Материалдар / Отбасы және жастардың рухани - адамгершілік тәрбиесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Отбасы және жастардың рухани - адамгершілік тәрбиесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада жастардың рухани адамгершілік - тәрбиесі кеңінен сөз болады. Ең бастысы мектептегі өзін-өзі тану пәнінің шығуы оның жастарға берер үлгі өнегесі жайлы айтылады. Сондай - ақ өзін-өзі тану рухани - адамгершілік білім беру жобасының авторы С:А Назарбаеваның ерен еңбегінің нәтижелері- жеткен жетістіктері сонымен қатар өзімнің осы пәнді оқытудағы озық іс- тәжірбиелерім курыста жеткен жетістіктерім тілге тиек етіледі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
637
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Отбасы және жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесі


Акбидаева Кулипа Токтарбековна

ШҚО.Тарбағатай ауданы. Жамбыл ауылы.

«Жамбыл атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі


«Мен өте күрделі істі қолға алдым. Оның нәтижесін 100 жылдан кейін көруіміз мүмкін. Алайда даналықтың және адамгершілік құндылықтардың «таза қайнар көзіне» оралуымыз керек, әйтпесе қоғам ешқашан аяқтан тұрып кете алмайды. Және бұл жобаның заманауи білім беру жүйеснінің негізіне айналуы тиіс».


С.Назарбаева



Кез- келген қоғамның болашағы мен ішкі құрылымының біртұтастығы оның мүшелерінің өмір сүру салтымен, дәріптейтін рухани құндылықтарымен және тарихи қалыптасқан рухани дәстүрлерімен тікелей байланысты. Қоғамдағы әрбір адамның өмірге, өзінің тағдырына және денсаулығына деген қатынасы өзінің жеке ісі болып көрінгенмен оның әлеуметтік маңызы да бар. Себебі, жеке азаматтардың қоғамдағы құндылықтар әлеміне қатынастарынан жалпы қоғамның рухани келбетін, ерекше портретін анықтауға болады. Қоғамның, яғни кез- келген адамның тарих пен қоғам алдығдағы жауапкершілігі, оның жеке әлеміндегі үрдістермен шектелмейді. Адам өзін қоршаған әлеуметтік дүниенің тек құрамдас бөлігі ғана емес және оның тіршілігі абсалютті түрде оқшаулануы да мүмкін емес. Осыған орай азамат ғұмыры әрқашан өмір қалыптастырушы тетіктердің біріне айналады.Адам өзін және өзгені танып ұғынудан, өзінің жаратылысын түсінуден, өзін-өзі жетілдіруден өмірдің мәні туралы сұрақтарға жауап іздейді. Атам қазақ «Баланы жастан тәрбиеле» деп тегін айтпаса керек. Ендеше «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген ұлылыр даналығына сүйеніп, еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпақтың қолында екенін есте ұстағанымыз абзал.

Осы тұста біз «Өзін –өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы С.А. Назарбаеваның мына бір сөзіне назар аударсақ. «Ата-ананың қайсысы да балалары тапқыр, талантты, қабілетті болып өссе, олар басқа балалардан кем емес, артық болса деп армандайды . алайда меніңше қымбатты достар, бұл туралы мен емес, бала жақсы Адам болса деп армандау керек. Ол адамдарға пайдалы болып, қоғамға зардап келтірмей, пайда әкелетіндей әрекет етуі керек. Адам деген жоғары атақты бүкіл өмір сындарынан абыроймен алып өтуі қажет»[1;37] деп атап айтты. Әрине өте орынды айтылған пікір. Ата-бабамыз өз перезентін сәби кезінде-ақ бал шырынды сөз құдіретімен тәрбие беріп, ән-жырдың әлдиіне бөлеген. Намысы биік, қайсар халқымыз сәбиін бесігінде-ақ: «Батыр болар ма екенсің?» деп, өсер баланың үмітін ел арманымен астастырған. [12;25] Ел қорғайтын азамат болуын көздеген. Мұндай ұлы мұраттың жүзеге асуы үшін жүрегі мейіріммен ізгілікке толы, жан жылуы мол, қайырымды отансүйгіш ірі тұлға болуы керек. Осындай жалпыадамзаттық құндылыққа шыңдайтын ең бірінші-отбасы . Ендеше сапалы да сәулелі, салауатты да ұғымды, халқымыздыздың арғы-бергі дәстүріне де, әлем мәдениетіне де қанық, ел тізгінін уысына ұстай білетін ұл-қыз тәрбиелеленуде. Еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызының бастамасымен рухани-адамгершілік тәрбиесі ағарту саласына енгізілгеннен бері оңтайлы шешімін тауып келеді. С.А. Назарбаеваны «Өзін-өзі тану» пәнінің анасы деп айтсақ артық болмас еді. «Өзін-өзі тану» пәні 2010-2011 оқу жылынан бастап беріліп келеді

