Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Отбасы және жастардың рухани –адамгершілік тәрбиесі.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Отбасы және жастардың рухани –адамгершілік тәрбиесі.
Ордабаева Анар Айтказиновна
ШҚО Тарбағатай ауданы Жанауыл ауылы
«Қабден Ақынов атындағы орта мектебі» КММ
Жоғары санатты өзін-өзі тану мұғалімі.
Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан жолдауында: «Біз тұрғызатын қоғам арды бағалайтын, белсенді, жоғары моральді әдепті және рухани байлығы мол адамдардан тұру керек»- деді. Сондықтан да болашақта ел тұтқасын ұстар азаматтардың өнегелі тәрбиесі-бүгінгі күнде маңызды мәселелердің бірі. Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізуіне байланысты Елбасының «2030 жылғы жолдауындағы» мақсаттар мен мұраттар мүлтіксіз жүзеге асырылса, ұрпақ тәрбиесіндегі істердеде үлкен бетбұрыстар болары сөзсіз. Ұрпақ қамы ертеңгі ел қамы XXІ ғасырда өмір сүріп еңбек ететін жастарды тәрбиелеуде қазақ халқының ғасырлар бойы жинақтап уақыт талабына өткен бай қазынасын отбасы тәрбиесінде қолдану-кезек күттірмейтін мәселе екені даусыз.
Жастарды рухани адамгершілікке тәрбиелеу барысында гуманитарлық пәндердің мүмкіндіктері мол. Себебі ұрпақ тәрбиесі қай халықтың болсын ақын-ғұламалары ертеден-ақ ой толғап, сыр шерткен, өз білгенін ортаға салған. Рухани- адамгершілік құндылықтарды дамыту басқа да барлық пәндермен интеграциялау арқылы оқыту тәжірибе жүзінде қолға алынып ,қолдау табуда. Басты мақсат-ізгілікке тәрбиелеу, сондықтанда «Ізгілік ғылымын түсінбегендерге кез-келген ғылым әрдайым зиян келтіреді»-деген ұлы ойшыл М.Монтеньнің, Ұлы ғалым Әл- фарабидің: «Тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы»,- деген нақыл сөздерін ескергеніміз артық болмас. Өз халқының жоғын жоқтап, ертеңін көп ойлаған кемеңгерде данышпан ақын-ұлы Абай. Ақын шығармалары
жастарды тәрбиелеудің көрінісі іспетті
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертеңгіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін
Ақын атану, өлең жазу-ермек немесе «ертеңгі термек» еместігін, көркем ойлы, өткір тілді, санасында сезімнің жарық сәулесі бар жастарға үлгі ретінде ұсынып отырғанын көреміз.
«Ата бабаға сыншыл», «Адам болар ұлының арқа-басы кең келер,ана болар қызыңның ақыл есі тең келер» демекші жас ұрпақ тәрбиесінде халқымыздың ерекше қасиеті- отбасындағы әр баланың өз бойындағы жеке қабіліет- қасиеттерін байқап. Сол қасиеттерін дамытып, шыңдаған.
Осы орайда «Адам болу үшін, адам шартты түрде әдепті болу керек»- деген жазушы Ә.Нұрпейісовтың сөзі көкейге оралады. Сол үшін де қоғамның әрбір азаматы өзін-өзі көпшілік алдында жақсы, ұнамды жағынан көрсете білуге ұмтылып, оны жақсылыкка, әдептілікке, адамгершілікке асыл қасиеттеріне баулу екенін білсе ісіміздің жемісті болғаны, болашағымызға өнімді болғанымыз. Себебі, адам әдебімен көрнекті. Отбасындағы жас ұрпақтың түлғалық қасеттерінің қалыптасуына ата-ананың, отбасы мүшелерінің қарым-қатынасындағы мейірімділік пен махаббат қажет.
Адамзат ақыл ойының бәйтерегі ұлы Абай «Махабатсыз дүние бос» деп тегіннен-тегін айтпаса керек-ті. Бар әлемді құдіретті сезімнің шуағына бөлеген жүректердің дүрсілі елге, жерге, отанға деген сезімдерден бастау алады,сондықтан да «Екі отан жоқ, жалғыз отан тірегің» деп, ағымыздан жараламыз. Әр отбасы болашақ ұрпағына отанды сүю отбасынын басталатынын ескертіл, елге деген сүйіспеншілігін арттырса, жастардың бойында отаншылдық сезімдері оянып, ұлтжанды болып өседі.
