Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Отбасы құндылығы-асыл қазына
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Отбасы құндылығы
Бала – ұлт болашағы. Олай болса бала тәрбиесіне қырандай қарау керек. Ешкімде де ұлттық салт – санадан тыс өмір сүре алмайды. Ата – ана парызы – баланы ұлт тірегі мен талабына сай тәрбиелеу.
Халқымызда тәрбиеге қатысты көптеген дана пікірлер бар. Соның бірі: “Ұлыңа беске дейін патшадай қара, он бес жасқа дейін қосшыдай сана, он бес жастан асқан соң досыңдай бағала.” Мұндай, баланың жасына сай рухани қарым - қатынаста болудың өсиеті қандай тамаша айтылған.
Отбасымызда өсіп, ержетіп келе жатқан балаға адамгершілікке негізделген жағдайда өмір сүруге мүмкіндік жасалуы керек. “Ойсыз думан жас адамды қор етер”, “Өскің келсе, өзімшіл болма” деген сөздер әрбір жастың жадында болуы шарт.
Бала тәрбиесіне тек мектеп мұғалімдері емес, ең алдымен мемлекетіміздің болашағына бей-жай қарай алмайтын әрбір ата – ана жауапты.Осыған орай мынандай жұмыстарды жүзеге асырып,практикадан өткіздік.Әр түрлі іс-шаралар арқылы ата-анамен мектептің байланысын күшейте отырып қоғамның байлығы- саналы ұрпақ тәрбиелеуде сынып сағаттарымен тәрбие жұмыстарын жандандырдық.
Сынып жетекші қызметі:
1-қызметі: Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдесіне түрлі әрекеттер арқылы тарту.
* Балалар мен ата-аналардың шығармашылық күні
* Ашық сыныптар мен сыныптан тыс іс-шаралар
* Ата-аналардың мектеп кеңесі жұмысына қатысуы
Мектеп пен сыныптың материалдық-техникалық базасын күшейтуге және сыныптан тыс
іс-шаралар ұйымдастыруға көмек көрсету.
2-қызметі: ата-аналармен педагогикалық –психологиялық ағарту жұмысын ұйымдастыру
Тәрбиенің жекелеген мәселелері бойынша ата-аналарға мектептік,сыныптық конференциялар ұйымдастыру
* Психологиялық,педагогикалық,медициналық заң туралы кеңестер
* Тренингтер
қызығушылықтары негізінде ( қабілетті балалар,қиын балалар,түрлі үйірмелерге қатысатын балалар т.б)
ата-аналар лекторийлері
3-қызметі: Ата-аналарды балаларды бірлескен әрекетке тарту
Оның формалары:
* Сынып жетекшісі ұйымдастырған барлық әрекетке қатысу ( саяхат,сеңбіліктер, жөндеу жұмыстары т.б)
Жалпы мектептік дәстүрлі іс-шараларды ұйымдастыруға ата-аналарды қалыптастыру (түлектер кеші,
ардагерлермен кездесу)
* Оқырмандар конференциясы
* Отбасылық ойын байқаулары
Республика және оның шегінен тыс алыс жорықтарға шығуды немесе дайындалуды
ата-аналармен бірге жүргізу
4-қызметі: Жекелеген оқушылардың отбасындағы тәрбиеге түзету жұмыстарын жүргізу.
*Тәрбие саласына байланысты психологиялық-педагогикалық кеңестер мен көмектер беру
* «Қиын» және « қатерлі топ» балаларына көңіл бөлу
*Отбасында жиі кикілжің нәтижесінде психологиялық ахуалы ауыр және қиын бала өсіп келе жатқан отбасына көңіл бөлу
5-қызметі: Ата-аналар белсенділері мен ата-аналардың қоғамдық ұйымдарымен өзара әрекет ету
Ата-аналармен жұмыс
ұйымдастырудың дәстүрлі түрлері:
-Ата-аналар жиналысы.
-Жалпы сыныптың және мектепшілік конференция.
-Сынып жетекшісінің қосымша жұмысы.
-Отбасымен танысу.
Ата-ана жиналысын өткізудегі міндеті:
-
Ата-ана жиналысы, баланың қателігін, оқудағы сәтсіздіктерден жариялау емес, ата-анаға нұсқау беру.
-
Ата-ана жиналысының тақырыбы баланың жас ерекшелігіне сәйкес болуы шарт.
-
Жиналыс теориялық сонымен қатар практика түрінде өтуі қажет.
Жиналыс өту барысында оқушының жеке басына кінә тағылмау керек.
Сынып жетекшінің ата-аналар
жиналысын ұйымдастырудағы жеке жоспары:
• Бала денсаулығына байланысты.
• Бала қызығушылығы, шығармашылығы.
• Жанұямен қарым қатынасы.
• Тәртібі.
• Мінез ерекшелігі.
• Оқу үлгерімі.
