Материалдар / Отбасы мен мектеп –өнегелі ұрпақ тәрбиелеуде зор табысқа жеткізер сенімді одақ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Отбасы мен мектеп –өнегелі ұрпақ тәрбиелеуде зор табысқа жеткізер сенімді одақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпы дамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Наурыз 2018
524
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Айтбай Г.Б әлеуметтік педагог №68 МИББ кешені, Қарағанды қаласы

Отбасы мен мектеп –өнегелі ұрпақ тәрбиелеуде зор табысқа жеткізер сенімді одақ Отбасы мен мектеп, ұстаз бен ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас жайлы мәселе –қашанда өзектілігін жоймайтын мәселе болып қала бермек. Ұстаз бен ата-ана бірікпей қоғамның саналы ұрпақ тәрбиелеуде жетістіктерге жете алмасы белгілі. Қазіргідей жан – жақтан технологиялық ақпараттар жаулаған заманда ұрпақ тәрбиесін мектеп пен мұғалімге жұктеп қойып бейқам жүрудің ертеңі өкінішке апарып соқтырмасына кім кепіл? «Отан –отбасынан басталады» дейді дана халқымыз. Отбасынан басталатын осынау тәрбие отанымыздың да игілігі үшін екенін әрбір ата-ана ұмытпай, жадында сақтаса игі. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 2017-2018 оқу жылындағы тәрбие жұмысының басты ерекшелігі Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың басымдықты идеяларын оқушылар арасында кеңінен насихаттау болып табылады.Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпы дамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау. Жалпы адамзаттық, мәдениетаралық білімдері мен сыни ойлау, зерттеушілік дағдылары дамыған, отансүйгіш тұлға. Өзінің даму барысында, өмір бойы оқуға қабілетті, жоғары адамгершілік құндылықтары бар, жоғары білімді, зияткерлік жеке тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған мектеп қауымдастығын құру. Қазақстандық патриотизмді әр оқушының бойына өмірлік принциптері ретінде қалыптасады. Мектеп –өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі ролі өте зор. Мектеп еш уақытта отбасынан, қоғамнан бөлінген емес. Сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен тығыз байланысты. Міне, мектептің үлкен тәрбиелік қызметі осында. Ал, бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы –отбасы. «Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелілігінің бір ұшы ата-аналармен , қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде еш уақытта күмән туғызбайды. Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы ата-ана. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы ата-анасы. Отбасы мектеппен бірлесіп оқу- тәрбие үрдісінің не табысты, не табыссыз болуын анықтайтын тәрбиелеуші ортаның факторларының маңызды кешенін қалыптастырады » атап көрсетілгеніне қарап, отбасы –оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы екенін түсінуміз қажет. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекші негізгі рөл атқарады. Бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы ынтымақтастыққа негізделеді. Ал бұл ынтымақтастың орнауы әрине, сынып жетекшісіне байланысты. Жалпы білім беретін мектептегі сынып жетекшісі –сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырумен, үйлестірумен және өткізумен айналысады, сонымен қатар ата-аналармен жасалатын жұмысты да осы педагог атқарды. К.Қожахметова өз еңбегінде: «Халық даналығының ережелері, адамның әрекеттері мен қызметтерін оның мәртебесіне сәйкес: ата, әже, әке,ана, ұл, қыз, күйеу бал, келін деп реттеп қана қоймайды, сонымен» бірге халық даналығының өсиеттерінде, әрбір рөльдің қызметі мен терең идеялық мағынасы сақталады»-деп тап көрсеткен иә, шынымен де отбасындағы осы әрбір рөлдің қызметі мен маңызы зор. Бала тәрбиесі үшін әрқайсысының қатысы ерекше. Осы мәселелерді саналы меңгерген ұстаздар қауымы ған, халық даналығының ережелерін білетін мұғалім ғана ұрпақ тәрбиелеуде, ата-анамен жұмыс жасауды жетістіктерге жетері сөзсіз. Ғалым Ж.