Материалдар / "Отбасы-тәрбиенің басты ұясы" баяндама.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Отбасы-тәрбиенің басты ұясы" баяндама.

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасы арқылы тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Сәуір 2019
3723
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Кіндікті ауылы.

«Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі» КММ

Психолог: Бижасанова Шұға Санатқызы


«Отбасы-тәрбиенің басты ұясы» баяндама

Жоспары:

1. Отбасындағы ата –ана мен бала қарым - қатынасы.

2. Отбасылық қарым – қатынастағы тәрбие стилі.


Баяндаманың қысқаша мазмұны

Қазіргі таңда қоғамда отбасы психологиясы өзекті мәселелердің бірі. Отбасы әлемі әр алуан. Ол ата – аналарға адам өмірінің кереметін сезінуге, оны түсінуге, өз бар болмысын балалар үшін ұзартуға мүмкіндік береді. Бірақ, отбасы өмірі – сан қилы , рахаттанумен қатар қиындықсыз, мәселесіз отбасы болмайды. Отбасы тәрбиелеу көзі. Отбасы мәселелері - бүкіл қоғам мәселелері. Дәстүрлі отбасының дағдарыстық жағдайы кең құбылыс.

Ата – аналардың балалармен өзара әрекеттестік және өзара қатынас тарихы отбасы тарихымен тығыз байланысты. Отбасы – бұл баланың өзі және басқалар туралы ойы қалыптасатын және оның әлеуметтік табиғи, сондай – ақ рухани мәдениеттің орталығы. Баланың дүниеге келген сәті сияқты , оның мектепке дейінгі жасы, өсуі, дамуы және жеке тұлға болып қалыптасуы ғалымдар мен психологтардың айтуынша үңіле зейін аударатын маңызды және жауапты құбылыс. Әсіресе ең маңызды кезеңі мектепке дейінгі балалық шақта өзіндік сана дамиды, өзіндік баға және қоршаған ортаға деген қарым – қатынасы қалыптасады. Дәл осы кезеңде баланың тұлғалық дамуына отбасының қарым – қатынас стилінің әсері өте маңызды. Балалар ата – аналармен әрекеттестігінде басқалармен қарым - қатынас әдісін меңгереді. Олар баланың өміріндегі қарым – қатынас жасаушы субъектілердің біріншісі және үлгі болатын басымырақ оқытушылары болып саналады.

Отбасы туралы В. Сатирдің пікірі бойынша: «Барлық әлемнің микрокосмасы, яғни әлемді түсіну үшін отбасын толық тану қажет».Ал Л.Ковар болса, отбасы қатынасының жалпы үлгісін қалай бағалайды және оларға қатынас жасау арқылы бағаланады деп көрсетті.

Отбасындағы ата – ана мен бала қарым – қатынасы білім, іскерлік дағдыны берудің жай қосындысы емес, өзара әсерлесу нәтижесінде өзара баю мен өзгерудің күрделі процесі.

Тұлғаның жас ерекшелігіне және дамуына байланысты әр бала қарым – қатынастағы қажеттілікпен анықталады,негізінен үлкендермен қарым – қатынас жасау арқылы қанағаттандырылады. Зерттеулерден балалардың дамуының алғашқы жеті жасқа дейінгі кезеңінде қарым – қатынас өзіндік үш формасы болады. Алғашқы және генетикалық ерте жастағы баланың қоршаған ортамен тікелей эмоциялық қарым – қатынасы. Оның белгілері баланың қоршаған ортамен тікелей эмоциялық қатынасқа түсуге ынтасы. Мұндай қарым – қатынас арқылы нәресте өзіне қажетті үлкендердің мейірімі және зейінімен қанағаттанады. Бала қол қимылын меңгеріп, ойыншықтарды манипуляция жасай алғаннан кейін, ол қарым – қатынастың келесі формасы – ситуативті бірігіп әрекет жасауға ауысады. Бала мен үлкендердің біріккен іс – әрекеті эмоциялық байланыспен жалғасады. Әдістемелік құралды ұсынуда біз төмендегі ұстанымдарды мақсат еттік:

  • Өзін – өзі бақылау және отбасындағы үйлесімді жақсарту;

  • Өзіндік сананы көтеру;

  • Отбасы табиғатының жүйесін түсіну;

  • Өз отбасыларында қарым – қатынас жүйесін жақсарту;

  • Бұрын түсінбеген отбасындағы болып жатқан өзгерістерді анықтауға мүмкіндік жасау;

  • Отбасы мүшелерінің әрқайсысына ерекше көңіл бөлу;

  • Балаларының пікірімен санасу және түсіну.

Сондықтан ата – ана – бала қатынасы болашақ ұрпақтың тұлға ретінде қалыптасуында маңызды орын алады.

Отбасы қоғамдық тіршілік сферасы. Сондықтан отбасының ішкі ахуалы саяси, әлеуметтік – экономикалық және психологиялық факторларға да байланысты.

