Материалдар / Отбасы және балабақша ынтымақтастығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Отбасы және балабақша ынтымақтастығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасы және балабақша арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Ақпан 2023
309
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Отбасы және балабақша ынтымақтастығы


Болашақ ұрпақ тәрбиесі қазіргі таңда отбасының да, балабақшаның да мақсат-мүддесі болып табылады. Баланың жеке тұлға болып қалыптасуына аталған екі ортаның да атқарартын рөлі өте маңызды. Болашақ азамат тәрбиеленетін алғашқы ұя - отбасы, ата-ана құшағы. Көздеген мақсатқа жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді.

  • Ообасында баланың өсуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, тазалықты қалыптастыру;

  • еңбексүйгіштікке баулу, тұрмыстағы, үй шаруасындағы еңбекке құлшынысын арттыру, өзіне-өзі қызмет етуге үйрету,

  • отбасы мүшелерімен тіл табысып, дұрыс қарым-қатынас жасауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге үйрету;

  • әдебиетке, мәдениетке, өнерге тәрбиелеу.

Бұл міндеттер жүзеге асу үшін бала дүниеге келген күннен бастап отбасында, қоғамдық орындарда, балабақша-мектепте тәлім-тәрбие беріледі.

Балабақшадағы тәрбиешілердің міндеті балаларды тәрбиелеудің дұрыс жолын табу үшін ата-аналарға көмектесу болып табылады. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерін қалай ұйымдастыруға болады? Ол үшін тәрбиешілер ата-аналармен жақынырақ танысып, отбасының әлеуметтік жағдайын, отбасы мүшелерінің бала тәрбиелеудегі ролін анықтау үшін, ата-аналардың ұсыныс-пікірлерін, ойын бөлісу мақсатында сауалнамалар, анкеталық сұрақтар алуына болады.

Отбасы мен балабақша арасындағы байланысты күшейтіп, бағытты жұмыс жүргізу, ұйымдастырылатын мерекелік іс-шараларға, ата-аналар және топ жиналыстарына ата-аналарды тартудың қажеттілігі: балаларда іс- әрекетті таңдаудың үлкен мүмкіндігі болады, балалар маңызды жетістіктерге жете алады, ұнайды, балалар еліктеудің жаңа үлгісін алады, ересектер мұғалім жұмысымен жақын танысып, оны бағалай біледі, ата-аналар және басқа да ересектер мектепке оқыту философиясымен және оқу жоспарларымен танысады, ата-аналар және отбасы мүшелері өздерінің бала тәрбиелеуге, оқытуға қатысы бар екендігін сезінеді.

Отбасы мен балабақшаның өзара әрекетінің басты қызметтері:

- ақпараттық;

- тәрбиелік-дамытушылық;

- қалыптастырушылық;

- қорғау-сауықтырушылық;

- бақылаушылық;

- тұрмыстық.

Тәрбиенің сан қилы дағдыларын бала бойына дарытатын алғашқы білім баспалдағы – балабақша, жол сілтеп, жетелеп, үйретуші — тәрбиеші. Балабақшадағы тәрбие – қазақи ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан парасатты, адамгершілік қадір – қасиеті мол, физикалық және моральдық жоғары белсенді жеке адамды қалыптастырып шығару процесі болып табылады. Тәрбиелеу мен білім берудің әрекеті практикалық процесс үстінде қалыптастырылады. Тәрбиелеу мен оқытудың міндеттері баланың осы іс-әрекет түрлерін қалыптастыру және оны белгілі бір мақсатқа бағыттап отыруды көздейді. Ойнау, еңбек ету, және білім алу барысында ақыл-ой, адамгшершілік, физикалық және көркем тәрбие, даму процесі қатар жүреді. Бала осы кезде белгілі дәрежеде білім алады, іскерлікке үйренеді, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға, қоғамдық өмірдің әдет дағыларын игеруге бейімделеді.Іс-әрекеттің тап осы түрлерін ғана дамыту арқылы тәрбиелеу білім беру міндеттерін шешуге, бала дамуын дұрыс жолмен бағыттап отыруға мүмкіндік туады. Балабақшаның негізгі міндеті – баланың жеке басының бастапқы қалыптасуын қамтамасыз ету. Бұл жас баланың ақыл-ойының дамуы мен даярлығы үшін қолайлы кезең. Осы кезеңде бала оқу мен тәрбиені қалыптастыруға, өз қызметін білуге, тілдік қатынастың қарапайым тәжірибесінде өзін-өзі таныта білуге, мінез-құлық мәдениетіне, жеке гигиеналық және салауатты өмір салтының негіздеріне бағдарланады.

