Материалдар / Отбасы-шағын мемлекет.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Отбасы-шағын мемлекет.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға отбасы туралы түсіндіру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Ақпан 2021
512
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 28.01.2020ж.

Сынып: 10 «Ә»

Сағат: 1500

Өтілетін орны: Демалыс бөлмесі




Тәрбие сағатының тақырыбы: Отбасы – шағын мемлекет
Мақсаты:
- Қоғам, оның көп түрлілігі, қоғам мүшелері, оның басшысы, алып жатқан аймағы, бізді қоршаған орта ұғымын ашу.
- Оқушылардың өзі ойын мазмұнды тілде жеткізу, олардың өзара ұжымдаса жұмыс істеу, шығармашылық ізденіске түсу біліктерін жетілдіру.
- Отбасы – шағын мемлекет ұғымын аша отырып, оқушылырды отбасы мүшелерін сыйлауға, ана, әкенің алар орны ұғымдарының тәрбиелік мәнін ашу.
Тәрбие сағаттың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, талдау, жинақтау, әңгімелеу, топтық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, экономика, қоғам.
Барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.


                Жұмбақ
Онда әкем-шешем тұрады,
Ата-әже бауырым.
Бәрі бірге қосылып,
Бір ұғымды құрады.    (Отбасы)


Отбасы – адам баласының діңгегі. Өйткені, адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.

Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін – шеше, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап-тілектері – баланың «әдепті бала» болып өсуі. Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген. Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тілалғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.

Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуантады түбінде.

Бала нені білсе жастан, ұядан –

Өле-өлгенше соны таныр қиядан.

Өнер-білім берем десең басынан,

Бер оқуға балаларды жасынан.

Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған,

Жақсы-жаман болса, бала – солардан.



Мына сұрақтарға жауап береміз:
-    Отбасы дегеніміз не?
-    Оларды не біріктіреді?
-    Отбасылық бюджет
-    Отбасының татулығы


«Менің отбасым» топтастыру.

-    Қоғамның несі болады?  (Белгілі аймағы – кең байтақ Қазақстан жері, басшысы – президенті, қоғам мүшесі – халық).
-    Отбасы қандай мемлекет?
-    Отбасы – шағын мемлекет.

Сергіту сәті.
«Жалғасын тап» ойыны
1.    Ағасы бардың ...         (жағасы бар)
Інісі бардың ...         (тынысы бар).
2.    Әкеге қарап ...         (ұл өсер)
Анаға қарап ...         (қыз өсер)
3.    Әке – асқар ...         (тау)
Ана – ағып жатқан ...    (бұлақ)
Бала – жағасындағы ...    
(құрақ)
4.    Ананың сүті ...         (бал)
Баланың тілі ...        (бал)


Сабақты қорыту:

«Біз бейбітшілікті қалаймыз» тақтаға сурет салу.
Ой тұжырым  Иә\Жоқ  +/-
1.    Қоғам – адамды қоршаған орта
2.    Отбасының басшысы болмайды


3.    Мен – отбасы мүшесімін
4.    Отан – қоғам
5.    Туыстар – қоғам мүшесі
6.    Қоғамның белгілі ортасы, аймағы болады
7.    Бюджет – отбасы қоры
8.    Отбасының мерекелері болмайды
9.    Үй – отбасының тұрағы
10.  Отбасы – тәрбие көзі



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!