Материалдар / Отбасы-жан тыныштығының әлемі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Отбасы-жан тыныштығының әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасының маңыздылығы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қазан 2020
298
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Отбасы-жан тыныштығының әлемі


Отбасы ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан адам баласының әлеуметтік ортасы. Халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарының сақтаушысы. Сондықтан отбасы тәрбиесі халықтың ой арманымен мол тәжірибесімен, ұлттық дәстүрімен дамып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен тарихи мұра. Осы ортада бала адамдық қасиеттерді меңгеріп, оның өмірлік мақсаты, құндылықтары, өзіне, өзге адамдарға, қоршаған ортаға деген көзқарастары қалыптасады. Отбасы-адамдық қарым-қатынастың ежелгі институты, бірегей көрінісі.

Қазіргі кезде қай ортаға бармасақ та «Ажырасам», «Ажырасқанмын» -деген сөзді естіп таң қалмаймыз. Бәрі ең басында жігіт пен қыз болып жүре бастағанан басталады. Мәселен жүріп жүрген қыздың өзіндік идеалы болады, ол жігіттің бойында бір ұқсастық болса болды, толық білместен сол идеялындағы, яғни ойдағы мінсіз жігіт бейнені біріктіріп, ерекше ғашықтық сезімге тап болып, сол жігітке ұнаудың жолдарын жасайды. Ал жігіт жүріп жүргенде тек қыздың сыртқы келбетіне қарайды. Орыс халқында жақсы сөз бар «Ер адам көзбен көріп ұнатса, әйелдер құлақпен естіп ұнатады»-деген. Бұл нені білдіреді? Яғни ер мен әйелдің жаратылысы екі түрді ойлау үрдісі, сезіну, қабылдау т.б Осы себептен «Менің жолдасым мені түсінбейді»-деп ренжіп жатамыз. Жауап біреу: «Ол сені түсіну үшін, дәл сендей ойлауы қажет». Жаратылыста ер мен әйел бірін-бірі толықтырушы.

Екі жас шаңырақ қөтермес бұрын ата-аналарының отбасындағы жалпы өмір сүру стилін және де болашақ жарының отбасындағы нешінші бала екенін ескерген жөн. Себебі бала көргенін жасайды, ал ата-ана әр бала үшін үлгі. Келін болып барғанда сол үйдің өзіндік стилі, дәстүрі болады, үйінде кей жағдайда анасы немесе әкесі басқарады. Егер екі жастың дүниетанымы екі түрлі болса, онда ішкі, сыртқы кикілжіндерге алып келеді.

Екі жас бір-біріне ғашық болған дұрыс, бірақ қазақта сөз бар «Үйлену онай – үй болу қиын». Екі жас бір–бірінің алдындағы жауапкершілікті ұғынып сезінсе деймін. Жауапкершілік демекші, қазір ұл баланың тәрбиесіне көңіл бөлу керек, ертеде ұл дүниеге келсе «Ұрпағымның жалғасы» десе, «Қыз бала қонақ»-деп ерекше махаббатқа бөлейтін халқым, қазір түрленіп ұл-қыздарын (гиперопека) шамадан тыс көңіл бөліп жәнеде ерік беріп олар үшін шешім қабылдайды. Ал оның салдары - ынжық, қорқақ, нақты бір шешімге келе алмай жүрген жастар тәрбиеленуде. Қоғамда болып жатқан келенсіз жайттар, яғни ерте жүктілік, ажырасу мәселері туындаса ең бірінші қыз баладан көріп жатамыз. Бірақ бұл жайттарға ұлдардың да салғырттығы, ойланбай жасайтын іс-әрекеттерден туындайтынын естен шығармайықшы. Жалпы қазақ халқының тәрбиесін жаңғырту мақсатында қазақ ғалымдарының туындыларын жиі оқысақ, оның ішінде қазақ психологиясын алғаш зерттеген Жүсіпбек Аймауытұлының “Әдет заңы” еңбегін және Әзілхан Нұршайықовтың “Махббат, қызық мол жылдар” кітабын оқып шығуға ұсыныс беремін.

Ер адам жар тандағанда бейсаналы тұрғыда үш критериді негізге алады екен. Олар біріншісі әдемі, өзін күтетін, дене бітімі келіскен қыздар болса, екіншісі келіндік, аналық қызметін орындай алатын қыздар болса, үшінші өзінің анасына ұқсайтын қыздар. Бұл үшеуін қосқанда мінсіз әйел бейнесі қалыптасады. Ондай әйелдер жоқ демейміз баршылық. Кейде ойымызда қате пікір бой алып жатады: «Ақылды әйел-ол дипломы көп оқыған әйел» деп. Бірақ, шын мәнінде әйелдің бірақ өлшемі бар екен, ол қонақ күту. Ақылды әйел ерін сыйлайды, құрметтейді өзін күтіп, үнемі әдемі болып жүруге тырысады. Үйдің мәнінде, сәнін де кіргізетін әйел. Ол үшін мен ойлаймын, әйел өзін құрметтеп, сыйлап, біріншіден өзін жаксы көру керек, сол кезде ғана ер адам әйелді құрметтейді.

