Материалдар / "Отбасы дәстүрлері"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Отбасы дәстүрлері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін өзі тану пән мұғалімдеріне көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қараша 2020
630
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп:

Мерзімі: . № 12 сабақ

Сабақтың тақырыбы: ОТБАСЫ ДӘСТҮРЛЕРІ

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: уәдені орындау, ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлау, тілалғыш болу, батылдық.

Мұғалім: Орахова Карашаш Канибековна

Сынып: 4 «а,ә,б,в,г,д» Оқушылар саны: 13

Сабақтың мазмұны:

Ресурстар:

Сабақтың мақсаты:Дұрыс әрекет құндылығы рухани-адагершілікке жетелейтіндігі туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік: - ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлауға үйрету;

Дымытушылық; - сөзінде тұруға, уәдені орындауға дағдыландыру;

Тәрбиелік: - тіл алғыштыққа, батылдыққа тәрбиелеу.

Оқулық, дәптерстикер, видеопроектор

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесі Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты Талап сақтауға шақыру. Тыныштық сәті: Жағымды көңіл-күйге ену «Су асты патшалығына саяхатқа » шығамыз.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Отбасы мүшесіне жазып келген хаттарын оқиды.


3. Дәйексөз.



4. Әңгімелеу.Роза Әбілқадырова

Туған күн

Бекболат анасының туған күніне не сыйларын білмей, кәдімгідей-ақ қиналып жүрді. Анасы не нәрсені ұнатушы еді? Әрі ойлап, бері ойлап, ақыры тапқан сияқты. Бірде анасы Бекболаттың жейдесіндегі үзілген түймені көріп: «Мына түймеңді қадап алу қолыңнан келмей ме? Бір өзім қай жағына жетемін. Осындай ұсақ-түйекпен жүйкемді жұқартпа- саң да болады ғой», - деп ренжіген. Бекболат: «Түйме қадайтын қыз емеспін ғой», - деп қалған. «Дастарқан дәмі мынау қыздардың, мынау ұлдардың тағамы деп бөлінбейді ғой. Үй шаруашылығына келгенде неге даралана қаласың?» . Мұны айтқанда анасының дауысы дірілдеп, кемсеңдегендей болды. Бекболат сонда анасын қатты аяған еді. Содан бері үйде аналары жоқта қолына ине-жіп алып, майда-шүйде тігуді үйреніп жүрген. Бекболаттың есіне осы жай түсті де, бір кішкене ақ матаға бесалты қара түймені екі жол етіп қадап қойды. Бекболат анасының туған күніне өз саусағынан шыққан өнерін ұсынған. Анасы Бекболат ойлағандай емес, сыйлыққа керемет риза болды: «Міне, мұнан артық сыйлықты ойлап табыңдаршы! Ананың айтқан ақылы далаға кетпей, баласының санасына жеткеннен артық не бар?! Бірақ балам ине-жіпке сақ болғайсың, оны бірден ырқыңа көндіріп алу оңай емес. Асып-сасып кез келген жерге тастап кетіп жүрме». Анасының туған күніне жиналған қонақтар да сыйлықты жер-көкке сыйғызбай мақтады. Дастарқан басындағы күлкі мен шаттыққа толы отырысты көрген Бекболатқа тағы бір ой түсті. Қонақтар тарқа- ған соң, анасының қасына келді: – Ана, осы Бикен әжейдің туған күні бар ма? – Әрине, әр адам- ның туған күні болады. – Ендеше ол кісі неге туған күнін тойламайды? – Бұл кейінірек келген дәстүр, ол кісілердің тұсында жоқ еді, сонан соң ескерілмейді-дағы... Ертеңіне Бекболат Бикен әжейдің үйіне барды. Әжей әдеттегідей: «Ә, Бекентай, келіп қалдың ба? Төрлет. Қазір екеуміз әңгімелесіп отырып, шай ішейік»,-деп, қуана қарсы алды. Бекболат әжейдің үйіне жиі баратын. Ауыл балаларының ішінде әжейге көбіне-көп қол ұшын беріп, көмек көрсететін де Бекбол- ат. Әжейдің әңгімесінен бұрын өз сауалын айтты. – Әже, сіздің туған күніңіз қашан? – Бикен әжей қарқылдап күліп алды да:

Ол жағын қайдан білейін, қарағым? Дүниеге сендердің жазусызуларыңнан бұрын келдік қой, - деді.