Әбиев өзінің «Педагогика» атты еңбегінде «Отбасылық өмір байланыстары жан-жақтылығымен сипатталады. Олар-әлеуметтік, биологиялық, шаруашылық-экономикалық, адамгершілік және психологиялық қатынастар. Отбасы қоғамға және адамға қатысты маңызды қоғамдық қызметтер атқарады» -дей келе негізгі қызметтерін атап көрсетеді: -ұрпақтар алмасуын қамтамасыз ететін бала туу, өсіру қызметі; - білім, дағдды, шеберлік, рухани құндылықтарды кейінгі ұрпаққа жеткізетін тәрбиелік қызмет; - өндірістік-шаруашылық қызметі; -отбасының жұмыстан, оқудан бос уақытын ұйымдастыру қызметі». Демек, осы қызметтерін ескере отырып ұстаздар әрі қарай осы қызмет түрлерін мейлінше жетілуіне үлес қоса отырып жұмыс жасау керек. Тәрбие жұмысы нәтижелі болуы үшін сынып жетекшісі отбасымен, яғни ата-анамен бірлесе отырып жұмыс жүргізуі қажет. Отбасымен жұмыс жұргізбесе бұрын оның жалпы тәрбиелік деңгейін анықтап, отбасына педагогикалық – психологиялық зерттеу жүргізген дұрыс. С.Губашеваның «Тәрбие жұмысының әдістемесі» атты оқу-құралында осы мәселеге кеңінен тоқталады да отбасылардың деңгейлеріне байланысты 5 топқа бөледі: «1.Отбасында адамгершілік қарым-қатынас деңгейі жоғары. Жағымды моральдық ахуал қалыптасқан, балаларға өз қабілеттерін дамытуға мүмкіндік жасалған. 2.Отбасында жағымды қарым-қатынас қалыптасқан, бірақ бала тәрбиесінде қателіктер жібереді, балаға шексіз қамқорлық нәтижесінде өзімшілдік қасиеттер қалыптасқан, олар мұғалімнің үнемі өзіне ғана зейін аударуын талап етеді. 3. Қарама-қайшылықты отбасылар. Мұндай жағдайда ата-аналар балалармен ісі болмайды. 4. «Сырттай дұрыс» отбасы, бірақ нағыз адамгершілік бағалықтар, үлкен-кіші арасында сыйластық сезімдері жоқ. 5. «Қиын» отбасылар оларға дөрекілік, ұрыс-керіс тән» Отбасын зерттеу бір жағынан дәстүрлі, бір жағынан өте күрделі, себебі құрамы әртүрлі. Отбасымен жұмыс жүргізуде бір әдісті қолдануға болмайды. Себебі, отбасы мүшелерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Сынып жетекші ата-аналарды өзіне көмекші, кеңесшіге айналдыруы, яғни ынтымақтаса жұмыс жүргізу қажет. Ал сол ынтымақтастықтың бір шарты, мектеп пен отбасы байланысының басты формасы - ата-аналар жиналысы. Қазіргі таңда педагогқа оқушының ата-анасының тіл табысу қиындап келеді. Көптеген отбасыларда бала тәрбиесінде пайда болған мәселелерді мұғаліммен талқылау дұрыс деп саналмайды. Әр түрлі әлеуметтік зерттеулер қандай болмасын ақпарат берсе де, кей кезде оқушы ата-анасымен жүргізілетін жұмыс тиімді болу үшін педагогтар мүмкін емес нәрсені де жасайды. Балалар тәрбиесі сәтті және баланың тұлғалық қасиеттерінің жақсаруына көмектесу үшін мұғалім мен отбасы қарым-қатынасы қандай негізде құрылуы керк деген сұраққа В.А. Сухомлинский былай жауап берген екен: «Ата – аналарды мүмкіндігіншеибалалардыңитәрбиесіне байланысты шақыру». Осы мәселені де естен шығармаған дұры деп есептейміз. Қорыта айтқанда, жанұялық жақсы дәстүр қалыптастыру – ата-ананың бала тәрбиесіндегі басты мақсаты. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін ата-аналар мен ұстаздар арасындағы ынтымақты жұмыста мына мәселелер басты орынға қойылуы тиіс деп есептейміз: біріншіден, тәрбие басы, оның тамаша мектебі – отбасы екендігін үнемі есте сақтай отырып, ата-аналармен үнемі тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасау. Баланың бойындағы игі қасиеттерді, талант көзін ашуға қажетті басты шарт осы болмақ. Екіншіден, бала тәрбиесіне жанашырлықпен қарайтын, сыныптың, мектептің өміріне белсене қатысатын ата-аналарды сынып жетекшілері, мектеп әкімшілігі жыл қортытындысы бойынша марапаттан, ата-аналар алдында насихаттап отыру керек. Үшіншіден, жалпы адамзаттық қоғамның дамуы үшін қазіргі кездегі ең үлкен фактор – ол білімді азаматтарды көбейту. Сондықтан да жаһандану дәуірінде еліміздің болашағы осы біліммен қаруланған білімді ұрпақтың қолында. Ол болашақ – бүгінгі тәрбиелеп отрыған балалар. Нәтижелі білімге жету үшін алдымен балаға жақсы тәрбие берілуі керек. Осы орайда М. Әуезовтың «Тәрбиесіз берілген білі-адамзаттың хас жауы» деген сөздері еріксіз еске түседі. Қарап тұрсаңыз отбасы мен мектеп бір-бірінен бөлек алып қарауға келмейтін егіз ұғым секілді. Ол саналы ұрпақ тәрбиелеуде зор жетістікке жеткізетін берік одақ.Осы екі одақ бірлесіп, ынтымақтасқанда ғана күрмеуі қиын талай мәселелердің түйіні шешілетіні анық. Бұл орайда екі жақты қарым – қарытнастардың нығаюына ұйытқы болатын жандар – ұстаздардың атқарар рөлі орасан зор. Себебі мұғалім – шәкірт тәрбиелеуші ғана емес, ұлтының, халқының, кемеліне келіп толысуына, рухани өсуіне, әдеби – мәдени дамуына басты жасаушы негізгі тірек.















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!