Бала өскен сайын,оның тәрбиесі де күрделеніп,оған қойылатын талап тар да күшейе түседі. Ақыл ойының дамуы, ұнамды мінез-құлқын қалыптастыру ең негізгі міндетке айналады. Оның негізі отбасында мектепке дейінгі  жаста қаланады. Балалар үйде ата-анасының еңбектегі ісіне  және сөйлеу мәнеріне көңіл бөліп, оны түсінуге тырысады. Ата-аналарда балдаларының күн сайынғы әрекеттерін қадағалап жағдайларын біліп отыру қажет. Отбасының негізгі міндеті-баланың меңбек етуге, жарқын сезімдермен нұрлы мұраттарға тәрбиелеу, адамдар арасында өмір сүре білуге үйрету. Бұл қасиеттердің бәрінегізінен отбасы-ошақ қасында қалыптасып нығаяды. Мұнда, әсіресе, отбасындағы ересек адамдар өздерінің жеке бастарының өнегесі арқылы жас балавлардың бойында осындай сезімдерді қалыптастырады. Өз ата-анасын сыйлап, құрметтеп үйренген бала өзге ата-аналарды да құрметтей біледі, қашанда үлкендер алдында өзін дұрыс ұстап, құрмет пен қамқорлық таныта біледі.

Бүгінгі таңда болып жатқан өміріміздегі өзгерістерге байланысты балабақша мен отбасының бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындай отырып бірлесе жұмыс жасау керек. Әрбір тәрбиеші ата-аналармен қарым-қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып, ата-ананың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс жасаса, ата-ананың балабақшаға, тәрбиешіге деген көзқарасы өзгерер еді.

Отбасы мен балабақшаның бірлесіп жұмыс істеуінде төмендегі сияқты ұйымдастырылған шараларды пайдалануға болады:

Тақырыбы: «Бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігі».

Мақсаты : ата-аналарды балаларға жауапкершілікпен, ұқыпты қарауға шақыру.

Міндеттері: Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата-ананың жауапкершілігі; балабақшада ата-ананың оқу-тәрбие саласындағы рөлі; алдағы уақытта тәрбиеленушілерді тәрбиелеуде тәрбиеші мен ата-ананың бірігіп жұмыс жасауы.

Әдіс тәсілдер: жиын, әңгімелесу, көрсету
керекті құралдар: компьютер, қағаздар, қаламдар.

Барысы: «Ұстаз — бағбан, бала — гүл» деген қағида әр тәрбиешінің ұстаздық ұстанымы. Осы қағиданы ата-ана мен тәрбиеші бірігіп пайдаланса, балабақша бала үшін ең сүйікті мекенге айналар еді. Бағбанға гүлдің әйтеуір өскенінен, әдемі болып өскені қажет екендігі сияқты, ата-ана мен тәрбиешіге де баланың әйтеуір ержеткенінен, әдепті болып есейгені қажеттірек.
Бағбан өзінің өсірген гүлінің санымен емес, сапасымен мақтанатыны сияқты, ата-ана да баласының әдептілігімен мақтануы тиіс.

Сұрақтар: Соңғы кездерде балаңызда қандай өзгерістер болды? Сіздің балаңыз өз жауапкершілігін сезіне ме?

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!