Көп жағдайда әйел адамдар ер адамды толық біліп жатқанда көңілдері толмай өзгерткісі келіп жатады. Естен шығармайық, бұл өмірде мінсіз адам жоқ. Себебі мінсіз бейне-сіздің қиялыңызда ғана. Психологтар айтады:«Адам қандай, солай қабылдау қажет». Ия, адамды өзгертуге болады, бірақ біздің әйелдер қауымы «Сенің бойындағы мына қасиетің ұнамайды, жұрттың байы»- деп, ер адамзатын жағадан алып жатады. Бұның соңы, ер адам сізден көңілі қалып, сізге деген махабаты өшіп, ажырысам деген ойға келеді. Ал ой келсе, іс- әрекет те қатар жүретіні де бар. Ажырасудың бірден бір себебі- қазір жастар арасында қарым-қатынасқа түсудің негізгі құралы ол- сөйлесу жоқ. Сөйлесу арқылы келісім мен жан дүниесін түсінуге болады. Үйдің әр мүшесінде өз әлемі, яғни интернет желісінде отырып, уақыттың қалай өткізіп жатқаныңн ескермей жатамыз. Ал уақыт дегеніміз -біздің ең құнды байлығымыз.

Жәлел Омарұлы айтпақшы: «Ер мен әйел-ол энергия, олар бір- бірінсіз өмір сүре алмайдыжаратылыс солай». Қазіргі жастар «Тұрмысқа шықпаймын, өзіме бала туып алып жағдайымды өзім жасап алам» деп қате пікір айтып жатады. Солай жасағанның өзінде де толық бақытты бола аласыз деп айта алмаймын. Сосын баланы өзіңіз үшін туатындай бала зат па? Бала деген-ол Алланың сізге берген аманаты. Сіздің бала алдыңда бір-ақ міндетіңіз бар-ол балаға жақсы тәрбие беру. Ал тәрбие екі жақты болуы шарт. Сонда ғана толыққанды азамат, еліміздің ертеңі өсіп шығады.

Ер адамдарға әйел адамзатын бақытқа бөлейтін негізгі 3 кеңес:

1. Рахмет айтыңыз. Әр іс-әрекетіне мән беріп жақсы бағалауға тырысыңыз.

2. Әйеліңізді тыңдауға келісіңіз. Сіз білесіз, ол қазір сөйлесе ұзап кетуі мүмкін, бірақ тыңдау арқылы не қалайтынын түсінген кезде, құшақтап оны түсінетініңіз жайлы қолдайтыңыз жайлы айтыныз. Негізінде әйел адам ер адамға қарағанда 1,5 есе артық сөйлейді екен.

3. Романтика. Бұл жерде қымбат мейрамханаға апару немесе қымбат сыйлық алу емес. Жұмыстан немесе сапардан келе жатқанда жай ғана кішкентай сыйлық берсеніз себебі ол сыйлықтын бағасы емес сіз оны ойлағанңыздың өзі бір бақыт. Аптасына немесе айына бір рет болсады сыйлық алып беруге тырысыңыз.

Әйел адамдарға ер адамзатын бақытқа бөлейтін негізгі 4 кеңес:

1. Оны көп мақтаңыз, сіз үшін маңызды жан екенің айтып күш жігер ұялатыңыз.

2. Жолдасыңыз үйге келген бетте сізді толғандырған мәселелер жайында айтпаңыз. Себебі, олардың ойлауы бөлек олардың бір жұмыстан екінші жұмысқа назар салу үшін 30- 40 минут уақыт өтуі тиіс.

3. Келбетіңізге, дене бітіміңізге қарап үнемі мінсіз болуға тырысыңыз себебі ол сіздің бастапқы бейнеңізге ғашық болған адам. Үйіңізде бір шаруа бітпей қалса да, өзіңізді жөнге келтіріп, үнемі көңілді, жарқын болуды әдетке айналдырыңыз . Себебі, сіз жағымды энергия таратушысыз.

4. Ешқашан оның бауырларына, ата-анасына, туыстарына тіл тигізбеңіз, жамандамаңыз. «Айла да ақылдан туады»-демекші, ақылды болыңыз. Есіңізде болсын, жетістікке жеткен әр ердің артында ақылды әйел тұрады. Бәрі сіздің қолыңызда!

Қорыта айтқанда, бәрінен де жылы ұяң, өмір ескегі ерік бермей кеткенде маңдай тірер асқар шыңың, көңіл жауының селдеткенде пана болатын, сені тағдырдың барлық сынағында қолдайтын да қорғайтын саяң-отбасыңды сүй. Адам баласының барлық қасиетінің қайнар бұлағы дүниеге келіп, өсіп-өніп бой түзейтін отбасынан басталады. Отбасында махаббат патшалығы салтанат құрғанда ғана келешек ұрпағымыздың иманы мен инабаты туралы сөз қозғай аламыз.


Т.Т. Калманова,

психолог,

Жезқазған гуманитарлық колледжі





































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!