Материалдар / Отбасы. Біз отбасымызда бір-біріміззе көмектесеміз.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Отбасы. Біз отбасымызда бір-біріміззе көмектесеміз.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға көмек болар, орыс мектебінде қазақ тілі сабақтарында
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Сәуір 2021
311
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Айнұр Жаңабайқызы Ильбитаева,

«Тұран лицейі» мектебі,

қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі,

Алматы қаласы

ОТБАСЫ. БІЗ ҮЙДЕ БІР - БІРІМІЗГЕ КӨМЕКТЕСЕМІЗ.

ГРАММАТИКА

І. Қайсысы дұрыс?

1. Мен оқушы...

А) мін Б) мын С) сың

2. Сен бала...

А) сың Б) мын С) сын

3. Сіз мұғалім...

А) сыз Б) сіз С) сің

  1. Сен студент

А) сің Б) сін С) сіз

  1. Айдана ... Жандос

А) мен Б) бен С) пен

  1. Сіздің кітаб...

А) іңіз Б) ыңыз С) ің

7. Сен мектепке барасың ... ?

А) ба? Б) ма? С) па?

8. Оларда мысық бар ... ?

А) ма? Б) ме? С) бе?

9. Қазақстан... елордасы Нұр-сұлтан қаласы.

А) дың Б) нын С) ның

10. Асқардың ана...

А) сы Б) сі С) ң

11. Ит ... мысық

А) бен Б) пен С) мен

12. Сұлтан менің іні ... .

А) ім Б) ің С) м

ІІ. Керекті нұсқауды белгілеңіз.

  1. Мен сатушы... .

А) сың Б) мын С) мың

2. Сен оқушы... .

А) сың Б) мын С) сыз

3. Сіз мұғалім... .

А) сың Б) мын С) сіз

4. Ол 12- ... .

А) де Б) те С) те

5. Мен таңертең ешқашан кофе ...

А) ішемін Б) ішпеймін С) ішеді

6. Біз жексенбіде ...

А) оқимыз Б) оқымаймыз С) оқисың

7. Бүгін дүйсенбі ... ?

А) ме? Б) пе? С) бе?

8. ..................... шашы қара.

А) Сараға Б) Сараның С) Сарада

ІІІ. Дұрыс нұсқасын табыңыз.

1. А) Сен тұрасың ба Сәтпаев көшесінде?

Б) Сен көшесінде Сәтпаев тұрасың ба?

С) Сен Сәтпаев көшесінде тұрасың ба?

2.

А) Ертең досым менің Астанаға кетеді.

Б) Ертең менің досым Астанаға кетеді.

С) Ертең кетеді досым менің Астанаға.

ЛЕКСИКА

  1. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазыңыз.

Үлгі: Кітап оқу

тыңдау тазалау көмектесу жуу шығару дайындау cүрту құю

1. ыдыс-аяқ ..................

2. гүлдерге су ................

3. қоқыс ..................

4. қартоп .....................

5. тамақ .....................

6. шаң ........................

7. әкені .......................

8. ініме ........................

2. Керекті сөздерді жазыңыздар.

  1. Демалыс күні балалар........................ бармайды.

  2. ........................адамдар демалады.

  3. Отбасы дәстүрі өте........................ .

  4. Біз дәстүрлерді ........................ .

  5. Балалар ........................ құрметтеу керек.

  6. Үлкендерді ........................ өте маңызды.

3.Сөйлемдерге керекті сөздерді тауып жаз

  1. Оқушылар 1 қыргүйекте........................ барады.

  2. Оқушылар мұғалімдерге ........................ сыйлайды.

  3. Оқушылар әдемі ........................ киіп келеді.

  4. Директор маңызды сөздерді ......................... .

  5. Барлық ........................ 1 қыргүйекте мектепке барады.

  6. Мектепте ........................ оқу жылы басталады.

ОҚЫЛЫМ

Менің отбасым

Менің атым Алтынбек. Мен оқушымын, жасым он төртте. Менің отбасым үлкен емес. Олар әкем, анам, сіңілім және мен. Менің әкемнің аты Айдар. Оның жасы отыз тоғызда. Ол экономист. Анамның аты Жанар. Оның жасы отыз жетіде. Ол заңгер. Сіңілімнің аты Алтынай. Оның жасы тоғызда. Ол үшінші сыныпта оқиды.

Біздің үйде әрбір адамның өзінің міндеті бар. Әкемнің міндеті бізді мектепке апару, анамның міндеті тамақ пісіру және үй жинау. Ал менің міндетім қоқысты шығару және ыдыс-аяқ жуу. Сіңілім шаң сүртеді және гүлдерге су қуяды. Анамыз жұмыстан шаршап келеді. Сондықтан мен және Алтынай тамақ дайындауға немесе үйді жинауға көмектесеміз. Мен ет тұраймын, Алтынай қартоп пен сәбізді тазалайды, басқаны анам өзі жасайды. Үйді жинағанда, мен шаңсорғышпен кілемдерді тазалаймын, ал Алтынай еденді жуады. Біз үйде бір - бірімізге көмектесеміз.

