Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Отбасы құқығы негіздері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Күні:
Тақырыбы:Отбасы құқығы негіздері.
Сабақтың мақсаты:
-
Оқушыларға отбасы құқық негіздері мәліметтері мен таныстыру;
-
Білімдерін дамыту, ой өрістерін кеңейту;
-
Құқық пәнініне қызығушылықтарың ояту.Мемлекеттің заңдарына құрметпен қарауға, орындауға; отбасыны, туыстық қатынастарды құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас
Сабақ жабдығы: интерактивті тақта.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II.Үй тапсырмасын тексеру:
1. Ауызша тапсырмалар.
2.Үйге берілетің сұрақтар.
3. Өздік тапсырма орындау.
4.Қорытынды ой айтқызу.
III. Жаңа материалды оқыту:
Лекция жоспары:
-
Отбасы ұғымы.
-
Отбасылық қатынастар ұғымы.
-
Туыстық және туысқандардың түрлері.
-
Отбасының түрлері.
-
Толық және толық емес отбасы.
-
Отбасын қорғау.
IV.Бекіту:
-
Отбасы және отбасылық қатынастар ұғымын беріңдер.
-
Отбасының қандай түрлерін білесіңдер?
-
Туыстық түрлерін атаңдар.
-
Отбасылық қатынастарды қорғау формаларын атаңдар.
V.Қорытынды: Қорытынды шығару, бағалау.
VI. Үй тапсырмасы:Неке ұғымына жауап беру.
Тақырыбы:Отбасы құқығы негіздері.
Отбасы ұғымы.
Зандық мағынасында отбасы дегеніміз бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбилеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен, дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүлікке қатысты емес жекебастың құқықтарымен байланысқан адамдар тобы.
Халықаралық жеке құқықтағы отбасы катынастарын реттейтін нормалар қатарына Балалар құкықтарын қорғау және халықаралық бала(қыз) асырап алу туралы 1993 жылғы 29 мамырдағы халықаралық Конвенция, Адам құқықтары туралы Жалпыға бірдей Декларация, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құкықтарды қорғау туралы Халықаралық пакт, Азаматтық, отбасылық және кылмыстық істер бойынша кұқық-тықкатынастар және кұқықтық көмек туралы 1993 жылғы 1 кантардағы Минск конвенциясы, Қазақстан Республикасы заңымен 1999 жылғы 30 желтоксанда ратификацияланған Шет елден алимент өндіріп алу туралы 1962 жылғы 5 қыркұйектегі Конвенция, Балаларды қорғау және жет елдегі бала (қыз) асырап алу қатынастары жөніндегі кызметтестік туралы 1993 жылғы Конвенция, Некеге тұруға келісім беру, неке жасы және некеге тіркеу туралы 1966 жылғы халықаралық Конвенция, сонымен бірге, 1966 жылғы азаматтық және саяси құқықтар туралы пактінің факультативті протоколы, Бала құқығы туралы 1959 жылғы халықаралық Декларация, Біріккен Ұлттар Ұйымының 1959 жылш балалар құқығы туралы Конвенциясы, балаларды халықаралық ұрлау және азаматтық туралы Конвенциялар жатады. Казакстан осыңдай көптеген конвенцияларды мойындап, осы бағыттағы халықаралық ұйымдарға мүше болып табылады.
Отбасылық қатынастар ұғымы.
Отбасы — қоғамның ең басты ұясы. Сондықтан, мемлекет оған ерекше қамқорлықпен қарайды, мүмкіндігіне қарай көмектеседі, кім-кімнің болсын сырттан заңсыз араласуына жол бермейді және корғайды. Әрине некеге отырған, отау тіккен адамдарға мемлекет те белгілі бір талаптар кояды. Тек осындай талаптар орындалған жағдайда ғана, мемлекет неке, отбасына қамқорлық жасау туралы міндеттемелер қабылдайды. Мұндай талаптар кездейсоқ емес, олар азаматтардың кемелденуіне және қоғамның мүдделеріне байланысты туындайды. Сондықтан, отау тігу үшін занда көзделген шарттарды сақтау кажет. Отбасы құқығы бойынша неке — бұл ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке катынастарды туғызатын, отбасы құру мақсатымен, занда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалатын еркек пен әйел арасындағы тең құқықты одак.
Отбасы кұқығының материалдық-құкықтық нормалары түрлі мемлекеттерде үлкен алуандылықпен козге түседі, ал бұл өз кезегінде бұл саладағы шетел қатысуымен болған кұқықтық қатынастарда коллизиялардын пайда болуына алып келеді. Экономикалық кұрылымның ерекшеліктерімен қатар отбасы катынастарын реттеуге, сонымен қатар, ұлттық, тұрмыстық, діни ерекшеліктер мен салт-дәстүр эсер етеді.
Отбасы және неке мәселесі коллизиялық сауалдардың ішіңдегі ең күрделісі десе де болады. Некеге тұрушылардың екеуінің екі мемлекетте болуы, олардың некелеріндегі жастарының айырмашылығы, яғни әрекет кабілеттігі, сонымен катар, некенің қай уақытта тоқтатылатындығы туралы мәселелер де шешілуі қиын мәселелердің бірі болып табылады.