• Жанұядағы моральды құндылығы.
Ата-анамен жұмыс жасаудағы
дәстүрлі емес формалар:
• тақырыптық қосымшалар
• ата-аналар әдебиеті.
• ата-аналар кештері.
Ата-ана мен бала арасындағы
қарым-қатынас элементтері.
Атақты педогог және
психолог Симон
Соловейчик, баланы үлкендер өміріне
дайындау жайлы ережелерді, ата-аналарға таныстыру:
• Біреудікін тартып алма, өзіңдікін берме.
• Сұраса бер, тартып алуға талпынса қорған.
• Ешбір себепсіз соғыспа.
• Ойнауға шақырса бар, шақырмаса ойнауға рұқсат сұра, бұл ұят
емес.
• Әділ ойна, өз досыңды сатпа.
• Біреуді мазалама, сұрақты екі рет қайталама.
• Ескертулерге ренжіме, көкіректі бол.
Ескертулер үшін мұғалімнен
санаспа, ренжіме.
• Біреуге жала жаппа.
• Тазалақты болуға тырыс.
• Жиі айт: дос болайық, ойнайық, бірге үйге барайық.
• Есте сақта! Сен бәрінен жақсысын, ешкімнен кем емессің. Сен
ата-анаң үшін, өзің үшін, мұғалімдерің үшін, достарың үшін ең
жақсысың.
Бұл ережелерде ата-аналар көрінетіндей етіп бала бөлмесіне ілсе,
өте дұрыс. Мұғалімдер ережелердің іске асу, аспауын бақылауға алуы
қажет.
Ата – ана үшін айтарым:
Әр баланың мінез –құлқы, іс - әрекеті, болмыс парасаты әр түрлі,сондықтан бала тәрбиесінде қателіктер жібермес үшін мына қағидаларды еске сақтаңыздар.
Егер бала меншіл болса – жек көруді үйренеді;
Егер бала алакөз ортада өссе – жауығуды үйренеді;
Егербаланы мадақтай берсе – тұйық болып өседі;
Егер баланы жазғыра берсе – жасқаншақ болып өседі;
Егер бала кешірімшіл ортада өссе - өзгелерді түсінуді үйренеді;
Егер баланы орайы келгенде көтермелей қойса - өз күшіне сеніп өседі;
Егер бала адал ортада өссе - әділетті болуды үйренеді;
Қазақ елінің болашағы, қазақтың өз төл таланттарының өсіп жетілуіне байланысты. Сондықтан ата – аналар ешкімге есесін бермейтін жаңа толқын тәрбиелеуге қажет.
Оқушыларға арналған
сұрақтар:
-Күнделікті жаңалықты ата-анаңа айтқан ұнай ма?
-Ата-анаң әр қашан сені соңына дейін тыңдай ма?
-Өз құпияларыңды кіммен көбінесе бөлісесің?
-Анаңмен, әкеңмен, досыңмен?
-Осы жағдайда ата-анаң не деп еркелетеді?
-Жанұяң сенің туған күніңді мейрам ретінде қарай ма?
-Жанұяңда қандай мейрамды ұнатасың?
-Егер сен сиқыршы болсаң, жанұяда нені өзгерткің
келеді?
Ата-аналарға көмек
ретінде:
Талапты бала өсіргіңіз келсе:
• Баланың барлық сұрақтарына шыдамды әрі шын жауап беру.
• Балаға жоспар құруға көмектесу.
• Балаға қызық жерлерді нұсқау.
• Балаға жұмысын жақсартуға көмек көрсету.
• Достарымен араласуға көмектесу, қолдау.
• Балаңа басқалардан жамансың деп айтпау.
• Көңіліне тиер сөздермен ұрыспау.
• Оны қызықтыратын кітаптар алып беру.
• Оған кітап оқып беру.
• Бала кезінен кітап оқуға үйрету.
• Қалауын түсіне білу.
• Баламен жеке араласуға уақыт табу.
• Қолынан келмеген нәрсеге ұрыспау.
• Үлкендермен еркін араласуға үйрету.