І. Мәтінді оқыңыз және белгілеңіз. () A, B, немесе C.

Мысалы: Алтынбек колледж студенті.

A Рас      B Өтірік    C Айтылмаған     

  1. Алтынбек он бірге толды.

A Рас      B Өтірік     C Айтылмаған     

  1. Алтынбектің әкесі экономист.

A Рас      B Өтірік     C Айтылмаған     

  1. Алтынбектің отбасы үлкен емес.

A Рас      B Өтірік     C Айтылмаған     

4.Алтынбектің інісі бар.

A Рас      B Өтірік     C Айтылмаған     

  1. Анасының міндеті тамақ пісіру.

A Рас      B Өтірік     C Айтылмаған     

  1. Әкесі ет кеседі және сәбіз тазалайды.

A Рас      B Өтірік     C Айтылмаған     

  1. Алтынбек шаңсорғышпен үш кілемді тазалайды.

A Рас      B Өтірік     C Айтылмаған     

8. Алтынай жеті гүлге су қуяды.

A Рас      B Өтірік     C Айтылмаған     

9. Олар қазір Астанада тұрады.

A Рас      B Өтірік     C Айтылмаған     

10. Алтынай еденді жумайды.

A Рас      B Өтірік     C Айтылмаған     

ІІ. Мәтінді тағы бір рет оқыңыз және төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Әр адамның үйінде міндеті болады ма? Қандай?

-----------------------------------------------------------------------------------------------

2. Алтынбектің анасы қай жерден шаршап келеді?

-----------------------------------------------------------------------------------------------

3. Неге ата-аналар жұмысқа барады?

-----------------------------------------------------------------------------------------------

4. Алтынай мен Алтынбек кімге көмектеседі?

-----------------------------------------------------------------------------------------------

5. Неге адамдар бір - біріне көмектесу керек ?

 ----------------------------------------------------------------------------------------------

ЖАЗЫЛЫМ

«Біз үйде бір бірімізге көмектесеміз» модулі бойынша ақпарат беріңіз. Сіз мыналар туралы жазуыңыз керек:

Сенің атың кім?

Жасың нешеде?

Сенің отбасың қандай?

Олар кімдер?

Сендер үйде бір-біріне көмектесесіңдер ме?

Қалай?

Үйде әр адамның міндеті бар ма?

Қандай?

Отбасыңда қандай дәстүрлер бар?

Шығармада 40 - 50 сөз болу керек.

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

ТЫҢДАЛЫМ

І. Мәтінді тыңдаңыз және дұрыс нұсқаны белгілеңіз.

Бір күні менің әжем ауырып қалды. Біз оның үйіне бардық, үйге келгенде әжем төсекте жатты. Оның денсаулығы нашар болды. Мен және үлкен ағам әжемізге көмектестік. Біз үй жинадық , гүлдерге су құйдық, дүкенге барып азық-түлік сатып алдық. Ал біздің анамыз әжеге керек дәрі берді, тамақ дайындады. Әжемнің үйінде үш күн болдық. Біз әжемізді жақсы көреміз.

  1. Әженің денсаулығы қандай?

А) нашар Б) жақсы С) тамаша

  1. Кім әжеге керек дәрі берді?

А) ағасы Б) анасы С) әпкесі

  1. Олар дүкенге барып не сатып алды?

А) керек дәрі Б) азык-түлік С) гүл

  1. Олар әжелерінің үйінде қанша күн болды?

А) үш апта Б) үшінші күн С) үш күн

  1. Олар әжесінің үйіне келгенде әжесі не істеп жатты?

А) төсекте жатты Б) кітап оқыды С) ұйықтап жатты.

ІІ. Мәтінді мұқият тыңдаңыз және сұрақтарға жауап жазыңыз.

  1. Кім ауырып қалды?

-------------------------------------------------------------------------------------------

  1. Олар кімнің үйіне барды?

-----------------------------------------------------------------------------------------------

  1. Әжеге кім тамақ дайындады?

-------------------------------------------------------------------------------------------

4. Олар кімді жақсы көреді?

-----------------------------------------------------------------------------------------------

5. Олар қалай көмектесті?Не істеді?

-----------------------------------------------------------------------------------------------

СӨЙЛЕСІМ

Диалог тақырыптары:

  • «Біз отбасымызда бір-бірімізге көмектесеміз»

  • «Менің отбасым тату тұрады»

  • «Менің отбасымдағы міндетім»

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!