Туыстық және туысқандардың түрлері.
Отбасылық құқық тек шартты түрде ғана отбасылық деп атауға болатын өзге де қатынастарды реттейді. Мәселен, немерелері мен әжелерінің арасындығы қатынастар; өздерінің отбасын құрып, бөлек тұратын кемелетке толған ағалары мен қарындастарының арасындағы қатынастар. Бұл көрсетілген қатынастардың негізіне көбінесе туыстық жатады, сондыктан да мұндай қатынастарды туыстық қатынастар деп атау керек. Туыстық дегенде бір негізден немесе ортақ бір атадан тарайтын қандас адамдардың байланысы түсініледі. Туыстықтың екі тармағы болады: тікелей және жанама туыстық. Тікелей туыстық адамдардың бір негізден тарайтындығына негізделеді. Туыстық жоғары және төменгі тармаққа ажыратылады. Туыстықтың жоғары тармағы ұрпақтан арғы атаға қарай тарайды (әкеге, шешеге, атаға, атаның атасына және т.б.), төменгі тармак — арғы атадан ұрпақтарына карай тарайды (балаға, немереге, шөбереге және т.б.).
Жанама тармақ адамдардың бір атадан тарауына негізделген. Мысалы, бір атадан тарайтын немере ағалары мен қарындастары; бір жағдайда ортақ атасы — әкесі, ал енді бір жағдайда — атасы болып табылатын көкесі мен жиені.
Қазақ тілінде туыстықтың әр түрлі дәрежесін білдіретін сөз, ұғымдар көп: мысалы, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат. Мұны қазақ коғамында ұрпактар арасындағы байланыс ерекше жақындықпен ажыратылатындығы арқылы түсіндіруге болады. Сондыктан да әрбір ұрпақтың жеті атаға дейінгі өз атауы болады.
Мысалы, азаматтық құқықта заң бойынша мүлікке мұрагерлік етуде жақын, сондай-ақ алыс туыстық та есепке алынады. Бүгінгі күні мұрагерлердің алты кезектілігі аныкталған. Оларға: балалары, ерлі-зайыптылар мен ата-аналарынан баска (бірінші кезектілік) мұрақалдырушының туыстары, толык туыстары, толық емес туыс (жақын) ағалары мен қарындастары, сондай-ақ оның әкесі жағынан және шешесі жағынан келетін атасы мен әжесі (екінші кезектілік), мұра қалдырушының туған көкесі мен тәтелері (үшінші кезектілік), мұра қалдырушының алтыншы атасына дейінгі өзге де туыстары (төртінші кезектілік), егер олар мұра қалдырушымен бір ортада кем дегенде он жыл бірге тұрса туыс ағалары мен қарындастары өгей әкесі мен өгей шешесі (бесінші кезектілік), мұра қалдырушының еңбекке жарамсыз асырауында болғандар (алтыншы кезектілік) жатады. Заң бойынша мұрагерлер кезегі бойынша мұрагерлікке ие болады.
Сондай-ақ өсиет бойынша мұрагерлер де болады. Қайтыс болуына байланысты өзіне тиесілі мүлікті бөлуде азаматтың разылығын білдіруін өсиет деп атайды. Азамат өзінің бар мүлкін толығымен немесе бір бөлігін өзіне жақын адамдарға, болмаса тіптен жақын емес адамдарға қалдыруын мұра қалдырушының өзі шешеді. Бұл процеске ешкімнің араласуына кұқығы жок. Сондай-ақ мұра қалдырушы бар мүлкін заң тұлғаларына немесе мемлекетке өсиет етуі мүмкін.
Отбасының түрлері.
Отбасының толық және толық емес түрлері болады. Толық отбасында ата-анасы, балалары және әдетте, әкесі жағынан да және шешесі жағынан да аға ұрпақ өкілдері — атасы мен әжесі болады. Толық емес отбасы балалардың ата-анасының біреуінің ғана болуымен сипатталады. Соның өзінде балалардың ата-аналары ажырасқан болса, балалары соның қарамағында қалған ата-анаға екінші жағы балаларды және еңбекке жарымсыз ерлі-зайыптыны бағып-қағу үшін алимент төлейді. Егер ерлі-зайыптылардың біреуі қайтыс болып, екіншісінің қарамағында кәмелетке толмаған балалары қалса, онда оған мемлекет жәрдемақы ретінде материалдық көмек көрсетеді. Сөйтіп, толык және толық емес отбасы да тең жағдайда заң және мемлекет арқылы қорғалады.
Толық және толық емес отбасы.
Отбасы - адам баласының өсіп - өнер алтын
ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында
өтіп жатады. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата - ана
өздерінің негізгі борыштарын - тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі.
Ата - ана да өздері жанұя құрған кезде бір - біріне шексіз
сүйіспеншілікпен, махабббатық сезімдері табысқан кезде қалыптасады.