ТӘРБИЕ ҚҰНЫДЫҚТАРЫ
Ұлттық мүдде
-Отаншыл, мемелкетшіл және намысшыл
-Мемлекеттік рәміздерді қадірлейді
-Елінің тарихын құрметтейді
-Ұлттық мирасты мәдениетті дәріптейді
-Құқықтық және экологиялық мәдениетті жоғары бағалайды
Ар-ұят
-Ар-ұят,адалдықты жоғары бағалайды
-сөзіне берік,ісіне жауапкершілікпен танытады
-Ата-анасына сүйіспеншілікпен қарайды
-Достарын,сыныптастарын сыйлайды
-Кішіге ізет,үлкенге құрмет көрсетеді
Талап
-Жан мен тән тазалығын сақтайды
-Дұрыс тамақану мәдениетін түсінеді
-Қоршаған орта тазалығын сақтайды
-Ақпараттық медиа және қаржылық сауаттылық
-Ізденімпаз,жасампаз тұлға
Білім беру ұйымының атауы |
«Д.Қонаев атындағы орта мектебі» КММ |
||||
Педагогтің аты-жөні: |
Б.А Сыдыкова |
||||
Сабақтың тақырыбы |
Отбасы құндылығы-асыл қазына |
||||
Күні: |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||
Сабақтың мақсаты |
Жас ұрпақты адамгершілік-рухани дамытуда отбасының тәрбие мүмкіншіліктерін пайдалану арқылы отбасы құндылықтарының рөлін насихаттауға және бекітуге мүмкіншілік ету, отбасылық құндылықтарды бағалай білуге жетелеу |
||||
Сабақтың барысы |
|||||
Сабақ кезеңі/Уақыты |
Педагогтің іс-әрекеті |
Ата-ананың іс-әрекеті |
Ресурстар |
||
Сабақтың басы 2 мин. 5 мин «Ой жинақтау» әдісі. |
Ұйымдастыру кезеңі амандасу, ынтымақтастық атмосферасын орнату «Бір-бірімізге жылулық сыйлайық» Әр қатысушыға құндылықтарға негізделген жүрекше беріледі.Сол берілген сөздер бойынша 3 топқа бөлінеді https://www.classtools.net платформасымен топқа бөлінеді Топқа бөлу 1-топ 2-топ 3 топ Ой қозғау: «Суреттер сыр шертеді» |
Ата-аналар мен оқушылар ұйымдастыру кезеңі бойынша амандасып, топтарға бөлінеді
Берілген суреттерді байланыстырады. Бұл әдіс сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді. |
https://www.classtools.net/random-group-generator/202301_5hCaGT |
||
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу. Жеке жұмыс. 12 мин. |
Білім дағдысы: Білу (W) Отбасылық құндылықтар дегеніміз- бір-бірін сүйіп қосылған жанұялардың отбасын сақтау үшін қолданатын ежелден келе жатқан салт-дәстүрі. Әрбір отбасының өз құндылықтары болады. «Тарсия» әдісі Мақал-мәтелдерді құрастыру
«Мінсіз емес»
ситуациялық жағдай -https://learningapps.org платформасы арқылы отбасы құндылықтарын төрт топқа бөліп топтастырады |
Отбасы құндылығына туыстық қарым-қатынастар,салт-дәстүр,әдет-ғұрыптарды сондай-ақ туыстық ұғым жөнінде ойларын ортаға салады
Бұл аңызда қандай мағына
жасырылған! «Галереяны шарлау»әдісі бойынша әр топ тапсырманы постерге түсіріп, қорғайды. Нәтижесінде қай топтың жұмысы ұтымды болды сол топқа «екі жұлдыз,бір тілек» беріледі |
ДЭ Презентаци Қосымша 1 https://learningapps.org/create?new=86&from=peetzhk8522#preview |
||
Жеке жұмыс. 9 мин. |
Белсенді оқыту: «Толық адам» «Толық адам» моделін жасау «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден ерек», – дегенде, Абай толық адам хақында ұстанған көзқарасына сай сипаттарды атайды. Осы үш ұғымнан туындайтын әділет, рахым, мейірім, ар-ұят, талап, еңбек, өнер сияқты қасиеттерге ерекше мән береді. Абай адамгершілікті, әділеттілікті ең негізгі моральдық принциптерін поэзиялық туындыларында да, қарасөздерінде үнемі атап көрсетіп отырады. Ғылым-білімді уағыздаған ағартушы ақын ақылды, білімді аса жоғары бағалайды. Не нәрсеге болсын ақыл – таразы, дүниенің сырын танып білуде ақылдың мүмкіндігі шексіз мол деп санайды. Абайдың ұлылығы-«Толық адам» тәрбиелеу үшін алдымен Толық қоғамның, ал Толық қоғам орнату үшін Толық ілім жасаудың қажеттігін білгендігінде. Сондықтан да ол - өзінің саналы ғұмырындаТолық адам жасаумен айналысқан. |
«Толық адам» моделін жасайды Біздің, келер ұрпақтың қамын ойлаған ұлы Абай философиясында "Толық адам" ілімі көп кездеседі. Себебі өз өмірін "Толық адам" жасаумен өткізген уақытының барлығы да бүгінгі бізге және бізден кейінгі ұрпаққа арналғандығын айтып өтеді.Яғни, мұндағы Толық адам деп отырғанымыз - адамгершілік, имандылық, ізгілік екендігін айтады. |
ДК экраны презентация |
||
Сабақтың соңы. Рефлексия |
«Попс» әдісі |
Өз ойын қорытындылау, сабақты бекіту. |
ДК экраны ДМ. Қосымша 3 |