Білім берудің негізгі мақсаты-баланы жан-жақты біртұтас дамыту. Ең алдымен баланың жоғары рухани – адамгершілік болмысын ашу қажет. Сондықтанда қазіргі білім мазмұнындағы рухани-адамгершілік тереңдікті жалпыадамзаттық құндылықтар мен адамгершілік қасиеттердің мәнін ашып, жарыққа шығару міндеттері туындап отыр.

«Өзін-өзі тану пәнінің» негізгі мақсаты – рухани – адамгершілік құндылықтарға негізделген ойы, сөзі, ісі бірлікте өмір сүретін кемел адамды дайындау «Өзін-өзі тану»- тек өзін-өзі тану туралы білім емес. Сонымен бірге тәжірибенің негізгі мақсаты - ата –аналардың мектеппен өзара ықпалдасуы арқылы балалардың яғни болашақ жастардың рухани байлықтарын бала өзімен-өзі отбасымен, айналадағы адамдармен өмір сүре біліп, тәжірибелерімен бөлісе отыра, өз ойын ешкімге уағыздамай өссе, сонда ғана болашақта ата-аналары балаларын рухани жан дүниесі дамыған адам ретінде көре алады.

Осы мақсатта мектебімізде атқарылып жатқан оңды істерде аз емес. Жыл басында іс-шаралар жоспары жасалынып, жоспарға сәйкес жұмыс жургізіп келеміз. Осы пәннің берілуі жәйін басты назарда ұстап, аудандық білім бөлімінің әдіскерлері үнемі байланыста болады. Сонымен қатар біліктілік , деңгейлік курстарда дәріс берген тренер ұстаздарымызбен, бірге оқыған курстас әріптестерімізбен желі арқылы хабарласып , күнделікті жаңалықтарымызбен бөлісіп отырамыз. Мектебімізде «Өзін-өзі тану» пәні бойынша ашық сабақтар , апталықтар, сыныптан тыс шаралар ата-аналар жиналыстары, семинар-сабақтар пәнді оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері арқылы ұйымдастырылып келеді. Ата-аналармен үнемі байланыста болып, пән жөнінде пікірлерін біліп, сабақтарға, түрлі шараларға қатысып отырады. Сонын нәтижесінде бала өзін – өзі таниды , бағалайды , тәрбиелейді. Бұл пәнді оқыту заман талабынан туындап отыр. Еліміздің ертеңі қазіргі жас ұрпақтарды тәрбиелеуде ерінбей еңбек ету басты міндетіміз. Қазіргі жұмыстардың жүргізілген нәтижесі аз ғана жылдың ішінде нәтижесін беретіне сенеміз , дәл қазірде жемісін көріп отырмыз деп ауыз толтырып айта аламыз.

«Өзін-өзі тану» пәнінің тағы бір негізгі мақсатының бірі бала рухының ішкі қуатын, ой жігерін айқындауға, болашақ тұлғалық сапасын және оны өмірдегі өз міндетін анықтау ізденісіне басшылық жасау. Егер адам өзін өзі танып өз мақсатын анықтаса және оны ешқандай қиындықтарға қарамастан іске асыра білсе сонда ғана ол тұлға бола алады.

