Материалдар / Отбасы. қауіпсіздік сабағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Отбасы. қауіпсіздік сабағы

Материал туралы қысқаша түсінік
отбасы\қауіпсіздік сабағы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қырқүйек 2024
228
1 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп


Күні: 09.09


Сынып: 7

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Отбасындағы сыйластық


Сабақ мақсаттары:

Оқушыларға отбасындағы жарастық туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құнды сезім екенін мәнін ұғындыру;

Құндылықтарды дарыту

Дәйек сөз

Жанұямқорғаным, ата анам тірегім

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Дерек

көздер/ ресурс

тар


Ұйымдастыру







Мұғалім оқушылармен амандасады. Сабаққа дайындықтарын тексереді.

Топқа бөлінеді.


Ойланайық пікірлесейік;

Отбасы жарастығы дегеніміз не?

Бақытты отбасы қандай болады?

Тату отбасында қандай қасиеттер болады?


Оқушылар амандасып орындарына жайғасады.



Сабақтың басы

20 минут
























































Адамға өмірде ең қымбаты отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, татулық, сыйластық болғанда бірлік болады.

Бір бірін аялап, түсіністік танытып, кешіре білсе отбасы берік болады. Отбасында бір бірімізді жақсы көре білсек, бір бірімізден ешнәрсе жасырмасақ ең тату тәтті отбасы боламыз.

Отбасы татулығы.

Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті.Отбасындағы адамдар саны өте көп екен,бір қауым ел болып,бірге тұрыпты.Ол отбасы ерекше екен,отбасының өзара келісімде,татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады.Оларда ұрыс-керіс,дау-жанжал деген атымен болмайды екен.Бұл отбасы жайлы патшаның құлағынада жетеді.Патша естігенінің ақ-қарасын анықтау үшін ауылға келеді.Ауылда тап-таза,барлығы да жеткілікті,тыныштық пен береке қонған.Патшаның көңілі толып,ерекше бір шаттыққа бөленеді.Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде,уайым-қайғысыз,балалары бақытты,мәз-мейрам екен.Бұған патша таң-тамаша болды.Отбасының қалайша бақытты,тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келді.Ол ауыл ақсақалына келіп,отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінді.Қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік», жүз рет «кешірім», жүз рет «бірлік» деп қағазға мұқият жазып берді.Үш сөзді оқып патша таң қалып осы –ақ па?

-Иә деді ақсақал.Барлық жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құралады,-деді де,сәл ойланып, «және шыдамдылық» деген сөзді қосып қойды.


.Неліктен патшаны ұйымшыл отбасы қызықтырды?

2.Отбасының сыйластығына қалай қол жеткізуге болады?

3.Отбасының татулығын ұстап тұрған ұстап тұрған нендей қасиеттер екен?

4.Сіздер өздерінің сүйіспеншіліктеріңді қалай білдіріп жүрсіңдер?







Мұғалімнің түсіндіргенін ұйып тыңдайды.


Сұрақтарға өз ойларын айтады.










































































































Сабақтың ортасы

15 мин

Плакатпен жұмыс.

Оқушыларға отбасындағы әр отбасы мүшелеріне А3 форматқа сипаттама жазу тапсырмасы беріледі, әр топ өзінің плакатын қорғайды.

Мен үшін ананың қымбат.....алақаны, жылы сөздері, жүрегі.

Мен үшін әке........асқар тау, отбасының тірегі, қамқоршысы.

Бала...... ұрпақ жалғастырушы, асыраушы, үміті. Мен үшін ата әже.....еркелетеді, ардақты кісілер.

Шығармашылық жұмыс. Топтық жұмыс. Енді балалар бүгінгі сабағымыздан өзімізге қандай ой түйдік, отбасы құндылығы туралы не білдік айдарымен топтық жұмыс орындаймыз.

1 топ. Отбасы коллажы. Берілген суреттер арқылы отбасына байланысты мақал мәтел құрастырып, отбасы коллажын жасау.

2 топ. Жағдаяттарды талдау. Саят өз ата анасын басқа балалардың ата аналарымен көп салыстырады. Кейде Саятқа өз ата анасы басқалардікіндей емес сияқты болып, оларға ренішпен қарайтын болды.Саяттың іс әрекеті дұрыс па? Саятқа қандай ақыл кеңес бересіңдер?






