Әке мен ананың арсындағы сыйластық, өз ара түсінушілік, олардың бір
- бірін ұғынысуы, сыйласуы, қандай мәселер болсын, материалдық,
әлеуметтік, қоғамдық және әкономикалық мәселерді шешуде пайымды
шешімдер тауып жатса, бұл отбасының берекесі мен берері де мол
болатны мәлім. осы мәселе қазіргі кезде еуропалық дәстүрге көбірек
бой ұрып барады. Яғни қазақ болмыстан айырылып, бала тәрбиесі,
отбасы берекесі келесіз жәйттерге бой ұрыа бастады. Ата - аналардың
татулығы отбасының күре тамыры болып табылады. Өйткені ол балаға
берілетін тәрбие және әлеуметтік мәселелердің тууына әкеп
соқтыратын осыдан туындап жатады. Ал олардың атқаратын міндеттері
шексіз де шетсіз де. Ата - аналардың балалары алдында олардың
денсаулығының дұрыс жетіліп өсуін қамтамасыз ету, тәрбие беру,
білім беру, үй болып, аяққа тұрып ел қатарына қосылып кетуін
қамтамасыз ету сияқты міндеттерін орындауы, ал балалары алдында ата
- анасын қамқорлыққа алып, сүйеніш болуы секілді міндеттері ұштасып
жатады. Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбие бүгінгі тәрбие берудің
негізгі міндеттерінің өзі «ең алдымен дені сау, ұлттық сана сезімі
оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар - ожданы мол, мәдениетті,
парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер
қалыптасқан адамды тәрбиелеу» деп көрсетілген Қазақстан
Республикасының тәлім - тәрбие тұжырымдамасында. Отбасы тәрбиесінің
негізгі мәні отбасындағы өзара ынтымақтастық пен түсіністік болып
табылады. Балалар ата - анасының еңбектегі ісіне көңіл бөліп, оны
түсінуге тырысады. Ата - аналар да балаларының күн сайынғы
әрекеттерін қадағалап жағдайларын біліп отырады. Отбасының берік
негізі міне, осы рухани мүдденің бірлігінде. Оның біртұтас
ынтымақта болуы, береке бірлігі ең алдымен ата - ана мүддесінің
мәні мен мағынасында, әке мен шешенің бір - біріне, балаларына,
олардың достары мен жолдастарына деген қарым - қатынасына
байланысты болады. Адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік
туғызады.
Отбасы – адам баласының алтын діңгегі.
Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап,
осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы –
адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Отбасының
адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш
нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата - ананың
балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел
болам десең, бесігіңді түзе» – деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің
маңызын айқындатып тұр емес пе?
Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір - бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар.
Отбасын қорғау.
отбасын қорғау екі түрде жүзеге асырылады: юрисдикциялық және бейюрисдикциялық. Біріншісінде — отбасының құқығы бұзылған немесе дауланатын құқықты қорғау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органдарды қатыстыру арқылы жүзеге асырылады. Бұлар сот,прокурор, азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) органдары, қамкоршылык органдары, ішкі істер органы.
Екінші түрі — отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтар мен ұйымдардың іс-әрекеттері. Азаматтар бұл әрекеттерді мемлекеттік органдардан көмектесуді өтінбей-ақ өздері іске асырады. Мұндай іс-әрекеттерді — кұқығын өзі қорғау деп атайды. Мысалы, құқығы бұзылған баланың ата-анасы тәртіп бұзушы баланың ата-анасымен кеңесіп, оған кешірім сұрауға ұсыныс жасайды және т.б.
Сот арқылы қорғау — отбасы құқығын қорғаудың бір түрі болып табылады. Бұл істе прокуратура, ішкі істер органдары, АХАТ органдары, тәрбиелік мекемелер, атқарушы органдар — әкімдіктер үлкен рөл атқарады. Мысалы, әкімдіктер ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау шараларын қолға алуға, ондай балаларды есепке алуды ұйымдастырып, оларды отбасыларға орналастыруға көмек көрсетуге міндетті. Ішкі істер органдары баланы күштеп тартып алуға, сондай-ақ алимент төлеуден жалтарып жүрген адамдарды іздестіруге байланысты шешімдерді күштеп орындауға қатысулары мүмкін.
Сонымен, отбасы дегеніміз — бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын, мүліктік және мүлікке қатыссыз жекебасындық құқықтармен байланысқан адамдар тобы. Отбасының заңдық белгілеріне мыналар жатады: адамдардың неке немесе туыстық негізде бірігуі; өзара имандылық және материалдық қолдау; бала туу және оларды тәрбиелеу; өзара жекебасындық және мүліктік құқықтар. Бір негізден немесе бір ортақ атадан тарайтын адамдардың қандастық-кіндіктестік байланысы, туыстық деп түсініледі. Туыстықтың екі тармағы бар: тікелей және жанама. Мемлекет аналар мен балаларды қолдайды, отбасын қорғауға алады.