Рухани- адамгершілік басты мәселе жастардың назарын үнемі өз өміріндегі елеулі өзгерістерге бұрып, сапалы түсінуіне баулу көзделеді. Баланың жас ерекшеліктеріне қарай, олардың көңіл- күйлерін көтеріңкі ұстау үшін сабақтағы тыныштық сәтін, әуезді - әуенді, сый –әңгімелерді, сонымен қатар шығармашылықты орынды қолданып келемін. Әрбір отбасының асыл арманы мен мақсаты- бала өсіріп, жақсы тәрбие беру. Дүниеге шыр етіп келген әр баланың жүрегі таза, еш сызық түспеген қағазға ұқсайды. Оның пәк жүрегі нені болсада қабылдайды. Не үйретсең соны қағып алады. Жақсы әдет пен әдепке кішкентайынан дағдыландырылған бала тәртіпті де тәрбиелі болып өседі. Ол үшін ата - анасының орны ерекше. Қашан да болмасын әрбір қоғамда бала тәрбиесі өте маңызды болған. Себебі бала - біздің болашағымыз еліміздің тірегі. Қазіргі кезеңдегі «Өзін – өзі тану» пәні ұстаздар қауымының алдында тұрған міндет – жастарға рухани – адамгершілік тәрбие беру, және осы мақсатта ұлтымыздың ұлы ғұламаларының рухани мұраларын жаңғырту, рухани құндылықтарымызды басшылыққа алу. Бұл жұмысты жүзеге асыру аса қиын емес. Себебі ата – бабаларымыздың салып кеткен сара жолы, салт дәстүр мен әдет – ғұрыпқа негізделген жас ұрпақты тәрбиелеу әдістері бар.

Рухани тәрбиені теориялық тұрғыдан қазіргі заманға сай саралап, қазақ тілінде кемеліне жеткізген кеменгер Абай мен Шәкәрім аталарымыз бар. Тек біз осы қазыналарды орынын тауып қолдана білуіміз керек. Сондықтан рухани тәрбиені қайдан аламыз, қалай береміз дегенді алыстан іздемей-ақ өзіміздің осындай дара ойшылдарымыздың дана өсиеттерін басшылыққа алып, бала бойына сіңіріп келеміз. Тек қазақ халқының қанында бар рухани асыл қасиеттердің өзге халықтарда кездесе бермейтігіне жастарымыздың көзін жеткізуіміз керек. Осы айтылғандардың толықанды іске асыру үшін отбасы мен мектеп тәбиесінде тығыз ықпалдасты байланыстарды жүзеге асырып отыру біздің басты міндетіміз. Осы мәселелер жөнінде дәнекерлеуші деп «Өзін – өзі тану» пәнін айтуға болады. Бұл пәнді әрі қарай дамыту біз сияқты «Өзін – өзі тану» пәнінің ұстаздарына жүктелген. «Өзін – өзі тану» пәнінің ертеңі айқын болашағы жарқын болады деген сөзді дәл бүгінгі таңда дәлелдеп отырмыз деп айта аламыз . Сондықтан еліміздің туын биікке көтеру білімді, білікті адамгершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеу біздің алдымыздағы ең басты міндет болып саналады.Осындай маңызды міндеттерді шешуге балалар мен жастардың адамгершілік-рухани білімнің басты бағыттарын анықтап, адамдардың, қоғам мен табиғаттың өзара қатынасында үйлесімдікке қол жеткізіп жарқын болашақтың негізін, іргетасын қалауды көздейтін пәндердің бірі. Жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы және оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау міндетін шешуде аталған пәннің алатын орны айрықша. Мұның себебі, білім берудің жаңа моделіне өту жағдайында және тәрбиенің білім беру үдерісіндегі рөлінің өсуіне байланысты жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына үлкен мән беріліп отыруына орай, жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеу мен олардың рухани жағынан қалыптасуы бүкіл оқу-тәрбие жұмысының өзегі болып отыр.Білім алушы шәкірттердің тұлғалық дамуының негізі параметрлері оның жалпы адамзаттық құндылықтарға бағытталуы, ізгілік, зиялылық, креативтілік, белсенділік, жеке басының намыс сезімі, ой-пікірдегі тәуелсіздік болып табылады.Осы қасиеттердің даму деңгейі тұлғаның әлеуметтік қалыптасуы мен әлеуметтік біліктілігінің көрсеткіштері деп қарастыруға болады.