Отбасы қарым – қатынасы , оның баланың жеке басына әсері туралы әр түрлі саладағы мамандар зерттеуінен бірнеше аспектілерді анықтаған. Сол арқылы ата – ана – бала қатынасының толық бейнесін жатқызуға болады. Олар:

  • Ата – ананың баламен өзара әрекеттестігі;

  • Ата –ананың балаға қатынасы санадан тыс мотивациясына негізделген;

  • Ата –ананың балаға қатынасы рефлекстік жағдайда қалыптасқан;



Бұл тұжырымдар мына факторлардың ықпалында болады:

  1. Ата –аналардың тұлғалық ерекшеліктері мен міңез – құлық факторлары.

  2. Ата – аналардың психологиялық компененттілігі, білім шамасы.

  3. Отбасындағы эмоциялық атмосфера.

  4. Тәрбиенің әсер ету диапозоны.

  5. Отбасы өміріне баланы араластыру деңгейі.

  6. Баланың өзекті қажеттіліктері және оларды қанағаттандыру сатысын есепке алу.

Балаға отбасында үлкендердің қарым – қатынасы өте маңызды. Оған отбасының әрбір үлкен мүшесі үлгі болады.

Ата – аналардың балаларға психологиялық әсері қашанда жеке дара. Жеткіншекке аяқ басқан баланың жеке басының қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана – сезімінің дамуындағы сапалық өзгеріспен анықталынады, осының арқасында бала мен ортаның арасындағы қатынастар өзгереді.Әсіресе жеткіншекке әкесі, анасы немесе отбасындағы кез келген ересек адамның қарым – қатынасы ерекше әсер етеді.

Отбасылық өмір стилі тұлғаның қалыптасуына үлкен із қалдырады. Психологтар мен педагогтар бір ауыздан Отбасылық өмір атмосферасы ұғымына отбасы мүшелерінің қарым – қатынасы, ақпарат алмастыру, қабылдау мен меңгеру, ата – анамен балалардың біріккен еңбек және эстетикалық іс – әрекетінің әртүрлі формалары сияқты факторларды енгізді.

Отбасылық қарым – қатынастағы тәрбие стилінің қандай түрі болмасын баладан стимулдық пен жауапкершіліктің төмендігін, ата – ана және бала қарым – қатынасындағы өзара серіктестігінің болмауы және баламен шектен тыс жақындыққа ұмтылуды көрсетеді.

Жалпы алғанда дұрыс қалыптасқан отбасылық қарым – қатынас баланың тұлғалық – психологиялық дамуының ғана емес, оның шығармашылық қабілеттерімен іскерліктерінің дамуының қайнар көзі болып табылады. Сондықтан отбасы қарым – қатынасын ұйымдастыруда ата – аналар үшін баланы жан – жақты дамыған, саналы тұлға ретінде қалыптастырудың тиімді ережелері:

  • Баланы сүю, құрметтеу, табиғи қабілетін ескеру;

  • Балаға әсер ететін құрғақ сөз емес, оның қалай айтылғаны, шын көнілден шыққандығы мәнді;

  • Баламен қарым – қатынаста оның жас ерекшелігімен, шамасымен шар болуы қажет. Сонда ғана үлкендер мен кішілер арасында қақтығыс жағымды шешіледі;

  • Баланың пікірін соңына дейін тыңдау, не айтқысы келгендігін түсіну, асығыс қорытынды жасаудан алдын алу;

  • Жазалауды баланың дамуына әсер етпейтіндей етіп жкасау;

  • Балаға үйрететінді ең бірінші ата – ананың өзі толық меңгеруі қажет.

Американ психологы Дж.Боулби ата – аналар міңез құлқының өзіндік патогендік ерекшеліктерін анықтап берді. Оның ойынша , балалар үшін ең ауыр жағдайлар төмендегілер:

  • Ата – аналар балаларына қажетті махаббат сезімімен қанағаттандырмайды немесе оны түгелімен шеттетілуі;

  • Бала ерлі зайыптылар арасындағы конфликтіні шешуші құрал болуы:

  • Ата аналар баланы сүюден бас тарту және оны отбасынан кету үшін себепші ретінде қолдануы;

  • Баланы ата –аналары ашық түрде олардың барлық қатерлерінің себепшісі деп кінәлауы;

  • Баланың айналасында оның уайымын түсінетін жақын адамның жоқ болуы;

А.С. Спиваковская өзінің зерттеулерінде баланың дамуы мен тәрбиесіне керісінше әсер ететін сәтсіз отбасыларды жіктеп берді:

- «Отбасы – санаторий». Қатаң қадағалау, болар болмас қауіптен шеттен тыс сақтау.

- «Отбасы – қамал». Ата – аналарда принциптілік ұстанымы өте жоғары, барлық жағдайда бала іс – әрекетті дұрыс және қателіксіз орындаулары қажет деп санайды.

- «Отбасы - үшінші артық». Мұндай отбасында ата – аналардың эмоциялық қатынасы маңызды орында.

Негізгі ұғымдар: ата-ана, қарым-қатынас, бала, отбасылық стил, тұлғалық, мінез-құлық, түсіністік.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Отбасында ата – ана мен бала арасындағы қарым – қатынас қандай болуы керек?

2.Жанұяның баланың психологиялық тұрғыдан дамуына әсері туралы айтып беріңіз?


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!