1 топ. Отбасы коллажы. Берілген суреттер арқылы отбасына байланысты мақал мәтел құрастырып, отбасы коллажын жасау.

2 топ. Жағдаяттарды талдау.



Плакат, сурет кесіндіері


Сабақтың соңы

10 минут

«Жеке қауіпсіздік» тақырыбындағы сабақ.

Жол белгілері – көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүрушіге маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер.

Жол белгілерінің бекітілген суреті мен техникалық сипаттамалары «Жол белгілері мен сигналдары туралы» Конвенция (Вена1968) мен осы Конвенцияны толықтыратын Еуропа елдері келісімі (Женева1971) талаптарына сәйкес жасалады. 1998 жылға дейін Қазақстанда 1987 жылы КСРО-да қабылданған жолда жүру ережелері қолданылды. 1998 жылдан республикада жолда жүрудің жаңа Ережелері қабылданған. Осы ережелерге сай жол белгілері мемлекеттік стандарттар негізінде анықталады. Бұл стандарттар бойынша, жол белгілері 7 топқа бөлінеді:

  1. ескерту белгілері

  2. басымдылық белгілері

  3. тыйым салу белгілері

  4. міндеттеу белгілері

  5. ақпараттық-көрсеткіш белгілері

  6. қызмет көрсету белгілері

  7. Қосымша тақтайшалар.

  • Ескерту белгілері жолдың қауіпті бөлігінің жақындағанын хабарлайды. Ол айналасы қызыл жолақпен көмкерілген ақ түсті тең қабырғалы үшбұрыш түрінде жасалып, ортасына қауіп түрін айқындайтын шартты белгілер салынады.

Басымдылық белгілері көше қиылыстарын, жолдың жіңішкерген бөлігін, кесіп өту кезектілігін белгілейді. Олар пішіндері мен түстері әр түрлі 9 жол белгілерінен тұрады.

  • Тыйым салу белгілері жолдағы көлік қозғалысына белгілі бір шектеулер енгізеді немесе бұрын қойылған шектеулердің күшін жояды. Олардың пішіні дөңгелек болады, шеті қызыл жолақпен көмкеріліп, ақ түсті ортасында тыйым салатын шартты белгілер көрсетіледі.

  • Міндеттеу белгілері бір бағытта немесе көліктің белгілі бір түріне ғана жүруге рұқсат етілетіндігін көрсетеді. Солға бұрылуға рұқсат ететін белгілер кері бұрылуға да рұқсат береді. Жиегі ақ жолақпен көмкерілген көк түсті, пішіні дөңгелек не тік төртбұрыш болып келетін 18 белгіден тұрады.

  • Ақпараттық-көрсеткіш белгілер қозғалыстың белгілі бір режимдерін енгізеді немесе күшін жояды, сондай-ақ елді мекендер мен басқа да нысандардың орналасуы туралы хабарлайды. Олардың өлшемдері, пішіндері мен түстері әр түрлі болып келеді. Қызмет көрсету белгілері жол бойында және жолдан әр түрлі қашықтықта орналасқан қызмет көрсету нысандары туралы ақпарат береді. Пішіндері тік төртбұрыш болып жасалып, жиектері қалың көк жолақпен көмкеріледі, ақ түсті ортасында нысандар туралы шартты белгілер көрсетіледі. Олардың жалпы саны – 12.

  • Қосымша ақпараттық белгілер (тақташалар) бірге қолданылатын жол белгілеріне қосымша ақпарат беруге арналған. Негізінен түсі ақ, төртбұрыш кестешелер түрінде жасалып, ортасына қосымша ақпараттардың шартты белгілері келтіріледі. Жол белгілері жолдың (жүріс бағыты бойынша) оң жағына биіктеу бағанаға немесе жолдың үстіне биіктетіп орналастырылады. Олар 100 м қашықтықтан анық көрінетіндей болып жарықтандырылады. Жол белгілері мемлекеттік автомобиль инспекциясының келісімімен орнатылады[1]


Әке асқар тауымыз әр уақытта биіктен көрінсе, ағып жатқан бұлақ сарқылмайтын қазына болса, сол бұлақтың жағасында әр кезде жап-жасыл құрақтар өсіп тұрса, табиғатымыз отбасымыз, әсем болмай ма? Сыйластық пен мейірімділік орын алған отбасы ешқашанда шайқалмайды. Болашақ Қазақстанның әрбір отбасы тату болса, еліміз де тату болады.










Фотосуреттер













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!