Рухани-адамгершілік тәрбиесі- ол жүрек тәрбиесі. Рухтың ұясы да – жүрек. Ақыл жүрекпен нұрланса, рахымды болса, ізгіленеді. Жүректің жылуынсыз тек ақылмен қабылданған білім адамның өзіне де, қоғамға да, болашаққа да теріс ықпал етеді. Тәрбие баланың даму кезеңдеріне адамның рухани өзегін қоректендіруші болып, білімнен бұрын жүргізілуі тиіс, яғни білімге адами және рахымдылық сипат беріп, ақылды жүрек жылуымен нұрландыруы қажет. «Білім теңізінен сусындап, шыдамдылықты шыңдап, махаббаттан нәр алып, даналықты іздеңіз, осылайша там-тұмдап жинап, рухани бай болыңыз» деген ежелгі даналардың сөзі бар. Адамгершіліктің ең жоғарғы рухани қажеттілігінің бастау көзі - өзін - өзі көрсету, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі дамыту, қарым-қатынаста, дүниетанымда өзінің шығармашылық қабілетін таныту. Бұл арада оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің шарттарының бірі мектеп жасында жеке тұлғаның өздігінен даму заңдылықтарын білу болып табылады.

Менің өзін-өзі тану пәнін өткізуімнің басты себебі – оқушы бойына ізгілік пен адамгершілік шуағын шашу. Бұған куә өткізіп жатқан сабақтарым. Пәннің бағыт – бағдарын айқындау мақсатында «Әлемді тербеген – мейірім», «Еңбек – өмір нәрі», «Махаббат – өмір өзегі», «Қызға – нәзіктік , ұлға - батылдық», «Қарттарын қадірлейтін ел ардақты», «Шындық шыңы - ақиқат» атты ашық сабақтар өткізілді. Бұл сабақтар арқылы оқушылардың отанын сүйе білуге, табиғатқа ата-анаға, ұстазға деген махаббат, сүйіпеншілік сезімін оятуға, бала мінезін жетілдірудегі мүмкіндіктерді және жақсы, жаман мінез – құлықтарды ажырата білуге, олардың бойында жақсы мінезді қалыптастыруға ықпал етуді көздейді. Өзін – өзі тану пәнінің әсемдікті, әдемілікті, инабаттылық пен мәдениеттілікті сонымен қатар қайырымдылық пен мейірімділікті қалыптастырудағы мәні өте зор. Осы пән оқушы қиялына қанат, талабына шабыт, өнеріне өнер қосып, дамытып келеді.

Осы пәнді беру аралығында республикалық, облыстық аудандық өткізілген бірнеше сайыстар, семинарлар мен фестивальдарға қатысып, жүлделі орындарға да ие болдым. Бұл сайыстар менің шығармашылығымды шыңдап, қанат бітірді. Мысалы, С.А.Назарбаеваның туғанына 75жыл толуына арналған облыстық «Жер бетіндегі бақытты балалық шақ үшін» атты байқауының аудандық іріктеуінен І орын алып, облыстық кезеңге жолдама алып, облыста ІІІ орын иегері атансам, Қостанай облыстық «Өрлеу» БАҰО» АҚ ұйымдастыруымен өткен интеграцияланған сабақтардың Республикалық конкурсына қатысып сертификат алдым. Сондай–ақ ШҚО «Өрлеу» БАҰО» ұйымдастырған «Жалпыадамзаттық құндылықтар – мектептің біртұтатас педагогикалық үрдісінің негізі» атты шеберлік сыныптар, «Рухани құндылықтар - тәрбие бастауы» атты облыстық фестивальдар ұйымдастырылып облыстың әрбір аймақтарынан келген әріптестерімізбен түрлі әдіс-тәсілмен алмастық. Мінеки бұл біздің аз ғана жылдар ішіндегі саусақпен санарлық жетістігіміз.

Сөз соңында айтарым, елімізде осы рухани – адамгершілік білім берудің негізін қалаған Сара Алпысқызына, барлық өткен курстарда дәріс оқып, жүрегімізге сүйіспеншіліктін сенімін ұялатып, пәнге деген қызығушылығымызды арттырған ұстаздар Гулнар Нығметовна мен Зағипа Нұржақыпқызына, аудандық оқу бөліміндегі әдіскеріміз Бақытгүл Халеловнаға және де балық әріптестеріме мың да бір алғыс айтқым келеді. Барлығына рухани байлық пен мықты денсаулық тілеймін, сіздердің көмегіңізбен, біз жалпыадамзаттық құндылықтарды шәкірттеріміздің бойына сіңіре отырып, рухани бұлақпен сусындаттық. Болашақта Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі материалдық баюға ғана емес, сонымен бірге ұлттың рухани баюына жеткізетін жас ұрпақтарды тәрбиелей береміз деп сеніммен айта аламын.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!