Махаббат адамды ізгілікке, сыйластыққа, сенімге, ұлылыққа жетелейді. Адам баласы бір-біріне махаббатпен, құрметпен қарағандағана мына әлем нұрға, шуаққа толы болмақ. Өйткені «Отан-біздің анамыз». Сол ана отанның асыл перзенті болу үшін, ең алдымен отанымыздың ұланы болып, биік мұрат жолында жалықпай ізденіп, отанымыздың білімді-білікті азаматтарының қатарын көбейтейік. Даналықтың мектебі болған ата-бабаларымыз: «Адамның басшысы-ақал, шолушысы-ой, жетекшісі-талап, қорғаушысы-сабыр, сынаушысы-халық, таусылмайтыны арман. Ең қымбаттысы-ар сақтау, бәрінен де ардақтысы-өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі-сыйластық», Төле би-деген екен. Шындығында да, отбасы берік болуының негізгі қағидасы адам бойындағы осы қасиеттерге негізделсе керек. Әрбір адам бақытты отбасын құруға талаптанса, ең мықты қорғаушысы-сабырды серік етіп, арын-бәрінен де қымбат санаса және ең бастысы өмірін ардақтап, оны сыйластықтың бал –шырынымен сусындатса-міне бұл отбасы бақытының кілті болар еді. Ал бақытты отбасы болашақта ұлы тұлғаларды дүниеге әкеуге міндетті.
Рухани-адамгершілік тәрбие берудің мақсаты «жақсылыққа- жақсылық» дегендей өз ұрпағына ізгі ұлттық тәрбие, ел-жұрт алдында сенімді ақтай білетін азататтарды тәрбиелеу.
«Ақылың болса ақылға ер, Ақылың болса, нақылға ер» деп қазақ атам бекер айтпаған болар. «Атадан жақсы ұл туса, елінің қамын жейді, атадан жаман ұл туса, елдің малын жейді» – деген. Ендеше ата-бабаның даналық сөзін әбден меңгеріп, киелі түйінін, қасиетті дәстүрді әрі қарай жалғастыру басты мақсаттардың бірі.
Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың ұлы мұратымызға бағдарланған «Қазақстан-2030» стратегиясы осы болашақ ұрпақ тәрбиесі, болашақты жасайтын азаматтарды сол ғасырға лайықты тәрбиелеу. Ата-анадан мұра болып келе жатқан ізгі адамгершілік, отансүйгіштік әлемдік деңгейдегі білімді игеру тәрбиенің тұнық таза суымен сусындатуды талап етеді, яғни егеменді елдің болашағын тәрбиелеу деп білген жөн .
Сара Алпысқызының бастауымен дүниеге келген «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасы адамның өзін-өзі тануына,өзінің адами кейпін өзгертпеуге,адамгершілігін әрқашан адам қалпын сақтауға,өзін-өзі жетілдіруге, адамға тумысынан берілген жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығаруға, рухани-адамгершілік қасиеттерін ашуға,ойы, сөзі, ісі бір адамның үйлесімінде болып өмір сүруіне, қоғамда риясыз қызмет етуде, өзін толықтай танып білуіне,өмірдегі өзінің орнын ұғынуға көмектеседі. Рухани-адамгершілік білім берудегі дұрыс әрекетке үйретудің мақсаты-рухани-адамгершілік құндылықтарға бағытталған,ойы, сөзі, ісі бір жерден шығатын, жетілген мінезі бар адамды қалыптастыру. Яғни, рухани-адамгершілік қасиеттерін дұрыс әрекет құндылығы арқылы сіңіре білуіміз қажет. Рухани-адамгершілік сана-сезімі оянған адам ғана мәңгі құндылықтарды уақытша құндылықтардан, шынайылықты жалғандықтан ажыратып, бақытты болып, өзгелерді бақытты ете алады.
Өз болашағын үлкен жауапкершілікпен тәрбиелеген адам ғана бақытқа жол ашады. Сондай-ақ «Құсты самғататын қанат, Адамды самғататын-талант» дегендей адамның жеке басының алға ұмтылғаны нағыз жемісті қадам болмақ.
Сөз соңында айтарым ең бастысы өзіңе деген махаббатты менмендікпен шатастырып алуға болмайды. Барлық іс-әрекет тіршілікпен негізделсе, демек адам өзін адам ретінде сезіну үшін де өзіңе деген сый-құрмет пен махаббат болуы керек.
Қорыта келгенде тәрбие отбасынан бастау алады. Болашақ ұрпақты адамгершілігі мол, инабатты, мейірімді, ізгілік қасиеттерді бойына сіңірген, өз ұлтын, халқын сүйетін азамат етіп тәрбиелеу. Отбасы-адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрып, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдылық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
2030 жылғы жолдауы Н.Ә.Назарбаев
-
Тәрбие үрдісінің ерекшеліктері оқытушыларға көмекші құрал.
-
Қызықты психология журналы № 3, 4 2013 ж. № 3 2016 ж.
-
Өзін-өзі тану KZ журналы №3 2016 ж.
-
Абай Аудармалар мен қара сөздер – Алматы Жазушы-1996
-
Н.Ә. Назарбаев 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жолдауы