Әже, онда сіздің туған күніңіз сегізінші наурыз болсын, - деді Бекболат. – Ол жағын өзің біл, қарағым. Әжеңнің туған күнінің билігі сенің қолыңда. Кел, шай ішейік, - деді Бикен әжей, Бекболаттың сөзіне мән бермей. Өйткені бұл аңқылдақ баланың аңғал мінездерінің бірі деп қараған. Сегізінші наурыз күні кешкісін Бекболат, әкесі, анасы және Бекболаттың достары Серік, Алмажан, Айгүл, Болат сыйлықтарын құшақтап, әжейдің үйіне сау ете қалды. Бикен әжей қамзолының өңірін сипалай берді. Келгендерге көзін сығырайта ұзақ қарады да: – Әй, Бекентай-ай, сен болмағанда осындай бақытты күнді көрер ме едім! - деп, еріні кемсеңдеп көзіне жас алды. Сол күннен бастап Бикен әжейдің туған күні сегізінші наурыз деп есептелетін болды.

  • Бекболаттың анасын қуантуына не әсер етті?

  • Бекболат анасына қандай ұсыныс жасады?

  • Бекболат Бикен әжейге қандай қуаныш сыйлады?

  • Бекболаттың бойында қандай қасиеттер бар деп ойлайсыңдар?

  • Туған күнді тойлау дәстүрінің қандай артықшылығы бар?

  • Өзің туған күніңді қалай тойлайсың? Айтып бер.


5. Шығармашылық жұмыс

4 тапсырма: Отбасында туған күн мерекесін өткізудің жоспарын құрып жазыңдар.


5-тапсырма: «Туған күн» тақырыбына «Бес жол өлең» (синквейн)құрастырып жазыңдар. Бес жолдан тұратын өлеңді жазу ережесі:

1-жолға бір сөзбен тақырып жазылады (зат есім түрінде).

2-жолға тақырып екі сөзбен сипатталып жазылады (сын есім түрінде).

3-жолға үш сөзбен тақырыпқа қатысты іс-әрекет жазылады (етістік түрінде).

4-жолға төрт сөзден тұратын тақырыпқа қатысты бір сөйлем жазылады.

5-жолға тақырыптың мәнін сипаттайтын бір сөз жазылады.

Анашым, Анашым!

Аяулым ардақтым,

Күмістей сыңғырлап күлкіңіз,

Қуанышқа бөледі отбасын,

Туған күн кешінде, кешінде!


6-тапсырма: Суреттерге қараңдар. Олардың ішінен өзіңнің туған күніңе қандай сыйлық алғың келеді? Ал отбасы мүшелерінің туған күніне не сыйлар едің? Атап айт.


Қорытынды: Әр адамға туған күні ең жарқын, қуанышты күн. Туған күнімізді жыл сайын асыға күтетініміз рас. Өйткені осы күні туған күн иесіне жақсы тілектер, жылы сөздер көп айтылады. Түрлі сыйлықтар алып, көңілің көтеріледі. Ата-әжеміз «Жасың ұзақ болсын!», «Бақытты бол!» деп бата береді. «Үздік оқы, әдепті бол!» деп айтады үлкендер. Ең бастысы, бір жасқа есейесің. Отбасы мүшелері сенен үлкен үміт күтеді. Жауапкершілігің арта түседі. Сондықтан да жақсы адам болып өсу – парызың.






6. Топпен өлең айту.



7. Үй тапсырмасы.

1.



8. Соңғы тыныштық сәті.

Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!